Қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдар

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2012 в 13:52, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың өзектілігі



Қылмыстық қудалаудың негізгі мақсаты - қылмыстық іс бойынша барлық мән-жайларды анықтау, оны жасаған адамды анықтау және ұстау, айып тағу.

Қылмыстық құдалауды жүзеге асыратын органдар мен лауазымды адамдар: олар прокурор (мемлекеттік айыпталушы), тергеуші, анықтау органы мен анықтаушы.

Қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органдар қылмыстық процеске қатысушылар ішінде негізгілері болып табылады. Олар қылмыстық іс жүргізу заңнамасының негізгі идеялары мен қағидаларын, міндеттерін сақтап, жүзеге асыруға, қылмыстық істі уақытында және дұрыс ашуға, заңнаманың біріңғай және дұрыс қолданылуын қамтамасыз етуге міндетті. Тергеуші мен анықтаушының әрбір әрекеті құқық нормаларымен көзделген және белгілі бір процессуалдық нысанда болады.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3





1-ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ....................................................................................6



1.1 Қылмыстық ізге түсу жеке түрде жүзеге асырылуы мүмкін қылмыстар...............................................................................................................6

1.2 Қылмыстық ізге түсуді жеке-жариялы және жариялы түрде жүзеге асыру........................................................................................................................9

1.3 Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыру..........................................................13

1.4 Қылмыстық қудалау функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құқықтық жағдайы..................................................................................................................15





2-ТАРАУ. АЙЫПТАЛУШЫ РЕТІНДЕ ЖАУАПҚА ТАРТУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ......................................................................................51



2.1. Айыпталушы ретінде жауап тарту ұғымы және оның негіздері, тәртібі..51

2.2. Айып тағу........................................................................................................53

2.3. Айып тағуды өзгерту және толықтыру........................................................56





ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................58

Работа содержит 1 файл

Қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдар.doc

— 425.00 Кб (Скачать)

         2) прокурордың, тергеушінің, соның ішінде, жекелеген тергеу әрекеттері мен   өзге   де  әрекеттерді   жасау   және   жәбірленушілірді,   куәларды, қылмыстық сот өндірісіне қатысушы өзге де тұлғаларды қорғау шараларын жүзеге асыру тапсырыстарын орындайды;

         3)     сот тапсырмаларын орындауды жүзеге асырады [28; 108].

          Олар бойынша сотқа дейінгі сот ісі анықтау органымен жүзеге асырылатын қылмыстар бойынша анықтау органның бастығы анықтаушылардың әрекеттерінің уақытында жүзеге асырылуын және заңдылығын бақылайды және:

         1)       олардың өндірісіндегі істерді тексеруге;

         2)   тергеу әрекеттерін және өзге де процессуалдық әрекеттерді жүргізу бойынша,     айыпталушы     ретінде     жауапқа     тарту     бойынша,     істі (материалдарды) бір анықтаушыдан екінші анықтаушыға беру бойынша нұсқаулар беруге;

        3)      анықтауды бірнеше анықтаушыларға тапсыруға;

        4)    қылмыстық іс қозғап, жеке өзі анықтауды жүргізуге құқылы [29; 37].

     Сонымен қатар, анықтау органның бастығына келесі өкілеттіктер берілген: қылмыстық іс қозғау немесе қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы, тінту жүргізу және мүлікке тыйым салу туралы, айыпталушыға (сезіктіге) қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындау, өзгерту немесе оның күшін жою туралы, іс бойыша өндірісті тоқтату, қалпына келтіру, қысқарту туралы, қамауға алынбаған айыпталушыны (сезіктіні) сот- медициналық және сот- психиатриялық сараптама жүргізу үшін медициналық мекемеге жіберу туралы; айыпталушыны (сезіктіні) қамауға алу мерзімін ұзарту туралы, айыпталушыға іздеу салу туралы қаулыларды бекіту; қылмыс жасауға сезікті адамдарды қамауға алу туралы хаттаманы, айыптау хаттамасын бекітеді, қылмыс жасауға ықпалын тигізетін мән-жайларды жою бойынша шаралар қолдануды қамтамасыз етеді, прокурорға қылмыстық істі айыптау хаттамасымен бірге жібереді.

           Анықтаушы - бұл өз құзіреттері шегінде қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі өндірісті жүзеге асыруға өкілетті болып табылатын лауазымды тұлға. Анықтаушы дербес өзі сотқа дейінгі өндірістің басталуы мен ақталуы уақыттың анықтауға құқылы. Ол қылмыстық істі тергеу бойынша әрекеттерді тек қана қылмыстық іс жүргізу нормаларын қатан сақтай отырып, жүзеге асырады. Ол өз еркімен шешімдер қабылдап тергеу әрекеттерін жүргізе алады. Бірақ, бұған анықтау органы бастығының рұқсатын алуы қажет болып табылатын жағдайлар қосылмайды. Олар бойынша алдын ала тергеу міндетті емес қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асырған кезде анықтаушы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 39-тарауындағы ережелерді қоспай отырып, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің ережелерін басшылыққа алады.

            Алдын ала тергеу жүргізу міндетті болып табылатын қылмыстық істер бойынша анықтаушы анықтау органы бастығының тапсырмасы бойынша қылмыстық іс қозғауға және кідіртілмейтін тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру шараларын жүргізуге өкілетті болып табылады. Бірақ, ол туралы анықтаушы анықтау органының бастығына 24 сағат ішінде хабарлауға міндетті.

            Анықтаушы жекелеген тергеу әрекеттерін жүзеге асыру, қылмыстық процеске қатысушы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша соттың, прокурордың, алдын ала тергеу және анықтау органының тапсырмаларын орындауға міндетті.

           Анықтау органы бастығының тапсырмалары анықтаушы үшін міндетті болып табылады, осы тапсырмаларды шағымдану олардің орындалуын тоқта тұрмайды. Бірақ, бұған қылмысты саралау бойынша, айыптың көлемі бойынша, істі прокурорға айыпталушыны сотқа жіберу үшін беру бойынша немесе қылмыстық істі қысқарту бойынша тапсырмалар қосылмайды.

           Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің 285-бабында кезделген қылмыстар тураы істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында анықтау органы бастығының өкілеттігіне өз құзыретінің шегінде Бас басқарманың (Департаменттің), басқарманың, бөлімнің, бәлімшенің және анықтау органының өзге де бөлімшелерінің бастықтары ие болады.

          Анықтау органының бастығы қылмыстың белгілері мен оны жасаған адамдарды анықтау, қылмыстарды болдырмау және жолын кесу мақсатында қажетті қылмыстық іс жүргізу және жедел іздестіру шараларың қолдануды ұйымдастырады. Жедел- іздестіру қызметтің қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы болатын, нақты деректері бар нәтижелерін қылмыстық іске қосу үшін қылмыстық іс жүргізуші органның талап етуі бойынша не өз бастамасымен Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің 130-бабында белгіленген тәртіппен жібереді.

         Анықтау органның бастығы алдын ала тергеу органдары тергейтін қылмыстар туралы істер бойынша:

        1)     кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін жүргізуді қамтамасыз етеді;

        2)     прокурордың , тергеушінің тапсырмаларын, оның ішінде жекелеген тергеу және өзге де әрекеттер жүргізу туралы жәбірленушілерді, куәларды, қылмыстық  сот  ісін  жүргізуге  қатысушы  басқа да  адамдарды  қорғау шараларын қолдану туралы тапсырмаларын орындауды ұйымдастырады;

       3)     соттың тапсырмаларын орындауды ұйымдастырады [30; 9].

         Сотқа дейінгі іс жүргізуді анықтау органдары жүзеге асыратын қылмыстар туралы істер бойынша анықтау органының бастығы анықтаушылардың іс-әрекеттерін уақытылығына және заңдылығына бақылау жасайды және:

       1)     олардың іс жүргізуіндегі істерді тексеруге;

       2)   жекелеген   тергеу   және   өзге   де   іс   жүргізу   әрекеттерін   жүргізу, айыпталушы ретінде тарту, қылмысты саралау және айыптаудың көлемі туралы, істерді (материалдары) бір анықтаушыдан екіншісіне беру туралы нұсқау беруге;

      3)     анықтауды бірнеше анықтаушыға тапсыруға;

      4)     қылмыстық  іс  қозғауға  және  істі  өзінің  жүргізуіне  қабылдап  не жекелеген іс жүргізу әрекеттерін орындай отырып анықтауды жеке-дара жүргізуге құқылы [31; 28].

         Анықтау органының бастығы қылмыстық іс қозғау немесе оны қозғаудан бас тарту, тінту жүргізу және мүлікке тыйым салу туралы, айыпталушыны қызметінен шеттену, айыпталушыға (сезіктіге) қатысты қамауға алу түріндегі бұлттартпау шараларын таңдау, өзгерту немесе тоқтау туралы, іс бойынша іс жүргізуді қысқарту, тоқтата тұру, жаңғырту қамауға    алынбаған    айыпталушыны    (сезіктіні)    стациянарлық    сот-медициналық немесе сот-психиатрыялық сараптамалар жүрпзу үшін медициналық мекемеге жіберу, айыпталушыны (сезіктіні) қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы, айыпталушыны этаппен жөнелту,оған іздеу жариялау туралы қаулыларды бекітеді; қылмыс жасады деп күмән келтірілген адамдарды ұстау туралы хаттаманы, айыптау хаттамасын бекітеді; қылмыс жасауға жағдай туғызатын жағдайларды жою жөнінде шаралар қолдануды қамтамасыз етеді; прокурорға айыптау хаттамасымен бірге қылмыстық істі жолдайды.

           Анықтау органы бастығының қылмыстық істер жөніндегі нұсқауы анықтаушының дербестігін, оның Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің 67-бабында белгіленген құқықтарын шектей алмайды. Нұсқау жазбаша нысанда беріледі және атқарылуға міндетті, бірақ ол жөнінде прокурорға шағым жасалуы мүмкін. Анықтаушының прокурорға анықтау органы бастығының іс-әрекетіне шағымдануы олардың атқарылуын тоқтатпайды.

          Анықтаушы - өз құзыретінін шегінде қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік лауазымды адам.

          Анықтаушы Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің айқындалған нысандарда сотқа дейінгі іс жүргізудің басталуы және жүзеге асыралуы туралы шешім қабылдауға, заңда оларды анықтау органы бастығының бекітуі, прокурордың санкциясы немесе соттың шешімі көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес шешімдер қабылдауға және тергеу мен басқа да іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге құқылы.

        Алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде анықтаушы Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-тарауында көзделген алынып тасталатындарды қоспағанда, алдын ала тергеу жүргізу үшін Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің көзделген ережелерді басшылыққа алады [39; 136].

           Анықтаушы, алдын ала тергеу жүргізілуі міндетті қылмыстық істер бойынша кідіртуге болмайтын жағдайларда анықтау органы бастығының тапсырмасы бойынша қылмыстық іс қозғауға, сондай-ақ шұғыл тергеу әрекеттері мен жедел іздестіру шараларын жүргізуге, ол турулы 24 сағаттан кешіктірмей прокурор мен алдын ала тергеу органның хабарлауға міндетті.

           Анықтаушы соттың, прокурордың алдын ала тергеу органының және анықтау органының жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізу туралы, қылмыстық прцесске қатысушы адамдардың қауіпсіздігі шараларын қолдану туралы тапсырмаларын орындауға міндетті.

          Анықтау органының бастығының нұсқаулары анықтаушы үшін міндетті. Анықтау органының бастығының қылмыстық істер жөніндегі нұсқауға прокурорға шағым жесалуы мүмкін. Нұсқауларға шағым, қылмыстың саралануы мен айыптаудың көлемі, айыпталушыны сотқа беру үшін істі прокурорға жолдау туралы немесе қылмыстық істі қысқарту туралы нұсқауларды қоспағанда, олрдың атқарылуын тоқтатпайды.

          Ең басты әрі елеулі қиыышылықтар туғызатын мәселе болып ал. тергеу  міндетті  емес  анықтау  істерін тергеудің іс жүргізу  мерзімдерінің бұзылуы табылады.  Қылмыстық іс жүргізу заңында осы анықтау тергеудің мерзімі  он  күн деп белгіленген және қажет жағдайда ол отыз тәулікке дейін ұзартыла алады. Алайда тәжірибеде осы қылмыстық істерді тергеу   мерзімінің   отыз  тәулікке  ұзартылуы,   прокурорлармеп   іс жүргізу мерзімінің бұзылуы деи танылады.

          Осы түсініспеушілікті реітеу жөніндегі ұсыныспен  бірнеше  рет  шыққан анықтау  органдарының өкілдері аталған мәселенін   оң   шешілуіне   қол   жеткізе   алмады.   Ал   осы   анықтау істерін тергеудің   мерзімдерін  бұзудың  негізгі  себептері  - сезіктілерді. айыпталушыларды   құжаттандыру,  сот  сараптамасы  қорытындысының дер кезінде дайын болмауы мәселелерінін өзі - заң шығарушы тарапынан қайта қарап, оңтайлы жағына карай шсшілуді қажет ететін маңызды әрі жеке сұрақтар.

          Қылмыстық іс жүргізу заңында алдын ала тергеу міндеітті емсс істерінің жәбірленушінің сезіктімен немесе айыптапушымен татуласу жағдайында кыскартылуы көзделген. Бірақ тәжірибеде мұндай істер қосымша тергеуді талап ететін істер деп белгіленіп, қосымша тергеуге кайтарылады, Адам атаулыға қатысты ізгілік білдіру қағидасы да жеткіліксіз іске асырылуда. Осылай. тәжірибеде сезіктілер мен айыптаушыларға бұлтартпау шарасы ретінде қамау. кей жағдайларда ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат беру шарасы қодданылады. ал кепіл. үйде камауда ұстау сияқты шаралардың  тәжірибеде қолданылуы мүлдем енгізілмеген. Десек те. құқық органдарының қызметі ең біріншіден кінәлі тұлғаны жазалауға емес. қылмыстың аллын алуға. оны тәрбиелеу негізінде дұрыс жолға коюға бағьпталуы тиіс.

         Қылмыстық   іс  жүргізуге  қатысушылардың құқықтары  мен  бостандықтарынын,  мүдделерінің бұзылуы да күрт мәселе  болып  қалп отыр бірқатар жағдайларда анықтау органы бастығының өзіне бағынысты  қызметкерлердің қылмыстық істерді тергеу бойынша қызметіне ведомстволық бақылауды төмсн деңгейде жүзеге асыруы да себеп болады.

         Қазакстан Республикасында ішкі істер оргаидары жүиіесіндегі анықтау органы бастығының қылмыстық-іс жүргізу қызметінің ұйымдастырушылық-құқықтық негіздері мәселесі бұрын-соңды дербес әрі кешенді түрде қарастырылмаған.

         Қолданыстағы заңнама жүйесі мен құқык қолдану тәжірибесі негізінде анықтау органы бастығының қылмыстық-іс жүргізу қызметін жан-жакты. егжсн-тсгжейлі (детальді) зерделеу және оиың осы қызметінің ұйымдастырушылық-құқықтық негіздерін қазіргі кезғе сай етіп жетілдіру.

        -  қылмыстық сот ісін жүрпзу саласынла анықтау органы бастыгының құқықтық      мәртебесін      аиықтап,      оның     қылмыстық      іс      жүргізуге  қатысушылардың жүйесінде алатын орны мен рөлін белгілеу;

       -  қылмыстық іс жүргізуде анықтау органы бастығының өкілеттікіерін айқындау, оған теориялық және практикалық тұрғыдан баға беру;

       -  анықтау органы бастығынын, қылмыстық-іс жүргізу қызметін реттейтін құқықтық негіздерді зсрделеу, қылмыстық іс жүргізу заңнамасының олқылыктары мен кемшіліктерін, сондай-ақ тәжірибеде мәселелер туғызатын тұстарын анықтау, оларды жою және шешу;

        -    ведомстволық   нормативтік-құқыктық   актілердің   анықтау   органы бастығының қылмыстық-іс жүргізу қызметін құқілқтық реттеудегі маңызы мен орнын белгілеу;

        -    анықтау   органы   бастығының   ведомстволық   бақылау   қызметінің ерекшеліктерін    анықтау    жәие    оның    прокурорлық    қадағалаумен    өзара қатынасын белгілеу;

        -  қылмыстарды тергеуді ұйымдастыруда анықтау органы бастьиғының рөлін ашып көрсету, оның осы қызметін бағалаудың критерийлеріне талдау жасау:

        -  алдын ала тергеу міндетті қылмыстық істер бойынша (ҚР ҚІЖК 200-бап)    аныктаушы    мен    анықтау    органы    бастығының    қылмыстық-іс жүргізушілік өкілеттіктерінің шегін белгілеу;

        -  анықтаудын жүргізілу саласы мен түрлеріне қарай (алдын ала гергеу міндетті (ҚР КІЖК. 2ОО-бап) және алдын ала тергеу міндетгі емес (ҚР ҚІЖК. 285-бап)    қылмыстық    істер    бойынша)    анықтау    органы    бастығының қылмыстық-іс жүргізушілік жауапкершілігін белгілеу.

      Зерттеудің объектісі болып қылмыстқ. сот ісін жүргізуде анықтау органы бастығының құқыктық мәртебесі мен оның өз қызметтік міндеттерін жүзеге асыру кезінде туындайтын ерекше құқыктық қатынастар табылалы.

Информация о работе Қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдар