қылмыстық жауапкершілік

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 21:19, реферат

Описание работы

Қылмыстық жауаптылық азаматтық- құқықтық және әкімшілік, тәртіптік, материалдық жауаптылықтар сияқты қүқықтық жауашылықтың ең қатал түрі,сонымен қатар қылмыстық жауаптылық қылмыс жасаған үшін кінәлі адамды соттаумен байланысты туындайтын жағымсыз құқықтық салдар.

Содержание

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

Қылмыстық жауапкершілік пен жаза тағайындаудың жалпы негізі
1 Қылмыстық жауапкершіліктің түсінігі мен мәні
2 Қылмыстық жаза тағайындаудың манызы мен қағидасы

ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

93 Қылмыстық жауапкершілік пен жаза тағайындаудың жалпы негізі.doc

— 106.50 Кб (Скачать)

     Өздеріңізге белгілі, заң әдебиеттерінде жалпы құқықтың бір жүйесінің қағидалары ғана болмайды, оның салалық немесе жеке бір институттарына тән қағидапары бой көрсетіп отырады. Жаза тағайындаудың қағидалары жаза тағайын-даудың жалпы негіздерінің қызметінде өзіндік орынга ие болып отырады. Демек, құқық қорғау органдарымен қуда-ланатын жаза тағайындау қағидаларын, мақсаттары мөн міндеттерін нақтылы анықтап алмай, жазаның мақсаттарына жету ете қиын.

        Қылмыстық кодекстің құрылымы заң шығарушының қыл-мыстық-құқықтық реттеу пәніне деген қарым-қатынасын оңтайлы және жан-жақты түсінікті түрде келтіруге орай құры-луы себепті заңда жаза тағайындаудың нақтылы қағидала-ры мен ережелері емес, нақ осы жалпы негіздер айшықтал-ған. Мұның алғашқы мәмілелері ғылыми зерттеулерге негізделген ғылыми талдау объектілері болып табылады, олар өз кезегінде іс жүзінде қолдану үшін теориялык, база құрайды.

     Қағидалар  мен ережелер - біркелкі емес қылмыстық* құқықтық категориялар. Олар бірлесе отырып жаза тағайын-даудың жалпы негіздерін құрайтын басты ұғымдар болып табылады. Қағидалар аталған процестің негізінде жатқан және оның мән-маңызын ашып көрсететін жетекші идеялар-ды, концепцияларды білдіреді, ал ережелер заңдағы бап-тың қылмыстық-құқықтық санкцияларын жасалған қылмы-сқа және айыпкердің жеке басына қатысты салыстыру мен қолданудың қажеттілігінен, тәртібі және процедурасынан құралады.

      Жаза  қолданудың қағидалары мен ережелері  амал-тәсілдермен қатар, қылмыстық  жауаптылықты жүзеге асы-ру механизмінде (жүйесінде) ерекшеумән-маңызға ие. Бұл рөтте жаза қағидалары мен жаза тағайындаудың қағидала-рының ара жігін ашып ала білген жөн, өйткені бірінші жағ-дайда қағидалар қылмыстық жауаптылық түрінің мәнін анық-тайтын ережелерді қамтыса, екінші жағдайда оны жүзеге асырудың мазмұнын, сипатын білдіреді.

        Жаза тағайындау қағидаларына  қылмыстық-құқықтык, мағынада жалпы  қүқықтықтардан (заңдылық, негізділік, т.б.) басқа, мәселен, мынадай қағидаларды  жатқызуға болады.

  Барынша жауаптылық  қағидасы. Ол сотталушыға заң-да көзделген мерзімнен жоғары немесе басқа түрде, яқи мөлшерде жаза тағайындалуы мүмкін емес дегенді білдіреді. Заңда белгіленгеннен неғұрлым жеңіл жаза тағайындау тек ҚР ҚК 55-бабында көзделген ерекше ережелер бойынша жүзеге асырылады. Жазадан толық, ішінара немесе шартты түрде босату, жазаны өтеусіз шартты түрде соттау арнаулы ережелердің негізінде анықталады.

     Аталған қағида  жалпылама болып табылады және  соны-мен қатар қылмыстардың және  үкімдердің жиынтығы бой-ынша  жаза тағайындауға орай келеді. ҚР ҚК 58-бабында қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезінде бас бостандығынан айырудың ең жоғары мөлшері 25 жыл болып белгіленген, яғни жекелеген қылмыс үшін тағайын-далатын жазадан (20 жыл) әлдеқайда көп. ҚР ҚК 60-ба-бында үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындаудың ең жоғары мөлшері 30 жыл болып белгіленген.

Жазаның басқа түрлері  бойынша олардың ең шекті мөлшерлері Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінің  тиісті бап-тарында белгіленген. Бүл  дегеніңіз олардың жиынтық қоры-тынды  нәтижелерін анықтаған кезде  нақ сол жаз түрі үшін белгіленген ең жоғары мөлшерден аспауы керек дегенді білдіреді.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          Осыған орай қылмыстыі^жауаптылықтың шекті мөлшер-лерін құрастыру кезінде жаңсақтыққа жол беретін қылмыс-тық іс жүргізу заңына да тиісті түзетулер енгізу қажет деп ойлаймыз.

      Айталық, үкімді алып тастау  немесе өзгерту негізі ретінде  "ҚР Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімі бабының санкци-ясында көзделгеннен неғұрлым қатаң жаза тағайындауды" қарастыратын Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 416-6. 3-бөлігі дұрыс түзілмөген, себебі Қылмыстық кодекстің бірқатар нормалары (ҚР ҚК 52,58,60-бб.) бап санкцияларымен белгіленген шектерден шығуға жол береді.

     Егер  аталған норманы нақпа-нақ қабылдар болсақ, онда Қылмыстардың және үкімдердің жиынтығы бойынша тағай-ындалған бірқатар жазалардың орындалуы мүмкін болмай қалады. Осыған байланысты ҚР ҚІЖК 416-бабына оның 3-бөлігін мынадай редакцияда түзе отырып, өзгерістер енгізу қажет: "Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде белгіленген жаза тағайындау ережелерінде көзделгеннен неғұрлым қатаң жаза тағайындау".

Кәмелетке толмағандар үшін қылмыстардың жиынтығы бойынша жазаның шекті мөлшері  туралы мәселе де назар аударуға тұрады. ҚР ҚК 79-6. 7-бөлігі олар үшін бас бос-тандығынан айырудың ең жоғары мерзімін белгілейді - 10 жыл немесе ауырлататын мән-жайлар кезінде кісі өлтіргені үшін 12 жыл. ҚР Жоғарғы сотының 1999 жылғы 30 сәуірдегі N1 "Соттардың қылмыстык, жаза тағайындау кезінде заң-дылықты сақтауы туралы" Қаулысында соттардың кәмелеттік жаста қылмыс жасаған адамдарға тек ҚР ҚК 79-бабында белгіленген жазаугүрлері, мерзімі және мөлшері қолданы-луы мүмкін деген қағиданы әркез назарда ұстауы қажеттігі атап көрсетілген. Осыдан келіп, ҚР ҚК 58-бабының талапта-ры олар үшін жоғарыда аталған мөлшерлермен шектеледі (жалпы және арнаулы нормалардың бәсекелестігі ережесі). Бұл ережелер ерекше жағдайларда ҚР ҚК 87-бабы негізінде 18 бен 20 жас аралығында қылмыс жасаған адамдарға да қолданылады.

       Барынша жауаптылық қағидасы қылмыстардың жиынтығы бойынша түпкілікті жаза белгілеген кезде сот жиынтыққа енетін, ол жөнінде неғүрлым қатаң жаза көзделген әрекет үшін неғұрлым жеңіл жаза тағайындай алмайды дегенді білдіреді, ҚР ҚК 55-бабының ережесі (белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайын-дау^жиынтык, жазаға жүрмейді. Олар тек жекелеген қыл-мыстар үшін ғана қолданылады.

      Аяқталмаған қылмыстардың (қылмысқа  дайындалу және оқталу) жиынтығы  туралы іс те ерекше маңызды.  Бүл жағ-дайда қылмыстық жауаптылықтың ең төменгі мөлшері ҚР ҚК 56-бабы бойынша анықталады да, аяқталған қылмыс үшін көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзімінің немесө мөлшерінің жартысымен (дайындалғаны үшін) немесе төрттен үш бөлігімен (оқталғаны үшін) шектеледі.

    Жазаның қылмыстың және айыпкердің жеке басы-ның қоғамдық қауіптілігі дәрежесіне және сипатына қатыстылығы қағидасы Жазаныңтүрі, шарасы, оны өтеудің шарты мен тәртібі, сондай-ак, жазадан босату немесе шарт-ты түрде соттау негізі қылмыс санатына және іс-әрекеттің қоғамдык, қауіптілігіне тікелей тәуелді болып келеді. Соны-мен қатар, сот жаза тағайындай отырып, сотталушының жеке басының ерекшеліктерін, оның бүрынғы соттылығын, топта-сып жасалған қылмыстарға қатысудағы рөлі мен қосқан үлесін, жас шамасын, жынысын, денсаулығын, еңбек жағ-дайын, жасалған іс-әрекетке деген көзқарасын, шын жүрек-тен опық жеуін, келтірілген зиянның орнын толтыруға тал-пынысын, қылмыс жасағанға дейінгі және кейінгі мінез-қүлқын және т.б. ескереді, Аталған барлық факторлар қыл-мыс қүрамын немесе айыпкердің жауаптылығын жеңіл-дететін немесе ауырлататын мән-жайларды айқындайтын белгілер ретінде өсепке алынады.

      Өкінішке орай, заңның ешбір жерінде  қылмыс пен айыпкердің жеке  басының қоғамдық қауіптілігі  ұғымының, олардың сипаты мен дәрежесінің нақтылы мазмүны ашы-лып көрсетілмеген. Қүқықтық ілім мен тәжірибе аталған дәрежелерді барлық реттерде бір түрғыда және жеткілікті деңгейде ашып қарастырмайды. Тек соңғы уақыттарда ғана бүл ыңғайда салыстырмалы түрде біршама нақтыланған кепілдемелер пайда болды.

       Қылмыстың қоғамдық қауіптілік  дәрежесі дөп бір үлгідегі, ҮҚсас  қылмыстардың сандық сипаттамасы  ұғынылады.

        Қылмыстык, құқық теориясында  қылмыстың қоғамдық Қауіптілік  сипаты мен дәрежесі ұғымының  мазмүны әр қилы ашылады. Мәселен, А.Н.Панченко әрекеттің қоғамдық Қауіптілік дәрежесінің сипатын қол сүғушылық объектісі, ал дәрежесін - осы объектіге келтірілген нақтылы зиян ретінде анықтайды1. С.В.Бородин қылмыстың қоғамдық қауіптілігінің сипаты оны басқа қылмыстармен қатар анықтайды, ал дәрежесі - қылмыстық кодекстің белгілі бір бабымен көздел-ген ұқсас әрекеттер арасындағы қауіптілігін айырып тануға мүмкіндік береді деп атап көрсетеді2. Бұл ретте сипат қыл-мыстың объектісі мен субъектілік жағына, ал дәреже - қыл-мыс құрамының объективтік жағына тәуелді болып келеді. Н.П.Новоселов бұл ойды одан әрі дамытады, жалпы алған-да қылмыстың және айыпкердің жеке басының қоғамдық қауіптілігін жауапкершілік дәрежесінө ықпал ететін мән-жай-лар ретінде дұрыс пайымдай отырып, сонымен қатар, әрекеттің қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесі қылмыс құрамының субъектісімен және субъективтік жағымен си-патталмайды деген пікірді алдығатартады, Бұл элементтер, оның ойынша, төк айыпкердің өз жеке басының қоғамдық қауіптілігін анықтайды3.

       Бұл орайда Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 1999 жылғы 30 сәуірдегі "Соттардың жаза тағайындау кезінде заңдылықтарды сақтауы туралы" N1 қаулысы да нақтылы жөн-жоба ұсынбаған. Онда жаза тағайындау кезінде сот ескеруге тиіс мән-жайларды жүйесіз тізбектей бергеннен басқа ештеңе жоқ, қылмыстың қоғамдық қауіптілік сипатын анықтайтын факторлар тіпті де аталмаған. Қаулыда сот ео керуге тиіс мән-жайлар қатарында мыналар атап көрсетілген: қылмыстың ауырлығы дәрежесі, рецидивтің болуы және оның түрі, қылмыстың аяқталу сатысы, адамдар тобының, ұйым-дасқан топтың не қылмыстық қауымдастықтың құрамында қылмыс жасау кезіндегі сотталушының қатысу дәрежесі, қылмыс мақсатына жету барысындағы оның әрекетінің ма-ңызы және оның келтірілген немесе мүмкін боларлық зиян-ның сипаты мен көлеміне ықпалы, қылмыстардың жиын-тығы орын алды ма, нақ сол қылмыс үшін көзделген жаза-дан неғұрлым жеңіл жаза тағайындауға негіз бар ма, сотталушының жынысы мен жас шамасы, сыбайласқан қылмыс-тарға қатысы, бұрын сотты болған, түзелу жолына түскісі келмейтін адамның қылмыс жасауы, жауаптылықты және жазаны жеңілдететін және ауырлататын және басқа да мән-жайлардың болуы.

             Біздің ойымызша, қылмыстың және айыпкердің жеке басының қоғамдық қауіптілігі - біріншіден, заң шығару-шы мен соттың қылмыстық-жазалаушы қүқыққа қарсы әре-кетке және оны жасаған субъектіге қарым-қатысын сипат-тайтын бағалаушы категория. Ол екі көрсеткіш - сипатта-мамен жәнө дәрежемен айшықталады, олардың әрқайсы-сы қылмыс пен айыпкерді әр түрғыдан бағалайды. Сипат-тама әрекет пен жеке адамның өзіндік ерекшеліктерінің маз-мүнын сапалық анықтаушы, ал дәреже - сандық анықтау-шы болып табылады. Қылмысты сипаттайтын бір мән-жай (қылмыс қүрамының дәрежелеуші және факультативтік белгілері, жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар) әр тұрғыдан, түрлі көзқараспөн қарастырылуы мүмкін. Мәсе-лен, бұрын сотты болған адамның қылмыс жасауының қыл-мыстың қайталануына, ықпал етудің бүрын қолданылған шараларының тиімсіздігіне және қылмыстардың көптігі ретіндегі оның барынша маңызды дәрежесіне байланысты қоғамдық қауіптілігі өте жоғары болып келеді. Аса қатыгездік қьілмыс қүрамын дәрежелеуші белгі және сондай-ак, жау-аптылықты ауырлататын мән-жай да болып табылады. Ол Қьілмыстың қоғамдык, қауіптілік сипаты жөнінде де (қатыгездік, екіжүзділік, аяусыздық және т.б.) және дәрежесі турасында да (жай қылмысқа қарағанда барынша ауыр) куәлікке жүреді.

   Екіншіден,  қоғамдық қауіптілік - салыстырмалы  катего-рия. Ол түрлі қылмыстарды  салыстыру үшін қолданылады (түрі, дәрежесі, ауырлық дәрежесі, зардаптары, қылмыс құрамы формалары және т.б. бойынша). Айыпкердің жеке басы туралы да осыны айтуға болады (жас шамасы, жы-нысы, соттылығы, жасалған іс-әрекетке қатысы, қылмысқа дейінгі және одан кейінгі мінез-қүлқы және т.б,).

    Қоғамдық  қауіптілік сипаты мен дәрежесі қылмыстық іс бойынша маңызы бар барлық мән-жайлардың жиынтығы бойынша анықталады және өзара байланыста, кешөнді түрде бағалануы тиіс. Олар айрықша маңызға ие және сот оларды:

    1)  қылмыстарды дәрежелеу кезінде;

     2) қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату ту-ралы мәселені шешкен кезде;

     3)   жаза тағайындау кезінде;

     4)жазаны  орындауға байланысты мәселелерді  шешкен кезде (жазадан шартты  түрде-мерзімінен бұрын босату, сот-таудың  шартты шарасын алып тастау, жазаның  орындалу-ын кейінге қалдыруды алып тастау және т.б.) ескереді.

     Ең  алдымен үшінші тармаққа - жаза  тағайындауға назар аударамыз.  Қылмыстың және айыпкердің жеке  басының қоғамдық қауіптілік  сипаты мен дәрежесі бүл сатыда:

     1) жаза тәсілі туралы мәселені  шешуге (нақтылы, шарт-ты, орындауды кейінге қалдыра отырып);

     2)     жазаның нақтылы түрін және  шарасын белгілеуге;

     3)жазаны  орындау тәртібін белгілеуге  ықпал етеді. Көріп отырғанымыздай, бүл құқықтық категорияның маңызы  өте зор. Қылмыстың және айыпкердің жеке басының қоғамдық қауіптілігін анықтау барысында қандай фактор-лар міндетті түрде ескеріледі деген сұрақ туады. Әлде, бүл жерде оларды екі рет есептеу жүзеге асырылмай ма?

    Шындығында, үкім шығару кезіндегі соттың  ойын оқу өте қиын, тіпті мүмкін  емес. Оның үстіне, тәжірибе көрсет-кендей, көп жағдайларда соттар істің және жеке адамның барлық ерекшеліктерін жан-жақты ашып көрсетуге және жа-зуға, оларды терең талдауға жеткілікті дәрежеде көңіл бөле бермейтіні де кездеседі. Әдетте үкімде қажетті мән-жай-ларды жай ғана тізіп өтумен шектеледі, олардың маңызына, дәрежесіне және соңғы түйінге ықпалына қүқықтық баға берілмейді.

    Біздің  ойымызша, қоғамдық қауіптілік сипатына  және дәрежесіне ықпал ететін  факторларды есепке алу қылмыс-тарды  дәрежелеу сатысында оларды зерттеуден басталуы қажет. Бүл ретте оларды маңыздылығына қарай үш түрлі топқа бөліп қарастыру керек:

  1) қылмыс  құрамының міндетті дәрежелейтін  белгілерін қүрайтын мән-жайлар;

  2) қылмысты  дәрежелеу кезінде ескерілмеген, құрамның факультативтік белгілерін құрайтын мән-жайлар;

   3)қылмыстың  және айыпкердің жеке басының  өзіндік ерекшеліктерін қосымша  сипаттайтын мән-жайлар.

Белгілердің бірінші  тобы оларды жасалған әрекетті дәре-желеген  және Қылмыстық кодексте көзделген  қоғамдық қауіпті іоәрекеттер жүйесінде қылмыстың жасалу орнын анықтаған кезде ескергеннен кейін жаза тағайындау кезінде қолданылуға тиіс емес.

Информация о работе қылмыстық жауапкершілік