қылмыстық жауапкершілік

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 21:19, реферат

Описание работы

Қылмыстық жауаптылық азаматтық- құқықтық және әкімшілік, тәртіптік, материалдық жауаптылықтар сияқты қүқықтық жауашылықтың ең қатал түрі,сонымен қатар қылмыстық жауаптылық қылмыс жасаған үшін кінәлі адамды соттаумен байланысты туындайтын жағымсыз құқықтық салдар.

Содержание

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

Қылмыстық жауапкершілік пен жаза тағайындаудың жалпы негізі
1 Қылмыстық жауапкершіліктің түсінігі мен мәні
2 Қылмыстық жаза тағайындаудың манызы мен қағидасы

ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

93 Қылмыстық жауапкершілік пен жаза тағайындаудың жалпы негізі.doc

— 106.50 Кб (Скачать)

        Екінші және үшінші топтар, заңдағы тиісті қылмыстық-қүқықтық санкция шеңберінде қылмыстық жауаптылық шектерін белгілеген қылмыстың ауырлығының ескерілген ка-тегориясы үдесінен шыға отырып, айыпкерді қылмыстык, жа-уаптылықтан және жазадан босату мүмкіндігі туралы мәселені шешкен кезде қолданылады. Мәселе оң шешілген жағдай-да оларды одан әрі қолданудың маңызы жоқ. Мәселе теріс шешілген жағдайда бүл мән-жайлар жаза тағайындау қажеттігін айқындаушы рөлін атқарады. Бүл ретте аралық сипаттағы түпкілікті емес шешім қабылданатын болғандық-тан, аталған топтар нақтылы жаза белгілеу кезінде ескерілуі мүмкін. Жаза тәсілі туралы мәселені шешкен кезде де осы-ған үқсас жағдай орын алады. Ақыр соңында, барлық ата-лған факторлар, жиынтық құрай отырып, қылмыстық жаза-ның түрі және шарасы туралы ортақ шешімге алып келеді.

       Жаза тағайындауға ықпал ететін  факторларды есепке алу проблемасын  бүлайша қарастыру, оларды жалаң тізіп шыуға қарағанда барынша жүйелі және жан-жақты болып көрініс береді.

      Қылмыстың қоғамдық қауіптілік  сипаты мен дәрежесіне жазаның  тәуелділігі қағидасы қылмыстардың  жиынтығы бой-ынша жаза тағайындау  кезінде аталған бағалау категория-лары түпкілікті жиынтық жазаны белгілеген кезде де қолда-нылатындығынан көрініс табады. Бұл ретте олар жекелеген жазалардың сыртында жиынтық жазаны анықтау тәсілін таң-дауға, базалық жазаны (сіңіру және ішінара қосу кезінде) анықтауға, жауаптылықты күшейту дәрежесіне (қосу кезінде) ықпал етеді.

              Мұнда екі рет есепке алуға жол бермеу ережесі жүзеге асырылуы қажет, яғни жекелеген қылмыс үшін жаза тағай-ындау кезінде бұрынырақта қолданылған бір фактор жиын-тық жазаны белгілеу кезінде қайталап ескерілмеуге тиіс. Әлбетте, бұл таңдау критерийі заңда алдын ала анықталып қойғаннан басқа жағдайларға қатысты. Мәселен, бұрыны-рақта, дәрежелеу кезінде ескерілген бірнеше мәртелік белгісі қылмыстың ауыр түріне жататындығын анықтауға мүмкіндік жасады және сондықтан да қылмыстардың жиынтығы бой-ынша түпкілікті жаза тағайындаудың бірден бір мүмкін тәсілі ретінде қосуды қолдану қажеттігін алдын ала айқындап берді. Екінші жағынан, бұл мән-жайды енді қосудың нақтылы тәсілін (толық немесе ішінара) таңдау үшін қолдануға болмайды. Жазаларды сіңіру кезінде оның базалық (айқындаушы) түрін белгілеу үшін немесе қосу кезінде жауаптылықты күшейту үшін қылмыстың қайталануын, соған сәйкес айыпкердің қайталап қылмыс жасауын сипаттайтын мән-жайлар, басқ-аша айтқанда, жиынтық факторлары ескеріледі. Соңғысы-ның жиынтық құрайтын жекелеген қылмыстарға, әдетте, қатысы болмайды. Мәселен, екі қылмыс та жалпыға қауіпті тәсілдермен жасалынған делік. Бүл мән-жай жеке жазалар-ды таңдау кезінде ескерілген. Жиынтық жазаны тағайындау кезінде қауіптілігі бірдей тәсілдер емес, іс-әрекеттің көптігіне байланысты, айыпкер тарапынан зорлық-зомбылықтың күшеюі, оның қатыгездігі және басқа адамдардың тағды-рына деген немкеттілікке байланысты қауіптіліктің арта түсуінің геометриялық өсімі жауаптылықты күшейту рөлін атқарады.

              Айта кету керек, қылмыстардың  жиынтығы бойынша түпкілікті  жаза тағайындаған кезде жауаптылық  дәрежесіне ықпал ететін, ескерілетін  мән-жайлардың ішінде айыпкердің  жеке басын сипаттайтын мәліметтерге  үлкен маңыз беріледі. Олар қылмыс жасаған адамның жалпы ерекшеліктерін, оның қылмысқа бейімділігін және мүмкіншілігін (потенциалын), жа-салған іс-әрекетке деген жалпы қатысын ашып көрсетеді. Жасалған іс-әрекетті сипаттайтын мән-жайлар жекелеген қылмыстар үшін жаза тағайындаған кезде ескеріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                            Қорытынды

 

    Осы  жұмысты зерттей келе келесідей  қорытынды жасауға болады:

    Қылмыстық  жауаптылық деп қылмыс қүрамының  барлық белгілері бар әрекетті  жасаған адам арнайы өкілетті мемлекеттік органдар мен қолданылатын қылмыстық занда қарастырылған қылмыстық - қүқықтық сипаттағы мәжбүрлеу шаралар түріндегі жағымсыз салда өтеу міндетін жүктеуді түсіну қажет.Қылмыстық жаза тағайындаудың қағидалары қылмыстық жауапқа тартуға болмайтындығы және жазаның әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру мақсатында қолданылатындығы жөнінде атап көрсетілген.Қылмыстық құқық қағидаларының заң жүзінде бекітілуінің маңызын ескере отырып, қылмыстық құқық қағидалары туралы нормаларды ерекшелеп, ҚР Қылмыстық кодексіне өзгерту енгізуді ұсынамыз. Егер біздің бұл ұсынысымыз, 5 дербес бапты бірден енгізу техникалык, тұрғыда қолайсыз болатындығы себепті, күрделі болса, онда осы барлық қағидаларды ҚР ҚК жалпы бөлімінің бір бабында қарасты-руға болады.

    ҚР Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп кінәлінің жеке басына және ол жасаған қылмы-сқа қатысты, қылмыс құрамынан тысқары тұратын түрлі жәйттерді ұғыну керек, Олар қылмыстың және қылмыскердің қоғамдық қауіптілігін азайтады, соған сай жауаптылық мен жазаның дәрежесін төмендетеді.

     Қылмыстық жауаптылықты және  жазаны ауырлататын мән-жайлар  деп қылмыс құрамынан тыс тұрған, жасалған қыл-мыстың және оны  жасаған адамның айрықша қоғамдық  қауіптілігін дәлелдөйтін мән-жайлар  танылады. Жауаптылық-ты ауырлататын мән-жайлар болған кезде сот: іоәрекет дәрежеленіп отырған баптың санкциясы шегінде жазаны өсіруге, күшейтуге құқылы, бірақ санкцияда анықталған жа-заның ең жоғары шегінен шыға алмайды; баламалы санк-ция кезінде жазаның неғұрлым ауыр түрін тағайындауға құқылы; санкцияның ең төменгі шегінен төмен жаза қол-данбауға немесе басқа бапқа, неғұрлым жеңіл жазаға көшіп кетпеуге, шартты түрде соттауды қолданбауға құқылы.

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                             Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1.  Ағыбаев  А. Қылмыстық құқықтың принциптері  // Тура-би, 201-01. N5. -25-32-66.

2.Қазақстан  Республикасының Қылмыстық Кодексі-2007 жыл.

3. Алауханов  Е. Жаза. І.Жаза және оның мақсаты. 2.Жа-залар жүйесі және олардың  түрі//3аң, 1999. N7. -57-67-66.

4.ҚР Жоғарғы Сотының бюллетені. - N11/2001. - 29-6.

5. С.А. Организационно-правовые основы ус-тарения материальных последствий преступления. - М.: Ака-демия МВДСССР, 1979.

6.  Алексеев С.С. Философия права. - М., 1998.

7. Алекторов А. Оренбургский листок. 1889 г. 16 мая. -N21.

8. Анашкин Г.  Назначөние наказания за несколько пре-ступлений и по двум и более приговорам. // СЮ, 1982. N2. -С.14-15.

9.   Анашкин Г.З. Справедливость  назначения уголовного наказания  // СГП, 1982. N7, - С. 59-66.

10. Арыстанбаев Б. Жасөспірімдердің  қылмыстық ісі // Заң және заман  2/1998. - 17-22-66.

11. Ашитов 3.0., Ашитов Б.З.  Воинские преступления: при-чины  и предупреждение. - Алматы: Жеті  жарғы, 1998. - 168 с.

12.   Бажанов М.И. Назначение  наказания по советскому уголовному  праву. - Киев, 1980. - 216 с.


Информация о работе қылмыстық жауапкершілік