Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 18:12, курсовая работа

Описание работы

Менің курстық жұмысымның тақырыбы “Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар”. Жұмысымды жазардағы алдыма қойған мақсатым – жазаның түсінігі мен белгілеріне тоқтала отырып, Қазақстан Республикасындағы жаза тағайындаудың негіздерін айқындау, жаза жүйесі мен түрлеріне жалпы сипаттама беру.

Содержание

Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

І Жаза тағайындаудың ұғымы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
1.1 Жаза тағайындаудың жалпы негіздері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
1.2 Қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
1. 3. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау. . . . . . . . . . . . . . . . .
II Қылмыстық жауаптылық пен жазаның жалпы сипаттамасы . . . . . . . . . .
2. 1. Қылмыстардын қайталану жағдайында жаза тағайындау. . . . . . . . . . . . .
2. 2. Мерзімдерді белгілеу тәртібі және жаза мерзімдерін
есептеу . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2. 3. Белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі жеңілірек жаза тағайындау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Работа содержит 1 файл

Қымбат крусавой.doc

— 217.00 Кб (Скачать)

Осы жоғарыда айтылған eкi негiзгi факторға сипаттама берелiк. Бiрiншi, iстелген қылмыстың қоғамға қауiптiлiк дәрежесiн анықтау арқылы жаза тағайындау. Заң бойыншa әрбiр iстелген нақты қылмыстың қоғамға қауiптiлiгi eкi жағынан: са­палық, (қоғамға қауiптiлiк сипаты) және сандық (оның дәрежесi) белгiлерi арқылы белгiленедi. Қылмыстың қоғамға қауiптiлiк дәрежесi қылмыстың объективтiк және субъективтiк белгiлерi арқылы анықталады. Мұның iшiнде объективтiк белгiлерi (қылмыстың объективтi зардабы, ic-әрекеттiң мәнi, қылмыстың icтелген уақыты, тәсiлi, оның жағдайы) субъективтiк белгiлерi, кiнәнің формасы, қылмыстық ниет немесе мақсат жан-жaқты еске алынады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты пленумының 1999 жылғы 30 сәуiрдегi "Қылмыстық жаза тағайындаған кезде сот­тардың заңдылықты сақтауы туралы" Қаулысының 2-тармағын­да «Соттардың назары ayьrp және аса ayыp қылмыс, әcipece қыл­мысты ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық болып жасаған, коррупциялық қылмыстар жасағаны үшiн кiнәлi болып танылған, сондай-aқ бұрын сотталған, бiрақ түзелгici келмейтiн адамдарға заңда көрсетiлген жазалаудың қатаң шараларын мiндеттi түрде талқылап, қолдану кеpeктiгiнe аударылады.

Жасалған қылмыстың қоғамдық қауiптiлiгiнiң дәрежесiн анықтағанда, coттap қылмыстың ауырлығын анықтау тәртiбiн реттейтiн ҚК-тiң 1О-бабының талаптарын, сондай-ақ нақты қылмыстық әрекет (кiнәнiң түpi, себебi, тәсiлi, жасаған қылмыстық жағдай мен кезеңi, одан болған ауыртпалық, сотталушылардың әрқайсысының қылмысқа қатыстылығының дәрежесi мен сипа­ты, т.б.) жағдайының барлығы ескерiлуi тиiс, деп жоғарыда айтылған заң талаптарының мазмұны ашып көрсетiлген.

Қылмыстық кодекстің 52-бабының келесi бiр маңызды тала­бы айыптының жеке басының кім екендiгiн анықтау болып табы­лады. Өйткенi оны сипаттайтын мән-жайларды дұрыс анықтау­дың жазаны даралаудағы маңызы зор.

Осы мәселеге байланысты жоғарыда аталған Жоғарғы Сот­тың Пленумының қаулысының 3-тармағында:

«Coттap жазаның түpi мен мөлшерiн белгiлеу үшiн елеулi мәнi бар сотталушының жеке басының мәлiметтерiн жан-жaқты, толық және объективтi түрде тексеруi керек. Атап айтқанда, сотта­лушының денсаулығын, еңбекке қабiлеттiлiгi мен қатыстығын, бiлiмiн, сотталғандығы туралы мәлiметтердi aнықтay керек. Сот­талушының отбасы жағдайы анықталғаннан кейiн, соттар ҚК-тің 52-бабының 3-бөлiгiне сәйкес жазаны тағайындаған кезде тағайындалған жаза оның отбасы немесе оның асырауындағы адам­дардың жағдайына қандай әсер eтeтiнiн eскepyi керек», - деп ескертiлген.

 

2.2. Мерзімдерді белгілеу тәртібі мен жаза мерзімдерін есептеу.

 

Егер сотталған адам үкім шығарылғаннан кейін, бір жазаны толық өткенге дейін жаңадан қылмыс жасаса, сот соңғы үкім бойынша жазаның өтелмген бөлігін толық немесе ішінара қосады. Үкімдердердің жиынтығы бойынша түпкілікті жаза, егер бас бостандығынан айыруға байланысты болмаса, осы кодекстің Жалпы бөліміндегі осы жазалау түрі үшін көзделген шаралардың ең жоғарғы мерзімі мен мөлшерінен аспауы тиіс. Үкімдердің жиынтығы бойынша бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жаза жылдан аспауы тиіс. Үкімдердің жиынтығы бойынша түпкілікті жаза қайта жасалған қылмыс үшін тағайындалған жазаданда, соттың оның алдындағы үкімі бойынша тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігінен де артық болуы тиіс.

Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезінде жазалардың қосымша түрлерін қосу осы Кодекстің 73 - бабында көзделген ережелер бойынша жүргізіледі. Егер алғашқы үкім бойынша адам бас бостандығынан айыруға, түзету жұмыстарына немесе орындалуға жататын басқа да жазалар бойынша сотталса, онда сот жазаларды қосқан кезде олардың бөлек орындалатынын үкімде көрсетуге тиіс. Бұл орайда шартты соттау қолданылған үкімдегі сот мерзімі алғашқы үкімдегі сот мерзімі қай мекемеде орындалатынына қарамастан, үкім күшіне енген күннен бастап есептеледі.

Қылмыстардың жиынтығы және үкімдердің жиынтығы бойынша жазаларды ішінара немесе толық қосу кезінде бас бостандығынан айырудың бір күніне, қамаудың немесе тәртіптік әскери бөлімде ұстаудың бір күні, бас бостандығынан шектеудің екі күні, түзеу жұмыстарының немесе әскери қызмет бойынша шектеудің үш күні.

Айыппұл салу белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызмет түрімен айналысуға тыйым салу, арнаулы әскери немесе құрметті атақтан айыру, түзеу жұмыстарымен, қамаумен, бас бостандығынан айырумен қосқан кезде дербес орындалады. Үкім заңды күшіне енгенге дейін үйде қамауда ұстау уақыты бас бостандыңынан айыру, қамау түріндегі жаза мерзімінің бір күніне екі күн, бас бостандығынан шектеу түріндегі ұстауға бір күніне бір күні есебімен жүргізіледі. Сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін адамды қамауда ұстау уаұыты мен Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде жасалған қылмысы үшін сот үкімімен таүһғайындалған бас бостандығынан айыру жазасын өтеу уақыты адам осы Кодекстің негізінде ұстап берілген жағдайда бір күнге бір күн есебінен жүргізіледі. Сот қарағанға дейін қамауда ұсталған, сотталушы адам, а айыппұл, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындау кезінде сот қамауда ұсталған мерзімді ескере отырып, тағайындалған жазаны жеңілдетеді немесе осы жазаны өтеуден толық босатады.

Сот нақты жағдайларға байланысты әр yaқыттa да кiнәлiнiң жеке басын сипаттайтын әлеумeттiк мәнi бар барлық жайттарды анықтауы қажет. Оның iшiнде кiнәлiнiң қылмыc iстeгeнгe дейiнгi немесе одан кейiнгi мiнез-құлқы, оның еңбекке, oқуғa деген көзқа­расы, өмip сүру салты, өзiн қоршaғaн ортаға қатынасы, оны си­паттайтын оң немесе тepic мән-жайлардың бәрi де ескерiлуге жатады. Бұрын сотталғандарға, iшiмдiкпен, нашақорлықпен әуестенушiлерге, қоғамдық тәртiптi бұзушыларға, қатыгездiкпен немесе сыбайласып қылмыc жасағандарға шектен тыс жеңiл жаза тағайындауға болмайды. Керiсiнше, мемлекет, қoғaм, отбасы ал­дындағы өз мiндеттерiн адал орындап жүрген, өндipiсте, тұрмыс­та жағымды мiнездерiмен сипатталатын адамдардың бiрiншi рет қылмыс жасауы олар үшiн жеңiлipек жаза тағайындауға негiз бола алады. Соттардың сотталушының жеке басының мәлiметтерiн жан-­жақты объективтi түрде тeкcepyiн оларға тағайындалатын жаза­ның түpi мен көлемiн белгiлеу үшiн елеулi маңызы болып табы­лады.

 

2.3. Белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі жеңілірек жаза тағайындау.

 

Сот жаза тағайындағанда жаза тағайындаудың негізгі бастамаларын басшылыққа ала отырып, ҚК Ерекше бөлімінің бабы бойынша сараланған нақты қылмыс көлемінде көрсетілген жазаның түрі мен шегінен шықпай жаза белгілейді. Яғни, қылмыстық заңда көрсетілгеннен гөрі жеңілірек жаза тағайындауға мүмкіндік береді. Қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесін кемітетін жағдайлар да оның ішінде заңда көрсетілген жауаптылықты жеңілдететін жағдайларда, әрекеттің мақсаттары мен себептері, айыпкердің қылмыс жасудағы және одан кейінгі рөлі танылуы мүмкін. Мұндай жағдайларда ауыр қылмыс жасағандығы айыпкерге, жазаның ең төменгі шегінен де төмен жаза тағайындауға кедергі бола алмайды. Заңда көрсетілген жазадан гөрі әлдеқайда жеңілірек жазаны бірнеше қылмыс істеген қылмыскерлрге қолданғанда, сот ондай жазаны солардың біреуіне, я болмаса әрқайсысына жекежеке тағайындап алады. Сот тәжірбиесі ерекше жағдайларға заңда көрсетілген жауаптылықты жеңілдететін мән жайлармен бірге, заңда көрсетілмеген, мысалы қылмысты бірінші рет істеуі, қылмысты басқа біреудің қорқытып, зорлауы нәтижесінде істеуі.

Ерекше жағдайларға істелген қылмыстың қауіптілік дәрежесін шұғыл түрде төмендететін бір ғана жағдай жатуы мүмкін. Егер адам кінәлі деп таныған заңда жазаның әр түрі көрсетілген болса, онда соттар ҚК – нің 52 – бабының 2 – бөлігіне сәйкес жасалған қылмыс үшін, көрсетілген жазаның неғұрлым ауыр түрі, тек оның жеңіл түрі жазалау мақсатын қамтамасыз ете алмаса, немесе жазаның ең ауыр түрін тағайындау заңда арнайы көзделсе ғана, тағайындалатынын ескере отырып, соттар олардың арасындағы неғұрлым жеңілірек жазаны тағайындау туралы мәселені талқылауын және үкімде қабылданған шешімді дәлелдеуі тиіс.

Ауыр немесе аса ауыр қылмыстың жасалуын өздігінен ерекше мән – жайлар болған жағдайда кінәлі адамға, төменгі шектен төмен жаза тағайындауға кедергі болып табылмайды. Соттың ҚК – нің 55- бабын қолданып, белгіленген жазасының мөлшері қандай жағдайда да заңмен белгіленген осы жаза түрінің ең төменгі мөлшерінен төмен бола алмайды, - дер түсіндірілген. Осы қаулыға сәйкес белгілі бір қылмыс үшін заңда көрсетілген жазаның төменгі шнгінен де төмен жаза немесе заңда көрсетілгендей жеңіліректеу жаза тағайындау ерекше іс жағдайында және кінәлі адамның жеке басын сипаттайтын деректер анықталғанда ғана қолданылуы мүмкін.

Бүл жерде ерекше жағдайлар деп жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесін кемітетін жағдайлар да, оның ішінде заңда көрсетілген жауаптылықты жеңілдететін жағдайлар да, әрекеттің мақсаттары мен себептері, айыпкердің қылмыс жасаудағы және одан кейінгі рөлі, қылмыскерлердің топ болып жасаған қылмысты ашуға белсене араласуы, т.б. танылуы мүмкін. Қандай жағдайларда ерекше деп таныйтын және мұндай жеңіл жазаны айыпкердің жеке басының қандай мәліметтерімен байланыстыруға болатынын сот үкімінің баяндайтын бөлімінде көрсетуге міндетті. Мұндай жағдайларда ауыр қылмыс жасағандығы айыпкерге жазаны ең төменгі шегіненде төмен жаза тағайындауға кедергі бола алмайды. Заңда көрсетілген жазадан гөрі әлде қайда жеңілірек жазаны бірнеше қылмыс істеген қылмыскерге қолданғанда, сот ондай жазаны солардың біреуіне, я болмаса әрқайсысына жеке-жеке тағайындап алады, содан кейін оны қылмыстың жиынтығы туралы баптың ережелері бойынша түпкілікті түрде белгілейджі. Сот тәжірибесі ерекше жағдайларға заңда көрсетілген жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлармен бірге, заңда көрсетілмеген, мысалы қылмысты бірнші рет істеуі, қылмысты басқа біреудің қорқытып, зорлауы нәтижесінде істеуі, тұрмыста және жұмыстағы мінсіз мінез-құлқы, қарауында жас балалары мен кәрі ата анасының болуы сияқты мән-жайлар да жатады. Ерекше жағдайларға кейбір реттерде істелген қылмыстың қауіптілік дәрежесін шұғыл түрде төмендететін бір ғана жағдайда жатуы мүмкін.

Шартты жаза ауыр қылмыс жасауға қатысқандардың кейбіріне, егер олардың негізгі қылмыскер еместігі анықталса, сонымен қатароның жеке басына берілген мәліметтер мен қылмыс жасаған кездегі жағдайлар жаза тағайындаған қолдануға негіз бола алған жағдайда ғана қолданылады.

1. Егер түзеу жұмыстары әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығынан айыру немесе тәртіптік әскери бөлімде ұстау жазасын тағайындағанда сот сотталған адамның жазаны өтемей түзелуі мүмкін деген қорытындыға келсе, ол тағайындалған жазаны шартты деп санауға қаулы шығарады.

2. Шартты түрде соттау қолданылған жағдайда сот жасаған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, айыптының жеке басын, соның ішінде жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескереді.

3. Шартты түрде соттау тағайындалған кезде сот сотталған адам мінез-құлқымен өзінің түзелгенін дәлелдеуге тиіс сынақ мерзімін белгілейді. Сынақ мерзімі бір жылдан үш жылға дейінгі ұзақтықта тағайындалады.

Шартты түрде сотталған адамның мінез құлқын бақылауды оған уәкілдік берілген мамандандырылған мемлекеттік орган, ал әскери қызметшілер жөнінде әскери бөлімдер мен мекемелердің командованиесі жүзеге асырады. Шартты жазаға сотталған кезде мүлікті тәркілеуден басқа қоымша жазалар тағайындалуы мүмкін. Шартты жазаға сотталғанда тағайындалған қосымша жаза нақты түрде өтелуі тиіс. Шартты сотталуы туралы қаулы шығарған кеде сот сотталғанға, оның заңды өкілдеріне сотталған адамның міндеттерін орындамаған немесе әкімшілік құқық бұзушылық, жаңа қылмыстар жасаған жағдайда көзделген шараларды қолдану мүмкіншілігі туралы түсіндіруге міндетті. Қылмыстық заңда шартты түрде соттаудың күшін жоюдың немесе сынақ мерзімін ұзартудың түрлі негіздерді белгіленген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қорытындылай келе, мына мән-жайларға тоқталуға болады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 38-бабының 2-бөлiгiнде жазаның мақсаты - әлеуметтiк адiлеттiлiктi қалпы­на келтiру, сондай-ақ сотталған адамдарды түзеу, сондай-ақ, сот­талғандарды да, басқа адамдарды да жаңа қылмыстарды icтеуден алдын ала сақтандыру екендiгi айтылған. Әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қалпына келтiру, соттаған адамға жаза тағайындау және жазаны орындау арқылы оны түзеу, cөйтіп жаңа қылмыс icтеуден оны сақтандыру жазаның арнаулы eскepтyi болып табылады. Сол сияқты жаза – қылмыстының жанын қинау немесе адамгершiлiк намысына тиiп, қорлау мақсатын көздемейдi. Бұл тарихи қалыптасқан қылмыстық құқықтың адамгершiлiк принципi болып табылады.

Курстық жұмысты жазар алдында алдыма қойған мақсатыма жеттім. Яғни жұмысты 2 бөлімге бөле отырып, тақырыпты нақты аштым.

1-бөлім бойынша жазаның мақcaттapы қылмыстық құқықтың жалпы мiндеттерi арқылы белгiленедi. Қылмыстық кодекстiң 2-бабындағы осы заң­ның мiндеттерi заң қорғайтын мүдделердi қорғау, алдын алу делiнсе, ол мiндеттердi жүзеге асыру үшiн қьлмыстық жауапты­лық негiздерi белгiленiп, қылмыс ұғымы айқындалады, қылмыс iстereн адамдарға қолданушыға тиiстi жазамен өзге де қылмыс­тық – құқылық ықпал ету шаралары белгiленедi.

Арнаулы сақтандырудың иелерi болып, қылмыс iстеп соттал­ғандар танылады. Жазаның мaқcaты бұл адамдардың тарапынан тағы да қылмыс iстey фактiсiнiң орын алмауын көздеуi болып табылады. Жазаның осы көздеген мақсатына жетуiнiң құралы — сотталғандарды түзеу арқылы, еңбекке адал, заң талаптарын мүлтiксiз орындау рухында тәрбиелеу болып табылады. Бұл жерде түзеу дегенiмiз қылмыс iстеп сотталған тұлғаның әлеуметтiк, психологиялық көз қарасын өзгертiп қылмысты құбылысқа, қоғам ережелерiн бұзуға, еңбексiз күн көpicкe деген пиғылдарын, жа­задан қорықса да өзгертiп дұрыс жолға салу болып табылады.

Сондықтан да қылмыскерге жаза тағайындау арқылы осы түзеу жазадан қорықса да қылмыс iстемейтiн, заң талаптарын қалт жiбермей мүлтiксiз орындайтын адам етiп қалыптастыру болып табылады. Жазаның баска бip мақсаты - басқа адамдарды қылмыс iстеуден сақтандыру болып табылады. Бұл қылмыс iстемеген, бiрақ тәртiптiк, әкiмшiлiк құқық қалыптарын бұзып, биморальдық күйге түciп жүрген, қылмыс iстeyi мүмкін, тұpaқсыз элементтерге бағытталады.

2-бөлім бойынша Қылмыстық заңда және сот-тергеу практикасында ең көп кездесетiн кінәнің нысаны қасақаналық болып табылады. Kiнәнің қасақаналық нысанын дәлме-дәл анықтаудың заңдылық маңызы ерекше. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты пленумының 1994 жылғы 23 желтоқсанда қабылдаған «Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы әрекеттер үшін жауапкершілікті реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы» қаулысында басқа да мән-жайларды анықтаумен бірге соттар жаза тағайындағанда қасақаналық түрін, істелген қылмыстың ниеті мен мақсатын ескеруге міндетті, деп көрсетілген.

Өлім жазасы- жазаның ең ауыр, ерекше түрі болып табылады. Өлім жазасы - ату жазасы адамның өміріне қол сұғатын ерекше ауыр қылмыстар үшін, сондай-ақ соғыс кезінде немесе ұрыс жағдайында мемлекеттік сатқындық, бейбітшілікке және адамзаттаң қауіпсіздігіне қарсы қылмыс және ерекше ауыр әскери қылмыстар жасағаны үшін ғана ең ауыр жаза ретінде қолданылуы мүмкін (49-бап, 1-бөлігі).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар