Қылмыстық үдерістің қатысқандарының өзгешеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2012 в 19:12, дипломная работа

Описание работы

Қылмысқа қатысушылар проблемаларын қылмыстық іс жүргізу функцияларымен өзара байланыстыра шешу екі мақсатқа жеткізеді.
Бірінші мақсат – сот ісін жүргізуге әрбір қатысушының статусын белгілеуге;
Екінші мақсат – түрлі қатысушылардың өзара іс – қимыл жасау шектерін жекелеген функциялар арасындағы генетикалық байланыстарды табу арқылы анықтауға мүмкіндік береді.

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………………………....3-4
1. ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР,ОЛАРДЫҢ
ҰҒЫМЫ МЕН ЖІКТЕЛУІ
1.1.Қылмыстық процеске қатысушылардың түсінігі мен олардың жіктелуі………………………………………………..................................5-11
1.2.Қылмыстық процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары……………………………………...............................................12-15
1.3.Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысудың мүмкіндігін жоққа шығаратын жағдайлар.Қарсылық білдіру…………................................16-22
2. ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР
2.1.Сот - қылмыстық сот ісін жүргізуші мемлекеттік орган ретінде және прокурордың орны мен мәнділігі ……………………………...............23-39
2.2.Қылмыстық іс жүргізуге байланысты құқықтық қатынастардың қатысушысы ретінде тергеу бөлімінің бастығы мен тергеушінің ролі…………………………………………..............................................39-50
2.3.Анықтау органы. Анықтаушы……………………………................51-57
3.ТАРАУ.ӨЗ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАЙТЫН
ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ АДАМДАР
3.1.Өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғап процеске қатысушылардың түрлері…………..…58-67
3.2.Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар және олардың түрлері,құқықтары мен міндеттері. ……………...............................68-73
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………....74-76
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………………………......77-79

Работа содержит 1 файл

Др.doc

— 1.64 Мб (Скачать)

      Соттың  жаңа қылмыстық іс жүргізу қатынастарынан туындайтын өз өкілеттіктерін  жүзеге асыруы соттың қылмыстық іс жүргізу  қатынастарына қатысушы ретіндегі  қызметінде маңызды орын алады. Мәселен,  бірінші сатыдағы сот шығарған үкімге он  тәулік ішінде шағым жасауға немесе наразылық білдіруге болады. Оның өзі жаңа сот перспективаларын ашады. (істің апелляциялық немесе қадағалау тәртібімен қайта қаралуы мүмкін. Оның процедурасы қылмыстық іс жүргізу заңында қатаң белгіленген). Егер айыптау үкімі күшіне енген болса,  оның өзі үкімді орындауға байланысты жаңа қылмыстық іс жүргізушілік құқық қатынастарын туғызады. Соттың өзге де дәлелдер талап ету жөніндегі шешімі сол дәлелдері іс жүргізу барысында орнықтыру мен  бағалауға байланысты жаңа қылмыстық іс жүргізу қатынастарының жүзеге асырылуын білдіреді. Сонымен, сот қаралып отырған қатынастарға қатысушы бола отырып, сонымен бір мезгілде өз шешімдерімен жаңа іс жүргізу қатынастарын туындатады.

      Қылмыстық істер бойынша сот төрелігін  жүзеге асыра отырып, қылмыстық іс жүргізу қатынастары шегінен шығып кететін жағдайлар болуы мүмкін. Соттың істі қарауы барысында әкімшілік жауаптылыққа әкеліп соғатын  мән-жайларды анықтауы оған үкіммен немесе  өзге де шешіммен  бір мезгілде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жаза қолдану туралы шешім шығару  құқығын  береді.

      Соттың  істі қарауға  байланысты ұйымдастыру  жұмысының іс жүргізушілік негізі бар. Мәселен, басты сот талқылауы  тағайындалғаннан кейін судья тараптардың сотқа  дейінгі іс жүргізу сатысында өздері таныстырылмаған барлық материалдармен танысуы үшін шаралар қолданады.  Судьялар алқасы істі ұзақ уақыт қарайтындай болса, сотта төрағалық  етуші  запастағы судьясының қатысуымен  қамтамасыз етеді. Төрағалық етуші сот отырысының барысына басшылық етеді. Қатысушылардың бәріне залда қажетті тәртіп сақтауын қадағалайды. Тәртіп бұзушыларға шаралар қолданады. Заң негізі соттың осы және өзге де ұйымдық іс әрекеттеріне қылмыстық іс жүргізушілік құқық қатынастары сипатын береді.

      Соттың  процестегі құқықтық жағдайының өзіндік  ерекшелігі,сонымен бірге, сот ісін жүргізудің істі нақты шешу кезінде  іс  бойынша ақиқатқа жетуді көздейтін  мақсатымен айқындалады. Мақсаттың философиялық    мәні мынада: ол сотты бәсекелесуші тараптар жөнінде мүлдем  бейтарап жағдайға қояды.

      Сот өз шешімінде  әділ  болуға  тиіс. Бұған оның   кіршіксіз  әділдігімен жетуге болады. Алайда мұның  өзі  сот шешіміне субьективті  факторлар (мысалы, қылмыскерлердің жасы ұлғайып кетуіне, отбасы жағдайының ауырлығына, шын көңілден өкінуіне байланысты төменгі шектен төмен мерзімге  бас бостандығынан айыру) ықпал етуі мүмкін екенін тіпті де жоққа шығармайды. Сонымен бірге, сот шешімін субьективтендіру – жазаны  даралау принципі  көріністерінің бірі, бұл   материалдық – құқықтық қатынастар саласында  өте маңызды.

құқықтық  қатынастар саласында  өте маңызды.

Қылмыстық істер бойынша сот әділдігін  жүргізетін соттар

 

 

 

 

      Қылмыстық  іс жүргізу қызметінің қатысушысы ретінде  прокурордың6 орны мен мәнділігі Қазақстан Республикасы Конституциясының қолданылып жүрген Қылмыстық іс жүргізу кодексінің және Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы” заң  күші бар Жарлығының тиісті ережелерімен анықталады. Бұл орайда аталған заңдарды қолданудың жәрдем көрсететіндей сипаты болады. Қылмыстық сот ісін жүргізуді жүзеге асыратын  мемлекеттік органдардың жүйесіне  прокуратураның  прокуроры  қадағалаудың  функционалдық бағытына байланысты бірқатар өзіне тән ерекшеліктері болады. Прокуратура құқық  бұзушыларға қарсы тікелей жазалау шараларын қолданбайды, бірақ бұзылған заңдылықты қалпына келтіру және кінәлілерді белгіленген жауапкершілікке тарту  үшін  өз  билігінің  бүкіл күшін пайдаланады.

      Прокурор  қылмыстық іс қозғауға құқығы болса  да,  қылмыстық іс қозғаудың  заңдылығына  қадағалау жүргізуге міндетті. Қылмыстық  іске қатысушы ретінде, прокурордың  тұлғасы көп қырлы болып көрінеді: айыптаушыға қатысты прокурор айыпталушы  шағымдарымен, өтініштерімен,  тілектерімен шыға алатын инстанция болып табылады, сонымен бірге  тап  осы прокурор әлгі айыпталушыға немесе сотталушыға қатысты  сотта мемлекеттік айыптауды қолдауы мүмкін.

      Прокурор  қылмыстық  ізге   түсу мен  қылмыстық   істерді  тергеу    кезінде  заңдылықты   қадағалауды  жүзеге  асыра  отырып,  мынадай  өкілеттіктерге  ие:

 1) оқиға болған   жерді қарауға,  қатысуға,  сараптама   тағайындауға,  сондай-ақ   қылмыстық іс  қозғау  туралы  мәселені шешуге  қажетті басқа да іс  әрекеттерді   жүзеге  асыруға құқылы;

2)қылмыстық іс  қозғайды  немесе  оны қозғаудан бас тартады,  тергеу  іс  әрекеттерін жүргізу туралы,  сондай-ақ  жедел-іздестіру қызметінің  материалдарын қылмыстық іске  қосу   туралы  жазбаша нұсқаулар береді;

3) өзі қозғаған  қылмыстық    істі  алдын ала тергеу  жүргізу үшін  береді;

4) заңдарда  көзделген   жағдайларда   алдын   ала тергеу  жүргізетін   лауазымды адамдардың  іс  әрекеттеріне  санкция береді;

5) жекеленген  тергеу  іс  әрекеттерін  жүргізуге  қатысады;

6) қылмыстық іске  түсуден иммунитеті  бар адамды  қылмыстық жауаптылыққа  тартуға келісім алу үшін   ұйғарым шығарады;

7) алдын   ала тергеу  органдарынан   келіп   түскен  қылмыстық істі  сотқа  жібере  отырып,  істі  мәнісі  бойынша  қарау  үшін  айыпталушыны  сотқа   тапсырады;

8) қылмыстық ізге  түсу  органдарынан   тексеру үшін   қылмыстық істерді,  құжаттарды,   материалдарды және  жасалған  қылмыстар туралы   жедел іздестіру қызметін  анықтау  мен  тергеу   барысы   туралы  өзге де  мәлімдемелерді  алады;

9) жасалған  немесе  дайындалып  жатқан  қылмыстар туралы   арыздар мен хабарларды   қабылдау,    тіркеу,    шешу  кезінде заңның   сақталуын   тексереді;

10)анықтаушы мен тергеушінің,   сондай-ақ   анықтау  органдары  мен  тергеу  бөлімі  бастықтарының   заңсыз  қаулыларының   күшін   жояды;

11)тергеу  мен    анықтау    толық   болмаған,   сондай-ақ   тергеу  және  анықтау барысында заң бұзушылыққа жол    берілгені анықталған  жағдайда  қылмыстық   істі  қосымша  тергеуге  жібереді  не  оның толық   көлемде  немесе   белгілі  бір  адамдарға   қатысты  қысқартады;

12)қылмыстық   істі  анықтау органынан   алып,   алдын   ала   тергеу   органына   береді;  айрықша   жағдайларда  тергеудің  толық  және  обьективті  болуын   қамтамасыз   ету  мақсатында  алдын ала  тергеу  органының  жазбаша   өтінімі  бойынша  не   өз  бастамашылығымен  істі  заңмен   белгіленген  тәртіпте тергеу  ретіне  қарамастан  алдын  ала  тергеудің  бір органынан екінші  органына  береді;

13)анықтаушы мен   тергеушінің,   анықтау және   тергеу  органдары   басшыларының  іс   әрекеттері мен шешімдеріне жасалған    шағымдарды  қарайды;

14)алдын ала тергеу,   анықтау ісін   жүргізуде   заң бұзушылықты    анықтаған   кезде    тергеушіні,   анықтаушыны   қылмыстық  істі  одан  әрі    тергеуден   шектейді;

15)осы заңда көзделген жағдайлар мен    тәртіпті  алдын   ала тергеудің және    бұлтартпау  шарасы    ретінде    қолданылған   қамауға   алудың   мерзімдерін   ұзартады;

16)бұлтартпау  шарасы   ретінде    қамауға    алу    қолданылған    адамдарды   күзетпен    ұстаудың   заңдарда   белгіленген   тәртібі мен шарттарының   сақталуын   тексереді;

17)заңдарда   көзделген өзге  өкілеттіктерді   жүзеге    асырады.

Прокурордың   тергеушіге,   анықтаушыға,   тергеу   бөлімінің  бастығына,  анықтау  органына,  анықтау  органының   бастығына   заңмен  көзделген   реттерде  нұсқау  береді.  Нұсқау  бұлар  үшін  міндетті  болып  табылады.  Берілген  нұсқауды  орындамау   қылмыстық  заңда  көзделген  тәртіптерді  қылмыстық   жауаптылыққа  тартылады.  Нұсқау  қылмыстық  істі  әрмен  қарай  жүргізілуіне  кедергі  болмайды.

   Сондай-ақ, прокурор өзінің іс  жүргізушілік  өкілеттігін   жүзеге  асыру кезінде тәуелсіз  болады  және  тек  қана  заңға  бағынады.  Бас  Прокурор  өз   құзіреті  шегінде  анықтау  және  тергеу органдарының  орындауы  үшін   міндетті  болып  табылатын  нормативтік  құқықтық  актілер  қабылдайды. Ал, анықтауды   және  тергеуді  жүзеге  асыратын   органдар  нормативтік  құқықтық  актілерді  Қазақстан Республикасының  Бас Прокурорымен  келісе  отырып   қабылдайды.

      Айыпталушыға  немесе  оның  іс  әрекеті  үшін  мүліктік  жауаптылықта  болатын  тұлғаға  прокурор:

-өзінің  дәрменсіз  күйіне,  айыпталушыға  тәуелді болуына немесе   өзге  де  себептер  бойынша талап қою   және  оны қорғау  құқығын өз  бетінше пайдалануға қабілеті  жоқ жәбірленушінің  құқығын қорғап   талап қоюға құқылы;

-мемлекет  мүддесін  қорғап,  талап  қоюға   құқылы.

Прокурордың  сотқа  дейінгі   іс жүргізу  және    істі  соттың  қарау  кезіндегі   өкілеттігі:

- прокурор  іс  қозғаудың  заңды  болуын  қадағалай  отырып, анықтаушының,  анықтау органының  немесе  тергеушінің  қылмыстық  іс  қозғау  туралы  қаулысының   күшін  жоюға    және  қылмыстық  іс  қозғаудан  бас  тартуға  немесе  материалдарды  қосымша  тексеру   үшін  іс  жүргізуге   жіберуге;

- анықтаушының,  анықтау  органының немесе  тергеушінің  қылмыстық  қозғаудан   бас  тарту  туралы  қаулысының   күшін  жоюға  және  қылмыстық  іс  қозғауға;

- анықтаушының, анықтау  органының  қылмыстық   іс  қозғау  туралы  қаулысының   күшін  жоюға  және   егер,  қылмыстық  іс  бойынша  тергеу  іс    әрекеттері   жасалған   болса,  оны   тоқтатуға   құқылы.   Прокурор   бір немесе   бірнеше адамды   әртүрлі     алдын ала тергеу  органдарының    тергеуіне жататын қылмыстар    жасағаны   үшін  айыптау бойынша істерді бір іс  жүргізуге біріктірген кезде тергеу  ретін   белгілейді.

      Алдын  ала  тергеу  жүргізу  міндетті  емес  істер бойынша анықтау   жүргізу кезінде   заңдардың атқарылуына   қадағалауды   жүзеге  асыра   отырып,  прокурор  заңмен  белгіленген өкілеттіктерге  ие  болады,  бұдан басқа да  ол  мынадай өкілеттіктерге  ие:

- айыпталушыны  сотқа   беруге   және  қылмыстық  істі  сотқа   жіберуге;

-анықтау   жүргізілетін  қылмыстық  істі  алдын  ала  тергеу  жүргізуге   жіберуге;

-анықтау   органының  бастығы  бекіткен  айыптау  хаттамасының  күшін   жоюға   және  осы  кодексте  көзделген  негіздер   бойынша  анықтауды   қысқартуға  құқылы.

Прокурордың   жеке айыптау  істерін   қоспағанда,  мемлекеттік  айыптаушы  ретінде   басты   сот талқылауына   қатысуы міндетті.  Күрделі және  көп   эпизодты   істер бойынша мемлекеттік   айыптауды   бірнеше  прокурор   қолдануы  мүмкін.  Егер,  сот  талқылауы  кезінде   прокурордың  одан   әрі   қатысуының   мүмкін  еместігі  анықталса,  онда  ол  алмастырылуы  мүмкін.   Іске  және  прокурордың  кірісуі   осы  уақытқа  дейін   сотта  жасалған  іс  әрекеттерді   қайталауға  әкеп  соқтырмайды,   бірақ  прокурордың  өтініші  бойынша  сот  оған   істің  материалдарымен  танысу  үшін   уақыт  бере  алады.   Прокурор  дәлелдерді  ұсынады  және  оларды  зерттеуге  қатысады.    Сотқа  айыптаудың   мәні  бойынша,  сондай-ақ,   сот  талқылауы  кезінде  туындаған  басқа  да  мәселелер  бойынша  өзінің  пікірін  баяндайды.  Сотқа  қылмыстық  заңды     қолдану  және  сотталушыға   жаза  қолдану  туралы  ұсыныс  айтады.   Егер,  мұны  азаматтардың  құқықтарын,  мемлекеттік  немесе  қоғамдық   мүдделерді  қорғауды  талап  етсе  прокурор  іс  бойынша  азаматтық  талап  қояды   немесе  оны  қолдайды.

      Айыптауды  қолдай  отырып,  прокурор  заң  талаптарын   және істің  барлық  жағдайларын   қорғау  нәтижелеріне  негізделген  өзінің  ішкі  көзқарасын  басшылыққа  алады.  Сотталушының   жағдайын  нашарлатпайтын және оның  қорғалу құқығын бұзбайтын болса,   прокурор  айыптауды өзгерте алады.   Прокурор,   егер,  айыптау сот талқылауында  қолдау  таппады деген қорытындыға  келсе,  айыптаудан  бас  тартуға  /толық  немесе  ішінара /   міндетті.

Информация о работе Қылмыстық үдерістің қатысқандарының өзгешеліктері