Қылмыстық үдерістің қатысқандарының өзгешеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2012 в 19:12, дипломная работа

Описание работы

Қылмысқа қатысушылар проблемаларын қылмыстық іс жүргізу функцияларымен өзара байланыстыра шешу екі мақсатқа жеткізеді.
Бірінші мақсат – сот ісін жүргізуге әрбір қатысушының статусын белгілеуге;
Екінші мақсат – түрлі қатысушылардың өзара іс – қимыл жасау шектерін жекелеген функциялар арасындағы генетикалық байланыстарды табу арқылы анықтауға мүмкіндік береді.

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………………………....3-4
1. ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР,ОЛАРДЫҢ
ҰҒЫМЫ МЕН ЖІКТЕЛУІ
1.1.Қылмыстық процеске қатысушылардың түсінігі мен олардың жіктелуі………………………………………………..................................5-11
1.2.Қылмыстық процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары……………………………………...............................................12-15
1.3.Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысудың мүмкіндігін жоққа шығаратын жағдайлар.Қарсылық білдіру…………................................16-22
2. ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР
2.1.Сот - қылмыстық сот ісін жүргізуші мемлекеттік орган ретінде және прокурордың орны мен мәнділігі ……………………………...............23-39
2.2.Қылмыстық іс жүргізуге байланысты құқықтық қатынастардың қатысушысы ретінде тергеу бөлімінің бастығы мен тергеушінің ролі…………………………………………..............................................39-50
2.3.Анықтау органы. Анықтаушы……………………………................51-57
3.ТАРАУ.ӨЗ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАЙТЫН
ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ АДАМДАР
3.1.Өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғап процеске қатысушылардың түрлері…………..…58-67
3.2.Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар және олардың түрлері,құқықтары мен міндеттері. ……………...............................68-73
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………....74-76
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………………………......77-79

Работа содержит 1 файл

Др.doc

— 1.64 Мб (Скачать)

        Мемлекеттік  айыптаушының  айыптаудан  бас  тартуына  сот тергеуі  немесе  сот жарыссөзі  кезінде   жол  беріледі.  Прокурор   айыптаудан   толық  бас   тартқан  жағдайда,   егер  айыптаудан  жәбірленушіге   де   бас тартса   сот  өз  қаулысымен  істі  қысқартады.   Ал,  егер  жәбірленуші  айыптауды  талап  етсе,  сот  істі  талқылауды  жалғастырып,  оны  жалпы  тәртіппен  шешеді.   Бұл  жағдайда  прокурор  процеске  одан  әрі  қатысудан  босатылады. Ал,  айыптауды  жәбірленушінің  өзі  немесе  өкілі  арқылы  қолдайды.  Жәбірленушінің  өтініші  бойынша   сот  оған    өкіл  шақыру   үшін  уақыт  беруге  тиіс.   Прокурор мен  жеке  айыптаушы  айыптаудан  ішінара  бас  тарқан  кезде   сот  айыптаудың  тарап   айыптаудан  бас тарқан  бөлігінде  істі  қысқартады.  Айыптаудың  қалған   бөлігіндегі  іс  жалпы  тәртіппен  қаралады.   

      Егер, прокурор   айыптауды  өзгертсе   және  жәбірленуші   бұрынғы  айыптауды   талап  етпесе,  сот  істі  жаңа  айыптау  бойынша   қарайды.

      Сонымен  қатар,  прокурорға  наразылық  білдіру  құқығы  істі  қарауға  мемлекеттік   айыптаушы  ретінде   қатысушы  прокурорға   тиесілі.   Қазақстан  Республдикасының Бас  Прокуроры мен  оның  орынбасарлары,  облыс прокурорлары  мен  оларға  теңестірілген   прокурорлармен  олардың  орынбасарлары,     аудандарың  прокурорлары  және  оларға  теңестірілген  прокурорлар мен   олардың  орынбасарлары  істі  қарауға  қатысуына   қарамастан  өз  құзіреті  шегінде  үкімге   наразылық   білдіруге  құқылы.   Сондай-ақ,  прокурор   апелляциялық,   қадағалау  сатыларындағы  соттардың   қаулыларына   шағым  жасауы,  наразылық   білдірілуі   мүмкін. 

        Қазақстан  Республикасының   Жоғарғы  Сотының  қадағалау   алқасының   қаулыларын  қайта  қарауға және   істі  Қазақстан Республикасы  Жоғарғы Сотының қадағалау алқасында қайта қарауға   ерекше   жағдайларда   осы   алқа  қабылдаған   қаулы   адамдардың   өмірі,    денсаулығы   үшін,   не  Қазақстан Республикасының   экономикасы мен қауіпсіздігі  үшін     ауыр,     орны  толмас  зардаптарға    әкеп   соқтыруы    мүмкін   екендігі   туралы    деректердің   анықталуына байланысты  енгізілген    Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты  Төрағасының    ұсынымы бойынша   немесе  Қазақстан  Республикасы  Бас  Прокурорының    наразылығы  бойынша  жол   беріледі.

Соттың  заңды   күшіне   енген  үкімдері    мен   қаулыларына  наразылық  келтіру   құқықтары   мына  прокурорларға   тиесілі:

-Қазақстан   Республикасыныың  Бас  Прокуроры-  облыстық  және  оған   теңестірілген   соттың  қадағалау  алқасына   және  Қазақстан  Республикасы   Жоғарғы  Сотының  қылмыстық   істер   жөніндегі  алқасы мен  қадағалау  алқасына тиесілі;

-Қазақстан  Республикасының   Бас Прокурорының  орынбасарлары-облыстық  және  оған  теңестірілген  соттың  қадағалау   алқасына   және  Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы  Сотының   қылмыстық   істер  жөніндегі   алқасына;

-Облыс   прокурорлары   мен   оларға   теңестірілген   прокурорлар  - облыстық  және   оған   теңестірілген  соттың   қадағалау   алқасына       наразылық   келтіруге   құқылы.

            Наразылықты    іс    қадағалау   сатысында    қаралғанға   дейін    оны     берген      адам    кері    қайтарып   алуы   мүмкін,  сондай-ақ   жоғары    тұрған    прокурор    кері     қайтарып    алуы       мүмкін.

      Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  83  бабына   сәйкес  прокуратура органдарына Қазақстан Республикасының аумағында заңдардың    дәлме-дәл   және   біркелкі    орындалуын    қадағалау   жүктелген.  Конституциялық    деңгейде    жалпы   түрде   тұжырымдалған   қадағалау   функциясы   Қазақстан    Республикасы   Президентінің  «Қазақстан Республикасының  Прокуратурасы   туралы»   Заң   күші   бар   Жарлығында   жетілдіріліп,   нақтыланған.    Осы   Жарлық   бойынша қылмыстық сот ісін   жүргізудегі қадағалау   функциясының  мазмұнына мыналар   жатады:

-жедел  - іздестіру қызметін қадағалау;

-тергеу  мен  анықтаудың   заңдылығын  қадағалау;

-сотта   мемлекеттің  мүдделерін  білдіру;

-орындалу  ісінің  заңдылығын   қадағалау / сот  тағайындаған  жазаларды  және  өзге  де   мәжбүрлеу  сипаты   бар  шараларды  орындау  кезінде  ұсталғандар  жататын орындарда,  сондай-ақ  алдын  ала     қамау  орындарында    заңдардың  орындалуы.

Осы аталған бөліктерді   жеке-жеке  талқылыр  болсақ,    жедел  іздестіру  қызметін  жүзеге  асыру,   жедел-іздестіру   шараларын жүргізу барысында адамның және  азаматтың құқықтары мен бостандықтарының  сақталуы,    сондай-ақ жедел-іздестіру    қызметін   жүзеге  асыруға    өкілетті   органдар   мен   лауазымды   адамдардың   актілеріне    іс   әрекеттерінің    заңдылығы   қадағалаудың   мәні   болып   табылады. Жедел –іздестіру      қызметіне   қадағалауды   жүзеге   асыра  отырып,   прокурор: - жедел-іздестіру қызметінің    тоқтатылған  немесе   жүргізіліп   жатқан   істерін, жедел-іздестіру    қызметінің    барысы    туралы    материалдарды,      құжаттар  мен  басқа да  қажетті   мәліметтерді  алады,   бұған жедел-іздестіру    қызметін   жүзеге   асыратын  органдарда   жасырын негізде   қызмет     ететін   немесе  қызмет   еткен азаматтардың   жеке  басы  туралы   мәліметтер   қосылмайды;

- жедел-іздестіру  қызметін  жүзеге  асыратын  органдардың   арнайы жедел-іздестіру  шараларын   өткізу   заңдылығын  тексереді;

- жедел-іздестіру  қызметін  жүзеге  асыратын  органдар  шығарған жедел-іздестіру   шараларын   ұйымдастыру  мен  өткізу  тактикасын  реттейтін  Конституцияға,  заңдарға  және   Республика  Президентінің  актілеріне  қайшы  келетін  нормативтік  құқықтық  актілеріне  наразылық  жасайды;

- жедел-іздестіру   қызметін  жүзеге асырған  кезде   заңның   адамның   және  азаматтың   құқықтары мен  бостандықтарының  бұзылғаны  анықталған   жағдайда    өзінің   қаулысымен жедел-іздестіру  шараларын  тоқтатады:

- жедел-іздестіру   шараларын   жүзеге  асырған   кезде  құқыққа   қарсы   әрекеттерге  жол  берген   қызметкерлер  жөнінде  қылмыстық   және   тәртіптік   іс   қозғау   туралы   қаулы   шығарады;

- жедел-іздестіру   қызметінің  заңдылығына   қадағалауды   жүзеге  асырған  кезде   заңды   бұзудың   анықталған   фактілері  бойынша  прокурорлық   қадағалаудың  осы Заңда  көзделген   өзге  де  актілерін  шығарады;

-заңсыз   ұсталған   адамдарды   босатады;

-қажет   болған   кезде  жедел –  іздестіру  қызметін  жүзеге  асыратын   органдар  басшыларынан  заң  бұзушылықты   жою   мақсатында  өздеріне  бағынысты  органдарда    тексеріс   жүргізуді  талап  етеді;

-заңдарда  белгіленген  жағдайларда жедел-іздестіру   шараларын   жүргізуге  санкция   береді. Жедел – іздестіру   қызметінің   заңдылығына   қадағалауды  Республиканың   Бас Прокуроры және  өзге де  прокурорлар  заңдарда  белгіленген   құзіреті  шегінде  жүзеге  асырады.

2.Тергеу  мен  анықтама заңдылығына  қадағалау.7  Прокурор  анықтама  мен тергеу  органдарының  актілері мен қызметінің  заңға   сәйкестігіне  жасалған  қылмыстар және  тергеу   жүргізу   туралы   өтініштер мен хабарларды  шешудің заңдарда  белгіленген   тәртібінің  сақталуының қадағалауды жүзеге  асырады.

Анықтама  мен тергеудің  заңдылығына  қадағалауды  жүзеге  асыра  отырып:

-анықтама  мен  тергеу  органдарына   тексеріс  үшін  қылмыстық   істерді,  жасалған  қылмыстар   жедел-іздестіру  қызметінің   анықтаманың,   тергеудің   барысы  туралы  құжаттарды,    материалдар  мен  өзге   мәліметтерді  алады;

-жасалған  немесе  әзірленіп  отырған     қылмыстар   туралы  өтініштер   мен   хабарларды   қабылдағанда,  тіркегенде,    шешкенде   заңдылықтың сақталуын   тексереді;

-қамауда   ұстауға   және  қамауға   алуға  санкция  береді;

-қажет   болған  жағдайларда  қылмыстық   іс  қозғайды,  қылмыстық  істерге   тергеу   жүргізу  жөнінде   жазбаша  нұсқаулар  береді;

-тергеушілер  мен  анықтама  жүргізуші   адамдардың  заңсыз  қаулыларының   күшін жоюды;

егер,  анықтама  мен  тергеу  барысында  процеске  қатысушылар мен  басқа  да  азаматтардың  құқықтарының   бұзылуына,   тергеудің   заңсыз   әдістеріне   жол  берілсе,   кінәлі   адамдардың  жауапкершілігі туралы  мәселе  қояды;

-тергеу  мен  анықтама  толық  болмаған,   сондай-ақ  тергеу   мен  анықтама  барысында   заңдылықтың  бұзылуына   жол  берілгені  белгілі   болған  жағдайларда   қылмыстық   істерді   қосымша   тергеуге  қайтарады  немесе  оны толық    көлемде   не  нақтылы адамдарға   қатысты тоқтатады;

-анықтама  мен тергеу  органдарына  келіп   түскен   қылмыстық  істерді   түптеп   қарау   үшін  сотқа   жібереді,  қажет  болған  жағдайларда   тергеу  бөлімшелері   анықтама  органдары  басшыларынан  оларға   бағынысты  органдарда   заңды  бұзушылықты  жою,  қылмыстардың  толық   ашылуын  қамтамасыз   ету  мақсатында   тексеріс  жүргізуді  талап  етеді. Анықтама  жүргізуші  адамның,  тергеушінің  анықтама мен  тергеу  органдары  басшыларының   іс  әрекеттері мен  шешімдеріне  жасалған  шағымдарды  қарайды. Сондай-ақ,  бұлтартпау   шарасы  ретінде    қамауға  алуға  шешім  жасалған  адамдарды  қамауда  ұстаудың  заңдарда  белгіленген  тәртібі мен  шартының  сақталуын  тексереді.  Қазақстан  Республикасының  аумағында  қылмыс  жасаған   және  тергеуден  жасырынып   жүрген   адамға   қатысты  халықаралық  іздестіру  жариялауға   санкция   береді.

Сотта  мемлекеттің  мүддесін  білдіру.

Қылмыстық,   азаматтық  немесе  өзге  де  сот  ісін  жүргізу  барысында   сотта мемлекет  мүддесін   білдіре отырып,   прокурор  осы Заңға,  сондай-ақ  Республикасының қылмыстық істер жүргізу,   азаматтық істер    жүргізу    және  өзге  де  заңдарына   сәйкес   шағым және   қадағалау   тәртібімен  өз  өкілеттігін   жүзеге   асырады.   Соттың  немесе  судьяның   іс  бойынша   шешімімен,  үкімімен   немесе  өзге  қаулысымен   оның  заңға  сәйкессіздігі немесе  негізсіздігі   себепті  келіспеген  жағдайда,   прокурор   істі  қайта   қарау   немесе   құқықтық  актінің   күшін  жою  не   өзгерту   туралы   жоғары  тұрған  сотқа  наразылық  беруге   хақылы.  Прокурор  өзінің    істің  сотта  қаралуына   қатысу-қатыспауына   қарамастан,   соттың  не судьяның   заңды  күшіне  енбеген,  заңға  сәйкес  келмейтін  немесе   негізсіз  шешіміне,   үкімі мен өзге  де   қаулысына жоғары  тұрған  сотқа наразылық беруге  хақылы.  Прокурор  соттың  заңды күшіне  енген шешімдері,  үкімдері   және  өзге   қаулылары бойынша    істерді өз  құзіретінің   шегінде соттан  талап  етіп   алдыруға  құқылы.  Соттың  заңды   күшіне  енген   шешімі,  үкімі мен өзге   қаулысы   заңға сәйкес   келмейтін немесе  негізсіз  болған  жағдайда,  прокурор  қадағалау тәртібімен  наразылық жасайды.  Егер,  наразылық жасау оның  құзіретінің  шегінен  асып  кететін  болса,  онда   тиісті  прокурор   наразылық  жасау  жөнінде  жоғары  тұрған  прокурорға  ұсыныс  айтып  өтініш  жасайды.  Прокурордың  соттың   заңды  күшіне  енген  шешіміне,   үкімі мен  өзге  де  қаулыларына  наразылық  жасау және  орындалуын  тоқтата тұру   жөніндегі өкілеттігі  заңмен  айқындалады.  Республиканың Бас Прокуроры Республиканың Жоғарғы Сотының   нормативтік қаулысының  Конституцияға   және  заңдарға  сәйкес  келмеу  негіздері бойынша Республика  Жоғарғы Сотының  жалпы   отырысына  наразылық  енгізеді.

Прокурордың атқарушылық  іс  жүргізудің  заңдылығына  қадағалау.

Атқарушылық  іс  жүргізудің  заңдылығына  қадағалауды  жүзеге  асыра  отырып, прокурор  өз  құзіреті  шегінде: адам  құқықтары  туралы,   қамалғандар  мен  сотталғандарға   мейірбандық  тұрғыдан  қарау  жөнінде  Конституцияның,  заңдардың  және  Қазақстан Республикасы халықаралық  шарттарының  дәл  және  біріңғай    қолданылуын  талап  етуге;   азаматтың,   мемлекеттің  құқықтары мен  мүдделерін   қорғау  бойынша   сондай-ақ, прокурордың   талабы  мен өтініштері  бойынша атқарушылық   істер жүргізілуін   талап етуге және  тексеруге;  сот   тағайындаған  жазалау мәжбүр  ету сипатындағы   өзге  де  шараларды атқарушы прокурор бас бостандығынан  айыру  орындары мен  мекемелерінде  тексеру  мақсатымен  кез  келген  уақытта  болуға;   ұсталғандардан,  қамалғандардан,  сотталғандар  мен  мәжбүр  ету  сипатындағы  шаралар  қолданылған  адамдардан  жауап  алуға;   осы  адамдарды  ұстауға ,   қамауға,  жазасын  өтеуге,   сондай-ақ  оларға  мәжбүр  ету  сипатындағы  шараларды  қолдануға  негіз  болған      құжаттарды  талап  етуге;    мәжбүр  ету  шараларын  атқарушы  бас  бостандығынан  айыру,  айыру  органдарында  немесе  мекемелерінде  заңсыз  отырған  әр адамды  өз    қаулысымен  дереу  босатуға;  бас  бостандығынан  айыру   орындарына  жазасын   өтеп жүрген  адамдарға  заңды  бұза  отырып,   қолданылған  тәртіптік  шаралардың  күшін  жоюға,   оларды  өз  қаулысымен  айыптық  изолятордан,  камералық   үлгідегі  орындардан  немесе  карцерден  қамаудан  босатуға;  заңда  белгіленген  жағдайларда  жазалауды  атқарушы  мекемелер  әкімшілігінің  актілерін  санкциялауға  хақылы;  заңдарда  белгіленген  жағдайларда  атқарушылық  іс  жүргізу органдарының  борышкердің  банктерге  немесе  банк  операцияларын  жекеленген  түрлерін  жүзеге  асыратын  ұйымдардағы  ақшасына  және  басқа  мүлкіне  тыйым  салу  туралы  актілеріне  санкция  беруге  құқылы. 

      Сонымен қорыта айтсақ, прокурор  қызметінің  ерекшелігі  прокуратура органдарының  көп  қырлы  функциясынан көріп отырмыз.

 

   

2.3.Қылмыстық  іс жүргізуге байланысты  құқықтық қатынастардың  қатысушысы ретінде  тергеу бөлімінің бастығы мен тергеушінің ролі

   Қылмыстық  іс  жүргізу  кодексінің  63-бабының   1-ші  бөлігіне  сәйкес    тергеу  бөлімінің  бастығы   дегеніміз – алдын  ала  тергеуді  жүзеге  асыратын  органның   тергеу  бөлімшесінің  бастығы  және     өздерінің  құзіреті  шегінде  жұмыс   істейтін    оның  орынбасарлары. Қылмыстық іс  жүргізу мағынасындағы   құзіреттің  ұғымы мен мазмұнын     олардың атқарушы  органдар   жүйесіндегі     лауазымдық  қызметтеріне   байланысты     осы  адамдарға   жүктелген   функционалдық    міндеттерден  ажырата білу   қажет.

Информация о работе Қылмыстық үдерістің қатысқандарының өзгешеліктері