Баллистика

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 21:47, реферат

Описание работы

Баллистика (немісшее Баллістік, грекше балло — лақтырамын) — жоғары математика, теориялық механика, газ, жылу динамикалары, жарылғыш заттар мен оқ-дәрі теориялары және т.б. ілімдерге сүйенетін әскери-техникалық ғылым. Ол артиллериялық және реактивтік снарядтардың, миналардың, авиабомбалардың, ракеталардың, оқтардың, гарпундардың атылу, ұшу, құлдилау (әуеден тастау) кезіндегі қозғалыстарын зерттейді

Работа содержит 1 файл

Баллистика Ануар реферат.doc

— 54.50 Кб (Скачать)

                                 Баллистика

   Артиллерия (франц. атілліер — дайындау, жарақтау):әскер  түрі;қару түрі немесе қару-жарақ заттарының жиынтығы;артиллериялық қару-жарақ  құрылысы, олардың қасиеттері мен  ұрыста колдану әдістері туралы ғылым.

   Артиллерия әскер түрі ретінде оперативтік бірлестіктер мен жалпы әскерлік құрамалардың, бөлімдер мен бөлімшелердің құрамына кіретін артиллериялық құрамалардан, бөлімдер мен бөлімшелерден тұрады.

   Артиллерияға  ғылым ретінде артиллериялык  қаружарақтық құрылысы, жобалануы, жасалуы мен қолданылуы жөніндегі, сонымен қатар оның ұрыстық касиеттерінің, атысы мен ұрыста колдану әдістері жөніндегі білім жиынтығы қамтылады.

   Артиллерия  ғылымының негізгі бөлімдері:

   -баллистика;

   -артиллериялық зеңбіректер;

   -атқыш қарулардың және ок-дорілердің материалдық бөліктерінің құрылым негіздері;

   -қопарғыш заттар мен дәрілер;

   -артиллериялық өндіріс технологиясы;

   -артиллерияны ұрыста қолдану;

   -атыс пен атысты басқарудың теориясы;

   Соның бірі баллистика (немісшее Баллістік, грекше балло — лақтырамын) — жоғары математика, теориялық механика, газ, жылу динамикалары, жарылғыш заттар мен оқ-дәрі теориялары және т.б. ілімдерге сүйенетін әскери-техникалық ғылым. Ол артиллериялық және реактивтік снарядтардың, миналардың, авиабомбалардың, ракеталардың, оқтардың, гарпундардың атылу, ұшу, құлдилау (әуеден тастау) кезіндегі қозғалыстарын зерттейді. Баллистика — ішкі баллистика және сыртқы баллистика болып бөлінеді. Ішкі баллистика оқ-дәрі оталғаннан кейін оқ, снаряд, мина т.б-лардың қару ұңғысындағы қозғалысы мен жану камерасында өтетін процестерді зерттейді. Ішкі баллистиканың негізгі салалары: пиростатика және пиродинамика, сондай-ақ, аралық баллистика мен оқ-дәрілі ракеталардың ішкі баллистикасы. Пиростатика белгілі бір тұрақты көлем ішінде оқ-дәрінің жану (оталу) және газдану заңдылықтарын, ал пиродинамика ату кезінде ұңғы (оқпан) ішінде өтетін процестерді және олардың арасындағы өзара байланыстық құбылыстарды зерттейді; ұңғының құралымдық сипаттары мен нысана көздеу шарттарын: қарулардың, ракеталардың, атыс құралдарының баллистикалық жобаларын белгілейді. Аралық баллистика процестердің кезеңдік салдарын, ал, оқ-дәрілі ракеталардың ішкі баллистикасы камерадағы оталған заттардың жану және газ бөліну, сондай-ақ, ракетаға әсер ететін күштердің пайда болу заңдылықтарын зерттейді. Сыртқы баллистика снарядтардың, миналардың, оқтардың, басқарылмайтын ракеталардың қару (қондырғы) ұңғысынан ұшып шыққаннан кейінгі қозғалыстарын, сондай-ақ ол қозғалыстарға ықпал жасайтын өзге де факторларды зерттейді. Сыртқы баллистиканың негізгі мәселелері: снарядқа ұшу кезінде әсер ететін күштер мен әр түрлі жәйттерді зерттеу; траектория элементтерін есептеу үшін снаряд массасы (салмағы мен инерциясы) орталығының қозғалысын, сондай-ақ, ұшу бағдары мен ауытқушылық сипаттарын айқындау мақсатында снаряд қозғалысын оның масса орталығына қатынасы арқылы зерттеу. Сыртқы баллистика осымен бірге атыс кестелері мен сыртқы баллистикалық жобаларды әзірлеу үшін мәліметтер алу әдістерін жасау және түзетпелер теориясы мәселелерін де қамтиды. Ерекше жағдайларда снарядтар қозғалысын сыртқы баллистиканың авиациялық баллистика, су асты баллистикасы, т.б. арнаулы салаларымен байланыстыра зерттейді. Баллистика ғылым ретінде 16 ғасырда қалыптасты. Баллистика жөнінде алғашқы еңбекті (“Жаңа ғылым” деп аталатын) 1537 жылы италиялық математик Н.Тарталья (1499 —1557) жазды. Кейін Б-ның әр түрлі мәселелерін Г. Галилей, И.Ньютон, Л.Эйлер, т.б. зерттеді. Италия физигі Э.Торричелли (1608—1647) және француз М.Мерсенн снаряд қозғалысы жөніндегі ғылымды “Баллистика” деп атауды алғаш рет 1644 жылы ұсынды. Әйтсе де, ежелгі соғыс құралдарының, соның ішінде садақтардың, жебелердің қолданылу орны мен ретіне қарай түрліше болып келуі баллистика заңдылықтарымен есептесудің көне замандардан бастау алатындығын көрсетеді.

   шкі баллистика (внутренняя баллистика) — әқ-дәрілі газ әсерімен шығарылатын снарядтардың, миналардың және оқтардың қарудың ұңғы арнасындағы қозғалысын, сондай-ақ атыс кезінде ұңғы арнасында немесе оқ-дәрілі ракетаның жану камерасында болатын басқа процестерді зерттейді. Ішкі баллистиканың негізгі бәлімдері: пиростатика, ол оқ-дәрі жану зандылығын және тұрақты көлемді газ түзілуін зерттейді; пиродинамика — атыс кезінде ұңғы арнасындағы процестерді зерттейді және ұңғы арнасының конструктивті сипаттамалары мен оқталу жағдайларының аралығындағы байланысты анықтайды; қарулардың, ракеталардың, атыс қаруының баллистикалық жобалануы. Сондай-ақ Ішкі баллистиканың аралық баллистика (әрекеттен кейінгі кезендегі прәцестерді зерделейді) және оқ-дәрілі ракеталардын ішкі баллистика тарауы бар (камерадағы отынның (жағар-жанармай) жану заңдылығын және сопло арқылы газ өтуін, сондай-ақ басқарылмайтын ракеталарда әрекет жасайтын күштердің пайда болуын зерттейді).

   Аталмыш тақырыпты оқып-үйрену заты ретiнде, атыс қаруымен қатар, суық қару, жарылғыш заттар және оларды қолданудан қалған iздер де жүредi.

            Криминалистикалық баллистика деп  әр түрлi атыс қаруын, оқ-дәрi, жарылғыш  заттар және олардан қалған iздердi  оқып үйренетiн және қылмысты  тергеп ашу мақсатында осы  объектiлердi табу, жинау, бекiту және зерттеудегi әдiс-құралдарды жетiлдiретiн криминалистикалық техниканың саласын айтамыз.

            Сот-баллистикалық зерттеу объектiлерi: 

   1.     Қол атыс қаруы, осы тәрiздес  құрылғылар, оның бөлшектерi мен  жабдықтары.

   2.     Оқ-дәрiлер, яғни патрондар және оның бөлшектерi.

   3.     Атыс қаруын қолданудан қалған iздер орналасқан бөгеттер.

   4.     Жарылғыш заттар, жарылғыш құрылғылар, жарылғыш нәрселер және оларды  пайдаланудан қалған iздер.

   5.     Мылтық гильзаларын жабдықтау  үшiн қолданылған арнайы аспаптар.

   Тыңдаушылар, осы объектiлердi оқып-үйренiп, жiктемесiн  анықтап, оларды табу, бекiту, алу ерекшелiктерiн, сондай-ақ осыларды зерттеу арқылы шешiлетiн сұрақтарға назар аударулары қажет.

   Ойықты  және тегiс оқпанды атыс қаруларын және олар атыс жүргiзгенде әрекеттесетiн бөлшектердi зерттеу барысында, затвор құрлысына, оқпан каналы қабырғасы және шүрiппелi механизмге (шаппа, алдыңғы қиылыс, ырғытқыш, қайтарғыш) ерекше назар аударылған жөн. Мылтық құлағы мен баспадан басқа, жоғарыдағы барлық тетiктер оқтау, ату және атылған гильзаны ырғыту арқылы әрекеттескенде, ерекшелiктерi бойынша қарудың белгiлi бiр топқа жататындығын не оны теңдестiретiндей, гильза үстiнде iздер қалдырады. Қарудың идентификациясы, атылған оқ бойынша да жүргiзiледi.

   Қаруды  қарау барысында жазымта оқиғасын болдырмас үшiн, сақтық әрекеттерi, яғни қауiпсiздiк техникасы сақталуы тиiс. Атыс қаруы және оқ-дәрiлермен бiрге, сот баллистикасы атқан адам мен  зақымдалу объектiсi арасындағы бөгеттерде пайда болатын атыс iздерiн зерттейдi.

   Атыс iздерi орналасқан объектiлер бойынша  қылмыс жасау кезiнде қолданылған  қару және оқ-дәрi түрiн, атыс бағыты мен  арақашықтығын, атыс жүргiзу орнын анықтауға  болады, сондай-ақ зерттеуге ұсынылған  қару данасы қылмыс жасауда пайдаланылды ма және басқа да мәселелер. Басқа да сот баллистика құзыретiне жататындар: қару данасынан нақтылы жағдайларда баспа басылмай атыс жүргiзiлдi ме; оқиға болған жерден табылған оқ пен гильза бұрын бiртұтас патрон болды ма. 

   Сот-криминалистикалық  сараптама, тергеушi жұмысында елеулi орын алады. Қандай жағдайларда сараптама тағайындалады, сот-баллистикалық сараптама қандай сұрақтар шешедi, осы сұрақтарды шешу үшiн, сарапшыға қандай материалдар жiберу қажет, мiне осындай мәселелердi тыңдаушылар ұғынып алу керек. 

   Криминалистикалық қару тану шенберінде суық қарудың  криминалистикалық зерттеуiне қатысты  мәселелері де қарастырылып жатады. Суық қарудың криминалистикалық зерттеуi деп суық қарудың әр қилы түрлерiн  оқып үйренетiн және қылмысты тергеп ашу мақсатында аталмыш объектiлердi жинап, зерттеудегi әдiс-құралдарды жетiлдiретiн криминалистикалық қару танудың  тарауын айтамыз. 

            Қазақстан Республикасының 1998 жылдың 30–желтоқсанындағы «Жекелеген қару  түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк  бақылау жасау туралы” Заңына сәйкес суық қару – нысананы тiкелей зақымдайтын құралы адамның бұлшық етi күшiнiң көмегiмен қозғалысқа келтiретiн қару. Сонымен қатар лақтырылатын қару, яғни, нысананы тiкелей зақымдайтын құралы адамның бұлшық етi күшiнiң немесе механикалық құрылғының көмегiмен бағытталып, қозғалысқа түсетiн қаруда, осы заңның 1–бабы 8–тармағында атап өтiлген (мысалы, садақ, арбалет және т.б.) Соған орай лақтырылатын суық қару мен суық қарудың шығу тегi негiзiнен бiрдей болғандықтан, ол төмендегiдей жазылуы тиiс: Суық қару деп адамның бұлшық етi күшiнiң өзiмен немесе механикалық құрылғыға оның жанама түрде әсер етуi арқылы бағытталып, тiрi және басқада нысананы тiкелей жанасу арқылы немесе арақашықтықта затпен, әлде снарядпен зақымдайтын және осы мақсатқа жету үшiн техникалық тұрғыдан жарамды болып келетiн құрылғы немесе затты айтамыз. 

   Суық  қарулардың көптеген түрiне қарамастан негiзгi белгiлерiн атап өтуге болады: 

   ·     зақымдауға арнайы бағытталған бөлiгiнiң (деталiнiң) болуы (жүзiнiң (лезвие), ұшының, шыңжырлы шоқпардың басына iлiнген ауыр салмақты домалақ қорғасын және т.б.); 

   ·     өзiн-өзi жарақаттандыруға жол бермейтiн  және қолға ұстауға ыңғайлы ететiн  бөлiгiнiң болуы (пышақтың сабы, қолдың сұқпасына қарай жылжытпайтын, тежеуiш (ограничитель) және т.б.); 

   ·     құрылғының зақым келтiруге жеткiлiктi төзiмдiлiг

Атыс  қаруы (Стрелковое оружие) — атысты оқпен жүргізетін оқатар қару. Ол жеке және топтық болып бөлінеді. Жеке атыс қаруы сарбаздың, сержанттың немесе офицердің жеке қаруына кіреді (карабин, автомат, пистолет). Топтық атыс қаруы сарбаздар тобы қолданады (пулеметтер). Қазіргі атыс қаруы, негізінен, автоматгық (қайта оқтау оқ-дәрі газы энергиясының есебінен іске асады). Автоматтық емес қарулар да бар (қайта оқтау атушының күшімен іске асады). Атыс қаруы жоғары атыс жылдамдығымен, жақсы дәлдігімен, атыстың жақсы шоғырлануымен, оқтың жеткілікті жойғыш күшімен ерекшеленеді. Атыс қаруы салмағы мен өлшемінің ыңғайлылығы оны орларда, байланыс жолдарында, елді мекендерде, ормандар мен тауларда және т.б. пайдалануға мүмкіндік береді

Өзін-өзі  қорғау қаруы 

тегіс те ұзын ұңғылы, оның ішінде Қазақстан  Республикасының азаматтардың денсаулығын  сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орталық атқарушы органының нормаларына сәйкес келетін, жарақат салып әсер ететін патрондары бар атыс қаруы;

Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын  сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орталық атқарушы органының нормаларына сәйкес келетін, жарақат салатын, газбен және сәулелі  дыбыспен әсер ететін патрондары бар ұңғысыз атыс қаруы;

газды қару - Қазақстан Республикасының  азаматтардың денсаулығын сақтау саласында  басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті  орталық атқарушы органы қолдануға  рұқсат еткен көз жасын ағызатын және тітіркендіргіш заттармен оқталған газды, оның ішінде патрондарымен қоса пистолеттер мен револьверлер, механикалық тозаңдатқыштар, аэрозолды және басқа да құрылғылар.

Спорттық  қару

-ойық ұңғылы атыс қаруы;

-тегіс ұңғылы атыс қаруы;

-сұқпа суық қару;

-лақтырылатын қару;

-үрлемелі қуаты 3 ДЖ-дан жоғары пневматикалық қару.

Аңшылық қару

-ұйық ұңғылы атыс қаруы;

-тегіс ұңғылы, оның ішінде ойық бөлігінің ұзындығы 140 миллиметрден

-аспайтын атыс қаруы;

-аралас (ойық және тегіс ұңғылы), оның ішінде алмалы-салмалы және -жиналмалы ойық ұңғылы атыс қаруы;

-үрлемелі қуаты 25 ДЖ-дан аспайтын пневматикалық қару;

-сұқпа суық қару.

Ізді  оқ (орыс. трассирующая пуля) — атысты реттеуге және нысананы көрсетуге арналған оқ (снаряд). Ізді оқта (снарядта) — жүрекшесінің артында, ізді құраммен толтырьшған стақан орналасадсы. Ол атыс кезінде тұтанып, жанып, ұшу барысында жарық із (жол) қалдырады. Ізді оқ (снаряд) құрғақ, шөпті, сабанды, бұталарды әртеуі мүмкін.

Информация о работе Баллистика