Криминалистикадағы белгілі бір топқа жататындығын анықтау

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 14:02, курсовая работа

Описание работы

Қылмысты тергеу барысында, кейде қандай да бір заттың, адамның, құбылыстың қылмыстық оқиғамен байланыста болғанын анықтау қажеттілігі туындайды.
Ол үшін криминалистикалық идентификация және диагностика деген криминалистиканың арнайы әдістері кеңінен қолданылады.
«Идентификация» термині латынның identificare -теңдестіру деген сөзінен шыққан.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................3
1. Криминалистикалық идентификацияның ғылыми негіздері........ 4-7
2.Криминалистикалық идентификацияның субъектілері мен объектілері.....................................................................................................8-9
3. Криминалистикалық идентификацияның түрлері...........................10
4. Криминалистикадағы белгілі бір топқа жататындығын анықтау.........................................................................................................11-14
Қорытынды.................................................................................................15
Қолданылған әдебиеттер.......................................................

Работа содержит 1 файл

қылмыстық идентификация.doc

— 81.00 Кб (Скачать)

Зерттеудегі объектіде идентификациялық белгілер жиынтығы болмаған жағдайларда, біртоптас объектілерге сай жалпы белгілерді қарастырумен негізделген, оның белгілі бір топқа жататындығын анықтауға болады.

Мұндай жағдайда, жіктемелік (классификациялық) деген зерттеудің жеке бір түрі туралы айтылған. Кейбір жағдайларда зерттеудегі объектінің белгілі бір топқа жататындығын анықтаудың жеке криминалистикалық мағынасы болады (мысалы, пышақты суық қару тобына жатқызу сұрағын шешу). Біртектес объектілер санаты үшін жинақы түсінік ретінде «топ» деген термин жүреді, сол себепті зерттеуді белгілі бір топқа жататындығын анықтау деп атаймыз.

Сондай-ақ белгілі бір топқа жататындығын анықтау, әрбір идентификациялық зерттеудің алғашқы кезеңі болып саналады немесе өз алдына бөлек міндетті шешу түрінде де байқалады. Салыстырудағы объектілердің жалпы белгілері дәл келгеннен кейін (бұл біртектес топқа жататындығына көз жеткізеді), идентификациялау мақсатында оның жеке белгілерін зерттеуге кіріседі.

Кейде теңдестіру объектінің нақтылы жеке даралығын айқындауға ғана қатысты деген көзқараспен, белгілі бір топқа жататындығын анықтауды жасанды түрде криминалистикалық идентификация теориясынан бөлектейді. Шын мәнінде белгілі бір топқа жататындығын аныңтау криминалистикалық идентификацияның қажетті бөлігі болып табылады.

Объектінің нақтылы бір топқа жататындығын анықтау осы объектінің белгілерін зерттеу негізінде және топтас басқа объектілердің белгілерімен салыстыру арқылы жүргізіледі. Осылайша, ұңғыдан өту нәтижесінде пайда болған оқтағы өзгерістер, яғни, қалыбы, өлшемі, конструкциясы және іздері арқылы қандай қару моделінен атыс жүргізілгендігін аңғаруға болады.

Осы жерде қару  табылып және оқиға болған жерден алынса, зерттеудің келесі кезеңі ретінде нақты қаруды теңдестіру, яғни, идентификациялау жүреді. Алайда, қару болмаса, ал объектінің жеке даралығын анықтайтын оқ үстінде белгілер болған жағдайда да, теңдестіру тек белгілі бір топқа жататындығын анықтаумен ғана аяқталады.

Іздерде объектіні жеке даралайтын белгілер кескінделмеген жағдайда да белгілі бір топқа жататындығын анықтаумен шектелуге тура келеді. Осылайша, көлік құралдарының іздері бойынша автомобиль моделін (яғни, ол көліктің тобы) анықтауға болады, алайда ізде осы көлікті теңдестіретіндей белгілердің болмауы, көліктің өзі табылған жағдайда да, оны идентификациялауға мүмкіндік бермейді.

Сонымен, белгілі бір топқа жататындыеын анықтау деп объектінің нақты топқа, түрге, яғни, біртектес объектілер тобына жататындығын анықтауды айтамыз (мысалы, ұрлық болған жерде табылған бұзу құралынан қалған із бойынша құрал түрін анықтау).

Белгілі бір топқа жатқыза отырып жіктеудің бір түріне шығу тегінің біртектес екендігін анықтауды жатқызуға болады. Мұндай зерттеу нәтижесінде бір немесе бірнеше объектілердің бір топқа жататындығы анықталады.

Аталмыш объектілер қатарына қаламсаптағы және мәтін штрихтарындағы сия жатады; мәйіттен алынған бытыра және күдікті патрондардағы бытыра және т. б. Бұл жерде салыстыру негізінен объектілердің ішкі қасиеттерін көрсететін белгілер арқылы жүргізіледі.

Басқа жағдайларда шығу тегінің біртектестігі сыртқы белгілерді салыстыру негізінде анықталады. Мысалы, өндіріс механизмдерінің жасалу процесін көрсететін іздер бойынша нақтылы кезеңде белгілі тауарлар жиынымен бірге шыққандығын анықтау болады. Мұндай зерттеулер көбіне көптеп шығаратын өнімдерге қатысты жүргізіледі.

Сонымен түйіндей келе, белгілі бір топқа жататындығын анықтауға әр түрлі себептерге сәйкес идентификация мүмкін болмаған жағдайларда жүгінеді, осыларды тағы да атап өтейік.

Бірінші оқиға. Теңдестіруге жататын объектіде бейнеленген белгілер жиынтығы тепе-теңдік туралы мәселені шешуге жеткіліксіз. Мысалы, аяқ киім ізінде тек табанның өлшемі мен қалыбы кескінделген. Бұл белгілер әдетте, аяқ киімнің түрі мен мөлшері туралы мағлұмат бере алады.

Екінші оқиға. Тендігін шығаруға тиісті объект біршама өзгеріске ұшырады. Белгілердің жаңа жиынтығы идентификациялауға көмектесетін объектіде кескінделген белгілермен сәйкес келмейді. Мысалы, оқ атылған оқиға болған жерден алынған тапанша, көп уақыт дымқыл жерде жатып қалып, оның ұңғысы даттанып кеткен. Әрине, оңтағы іздер кескінделген белгілер өзгеріске ұшырап, кейбіреулері мүлдем жоғалған. Тепе-теңдігін табу туралы мәселе ашық қалады. Сарапшының қарудың түрі немесе моделі жайлы қорытындымен шектелуіне тура келеді.

Үшінші оқиға. Іздердің пайда болу механизмінің ерекшелігі соншалықты, нақты объектіні жекелейтін белгілер көбіне кескінделмей қалады. Мұндай іздерге мысалы, егеумен жасалған аралау іздерін жатқызуға болады. Құрал-сайманды идентификациялауға бұл іздер көмек бермейді. Кейде олар бойынша егеудің түрін және түсірген ізін, яғни, осындай құрал-саймандар тобын анықтау мүмкіндігі пайда болады.

Төртінші оқиға. Теңдестіруге көмектесетін объект (мысалы, із) бар, алайда теңдігін табу қажет объект белгісіз (анықталмаған). Мұндай жағдай тергеудің бастапқы кезеңіне қатысты, әдетте, окиға болған жерді қарау процесінде осы жерде табылып жатқан іздер белгілі бір топқа жататындығын анықтау үшін қолданылады. Бұл тергеу оқиғасына қатысты объектілердің іздеп-табылуын жеңілдетіп, жылдамдатады.

Қарағанды облысының шаруа қожалығының бірінде белгісіз қылмыскерлер түнде дүкен иесіне қатысты қарақшылық әрекет жасайды. Оқиға болған жерді қарау барысында қылмыскерлер қолданған автокөлік дөңгелегінің іздері табылады. Қарауға қатысқан маман-криминалист іздерді алдын ала зерттеуден өткізіп, олар «ВАЗ-2121» автокөлігімен қалдырылған  деген өз ойын білдірді.

Жол полициясы басқармасының тіркеуіне сөйкес мұндай көлік түрі аудан әкімшілігінде бар екен. Жедел іздестіру қызметкерлері тез арада жүргізушіні анықтап, ол өзінің сыбайластарының сырт келбет белгілерін атайды. Қылмыскерлердің барлығы сол күні ұсталады.

Бесінші оқиға. Бірқатар объектілер өзінің кеңістікте тұрақты құрылымы болмағандықтан, мүлдем идентификациялауға келмейді.

Әңгіме бұл жерде сұйық, ұнтақты, сусымалы және осы тәріздес нәрселер туралы болмақ. Аталмыш объектілерді зерттеу нәтижесінде олардың тек белгілі бір топқа жататындығы ғана анықталуы мүмкін. Мұндай зерттеулер осы объектілер арасындағы байланысты аңғаруға немесе олардың бір шығу тегін анықтау мақсатында жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қорытындылай келгенде, криминалистикалық идентификация дегеніміз - нақтылы бір объектінің, өзі қалдырған кескінделу немесе бөлінділерінің көмегімен анықталған теңдігі.

Мұндай жағдайда, зат өзі сияқты объектілерден ерекшелігі бар ма, дәлірек айтқанда ізделіп отырған зат па деген сұрақтар шешіледі.

Мысалы, оқиға болған жерден табылған қол саусақ бедерінің іздері арқылы, нақтылы осы іздерді қалдырған адамды теңдестіруге болады; қолжазбадағы (қолмен жазылған құжат, қысқа хат), қол жазуды зерттеу барысында, оны орындаған адамды анықтауға болады.

Криминалистикалық идентификацияның субъектілеріне қылмысты тергеп ашу барысында идентификациялық сұрақтарды шешетін тергеушілер, сарапшылар, мамандар, сот және басқа да қылмыстық процеске қаты-сушыларды жатқызамыз.

Криминалистикалық идентификацияның объектілеріне адамдар (жәбірленушілер, айғақтар, айыпкерлер және басқалар), материалдың заттар (аяқ киім, қылмыс құралы, көлік құралы, қару жөне басқалар), жануарлар, өсімдіктер жөне тағы басқаларды жатқызамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер;

 

1.      Абуов А.Ғ. Криминалистика негіздері: Оқу құралы. – Алматы: жеті Жарғы, 2004. – 256 б.

2.      Жәкішев Е.Ғ. Криминалистиканың пәндік сипаттамасы. – Алматы, 1991

3.      Криминалистика: Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы, 2006. – 520 б.

4.      Нұрғалиев Б.М., Арыстанбеков М.А, Шакенов А.О. Криминалистика: (дәрістер жинағы). – Қарағанды, 2005-283 б.

5.      Шәкенов А. Криминалистика: оқулық. – Астана, Фолиант, 2008

 

 

 

 

 

 

14

 



Информация о работе Криминалистикадағы белгілі бір топқа жататындығын анықтау