Мұрагерліктің түсінігі және мұрадан бас тарту

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 13:28, курсовая работа

Описание работы

Мұрагерлік өсиет және заң бойынша жүзеге асырылады. Өсиет қалдырылмаған не бүкіл мұраның тағдыры айқындалмаған кезде, сондай-ақ осы Кодексте белгіленген өзге де жағдайларда мұрагерлік заң бойынша орын алады. Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен міндеттері кіреді.
Өсиет қалдырушы өсиет бойынша мұрагерге мұра есебінен өсиеттік бас тартуды орындауды талап ету құқығын алатын бір немесе бірнеше адамның пайдасына қандай да болсын міндеттемені орындауды жүктеуге құқылы.

Содержание

КІРІСПЕ 3
МҰРАГЕРЛІКТІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МҰРАДАН БАС ТАРТУ 7

1.1 Мұрагерлік құқықтың түсінігі мен мұрагерлік қатынастардың субъектілері 7
1.2 Мұрагерлік объектілері. Мұраның құрамына кірмейтін мүліктер 10
1.3 Мұрагерлік негіздері. Мұраның ашылу орны мен олардың мағынасы 11
1.4 Юстиниан құқығындағы мұрагерлік 14
2 ӨСИЕТ БОЙЫНША ЖӘНЕ ЗАҢ БОЙЫНША МҰРАГЕРЛІК 16
2.1 Өсиет бойынша мұрагерлік 16
2.2 Өсиеттің күшін жоюы және оны өзгерту 17
2.3 Заң бойынша мұрагерлік 20
ҚОРЫТЫНДЫ 23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 25

Работа содержит 1 файл

курсовая 2.rtf

— 209.75 Кб (Скачать)

Осыған ұқсас өсиеттің заңдылығына дау айтқан мұрагерлердің өсиетті жарамсыз деп  тану туралы талап арыздары сот тәжірибесінде жиі кездеседі.  «Соттардың мұрагерік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2009 жылғы 29 маусымдағы №5 нормативтік  қаулысының 20 тармағында соттар мұрагерлер арасындағы өсиеттің заңдылығы туралы дауды қарау кезінде өсиеттің нысаны мен мазмұнына ерекше маңыз беретін заңды ( АК-нің 153-бабының 2-тармағы, 154-бабының 1-тармағы, 1050, 1051, 1052 баптары) басшылыққа алуы керек деп көрсетілген. Өсиеттің жарамдылығы жоғарыда аталған  талаптардың сақталу-сақталмауына байланысты болып жатады.

Мұра қалдырушы өз өсиетін өзгертуге де, жоюға да ерікті және кейінгі жасаған өсиеті алдыңғыларын жоққа шығара алады. Өсиет бойынша мұрагерлер мыналар болуы мүмкін: 1) заңға сай мұрагерлер, 2) заң бойынша мұрагерлікке кірмейтін бөтен адамдар, 3) мемлекет пен жеке ұйымдар. Мұра ашылғаннан кейін заңда көрсетілген мерзім ішінде (6 ай, Азаматтық кодекс 1063 бап) мұрагер ол мұраны қабылдай алады.

Бүгінде еліміздің өмір сүру деңгейінің жоғарылауына қарай азаматтардың меншігінде кә­сіпорындар, тұрғын үйлер, пәтерлер, ақшалай салымдар, акция және басқа да мүліктер көбейген. Бұл азаматтардың өз мұрагерлік құқықтарын жетік білулеріне түрткі болмақ. Кез келген азамат дүние-мүлкіне заң  талаптарын сақтай отырып, өсиет қалдыруға әдеттенсе, ағайын-туыс арасындағы көптеген келеңсіздіктердің алдын алар еді.  Қалай десек те, мұра қалдыру әділ болсын дейміз.

Өсиет бойынша мұрагерліктің  ол тиесілі мүлікке билік ету жөнінде өз өзінің барлық мүлкін немесе оның бір бөлігін заң бойынша мұрагерлер тобына кіретін де, кірмейтін де бір не өсиет етіп қалдыра алады. Өсиетті өзі жасауға тиіс. Өкіл арқылы өсиет жасауға жол түсіндірместен заң бойынша мұрагерлердің біреуін, бірнешеуін немесе. Егер өсиеттен өзгеше туындамаса, заң бойынша мұрагерді мұрадан айыру оның ұсынылу ұрпақтарына қолданылмайды.

 

2.1 Заң бойынша мұрагерлік

 

Заң бойынша мұрагерлік көне рим жүйесіндегі XII кесте за4ына апарады. Заңда мұрагерліктің 3 кезеңі реттелінген. XII - ші кесте заңында I- ші кезектілерге мұра қалдырушының қоластында саналатын балалары, алдында қайтыс болғанбалаларының балалары, яғни немерелері кірген. Бұлар «қажетті мұрагерлер» деп есептелген. Егер «қажетті мұрагерлер» болмаған жағдайда мұраға өлген адамның агнаттық туыстары шақырылған. Ол мұраны қабылдамауға құқы болған, мұндай жағдайда мұра иесіз қалған мұра деп саналған, мұндай сәтте құқық ауылтырылмаған деп саналған. Егер мұра қалдырушының еш жақыны болмаса мұра III -ші кезектегі болып саналатын когнаттық туыстарына өткен. Тек IV- ші кезек ретінде ғана мұра қалдырушының жұбайына өткен. Бірақта бұның өзінде жесір әйеліне тиген.

Бізде өсиет бойынша мұрагерліктен гөрі заң бойынша мұрагерлік жиі кездеседі. Өйткені адамдар артындағы мүлкіне өсиет жазып қалдыруға дағдыланбағандықтан да өсиет жазуға үлгермейді. Ал кейбір адамдар үшін бұл белгілі бір шеңберден шығумен тең.

 

1060-бап. Жалпы ережелер

       1. Заң бойынша мұрагерлер осы Кодекстiң 1061-1066-баптарында көзделген кезек тәртiбiмен мұрагерлiкке шақырылады.

      2. Заң бойынша мұрагерлiк кезiнде, бiр жағынан, асырап алынған және оның ұрпақтары және екiншi жағынан, асырап алушы мен оның туыстары қандас туыстарға теңестiрiледi.

      Асырап алынғандар мен олардың ұрпақтары асырап алынушының туған ата-анасы, оның басқа да қандас туыстары қайтыс болғаннан кейiн заң бойынша мұрагер болмайды.

      Асырап алынушылардың ата-анасы мен оның басқа да қандас туыстары асырап алынушы және оның ұрпақтары қайтыс болғаннан кейiн заң бойынша мұрагер болмайды.

      3. Заң бойынша мұрагерлердiң әрбiр келесi кезегi алдыңғы кезектегi мұрагерлер болмаған, оларды мұрадан шеттеткен, олар мұраны қабылдамаған не одан бас тартқан жағдайда, осы кодекстiң 1074-бабының 5-тармағында аталған жағдайларды қоспағанда, мұрагерлiк құқығын алады.

      4. Осы Кодекстiң заң бойынша мұрагерлердi мұрагерлiкке шақырудың кезектiлiгi туралы және олардың мұрадағы үлестерiнiң мөлшерi туралы ережелерi мүдделi мұрагерлердiң мұра ашылғаннан кейiн жасалып, нотариат куәландырған келiсiмiмен өзгертiлуi мүмкiн. Мұндай келiсiм оған қатыспайтын мұрагерлердiң, сондай-ақ мiндеттi үлеске құқығы бар мұрагерлердiң құқықтарын қозғамауы тиiс.

 

       1061-бап. Заң бойынша мұрагерлердiң бiрiншi кезегi

       Заң бойынша мұрагер болу құқығын бiрiншi кезекте тең үлеспен мұра қалдырушының балалары, соның iшiнде ол қайтыс болғаннан кейiн тiрi туған балалары, сондай-ақ мұра қалдырушының жұбайы мен ата-анасы алады.

 

       1062-бап. Заң бойынша мұрагерлердiң екiншi кезегi

       Заң бойынша мұрагер болу құқығын екiншi кезекте тең үлеспен мұра қалдырушының ата-анасы бiр, ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi (қарындастары), сондай-ақ оның әкесi жағынан да, анасы жағынан да атасы мен әжесi алады.

 

       1063-бап. Заң бойынша мұрагерлердiң үшiншi кезегi

       Заң бойынша мұрагер болу құқығын үшiншi кезекте тең үлеспен мұра қалдырушының туған немере ағалары мен апалары алады. 

 

       1064-бап. Заң бойынша мұрагерлердiң төртiншi кезегi

       1. Заң бойынша мұрагер болу құқығын төртiншi кезекте мұра қалдырушының алтыншы атаға дейiнгiлерiн қосқанда басқа туыстары алады, бұл ретте туыстық дәрежесi неғұрлым жақын туыстар туыстықтың неғұрлым алысырақ дәрежедегi туыстарын мұрагерлiктен шеттетедi.

      2. Туыстық дәрежесiнiң жақындығы ортақ ата-бабасынан туу саны негiзiнде анықталады. Әрбiр дүниеге келу бiр ата (бiр туыстық) дәрежесi деп аталады.

      3. Мұрагерлiкке шақырылған төртiншi кезектегi мұрагерлер тең үлесте мұрагер болады.

 

       1065-бап. Заң бойынша мұрагерлердiң бесiншi кезегi

       Заң бойынша мұрагер болу құқығын бесiншi кезекте, егер мұра қалдырушымен бiр отбасында кемiнде он жыл бiрге тұрса, тең үлеспен оның туыстас аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, (қарындастары), өгей әкесi мен өгей шешесi алады.

 

       1066-бап. Заң бойынша мұрагерлердiң алтыншы кезегi

       Заң бойынша мұрагер болу құқығын алтыншы кезекте тең үлеспен мұра қалдырушының асырауындағы еңбекке жарамсыз адамдар алады.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Азаматтық құқығында мұрагерлік құқық қатынастары үлкен маңызы бар. Мұрагерлік тікелей өзі белгіленген жағдайларда өзге де заң актілерімен реттеледі.

Мұрагерлік өсиет және заң бойынша жүзеге асырылады. Өсиет қалдырылмаған не бүкіл мұраның тағдыры айқындалмаған кезде, сондай-ақ осы Кодексте белгіленген өзге де жағдайларда мұрагерлік заң бойынша орын алады. Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен міндеттері кіреді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің Мұрагерлік құқық атты бөлімінде бірнеше жаңа ережелер қабылданды. Мұрагерлік қатынастар Азаматтық Кодекстің 1038-1083 баптарымен реттеледі (ерекше бөлім). 1999 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне (ерекше бөлім) қол қойып, Кодекс сол күні күшіне енді. Ал 1 шілдеге дейін Қазақстанда 1994 жылы қабылданған Азаматтық Кодекстің жалпы бөлімі күшінде болды, 1999 жылы 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі толықтай қолданысқа өтті. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодекстің ерекше бөлімінің болмауы республикадағы экономикалық қатынастарды реттеуді қиындатты. 1963 жылы қабылданған Қазақ ССР Азаматтық Кодекстің нормалары нарықтық экономика принциптеріне қайшы келсе де, іс жүзінде қолданылды. Мұрагерлік құқық қандай болу керек деген сұрақта ғалымдар әртүрлі пікір ұстанады. Бірақ оның бәрі жеке мүлік ұрпақтан ұрпаққа ауысатынын жақтайды.

Қоғамдық өмірдің түпкілікті ауысуы біздің елімізде көптеген салалардағы құқықтық реттеуді дамытуды талап етеді. Мұрагерлік бұл экономикалық мазмұны бар қатынастар.

Кеңес заманындағы мұрагерлік құқық Рим құқығының негізінде жасалған, жақсы дамыған институт. Бірақ көне мүліктік жүйеде көптеген мәселелер өз шешімін таппады. Ал жаңа заңдағы бекітілген ережелер сол мәселелерді қайта көтеріп, жаңа проблемаларды туындатты. Мұрагерлік мүліктік қатынастарды құқықтық реттеу конституциялық, азаматтық-құқықтық нормасы бойынша өзінің мұра қалдыру мүмкіндігін және азаматтың қайтыс болған жағдайда өзіне тиесілі мүлкін өз ықтиярымен билік ету бойынша өсиет қалдыруы, не болмаса заңды мұрагерлік бойынша мұрагерліктің жүзеге асуы, сонымен қатар осы мәселелер бойынша өзге тұлғалардың мүлікке қол сұғуынан құқықтық қорғау тәсілдері бекітілген. ҚР-сы Конституциясының 26 бабына сәйкес: «1. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады.

Кез келген адамның өмірінде мұрагерлік құқықтарды рәсімдеу қажеттілігінің туындайтыны әбден мүмкін жағдай. Біздің елімізде азаматтар артындағы дүниемүлкіне өсиет жазуға әдеттенбеген деуге болады. Сондықтан да болар бірге туған ағайындардың мұраға таласып, бір-бірімен араздасып жататын ыңғайсыз жағдайлар аз кездеспейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Қазақстан    Республикасы Конституциясы. 1995 ж. 30 тамыз.
  2. Қазақстан   Республикасы Азаматтық Кодексі. 2000 жылдың   1 сәуіріне  дейінгі  өзгерістер мен  толықтырулар енгізілген. Алматы  //  Жеті   Жарғы.
  3. ҚР азаматтық   құқығы.  Ғ.Төлеуғалиев,  І том. Алматы 2001 ж.
  4. ҚР Азаматтық  Кодексі (Жалпы  бөлім  1995 ж. 1 наурыз).

5.“Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған окулық /А. Ибраева, Г. Өлібаева, Қ. Айтхожин. -- Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006.

6. Құқық негіздері. Оспанов Қ.И. Алматы 2006.

7. Мемлекет және құқық негіздері. Дулатбеков Н. Астана. 2001.

8. Жайлин Ғ. А. ҚР Азаматтық

9. Ынтымақов С.А. Азаматтық құқық. Практикум.

10. Ғ. Сапарғалиев Қазақстан мемлекеті мен

11. Баққұлов С.Д. Құқық негіздері Алматы,

12. Дулатбеков Н. Амандықова С. Тұрлаев

13. ҚР Конституциясы Алматы, 2004

14. ҚР Конституциясының түсіндірме сөздігі, Алматы,

15. Құқықтану Авторлары: А.Ибраева, Г.Әлібаев,Қ.Айтхожин

 

 

 

 

 

 


 



Информация о работе Мұрагерліктің түсінігі және мұрадан бас тарту