Механизм

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2012 в 18:15, реферат

Описание работы

Мемлекеттің түсінігі жəне белгілері. Мемлекет – бұл арнайы басқару жəне мəжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратын жəне оның дамуын қамтамасыз ететін, бұқаралық биліктің саяси-аумақтық, егеменді ұйымы.
Мемлекетті рулық құрылымдағы əлеуметтік биліктен ажыра-татын төмендегідей белгілері болады:
1. Бұқаралық биліктің болуы. Міндетті түрде мемлекеттің бас-қару жəне мəжбүрлеу аппараты болуы тиіс, себебі, бұқаралық билік – бұл шенеуніктер, əскер, полиция, түрме мен басқа да меке-мелер.
2. Аумақтық бөлініс. Мемлекет өз аумағында өмір сүруші бар-лық адамдарды өз билігімен жəне қорғау арқылы біріктіреді.

Содержание

1. Кіріспе:
1.1 Мемлекеттің түсінігі жəне белгілері.
1.2 Мемлекеттің мəні.
1.3 1. Мемлекет механизмінің түсінігі.


2. Негізгі бөлім:
2.1 Мемлекет механизмінің құрылымы мен аппаратты ұйымдастыру, қызмет қағидалары
4. Мемлекет органдарының түсінігі жəне түрлері.
2.2 Басқару түрі. Саяси режим. Мемлекет функциясы.
2.3 Мемлекеттік билік əлеуметтік биліктің ерекше түрі ретінде.

3. Қорытынды

Работа содержит 1 файл

30-бет.docx

— 32.09 Кб (Скачать)

 в) фашистік режимдер болып жіктеледі.

 Демократиялық саяси реждимнің белгілері:

1. Әр түрлі партиялардың, бірлестіктердің, қозғалыстардың Конституция шеңберінде еркін, бостандық жағдайында әрекет етуі, қызмет атқаруы.

2. Идеологиялық плюрализм,  қоғамда әртүрлі идеологиялық  ағымдардың, бағыттардың болуына және үстемдік етуші бірден-бір идеологияның болмауына жағдайлар жасалады.

3. Мемлекет өз органдарын, негізінен сайлау жолымен құрады.

4. Қоғамда демократиялық  құқықтар мен бостандықтар орын алады. Оларды, шын мәнінде, қамтамасыз ету кепілдері жасақталады.

 Антидемократиялық саяси режимнің белгілері:

1. Демократиялық партиялар мен ұйымдарға тыйым салынады;

2. Идеологиялық пікір алуандығы болмайды, мемлекетте үстемдік етуші идеология орнығады.

3. Сайлау жолымен құрылған органдар болмайды.

4. демократиялық құқықтар  мен бостандықтар шектеледі.

5. Жаппай қуғын-сүргін және заңсыздықтар орын алады.

6. Авторитарлық режим  антидемократиялық режимның бір түрі ретіндегі сипаты дербестенеді, яғни, нақты билеушілер түрінде көрініс табады, олар диктатура орнатады.

 Тооталитарлық режимнің  белгілері:

1. Мемлекетте бір ғана саяси партия үстемдік етеді, ол мемлекеттік биліктің ұйытқысы болады.

2. Бір ғана идеология үсьемдік етеді, идеологияда плюрализм (пікір алуандығы) болмайды.

3. Қоғамда жеке адамға табыну мемлекет тарапынан қамтамассыз етіледі.

4. Мемлекет әкімшіл-әміршіл жүйе арқылы басқарылады.

5. Азаматтардың құқықсыздығы, олардың жүріс-тұрысы мен іс-әрекеттерінің жөн-жобасы қатал түрде реттеліп, жүзеге асырылады.

6. Шектен шыққан әлеуметтік даурықпалық (демагогия) орын алады.

2. Мемлекеттік билік əлеуметтік биліктің ерекше түрі ретінде. Мемлекеттік билікке сипаттама берместен бұрын əлеу-меттік билікке анықтама беріп алу қажет. Əлеуметтік билік – бұл адамдарың кез-келген бірігуіне тəн үстемдік пен бағынушылық қатынастары, бұл кезде бір тұлғалардың – билік құрушылардың – еркі мен əрекеттері басқа тұлғалардың – бағынушылардың – еркі мен əрекеттеріне үстемдік құрады. Əлеуметтік билік кез-келген ұйымдасқан, белгілі бір дəрежеде тұрақты адамдар тобына – руға, тайпаға, отбасына, қоғамдық ұйымға, партияға, мемлекетке, қо-ғамға жəне т.б. тəн.

Мемлекеттік билік əлеуметтік биліктің ерекше бір түрі ретінде көрініс табады. Бұл мемлекеттік мəжбүрлеуге сүйенген, субъек-тілер арасындағы үстемдік жəне бағынушылық сипаттағы бұқа-ралық-саяси қатынас. Мемлекеттік биліктің ерекшеліктері:

1. Бұқаралық билік. Ол бүкіл қоғамның, халықтың атынан қызмет етеді жəне өз қызметінде бұқаралық негізге – қазына мүлкіне, өз кірістеріне, салықтарға ие.

2. Аппараттық билік. Ол аппаратқа, мемлекеттік органдар жүйесіне сүйенеді жəне олар арқылы жүзеге асырылады.

3. Заң қолдайтын билік. Сол себепті, ол аппарат пен заң нормаларының көмегімен елдегі барлық халық үшін міндетті сипатты иеленеді.

4. Егеменді билік–ол кез-келген биліктен дербес жəне тəуелсіз.

5. Заңдастырылған билік. Яғни, ол заңды негізді жəне қоғам-дық тануды иеленген.

Мемлекетте еңбек бөлінісі болған жағдайда ғана, яғни, ерекше қызмет түріне негізделген дербес билік түрлері қалыптасқан жағдайда ғана, мемлекеттік биліктің тиімділігі артады. Мұндай биліктің үш түрі бар: заң шығарушы билік, атқарушы билік жəне сот билігі.

 


Информация о работе Механизм