Құқытық-нормалар

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2013 в 06:05, дипломная работа

Описание работы

Құқықтық норма – қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың, мемлекеттің билігін, саясатын іс жүзінде асырудың құралы. Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез – құлқын, іс әрекетін арнайы ережелермен реттейді. Құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік. Оған мына белгілер тән. Құқықтық норма ең маңызды қоғам, тұлға үшін өте қажет қоғамдық қатынастарды бейнелейді. Құқықтық нормада қоғам, тұлға үшін пайдалы, қажетті қатынастармен қатар, зиянды қатынастар да бейнеленеді.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................................1
1 Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны, құндылығы мен негізгі сипаттары
Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны және құндылығы.............................5
Құқықтық норманың негізгі сипаттары............................................................7
Құқықтық норманың құрылымы, жүйелері және түрлері..............................9
2 Құқытық қатынастардың түсінігі мен жалпы сипаттамасы
2.1 Құқықтық қатынастың түсінігі мен мазмұны және оның негізгі белгілері.....................................................................................................................13
2.2 Қоғамдық қатынастар.........................................................................................23
2.3 Құқықтық қатынастардың түрлері....................................................................25
3 Құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері,
субъективті заңды құқығы мен міндеттері.
3.1 Құқықтық қабілеттілік және әрекеттілік.........................................................27
3.2 Құқықтық қатынастардың объектісі................................................................32
3.3 Субъективтік құқық және заңды міндеттілік .................................................35
3.4 Құқықтық қатынастың құрамының бөлшектері, заңды және оқиғалы себептер ...................................................................................................................37
Қорытынды...........................................................................................................76
Қолданылған әдебиеттер....................................................................................81
Қосымшалар..........................................................................................................83

Работа содержит 1 файл

Құқытық-нормалар.doc

— 443.00 Кб (Скачать)

Жарамсыз оқталу орын алғанда іс-әрекет қылмыскердің ойында болған, жоспарлаған қылмыс түрі бойынша, яғни қасақаналығының бағыты бойынша квалификацияланады. Қылмыскердің қателесуінде немесе жарамсыз оқталуда өзі жоспарлағаннан заңмен қорғалатын құндырақ обьектілерге зардап келуі мүмкін екендігін және ондай әрекеттерді квалификациялау тәртібі қылмыстың субъективтік жағы бойынша квалификация жүргізу тақырыбында айттық.

 

 

      Қылмыстың затына қатысты қателесу салдарынан жарамсыз оқталуда, кінәлі қылмыстың затының орнына басқа затқа қатысты қылмысты әрекеттер жасайды. Мысалы есірткі заттарды сатып алушы сатып отырған адамның алдағанын білмей есірткі заттардың орнына басқа ұнтақ затты алуы мүмкін.

Мұндай жағдайда сатып  алушының әрекеттері 259 баптың 1 бөлімімен және 24 баптың 3 бөліміне сілтеме жасай отырып бағаланады. Ал есірткінің орнына басқа затты алдап сатқан адамның әрекеті 177 баппен алаяқтық ретінде бағаланады, себебі есірткі заттың орнына басқа затты алдап сатқан адамда халықтың денсаулығына қарсы қасақаналық және сондай іс-әрекеттер болған жоқ. Осы тәріздес, қылмыстың құралының жарамсыз екендігін білмеу салдарынан кінәлі ойына алған қылмыстың түрін іске асыра алмауы мҹмкін. Жарамсыз оқталу материальдық құрамдарда ғана емес, формальдық құрамдарда да кездесе алады. Мысалы, пара алушы адам ақша немесе бағалы заттың орнына алданып басқа затты қабылдауы мүмкін.Жарамсыз оқталуда кінәлі адам қылмыстың объективтік жағын құрайтын іс-әрекеттерді орындайды, бірақ объективтік жағдайды толық білмеуі салдарынан жарамсыз іс-әрекеттерді орындайды, соған сәйкес қылмыстың мақсатына жете алмайды. Басқаша айтқанда, қылмыстың объективтік белгілері мен субъективтік белгілерінің арасына ауытқу, сәйкес келмеушілік орын алады. Қылмыстың көптілігі бойынша квалификациялау. Нормалар бәсекелестігі және квалификациялау тәртібі.

Адамдар қылмысты әрекеттермен айналысқанда көпшілік жағдайларда  бір қылмыс жасаумен шектелсе, кейде  бір адамның бір неше қылмыстарды жасайтын кездері болады. Мұндай жағдайдың да көріністері қылмыстық құқықта айтылғандай бір неше түрлерде кездеседі, яғни адам қылмыстық заңның әр түрлі баптарымен немесе бір бабымен қарастырылған қылмыстарды жасауы немесе бұрын қылмыс жасағандығы үшін сотталған адамның қайтадан қылмыс жасайтын кездері болады.

Осындай кездерде әдеттегі бір қылмыс үшін квалификация жасауға және жауаптылық белгілеуге қарағанда қылмысты әрекеттердің көптілігіне  байланысты квалификация жүргізуде  және жауаптылық белгілеу мәселесінде өзгешелік болады немесе арнайы ережелер қолданылады. Бірақ жекелеген қылмыстар мен көптік қылмыстардың арасында кейде ұқсастық кездесетін кездері болады немесе жекелеген қылмыстардың кейбір түрлері көптік қылмыстарға ұқсас болады деуге болады. Квалификацияны мұндай кездерде дұрыс жүргізу үшін жекелеген қылмыстардың негізгі белгілерін және оның көптік қылмыстарға ұқсайтын түрлерінің түсінігін, мағынасын қарастыра кеткен жөн. Сондықтан қылмыстық құқықта қылмыстың кптілігі тақырыбы әдетте жекелеген қылмыстардың түсінігімен, оның түрлерімен басталады.

Жекелеген қылмыстар  кптік қылмыстардан негізінен қылмысты әрекеттердің көлемі немесе қылмыстық  заңмен қорғалатын объектілердің саны, бір неше кіні нысандары бойынша  емес, қылмыс құрамдарының көлемі бойынша ажыратылады. Көптік қылмыстардың түсінігін ашуда құрам элементтерінің ішінен тек қылмыс субъектісі ерекшелік байқатады, өйткені бұл мәселеде бір адамның бір неше қылмысты іс-әрекеттер жасаған жағдайына құқықтық баға беріледі. Бірақ бұл белгіні де міндетті белгі қатарына жатқызуға болмайды, себебі көптік қылмыстар мәселесі бір неше адамдардың бірлесуі  арқылы жасалатын қылмысқа қатысушылықта да кездесе алады. Қылмыс бір адаммен немесе бір неше адаммен жасалсын, бірақ одан көптік қылмыстарды квалификациялау ережесі өзгермейді, тек жасалған қылмысқа байланысты адамның кінәсі болса жеткілікті.

Жекелеген қылмыстар  ретінде бір қылмыстың құрамы бар іс-әрекеттер танылады деп  түсіну керек. Мұндай түсінік бір  эпизодтан тұратын және бір іс-әрекетті орындаумен-ақ аяқталған қылмысты білдіретін жекелеген қылмыстардың қарапайым ұғымын білдіреді.

 

Ал қылмыс күрделі  сипатта болғанда, яғни бір неше эпизодтан тұрғанда немесе ұқсас  бір неше әрекеттердің жасалуымен анықталғанда бұл іс-әрекеттердің жиынтығы бір  қылмысты немесе бір неше қылмысты білдіретінін анықтау, соған сәйкес квалификация жасау да қиындық туындайды. Мысалы бір неше рет жасалған ұрлық әрекетінің әр қайсысы аяқталған ұрлық қылмыстарын білдіргенде, мұндай әрекеттерді бір неше рет жасалған ұрлық деп тану керек пе немесе ірі мөлшерде жасалған ұрлық деп бағалау керек пе деген сұрақ туындауы мүмкін. Сол сияқты бір қылмыскер бір неше адамды өлтіріп, олардың әр қайсысы жеке қылмысты ниеттермен жасалғанда, бұл қылмыстарды екі немесе одан көп адамды  өлтіру деп түсіну керек пе, әлде қылмыстар жиынтығымен квалификация жасау керек пе деген мәселе туындауы мүмкін. Яғни осы тәріздес жағдайларда іс-әрекеттерді бір жеке қылмыс деп немесе көптік қылмыс ретінде тану туралы мәселе туындауы мүмкін. Мұндай жағдайларға құқықтық бағаны дұрыс беру үшін жекелеген қылмыстар мен көптік қылмыстардың түсінігін және олардың айырмашылығын білу ғана қажет емес, сонымен қатар заң нормаларының мазмұнына, іс-әрекеттерді қамту деңгейіне көңіл аудару керек. Заң шығарушы кейбір қылмыстардың жасалуы кезінде жиі орын алатын басқа қылмыстың негізгі белгілерін осы қылмыста да келтіріп, қылмысты бір неше объектілі немесе бір неше әрекеттердің орындалуымен сипаттағанда осы қылмыстың табиғатын көрсетуге және оның қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтауға тырысады. Мысалы зорлық-зомбылықпен ұштастырыла жасалатын қылмыстарда адамның денсаулығына, меншікке зардап келуін құрамның негізгі бөлімінде немесе ауырлататын құрамы ретінде келтіруі кездеседі. Айталық, қарақшылық қылмысы үшін жауаптылық қарастыратын 179 баптың 2 бөлімінің «г» пунктінде «қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданумен жасалған» қарақшылық әрекет қарастырылған. Баптың бұл білімінде екі қылмыстың, яғни қарақшылық және 251 баптағы қаруды заңсыз алып жүру қылмыстарының белгілері келтірілген және қарақшылық қылмысында қару қолдана отырып жасауды,

осы білімде  көрсеткенде осы қылмыстың негізгі  мағынасын ескере отырып, оның бір  көрінісі үшін жеке жауаптылық қарастырған. Қарақшылық қылмысының негізгі мағынасы меншікке қарсы әрекетті адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті шабуыл арқылы іске асыруды білдіреді. Олай болса бұл қылмыстың жасалуы кезінде қару қолдау, жәбірленушінің денсаулығы мен өміріне зардаптың келуі әбден мүмкін және мұндай тәсілдің, зардаптың баптың мазмұнында қарастырылуына назар аудара  отырып, екі қылмыс немесе қылмыстың көптілігі ретінде емес, жеке бір қылмыс деп түсініп квалификация кезінде бір бапты қолдану керек.

Бұл айтылғандар  жекелеген қылмыстар мен көптік қылмыстарды заң нормаларының мазмұнына  қарай отырып ажыратуға болатынын білдіреді. әйтсе де жекелеген қылмыстардың негізгі мағынасы, оның құрылысы қалай болуы керек деген сұрақ туындайды. әдебиеттерде бұл мәселеге бір келкі жауаптар кездеспейді. Бір зерттеушілер жекелеген қылмыстарды «бір мақсатқа жетуге бағытталған бір тектес актілердің орын алуы» түрінде анықтаса,1 кейбір ғалымдар «бір немесе бір тектес әрекеттермен жасалған және бір кінә түрімен орындалатын, сонымен қатар бір зардап түрінің немесе бір тектес зардаптардың туындауын білдіретін қылмыстар деп анықтайды.2 Сондай-ақ, «жекелеген қылмыстардың әлеуметтік мағынасы, көбінесе бірге жасалатын, әдетте ортақ объективтік және субъективтік белгілері болатын, өз ара бір-бірімен тығыз байланысты сақтайтын және өзінің қоғамға қарсы мағынасы бойынша кейбір қылмыскерлердің санаттарына тән құқыққа қайшы әрекеттердің бейнесі болып табылады. Ал құқықтық нысаны жағынан алғанда, жекелеген қылмыстар қылмыстық құқықтық нормалармен бір қылмыс құрамы ретінде қарастырылған әрекеттер болып табылады» деген көз-қараста кездеседі.1 Жекелеген қылмыстардың мағынасын ашу үшін жеке қылмыстық құрамдарды бейнелеуге арналған қылмыстық заң нормаларының негізгі бағытын, олардың белгілері бойынша әр түрлі деңгейде болатынын ескеру керек тәрізді. өйткені жекелеген қылмыстар жоғарыда келтірген кейбір зерттеушілердің айтқанындай, қылмыстық заң нормаларында бір әрекет, бір зардап немесе бір кінә нысанымен анықталып, сипатталып жатпайды. Бір әрекет, бір немесе бір тектес зардаптар, бір кінә нысаны кездесетін жекелеген қылмыстар жай немесе қарапайым қылмыс түрлерін білдіреді. Мысалы кісі өлтіру, ұрлық сияқты қылмыстар негізінен объектіге қарсы бағытталған бір әрекетпен (адамды өмірінен айыратын, мүлікті жасырын түрде алатын), кінә нысаны қашанда қасақаналықпен анықталады. Ал күрделі құрамдар деп аталатын кейбір қылмыстардың құрылымы немесе құрам элементтерін сипаттайтын белгілердің көлемі бұған қарағанда күрделі болып келеді. Қылмыстық заңдағы көптеген қылмыстар негізгі және қосымша түрдегі бір неше объектілермен, объективтік жағының белгілері бойынша бір неше құрамдас іс-әрекеттермен, екі немесе одан көп зардаптармен, сондай-ақ кінәнің екі нысанымен де сипатталады. Мысалы адамды ұрлау, кепілге алу сияқты қылмыстарды жасау кезінде жәбірленушінің денсаулығына әр түрлі дәрежедегі зардаптар келуі, адамның бостандығына қарсы бағытталған әрекеттерді қасақаналықпен жасағанмен жәбірленушінің мірі мен денсаулығына зардапты тек қасақаналықпен ғана емес, абайсыздықпен де келтіруі, соған сәйкес бір неше объекті түріне зиян келтіруі мүмкін. Бір қылмысты орындау кезінде орын алуы мүмкін осындай белгілерді жекелеген қылмыс құрамдарының да қамту деңгейі әр түрлі деуге болады. Заң баптарының немесе қылмыс құрамын сипаттайтын белгілердің күрделіленуі, әсіресе 1998 жылдан бергі қылмыстық заңда анық байқалады,  өйткені қолданыстағы заң қылмысты жасау кезінде орын алуы мүмкін өзге де немесе негізгі зардаппен салыстырғанда ауырырақ зардаптардың, абайсыздықтың да белгілері кездесуі мүмкін екендігін жеткілікті ескерген және осы қылмыстың негізгі мағынасын, құқықтық табиғатын ашу үшін қолданылатын қажетті белгілерден де басқа осы қылмыстың жасалуы кезінде кездесуі мүмкін, бірақ өзге қылмыстарға тән белгілерді бір қылмыстық құрамның көлемінде келтіреді. Мысалы жоғарыда аталған адамды ұрлау қылмысының негізгі мағынасын, құрамын ашу үшін қолданылатын белгілер,

ол адамның жеке бостандығы, адамды басқа жаққа еріксіз алып кету және мұндай әрекетті қасақана жасау болып табылады. Бірақ адамды ұрлағандық үшін жауаптылық қарастыратын 125 баптың өзге білімдерінде осы қылмысты жасау кезінде кездесуі әбден мүмкін адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдану немесе осындай зардаптар келтіру, қару қолдану, топ адам болып жасау әрекеттері келтірілген. Демек, заң шығарушы қылмыстың ауырлататын құрамдарын ашуды мақсат етіп, ауырлататын белгілерді келтіргенде, осы қылмысты және оның жекелеген құрамдарын толық ашуға, анық бейнелеуге тырысқан. Сондықтан жекелеген қылмыстардың мағынасы құрам элементтерінің негізгі белгілерімен анықтаумен ашылмайды. Байқап отырғанымыздай қылмыстық құқықтық нормалардың дамуында жай қылмыстан күрделі қылмысқа көшіру, осы қылмыстың әр түрлі көріністерін бейнелеу, сипаттаубайқалады.

Жоғарыда айтылғандарды  ескере отырып айтқанда, «жекелеген қылмыс дегеніміз, қылмыстық құқықтық нормалармен  қарастырылған бір қылмыс құрамын білдіретін қылмыстар» деген түсінік тар ұғым деп санауға болады. Ал толық немесе кең мағынада алғанда, жекелеген қылмыстар дегеніміз, қылмыстық заңда белгіленген мазмұнмен қылмыс дәрежесіндегі қоғамға қауіптілікті білдіретін, қылмыс құрамының ерекшелігіне қарай обьективтік және субьективтік белгілердің жиынтығы болып табылады. Байқап отырсаңыздар біздің бұл жекелеген қылмыс дегеніміз не деген сұраққа беріп отырған жауабымыз, қылмыс құрамының түсінігіне ұқсас келтіріліп отыр. Мұны заңды деп түсінуге болады, себебі «жекелеген қылмыс» және «қылмыс құрамы» деген ұғымдар бір-бірімен ұқсас, тек қолданылатын ортасы бөлек ұғымдар болып табылады, сондықтан олардың анықтамасында ұқсастық байқалуы түсінікті жәйт. Басқаша айтқанда қылмыс құрамының өзі жекелеген қылмысты білдірсе, жекелеген қылмыста, нақты қылмыс құрамын білдіреді.

 

Бұл ұғымдардың ара қатынасындағы бір айырмашылық, ол ҚК Ерекше бөлімнің әр бір бабында, оның бөлімдерінде нақты бір қылмыс түрі қарастырылған, ал баптың негізгі және қоғамға қауіптілікті ауырлататын немесе аса ауырлататын бөлімдерінде, сонымен қатар кейінгі білімі ауырлатпай келтірілгенде де осы қылмыстың жекелеген құрамдары қарастырылған. Сондықтан жекелеген қылмыспен көптік қылмыстың ара қатынасын нақты бір өлшеммен, белгі түрімен ажырата алмаймыз. Бұл ара қатынасты меңгеру үшін, жекелеген қылмыстарды анықтағанда Ерекше білім баптары белгілерінің  көлемін немесе қылмыс құрамын сипаттайтын белгілердің толықтығын ескеруіміз керек. Ал қылмыс уақиғасында бір қылмыс құрамымен қамтылмаған, өзге қылмыстың белгілері (қылмыс жиынтығы) немесе бір қылмыстық мақсатты білдірмей бір қылмыстың бір неше рет қайталануы (бір неше рет қайталанған қылмыстар) болса, онда көптік қылмыстар орын алады дейміз. Көптік қылмыстар мәселесінде бір субъектінің бір неше қылмыс жасауы арқылы криминогендік белсенділігі құқықтық тұрғыдан сипатталатынына байланысты рецидив мәселесі де қарастырылады.

Көптік қылмыстар бойынша квалификация жүргізуде «кінәліде бір қылмысты жасау мақсаты» болған, болмағанын анықтау маңызды деп түсіну керек. өйткені әр біреуі аяқталған қылмысты білдіретін әрекеттер бір неше рет жасалғанда, көптік қылмыстар ретінде бір неше рет қайталанған қылмыс деп бағалау керек пе немесе жеке қылмыс ретінде ірі мөлшерде зардап келтіру деп квалификация жасау керек пе деген сұрақ туындайтынын жоғарыда келтірдік.

Мұндай жағдайларда  қылмыскерде ірі зардап келтіру  немесе ірі Мөлшерде пайда табу мақсаты болса, онда әр қайсысы аяқталған қылмысты білдіретін бір неше рет жасалған әрекет заң бабында келтірілгенде бір қылмыс ретінде бағалануы керек. Мысалы 175 баптың 3 бөлімімен ірі мөлшерде жасалған ұрлық деп бағалануы керек.

 

Ал әр қайсысы аяқталған қылмысты білдіретін бір тектес әрекеттерде бір мақсат болмағанда және осы бапта қылмысты «бір неше рет қайталау» арнайы келтірілгенде, баптың тиісті Білімімен бір неше рет қайталанған қылмыс деп квалификация жасау керек

 Қылмыстардың  жиынтығы бойынша квалификациялау

Адамның жасаған  қоғамға қауіпті іс-әрекеттерінің көлемін және оларды заң баптарымен салыстыра отырып, бір қылмыс немесе бір неше қылмыс жасалғанын анықтауға болады. Іс-әрекетте бір қылмыстың немесе бір неше қылмыстың құрамы бар екендігін анықтау маңызды болып табылады. өйткені жасалған іс-әрекетте бір неше қылмыстың белгілері бар деп танылса, онда кінілінің әрекеттері де заңның бір неше баптарымен квалификациялануы тиіс және осыған байланысты жаза тағайындау кезінде де арнайы ереже қолданылып, қылмыстар жиынтығы бойынша жазаның тҹрі мен көлемі белгіленеді. Демек, іс-әрекетте қылмыстың жиынтығы бар немесе жоқ екендігін анықтау кезінде қателесуге болмайды, мұндай кезде қате жіберу ауыр салдарға соқтырады деуге болады. өйткені квалификация жҹргізуші қызметкер бір қылмыстық құрам ретінде бағаланатын әрекетті бір неше қылмыс деп екі немесе одан көп баптармен бағалағанда, сол қолданылған баптардың санкциялары қолданылып, әдеттегі бір қылмыс бойынша жаза тағайындауға қарағанда қаталырақ жаза белгіленеді. Немесе бұл жағдай керісінше болғанда да, яғни бір неше қылмыс жасаған адамның әрекеттерін бір қылмыс ретінде бағалағанда да құқықтық баға дұрыс берілмеуіне байланысты, жаза да қылмыстар жиынтығы бойынша емес, жекелеген қылмыстарға тағайындалатын тәртіппен белгіленеді және қылмыскердің қауіптілік дәрежесі көрінбей қалады деуге болады.

Қарапайым мағынада айтқанда, қылмыстар жиынтығы бір адамның заңның әр түрлі баптарымен қарастырылған екі немесе одан көп қылмыстарды жасауын білдіреді. Бірақ қылмыстар жиынтығының толық, ірі дұрыс мағынасы бұл қарапайым түсінікке сәйкес келе бемейді.

Информация о работе Құқытық-нормалар