Жұмыс уақыты

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2011 в 10:40, доклад

Описание работы

жұмыс және демалыс уақыты

Работа содержит 1 файл

уакыт11.docx

— 22.05 Кб (Скачать)

Демалыс уақыты

Демалыс уақыты - бұл жұмысшының қызметтік міндеттерін атқарудан бос кезеңінде өз қалауынша пайдалана алатын уақыт.

 

Демалыс уақытының түрлері

жұмыс күні кезеңіндегі үзілістер (жұмыс ауысымы) — демалыс және тамақтану үзілісі; ішкіауысымдық және арнайы үзілістер;

күнделікті демалыс (ауысымаралық);

демалыс күндері (аптасайынғы  үзіліссіз демалыс);

мейрам күндері;

еңбек демалыстары.

 Демалысқа және тамақтануға берілетін үзілістер

демалуға және тамақтануға  берілетін үзіліс демалыс күндерді қоспағанда, күнделікті жұмыс (жұмыс  ауысымы) басталғаннан кейін үш сағаттан ерте емес және төрт сағаттан кейін  бекітілуі тиіс.

демалуға және тамақтануға  берілетін үзіліс демалыс күндерді қоспағанда, күнделікті жұмыс (жұмыс  ауысымы) басталғаннан кейін үш сағаттан ерте емес және төрт сағаттан кейін 8 сағаттан көп күнделікті жұмыс жалғасымындағы жұмыс уақытының тұрақсыз жинақталған есебі режимі кезінде бекітіледі.

үзіліс пен тамақтануға берілетін уақыт жұмыс уақытына кірмейді;

үзіліс беруге мүмкіндік  болмайтын жұмыстарда жұмыс беруші арнайы жабдықталған орында жұмыс уақытында  жұмысшының тынығуына және тамақтануына мүмкіндік беруі тиіс.

 Ішкіауысымдық  және арнайы үзілістер 

жекелеген жұмыс  түрлеріне жұмыс уақытында іске қосылатын технологиямен және өндіріс және еңбек ұйымымен келісілген, жұмысшыға ішкіауысымдық үзілістер қарастырылады;

ашық ауада жылдың суық мезгілінде жұмыс істейтін немесе жылынбайтын кеңістіктерде жұмыс істейтін, сонымен қатар тиеу-түсіру қызметіндегі жұмысшыларға жылыну үшін жұмыс уақытына кіретін арнайы үзілістер береді;

бір жарым жасқа дейінгі баласы бар жұмыс істейтін әйелдерге, бір жарым жасқа дейінгі анасы жоқ балалары бар ерлерге (асырап алыушылар) тамақтану үшін, және баланы тамақтандыруға қосымша уақыт беріледі. Қосымша уақыт келесі ұзақтықтағы жұмыстың әр үш сағаты сайын беріледі (жиі емес):

бір баласы барларға, — әр үзіліс отыз минуттан кем емес;

екі немесе одан да көп баласы барлар үшін — әр үзіліс бір сағаттан кем емес.

Жұмысшының өтініші  бойынша бала тамақтандыруға қосымша  уақыт демалыс және тамақтануға  берілетін үзіліске қосылады, немесе келісілген үзілістер жұмыс күнінің басына немесе соңына қарай беріледі (ауысымдар);

баланы тамақтандыруға берілетін үзілістер жұмыс уақытына қосылады;

үзіліс уақыттарында әйелдердің (әкелер, асырап алушылар) еңбек ақылары сақталады.

 

Жұмысшының күнделікті демалысының ұзақтығы (ауысымаралық) он екі сағаттан кем емес, жұмыстың аяқталуы мен келесі күннің басталуы аралығын қамтиды.

 

Демалыс күндері 

бес күндік жұмыс  аптасында жұмысшыларға аптасына екі  күн демалыс беріледі, ал алты күндік жұмыс аптасы кезінде – бір күн;

мұсылман күнтізбесі бойынша аталып өтілетін Құрбан-айт, 7 қаңтар – православ Рождествосы демалыс күндері саналады;

өндірістік-техникалық жағдайларға, халықты үздіксіз қамтамасыз ету қажеттігі жағдайында үздіксіз жұмыс істейтін орындар немесе демалыс күндері тоқтату мүмкін емес өндіріс орындарындағы жұмысшыларға демалыс күндер аптаның кез келген күні, жұмысшылардың өкілдерімен келістіріле жасалған жұмыс берушінің бекітілген актілеріне сәйкес, жұмысшылармен кезектесе отырып демалыс беріледі;

іссапардағы жұмысшы  бағытталған жұмыс берушінің еңбек тәртібіне сәйкес берілген демалыс күндерін пайдаланады.

 Демалыс және  мейрам күндері жұмыс істеу

 

Демалыс және мейрам күндері жұмыс істеу үшін жұмыс  берушінің ықыласымен, жұмысшының жазбаша  келісімі қажет;

 

Жұмысшының келісімінсіз демалыс және мейрам күндері мына жағдайда жұмысқа жұмылдырылады:

төтенше жағдайларды, табиғи апаттар немесе өндірістік апаттардың алдын алу үшін, немесе олардың салдарын жедел жою үшін

қайғылы оқиғалар, мерт болу немесе мүлікке зиян келтіруді зерттеп алдын алу үшін

ұйымның немесе оның бөлімшелерінің ары қарайғы қалыпты  жұмысына әсер ететін жедел, алдын ала жоспарланған жұмыстарды шұғыл орындау үшін. 

Демалыс және мейрам күндері жұмыс істеу жұмыс  берушінің рұқсаты негізінде жұмысшының ықыласымен беріледі.

 

Демалыс және мейрам күндері жұмыс кезінде жұмысшының қалауы бойынша басқа күні демалыс  беріледі немесе жұмысшының күндізгі сағаттық төлемдерінен тыс, екі еселік мөлшерден кем емес төлем төленеді.

 

Жұмысшыларды демалыс  жән мейрам күндері қызметке жұмылдыру  жұыс берушінің актісімен рәсімделеді.

 

Еңбек демалысы

 

Еңбек дамалысы - бұл  жұмысшыны белгілі бір кезеңде оның орны (қызметі) мен орта айлық жалақысын сақтай отырып немесе әлеуметтік мақсатта жыл сайынғы ұзіліссіз демалысқа босату.  

 

Демалыс түрлері 

төленетін жыл сайынғы  еңбек демалыстары;

әлеуметтік демалыстар:

жалақысы сақталмайтын демалыс 

оқу демалысы

баланың тууына байланысты, жаңа туған баланы асырап алу.

Жыл сайынғы төленетін  еңбек демалысы, нормативтік құқықтық актілермен, еңбек, ұжымдық келісім-шарттар  мен жұмыс берушінің актілерінде  қосымша күн қарастырылмаса, жиырма төрт күнтізбелік күнге беріледі.

 

Қосымша ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалыстары мыналарға ұсынылады:

ауыр жұмыстарды, зиянды (аса зиянды) және (немесе) қауіпті  жұмыстардағы жұмысшыларға алты күнтізбелік  күннен кем емес демалысы;

бірінші және екінші топ мүгедектеріне он бес күнтізбелік  күннен кем емес ұзақтықта. 

Жыл сайын төленетін  еңбек демалыстарының ұзақтығы еңбек  демалысы кезінде болатын мейрам күндері есепке алынбай, қабылданатын режимдер мен жұмыс кестесінен тыс беріледі.

 

Жыл сайынғы еңбек  демалысының жалпы ұзақтығын есептеген кезде қосымша жыл сайынғы еңбек демалысы негізгі жыл сайынғы еңбек демалысымен есептеледі. Осыған орай, жыл сайынғы еңбек демалысының жалпы ұзақтығының максималды шегі анықталмаған.

 

Жыл сайынғы төленетін  еңбек демалысына құқық беретін  еңбек өтіліне мыналар кіреді:

деректі өтелген  уақыт;

жұмысшы фактілі түрде жұмыс істемей, оның орны және жалақысы толығымен немесе бөлшегі сақталған уақыт;

уақытша еңбекке  жарамсыздыққа байланысты жұмысшының жұмыс істемеген уақыты;

жұмысқа орналасар алдындағы жұмысшының жұмыс істемеген уақыты.  

Бірінші және келесі жұмыс істеген жылдары үшін төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы екі жақтың келісімімен жылдың кез келген уақытында беріледі.

 

Жыл сайынғы еңбек  демалысы басталған уақытына дейін  үш күнтізбелік күннен кем емес уақытта төленеді.

 

Назар аударыңыз!

 

Жұмыс жылы жұмысшының бірінші жұмыс күнінен бастап он екі айды құрайды.

 

Жыл сайынғы төленетін  еңбек демалысын берудің кезектігі:

жұмысшылардың көзқарастарын  есепке ала отырып жұмыс берушінің бекіткен еңбек, ұжымдық, демалыс кестесімен анықталады;

өндірістік қажеттілікке байланысты еңбек демалысынң кестесі өзгеретін болса, жұмыс беруші еңбек демалысына екі апта қалғанда алдын ала хабарлауы тиіс. 

Жыл сайынғы төленетін  еңбек демалысы мына жағдайда ауыстырылады немесе толығымен немесе жартысы  ұзартылады:

жұмысшы уақытша еңбекке жарамсыз болса, жүктілік демалысы дәне бала туу жағдайында;

жыл сайынғы еңбек  демалысы кезеңінде жұмысшы мемлекеттік  міндеттерді атқарса;

жыл сайынғы төленетін  еңбек демалысы тек жұмысшының жазбаша  келісімі немесе өтініші негізінде ұзартылады немесе ауыстырылады;

екі жақтың келісімімен ауыстырылған еңбек демалысы жұмысшының өтініші бойынша келер жылдағы басқа еңбек демалысына қосылуы немесе басқа уақытқа келісім бойынша ауыстырылады;

екі жыл қатарынан  еңбек демалысын бермеуге рұқсат етілмейді.  

Жыл сайынғы төленетін  еңбек демалысынан кері шақыру

 

Жыл сайынғы төленетін  еңбек демалысы жұмыс беруші арқылы жұмышының жазбаша келісімімен үзілуі мүмкін. Жұмыс берушінің ұсынысынан жұмысшының бас тартуы еңбек тәртібін бұзу болып саналмайды.

 

Пайдаланылмаған жыл  сайынғы төленетін еңбек демалысының  бөлігі екі жақпен келісілген еңбек  келісім-шарты бойынша ағымдағы жылдың немесе келесі жылдың кез келген уақытында беріледі немесе келесі еңбек демалысына қосылады.

 

Жыл сайынғы төленетін  еңбек демалысынан кері қайтару  кезінде, жұмысшы мен жұмыс берушінің  арасында келісім жасалып, еңбек демалысының пайдаланылмаған күндеріне өтемақы төленуі мүмкін.

 

Он сегіз жасқа толмаған, жүкті әйелдер мен зиянды және қауіпті (аса қауіпті) жұмыстарды атқаратын жұмысшыларды жыл сайынғы төленетін еңбек демалысынан шақыруға жол берілмейді.

 

Жыл сайынғы төленетін  еңбек демалысын пайдаланбаған  немесе толық пайдаланбаған жұмысшымен еңбек келісім-шарты бұзылса, жыл сайынғы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған күндеріне өтемақы төленеді.

 

Жалақысы сақталмайтын демалыс негізі мыналар:

некелесу;

баланың тууы;

жақын ағайынның өлуі;

еңбек, ұжымдық келісім-шартта қарастырылған басқа да жағдайлар.  

Оқу демалысының  төлем ақысы еңбек, ұжымдық, оқу келісім-шарттарымен анықталады.

 

Жүкті әйелдерге, балалы болған әйелдерге, жаңа туылған баланы асырап алған әйелдерге (ерлерге) келесі демалыстар беріледі:

жүктілік пен бала тууға берілетін төленетін демалыс;

жаңа туған баланы асырап алушы қызметкерлерге төленетін демалыс;

баланың жасы үш жасқа жеткенше қарауға берілетін жалақысы сақталмайтын демалыс.

Жүктілік пен бала тууға байланысты демалыс алдында немесе одан кейін бала бағу уақыты біткен соң, әйелдің қалауынша жыл сайынғы төленетін демалыс беріледі.

 

Егер Қазақстан  Республикасының заңымен басқа  тәртіп бекітілмеген болса, жүкітілік  пен тууға байланысты әйелдерге  төленетін демалыс, жетпіс күнтізбелік  күнге және туғаннан кейін елу алты (егер ауыр жағдайда туылған немесе екі не одан көп бала туылса – жетпіс) күнтізбелік күнге беріледі.

 

Жаңа туылған баланы асырап алушы жұмысшыға (ата-ананың біреуіне) асырап алған күннен бастап және бала туылған күннен бастап елу алты күн өткенге дейін төленетін демалыс беріледі.

 

Жұмыс беруші үш жасқа  дейінгі бала бағу үшін жұмысшыға  жалақысы сақталмайтын демалыс беруі  тиіс:

ата-ананың таңдауы  бойынша — анасы немесе әкесіне;

ата-анасына –  баланы тәрбиелеушіге;

баланы нақты тәрбиелеп  жатқан әжесіне, атасына, басқа туысына немесе асыраушысына;

жаңа туған баланы асырап алушы қызметкерге. 

Үш жасқа дейінгі  бала бағу үшін жұмысшыға берілген жалақысы сақталмайтын демалыс толығымен  немесе жұмысшының жазбаша өтініші  негізінде бөлініп пайдаланылуы мүмкін.

 

Үш жасқа дейінгі бала бағу үшін жұмысшыға берілген жалақысы сақталмайтын демалыс кезінде жұмысшының орны (қызметі) сақталады.

 

Үш жасқа дейінгі бала бағу үшін жұмысшыға берілген жалақысы сақталмайтын демалыс уақыты, егер басқа жағдай Қазақстан Республикасының заңында қарастырылмаса, еңбек өтіліне, мамандық бойынша еңбек өтіліне есептеледі.  
 
 

Информация о работе Жұмыс уақыты