Ежелгі Парсы мәдениеті

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 11:31, реферат

Описание работы

ежелгі Парсы елінің тұрғындары келешекте бүкіл адамзаттың дамуына орасан зор үлесін қосып, көптеген елдер мен халықтардың жетістігі болып танылған жоғары мәдениетті қалыптастырды. Ежелгі Парсы елінің аумағында ұзақ уақытқа дейін дүниежүзілік тарихтың келешек бағытын анықтауға септігін тигізген рухани және мәдени мәдениет айқын сипат алады. Екі ірі дәуірлер: элам мелекеті мәдениетінің өркендеуі (б.д.д. VII-VІғ.ғ.); ахеменидтер дәуірі (б.д.д. V; ғ. Ортасынан б.д.д. 330 ж.) мәдениеттері ежелгі Парсы елінің мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, гүлденуінің негізін құрайды.

Работа содержит 1 файл

ДҰРЫС НҰСҚА. ПАРСЫ МӘДЕНИЕТІ.doc

— 60.00 Кб (Скачать)

«Ксеркс – ұлы патша, патшалардың патшасы,

Дарий – патша ұлы, Ахеменид».

Гротефенд ежелгі парсы алфавитінің 8 белгісін қатесіз тапса, тек 30 жыл өткен соң француз Эжен Бюрнуф және норвег Кристиан Лассен бірінші баған сына жазуларының барлық таңбаларының дұрыс оқылуына қол жеткізеді.

 Қорытындылай келе, ежелгі Парсы елінің тұрғындары келешекте бүкіл адамзаттың дамуына орасан зор үлесін қосып, көптеген елдер мен халықтардың жетістігі болып танылған жоғары мәдениетті қалыптастырды. Ежелгі Парсы елінің аумағында ұзақ уақытқа дейін дүниежүзілік тарихтың келешек бағытын анықтауға септігін тигізген рухани және мәдени мәдениет айқын сипат алады. Екі ірі дәуірлер: элам мелекеті мәдениетінің өркендеуі (б.д.д. VII-VІғ.ғ.); ахеменидтер дәуірі (б.д.д. V; ғ. Ортасынан б.д.д. 330 ж.) мәдениеттері ежелгі Парсы елінің мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, гүлденуінің негізін құрайды. Парсы мәдениетінің ірі жетістігі болып жазу өнерінің пайда болуын санауға болады. Бастапқы кезде пиктографиялық жазу, яғни көнеэламдық жазу өнері қалыптасады. Бүтіндей ұғымдар мен сөздерді білдіретін 150-ге жуық белгілері бар бұл жазу өнері 400 жылдай қолданылған. Кейінгі уақытта   сызықтық-буындық жазу өнері қалыптасып, қолданылса, 43 белгіден тұратын сына жазуы парсы мәдениетінің қолы жеткізген ең ірі жетістігі болып саналады. Соның ішінде ең атаулысы, әрі танымалы – Бехустин жазуы. Парсы мәдениеті қайталанбас өзіндік белгілерімен көзге түседі. Құмыралар, ыдыстар геометриялық өрнектермен, адам, құс, жануарлар суреттерімен безендірілді, зиккураттар тұрғызыла бастайды. Әлем екі бастаудың мәңгілік күрес алаңы деген ұғым негіз болған дін – Зороастризм діні Парсы елінің тұрғындарының рухани жетілуіне әсер етеді. Сонымен, ежелгі дәуірде парсылар өзіндік ерекшелігімен көзге түскен, жоғары дәрежеде дамыған өркениетті ел ретінде танылды деп айтуымызға хақымыз бар деген ойдамын.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.       Жамалов Қ. Ежелгі Шығыс мәдениеті: мәдениеттану мамандықтарына арналған оқулық. - Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2010. - 144 б.

2.       Фрай Р. Н. Наследие Ирана. М., 1972.

3.       Куликан. Персы и мидиане. М., 2004.

4.       А.А. Вигасин, М.А. Дандамаев, М.В. Крюков, В.И. Кузищин, В.М. Массон, С.С. Соловьева, Д.В. Деопик, И.А. Ладынин, А.А. Немировский. История древнего Востока. – Москва «Высшая школа»., 2003.

 

 



Информация о работе Ежелгі Парсы мәдениеті