Сот әділдігі

Автор: y************@mail.ru, 25 Ноября 2011 в 20:37, реферат

Описание работы

19.11.2009 09:18 Сот халықтың ар-ожданы, олардың құқықтары мен бостандықтарының әділ түрде қорғалуының кепілі. Соттарқызметінің тиімділігі мен олар шығаратын шешімдердің заңдылықтарға сай болуы және мүлтіксіз орындалуы кезкелген мемлекеттің демократиялық негізі. Кеше Астанада ашылған Қазақстан судьяларының бесінші съезі осытұрғыдағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады. Ел көлеміндегі бұл алқалы жиынға республиканың түкпір-түкпірінен 640 делегат жиналды. Шетелден келген қонақтар да аз емес. Олардың арасында Судьялардыңхалықаралық ассоциациясының президенті Хосе Мария Бенто Компани, сот орындаушыларының халықаралықодағының бірінші хатшысы Матье Шардон, Ресей федерациясы Жоғарғы сотының төрағасы Вячеслав Лебедев жәнеҚырғыз, Әзірбайжан, Грузиядан келген өкілдер бар. Съезд жұмысына, сонымен қатар, республикамыздыңмемлекеттік орталық пен құқық қорғау органдарының басшылары, заңгерлер қауымдастығы, үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері қатысты.

Работа содержит 1 файл

Сот әділдігі.docx

— 28.58 Кб (Скачать)

Сот әділдігі – ел дамуының тұғыры

Съезді Елбасымыз  Нұрсұлтан Назарбаев ашты.

 Жыл сайын өзінің халыққа арнайтын жолдауында айтып жүргендей ол, бұл жиында да елдегі әділ сот төрелігіне қол жеткізудің Қазақстандағы жүргізіліп жатқан саяси-экономикалық реформалардың жемісті болуының бірден бір кепілі екенін атап көрсетті. Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы күндерден бастап, құқықтық жүйенің кәсіби, әрі адал қызметін жолға қоюда аз жұмыс істелген жоқ. Ең бастысы, соттар мен судьялар қағаз жүзіндегі емес, іс жүзіндегі тәуелсіздікке қол жеткізді. Бұл оларды тікелей Мемлекет басшысының өзі тағайындауына орай орнықты. «Бұл өз кезегінде сот қызметкерлеріне атқарушы органдар мен депутаттарға алаңдамай, жұмыс істеулеріне негіз қалап отыр. Соттардың тәуелсіздігіне біздің Конституциямыз да кепіл. Ол судьяларды жауапқа тартудың күрделі де жан-жақты мүмкіндіктерін қарастырады», – деді Президент.

Сот жүйесіне бөлінген қаражат көлемі де артты. 2002 жылы оның көлемі 4,8 млрд. болса, биыл 20 млрд. 500 мың теңгеге көбейіп отыр. Соттар мен судьялардың қатары екі есеге көбейді. 2002 жылы жергілікті соттар 185, ал, судьялар 1028 болса, бүгінде соттар саны 340, судьялар саны 2433-ке жетті. Судьялар мемлекеттегі жалақысы ең жоғары мемлекеттік қызметкерлердің бірі. Биылғы жылы жергілікті соттардың жалақылары бірден 60 пайызға өсті. «Мұның не үшін жасалып отырғанын судьялар жақсы түсінеді деген ойдамын», деді Елбасы. Судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз етуге де айрықша көңіл бөлінуде. «Мемлекет олардың зейнеткерлік жасын ұлғайту бойынша да тиісті шараларды жүзеге асыруына орай, судьялар 65 жасқа дейін жұмыс істей алады. Ал, қызметіне адал судья 70 жасқа дейін жұмыс істей алады. Бұл судьялар үшін өте көп мүмкіндіктер. Демек, біздің судьялар заңның үстемдігін дәлелдейтін істерді жүзеге асыруы керек», – деді Мемлекет басшысы.

Дегенмен сот жүйесінде де кемшіліктер аз емес. Елбасы өз сөзінде бүгінде әділ сот төрелігін қамтамасыз етудің түйінді мәселесі ретінде сот органдарында ары таза емес азаматтар кездесіп қалатынын атап көрсетті. Сот кадрларын іріктеу талабы қатал бола тұра еліміздің сот жүйесі өзін кездейсоқ адамдардан толық қорғай алмай отыр. Жекелеген судьялардың кәсіби біліктілігі, моральдық-этикалық келбеті талап деңгейінен төмен. Шешімін күткен мәселелердің бірі – сот шараларын жеңілдету. Қадағалау құзіреті тек Жоғарғы соттың еншісінде қалып отыр. Нұрсұлтан Назарбаев «Алдағы уақытта сотта қадағалау институты кеңестік кезеңнің қалдығы ретінде елдің сот өндірісінен шығып, халықаралық құқықтық нормаларға сәйкес  сот актілерін апелляциялық және кассациялық тәртіппен қарау жүйесіне орын беру керек», – деді. Бұл мәселе Жоғарғы сот төрағасы Мұсабек Әлімбековтың баяндамасында да орын алды. Ол бүгінде осы мәселе жөнінде процессуалдық заңнамаларға өзгеріс енгізілгендігін атап көрсетті.

Соттардың шешімдеріне қарап, қоғамның мемлекетке деген көзқарасы қалыптасады. Президент осы орайда соттардың шешімдері негізінде заңның үстемдігі орнығып, соттың азаматтардың құқығы мен мүддесін қорғаудағы қабілеті көрінетінін айтты.

Мемлекет басшысы  сот жүйесінің қызметі еліміздің заңдарын тұрақты түрде жетілдіріп отыру шараларымен қатар жүруі керектігін атап көрсетті. «Бұл екіжақты үдеріс болғаны дұрыс. Бір жағынан сот тәжірибесінің қорытындысы заңнамалық бастамалардың қайнар көзі болса, екінші жағынан заңда бекітілген талаптар мен процедуралар соттағы дау-дамайлардың жедел, әрі әділ шешілуін қатамасыз етуі тиіс».

Информация о работе Сот әділдігі