Сот әділдігі

Автор: y************@mail.ru, 25 Ноября 2011 в 20:37, реферат

Описание работы

19.11.2009 09:18 Сот халықтың ар-ожданы, олардың құқықтары мен бостандықтарының әділ түрде қорғалуының кепілі. Соттарқызметінің тиімділігі мен олар шығаратын шешімдердің заңдылықтарға сай болуы және мүлтіксіз орындалуы кезкелген мемлекеттің демократиялық негізі. Кеше Астанада ашылған Қазақстан судьяларының бесінші съезі осытұрғыдағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады. Ел көлеміндегі бұл алқалы жиынға республиканың түкпір-түкпірінен 640 делегат жиналды. Шетелден келген қонақтар да аз емес. Олардың арасында Судьялардыңхалықаралық ассоциациясының президенті Хосе Мария Бенто Компани, сот орындаушыларының халықаралықодағының бірінші хатшысы Матье Шардон, Ресей федерациясы Жоғарғы сотының төрағасы Вячеслав Лебедев жәнеҚырғыз, Әзірбайжан, Грузиядан келген өкілдер бар. Съезд жұмысына, сонымен қатар, республикамыздыңмемлекеттік орталық пен құқық қорғау органдарының басшылары, заңгерлер қауымдастығы, үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері қатысты.

Работа содержит 1 файл

Сот әділдігі.docx

— 28.58 Кб (Скачать)

Нарықтық экономиканың қатынастарына орай сот жүйесінің қамтитын қызмет ауқымы да кеңейіп, жұмыстарының мәні өзгерді. Рейдерлік пен жекеменшікке қол сұғудың және корпоративті дауларды шешу мәселелері, оның құқықтық тетіктерін жасауды қажет етіп отыр. Сондай-ақ қазір елімізде жалған кәсіпкерлік те үлкен проблемаға айналды.Оған қатысты қозғалатын сот істерінің көбеюі бизнеске де, мемлекетке де салмақ салғаны бүгінгі күннің шындығы. Сондықтан, соттарды қылмыстық, салықтық басқа да істерді қарайтын салалық соттарды кезең-кезеңімен әкім­шіліктік жүйеге енгізу қажет. Мұның әлемдік тәжірибеде бар, уақыттың өзі қажет етіп отырған талап екенін атап көрсетті Елбасы.

Жаһандану жағдайында Қазақстан соттары халықаралық құқықтық кеңістікке кірігу үстінде. Бұл өз кезегінде өзіміздің ішкі қажеттіліктерімізді мұқият түрде есепке ала отырып, әлемдік талаптармен үйлестіруді қажет етеді. Елбасы осы орайда және сот мәртебесін көтеріп, сот жүйесінің әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз етуде, еліміздің 2010 -2020 жылға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасының бағдарламалық маңызды құжат болатынын атап көрсетті. 

Тәуелсіз сот - адам құқығының сақталуының кепілі.Жетпіс жылдан астам уақыт  дәурен еткен кеңес  өкіметі кезінде сот мемлекетті, қоғамды  және азаматтарды түрлі қол сұғушылықтан қорғайтын және соларға қарсы күресетін  орган ретінде танылып келді.  Адам құқығын қорғауды бірінші орынға қоятын Қазақстан Республикасының қазіргі  Конституциясына  керісінше кеңестік заң  мемлекет мүддесін алға шығаруымен бүкіл билік органдарының, оның ішінде соттың да  қызметін саясиландырып ұстап тұрды. Ол кезеңде сот мемлекеттік биліктің санатына ене алған жоқ. Қазіргі ата заңымызда «Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы  және  сот тармақтарына  бөлінеді, олардың тежемелік және тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл  принципіне сәйкес жүзеге асырылады» деп бекітілген, ол кезде  бұл тұжырым  еліміз  үшін арман ғана еді. Сондықтан, 1924 жылғы  «Сот құрылысы негіздерінің» 1-ші бабында соттардың  міндеттері белгіленгенде саясат иісі аңқып түрды, онда төңкеріс арқасында орныққан тәртіпті нығайту, еңбекшілер мен олардың бірлестіктерінің мүдделерін қорғау, құқықтық тәрбие беру, қоғамдық  еңбек тәртібін нығайту және басқалары атап көрсетілді.

        Сот  құрылымы туралы 1938 жылғы Заң да, 1958 және 1980 жылдарда қабылданған «Сот құрылысының негіздері» де осынау коммунистік  мұраттардан  алыстап кеткен жоқ.  1989 жылғы «Сот құрылымы туралы заңдылық негіздерінде» де сот төрелігі жүзеге асырылғанда конституциялық құрылыстан бастап кәсіпорындардың, мекемелер мен  ұйымдардың  мүдделеріне дейінгі құндылықтар әртүрлі қол сұғушылықтан қорғалуы тиіс екені  нақтыланды. Осы келтірілген заңдардың бірде-бірінде  сот билігі, сот тәуелсіздігі туралы сөз болған жоқ. Дегенмен, тарихқа көз жүгіртсек сот тәуелсіздігін тек осы заман еншісі етіп, соңғы жылдарға  шегелеуге болмайды.  Айталық, ежелгі грек ойшылы, биліктің  бөлінуі теориясының  басшысы Ш.Монтескье құқықтық мемлекеттегі басқару құрылымын айқындаған. Ойшылдың пікірінше, заң шығарушы  билік пен атқарушы биліктен жоғары тұрған сот оларға бақылау жасайтын, іс-әрекеттері мен  шешімдерінің заңдылығын  тексеретін оқшау билік иесі  болуы, ал соңғыларға оның үстінен қарау  құқығы берілмеуі тиіс. Демократиялық құқықтық мемлекеттердің  даму тарихы соттың биліктік  міндетті құрамдас үш тармағының бірі болып қалмағанын,  қайта  адам құқығы мен бостандығын, ізгілік, әлеуметтік әдептілік пен заңдылық қағидаларын, демократияның өзін де қорғауда ерекше орны  болғанын және бар екенін көрсетеді. Жалпыадамзаттық игі және  озық мұраттарды  мемлекет  іргетасына негіз еткен  еліміз Қазақстан Республикасында  жоғары биліктің бөлінуі, тепе-теңдік жүйесінің қалыптасуы, сот саласының реформаланып, тәуелсізденуі және күшейуі 1995 жылы қабылданған  Конституциядан бастау алады десек  қателеспейміз. Одан бұрынғы барлық  негізгі заңдарда  соттың мемлекеттік  биліктің  үш тармағының бірі екені ешбір мойындалмағандықтан, Қазақстандық Конституция мен конституциялық заңдардағыдай, сот төрелігін тек қана сот жүзеге асыратыны,  судья мәртебесі нақтыланбағандықтан, соттың тәуелсіздігі мен  дербестігіне кепіл беретін басқа да заң кесімдері қабылданбағандықтан, кеңестік соттың жеке адамдар арасындағы дау-дамайларды өздері шеше беретін партия мен атқарушы биліктің ықпалынан  тыс тұрғандығы тек сөз  жүзінде ғана болғаны жақсы мәлім. Республикамызда тоқсаныншы жылдардың  ортасынан бастап сындарлы түрде  жүзеге асырылып келе жатқан құқықтық реформалардың нәтижесінде сот беделі   анағұрлым көтеріліп, билігі нығая түсті.  Бұрын атқарушы биліктің кеңселерінің алдарын бермейтін, сонда отырғандардан  мәселелерінің  шешімін күтетін  шағымшылар өз құқықтарын заң жолымен, сот арқылы қорғауға белсене кірісті. Құқықтардың  қалпына келтірілу деңгейінің  артуы соттың  биліктің басқа тармақтарынан   процессуалдық және  материалдық  жағынан тәуелсіздігінің, дербестігінің арқасында  мүмкін болып отыр.        1995 жылғы Конституциядан кейін  қабылданған  «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық  заң  күші бар  Қазақстан Президентінің  Жарлығы  соттардың  құрылымын ғана емес, әлеуметтік маңызын да  түбегейлі өзгертті. Осы заңмен алғаш рет  «сот  билігі»  термині енгізіліп, атқарушы биліктің  соттарға ықпалын  жою  сот реформасының  басты мақсаттарының бірі  болып саналды.  

       25 желтоқсан 2000 жылы  Қазақстан Республикасының «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы»  Конституциялық Заңының қабылдануымен  сот жүйесін реформалаудың үшінші кезеңі басталды.  Мамандандырылған соттардың  ашылулары сот жүйесін жетілдірудің басты бағыты болып алынды. Соңғы жылдары елімізде мамандандырылған  экономикалық, әкімшілік істер қарайтын, ауданаралық  мамандандырылған  қылмыстық істер қарайтын, ювеналдық, әскери соттар  жұмыс жасауды.  2007 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап  алқа билер институты енгізілді, осы жылғы тағы да бір жаңалық бұрын  прокуратура органдарының  құзырында болған  тұлғаларды  қамауға алу, үйде қамап ұстау бұлтартпау шараларына  сотпен санкция беру  болды. Қазақстан Президентінің Жарлығымен бекітілген  2010-2020 жылдар аралығындағы  Қазақстан Республикасының құқықтық саясаты туралы Концепциясына сәйкес алдымызда сот өндірісінің барлық  сатысын жетілдіру, судья мәртебесін  көтеру, сот  процестерінің   ашықтығы мен  жариялылығын қамтамасыз етуді жетілдірудің күрделі  жұмыстары тұр.   Шетел сыншылары  Қазақстан сот жүйесін жетілдіруде  бұрынғы   Кеңес дәуірі елдері ішінде  көш ілгері алда келе жатқанын  мойындап отыр. Бүгінгі күні елімізде  құқықтық  мемлекетке  қойылатын талаптарға сай, Конституцияны бұлжытпай орындап, азаматтардың құқықтарын, еркіндіктерін, заңды мүдделерін  қорғау  мақсатында жүктелген  міндеттерді  атқара алатын толық қанды сот  жүйесі бар. Ал тәуелсіз  сот -  адам құқығының  сақталуының кепілі.

Информация о работе Сот әділдігі