Акша және инфляция

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 17:36, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі нарықтық экономиканы құрудың бүкіл кезеңінде инфляция тұрақтандыру үдерісіне анықтаушы ықпал ететін шешуші факторлардың бірі болып қала береді.Дамушы нарығында бар экономикаларда инфляцияның өзіндік ішкі ерекшелігі бар.

Содержание

КІРІСПЕ
4
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚША ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

6
Инфляцияның пайда болу себептері және шығу тегі
6
1.2 Инфляцияның типтері
9
1.3 Инфляция мәні және түрлері
10
2 АҚША ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЛЫПТАСУЫ
12
2.1 Ақша жүйесінің ұғымы және оның элементтері
12
2.2 Ақша жүйесінің түрлері
13
2.3 Экономикасы дамыған елдердің ақша жүйесі
16
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТТЫ ЖӘНЕ АҚША ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

19
3.1 Қазақстанда инфляцияға қарсы саясат
19
3.2 Ақша жүйесін мемлекеттік реттеу
29
ҚОРЫТЫНДЫ
31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

АҚША ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯ.docx

— 95.65 Кб (Скачать)

«Инфляцияны тосу»механизмі экономикаға қалай әсер етеді? Мәселе мынада: адамдар ұзақ уақыт бағалардың өсуін көріп, олардың болашақта төмендеуінен күдер үзеді де, жаппай тауар сатып алуға көшеді. Сонымен қатар олар еңбекақы деңгейін көтеру туралы үкіметке талап қояды. Еңбекақының өсуі тұтынушылық сұранымын одан әрі арттыра түседі [4].

Өндірушілер де шикізат пен  материалдарға және энергияға бағаның  өсуін болжап,өздерінің өнімдеріне бағаны арттыра түседі.Әрбір өндіруші өзін инфляциядан алдын ала сақтандыру мақсатында өніміне бағаны еселеп көтереді.Нәтижесінде, бағалар сұраным көлемін анықтайтын деңгейден артып, «инфляцияны тосу» деңгейіне көтеріледі.

Инфляцияның себептері сан  қилы, бірақ әр кезде олардың белгілі бір комбинациясы қалыптасады.Айталық, Екінші дүниежүзілік  соғыстан кейін Батыс Еуропа елдерінде  тапшылыққа байланысты өте күшті инфляция  қалыптасқан [5].

  Сонымен, соңғы жылдары Батыс елдеріңде инфляцияның негізгі себебі мемлекет шығындарының өсуі, «баға – еңбекақы», «инфляцияны тосу», «инфляцияның бір елден екінші елге ауысуы» және тағы басқалары болды.Бұрынғы Кеңес Одағындағы инфляцияның негізгі себебі ретінде әкімшілік жоспарлау жүйесінде қалыптасқан экономикалық  диспропорцияларды айтуға болды.

 

 

1.2 Инфляцияның типтері

 

Экономикада инфляциялық  құбылыстардың шығу себептері және оларды дамытуға ықпалын тигізетін  барлық факторларды талдай отырып, экономистер инфляцияны сұраным  инфляциясы және шығын инфляциясы деп  екі типке бөледі.Экономикалық әдебиеттерде бұларды кейде инфляция түрлері, пайда болу тәсілдері және тағы да басқа атаулармен атайды.Бірақ  сұраныс, шығын инфляциясы деген ұғымдар олардың мәнін толық ашады.Өйткені әрқайсысы экономикадағы инфляциялық құбылыстарды туғызатын факторлардың жиынтығы болып табылады. Сұраныс инфляциясы – өндірістің макроэкономикалық құрылымының жетілмеуінен, нарықтың аймақтық құрылым талаптарына сәйкес орналаспау салдарынан пайда болатын үрдіс. Шығын инфляциясы ХХ ғасырдағы барлық капитализм дәуіріне тән, бағаның шарықтауына және оның қалыптасуына олигополиялық  орталықтардың әсерін, кәсіпорындардың  пайда табу үшін бағаны өсіру үрдістерін көрсетеді.

Кейде макроэкономикалық  деңгейде инфляцияның үш типі қарастырылады: классикалық, нарықтық және тепе–теңсіздік.Классикалық инфляция деп қағаз ақшалардың аса көп шығарылуына байланысты айналымсаласында олардың  шектен тыс көбеюін айтады; нарықтық инфляцияға шығарылған қағаз ақшалардың сомасы тұрақты болған жағдайда айналымдағы тауар массасының қысқаруы жатады; дисбаланстік инфляция типіне: экономикалық дамудың циклдық сипатынан шығатын макро- және микродеңгейде қалыптасқан үйлесімділіктерден туатын баға деңгейінің өсуін жатқызады.Көріп отырсыздар, инфляцияның типтерін бұлай үшке бөлудің негізінде сұраныс және шығын инфляцияларының факторлары алынған.

Айналымдағы ақшаның шектен тыс көбеюінен тауарлар мен қызметтерге  жалпы сұраныстың өсуін сұраныс инфляциясы деп атаймыз. Классикалық экономикалық  теория оқулықтарында сұраныс инфляциясының себептерін былай деп тұжырымдайды [6].

Мемлекеттік бюджеттің аса  үлкен тапшылығы және оны өтеуге үкіметтің қосымша ақша эмиссиясын жүргізу.Бюджет тапшылығының негізгі  себептері: мемлекеттік шығындардың тиімсіздігі, қоғамдық өндіріс салаларының арасындағы құрылымдық және сандық  үйлесімділік , нарық шаруашылығындағы басқару жүйесінің жетілмеуі болып табылады. Бюджет тапшылығын жабу мақсатында мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын шектен тыс ақша эмиссиясы және халықтың ақшалай табыстарын индекстеу тұтынушылар сұранысының төлем қабілетінің ұлғаюына, соған орай нақты өнім көлемі мен қызметтердің бағасының өсуіне алып келеді.

Еңбекақының өсуі еңбек өнімділігінің  артуына  байланысты емес,керісінше  қоғамдық ұйымдардың бірлестіктер мен  кәсіподақтардың үкіметке өздерінің  талаптарымен қысым көрсету нәтижесінде  болуы. Бір жағынан алып қарағанда  жалпы адам мүддесіне бағытталған  өте қажетті әділ шаралардың өзі, мысалы, трансферттік төлемдердің мөлшерін арттыру сияқты шаралар сұраныс  инфляциясының өсуіне әкеп соғады [7].

Мемлекеттік шығыстардың өсуі.Кейбір өнеркәсібі дамыған елдердің  экономикасы көбінесе әскери – өнеркәсіп кешенін ақшаландыруға бағдарланған.Бұл экономика секторының өнімдері дәстүрлі өндіріс пен тұтыншылар сұраныстарының нысандарына жатпайды.Бірақ әскери тапсырыстарды орындауға кететін ақшалар тұтынушылар нарығында тауармен қамтамассыз етілмеген сұраныстарды арттырады. Одан басқа әскери шығыстардың өсуі қоғамдық өндірістің құрамын өзгертеді және инфляцияға басқа бағыттар бойынша әсер етеді. Ол мемлекеттік борыш пен мемлекетік бюджеттің тапшылығын арттыруға әкеледі.Мысалға,мұндай жағдайда әскери және басқа мақсаттарға бөлінген ұлттық табыстың бір бөлігі орынсыз жұмсалады. Әлеуметтік  тапсырыстарды орындауға байланысты мемлекеттік шығыс: дотациялаудың,жеңілдіктердің алуан түрлері,әлеуметтік төлемдер мөлшерлерінің артуы нәтижесінде тұтынушылық сұраныстар өседі.

 

 

1.3 Инфляция мәні және түрлері

 

Сұраныс инфляциясының басқа  да себептері болуы мүмкін.Ол әр елдің экономикасына байланысты.Қазақстанда қазіргі кезде сұраныс инфляциясының негізгі көзі болып отырғандар: шетел валюталарының елге көп келуі , банк секторының, үлкен өндірістік бірлестіктердің сыртқы қарыздарды көп алуы, екінші деңгейдегі  банкілердің шектен тыс валюта айырбасын жүргізуі сияқты себептер.Бұл экономиканың біржақты, шикізат өндірумен дамып келе жатқандығының белгісі. Экономиканы әртараптандырып қана келтірілген сұраныс инфляцияның себептерін жоюға болады.

Шығарылған өнім мен көрсетілген өнім өлшемінің қымбаттауына байланысты тауарлар мен қызметтердің бағасының өсуін шығын инфляциясы дейді.Шығын инфляциясы да әр елдің экономикасына байланысты,өз ерекшеліктерімен сипатталады. Қазақстанда болып өткен дағдарыс жылдары инфляцияның бұл түрінің негізгі себептерін былай деп тұжырымдауға болады:

Кәсіподақтар және қоғамдық бірлестіктердің талаптарын ескеріп, еңбекақы мен табыстарды үнемі индекстеу. Еңбекақыны ұлғайту өз кезегінде  кәсіпкерлердің шығындарын жоғарлатады, өнімін қымбаттады. Ал өнімнің қымбаттығы өндірісті әрі қарай дамытып, оны ұлғайту мүмкіндік бермейді.Нәтижесінде жалпы ұсыныс қысқара бастайды, ал сұраныс сол қалпында қалады немесе өседі.Сондықтан өндірістен түсетін таза пайданы төмендетпеу үшін кәсіпкерлер шығатын өнімнің бағасын өсіреді.Айтылғыан процестер ақыр аяғында «инфляциялық спиральдің» пайда болуына әкеледі:бағаның өсуі еңбекақыны ұлғайтуды талап етеді, ал еңбекақының өсуі өз кезегінде тауарлар мен қызметтердің бағасының өсуіне алып келеді;

Шығын инфляциясының өсуіне тағы да мына себептер негіз болады: а) бюджет, салық салу,ақша-кредит саясатындағы заңдар базасының кемшіліктері, олардың жетілдірілмеуі; б) экономиканы реттеуге әкімшіліктің араласуы; в)құқықтық нормалардың жиі өзгеруі, заңдар түсініктемесінің көп жақтылығы, кәсіпкерлікке шектеулер қою, олардың заңдық күштері мерзімдерінің үнемі өзгеріп отыруы сияқты экономикадағы теріс факторлар. Айтылған себептер бағаның тұрақсыздануына, инфляциялық құбылыстардың күшеюіне әкеліп соғады.

Қазіргі жағдайда шығын инфляциясының  көзі болып отырғандар:энергия ресурстарының  бағасының әлемдік баға нарығында  өсуі, кейбір тауар нарығында монополист компаниялардың және делдал фирмалардың  болуы, тұтынушылық тауарлардың  ішінде импорттық тауарлардың үлесінің басымдығы [8].

  Сонымен, инфляция толық ауқымды қарқынмен дамып отырған жағдайда, әдетте жоғарыда көрсетілген инфляцияның екі типі де өзара шиеленісіп, бірін-бірі күшейтіп, байланысып кездесіп отырады.Осылайша ақша массасының шектен тыс көбеюі экономикада жоғары  сұраныстар тудырады, ал осыған жауап ретінде тауарлар мен қызметтер нарығында баға өседі.Сұраныс инфляциясынан болған өндіріс шығынының өсуі экономиканың теңгерілмеген дамуын күшейтеді, ақша массасына қосымша сұраныс туғызып, нәтижесінде инфляцияның одан әрі тереңдеуіне алып келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 АҚША ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ  ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЛЫПТАСУЫ

 

2.1 Ақша жүйесінің ұғымы  және оның элементтері

 

Ақша жүйесі – қандай да бір елде ақша айналымын ұйымдастырудың тарихи қалыптасып, заңмен бекітілген формасы. Әлемдік өркениеттегі ақшажүйелерінің  жекеленген элементтері ежелден  белгілі әрі олар құнның ақшалай  формасы – ақшаның пайда болуымен байланысты. Ұлттық ақша жүйесі ХV –  ХVІІ ғасырлардан қалыптаса бастады. Ақша жүйесі өз эволюциясында ақша – тауар қатынасының даму деңгейіне  тәуелді болғандықтан көптеген өзгерістерге ұшырады. Әрбір мемлекеттің өз ақша жүйесі бар. Ол мынадай элементтерді қамтиды [9]:

  • ақша жүйесін ұйымдастырудың принципі;
  • ақша бірліктерінің атауы;
  • ақша белгілерінің түрлері, оларды шығарудың тәртібі және қамтамасыз ету сипаты;
  • ақша айналымын ақша – несие тұрғысынан реттеудің тетігі;
  • ұлттық валюта бағамы, оны шетелдік валютаға айырбастаудың тәртібі.

Ақша бірлігі – барлық тауар бағаларын өлшеуге және тұлғалауға қызмет ететін, заңмен бекітілген ақша белгісі. Орталық банк монополиялық тұрғыдан эмиссиялайтын барлық ақша белгілері заңды төлем құралы болып табылады, яғни бұл Қазақстан  аумағында бұрыштарды өтеуге заң  бойынша міндетті түрде қабылданатын ақша белгілері:

Ақша бірлігі Қазақстан  Республикасында 100 тиыннан тұратын  қазақстандық теңге болып табылады.

Теңге мен алтын немесе басқа да құнды металдар арасында ресми арақатынас белгілейді. Барлық төлем түрлеріне олардың көрсетулі  құны бойынша міндетті түрде қабылданатын, банкнот пен тиыннан тұратын  айналмдағы мемлекеттің ақша белгілері. Ақша белгілерін шығрауды олардың айналымын  ұымдастыруды және айналымнан алуды  Орталық банк қолма – қол ақшасыз  балама алу арқылы банкнот пен  монетаны сату түінде тек бір өзі  ғана жүзеге асырады [10].

Қазақстан Республикасы Ұлттық банк банкноттары мен тиындары Ұлттық банктің сөзсіз міндеттемелері болып  табылады әрі оның барлық активтерімен қамтамасыз етіледі. Ұлттық банк алтын  – валюталық активтердің мөлшерлері туралы хабарламаларды бұқаралық ақпарат  құралдарында ұдайы жариялап отырады. Заңды төлем құралдары: қағаз  және несие ақшалар – ақшаның  түрлеріне жатады.

Ақша – несие айналымының  тетігі – ақша – несиелік реттеу құралдарының, ақша – несие тұрғысынан реттеуші органдардың құқықтары  мен міндеттерінің жиынтығын  білдіреді.

Ақша – несие саясатының  негізгі құралдарына мыналар  жатады:

  • ҚР Ұлттық банктің банктерге несиесі боынша сыйақы мөлшерлемелерінің деңгейлері;
  • ұлттық банкте депозиттелген ең аз шамадағы міндетті резервтердің нормативті;
  • мемлекеттік құнды қағаздарды сату және сатып алу бойынша ашық нарықтағы операциялары;
  • банктерге несиелер;
  • валюта нарығындағы интервенция;
  • айрықша жағдайларға жекелеген түрлердің несиелік операциялардың деңгейі мен мөлшерлеріне тікелей сандық шектеулерді қою;
  • ресми есептік мөлшерлеме.

Валюта бағамы – бұл  басқа елдің ақша бірлігінде бейнеленген  бір елдің ақша бірлігінің бағасы. Валюталарды шетелдік валютаға айырбастаудың  тәртібі «Валюталық реттеу туралы»  ҚР заңында белгіленген. Валюта бағамы баға белгілеудің негізінде анықталады. валютаның ресми және еркін баға белгілері бөліп көрсетіледі. Қазақстанда  көбінесе «қоржынға» кіретін басқа  шетелдік валюта «қоржыны» негізінде  баға белгілеу тәсілі пайдаланылады [11].

 

 

2.2 Ақша жүйесінің түрлері

 

Ақша жүйесі ұдайы даму үстінде болатындықтан ақша жүйесінің  түрлері өзгеріп отырады. Ақша жүйесінің  түрлері ақшалардың қандай формада  қызмет атқаратынына қарай қалыптасады:тауар  ретінде немесе құн белгісі ретінде  ме? Ақша жүйесін құру формаларындағы принциптік айырмашылықтардың түп  – төркіні металдық айналым жүйесінде  және несие мен қағаз ақшаларының  айналым жүйесінде жатыр. Металдық айналымға ақша жүйесінің биметаллизм  және монометаллизм деп аталатын екі түрлері тән.

Биметаллизм – баламаның  жалпыға бірдей құнының рөлі айналымда  болатын екі металл – алтын  мен күміске заңмен бекітілген ақша жүйесі. Биметаллизмнің үш түрі болған:

  • қосарлы валюталар жүйесі. Мұнда алтын мен күміс монеталардың арасындағы металдың нарықтық құнына сәйкес нарықта берекесіздік түрде белгіленеді;
  • егер мұндай арақатынасты мемлекет анықтайтын болса, онда ол – екі жақты валюта жүйесі;
  • «ақсақ» валюта жүйесі. Онда алтын мен күміс бірдей негізде заңды төлем құралдары болып табылады.

Нәтижесінде күміс монеталар  алтын белгілеріне айналады.

Биметаллизм – ХVІ –  ХVІІ ғасырда кеңінен тараған, ал Батыс Еуропа елдеріне ХІХ ғасырда  пайда болды. Алайда, биметаллизм  дамыған тауар өндірісінің экономикалық қатынасқа қоятын талаптарына сәйкес келмейді, өйткені екі металдың бір  мезгілде құн өлшемдері ретінде  пайдаланылуы осы ақша қызметінің табиғатына қайшы келді. Құнның жалпыға бірдей өлшеміне тек бір тауар ғана қызмет ете алады. Оның үстіне, мемлекет белгіленген алтын мен күміс арасындағы нақты құндық арақатынас олардың нарықтық құнына сәйкеспейді. ХІХ ғасырдың соңында күміс өндірісінің артуы мен олардың құнсыздануы нәтижесінде алтын монеталар айналымынан қазынаға кете бастады. Түпкі есебінде Құн заңының стихиялы әрекет екі жақты құн өлшемін жойып, монометаллизм биметаллизмді ығыстырады [12].

Монометаллизм – ақша жүйесі. Онда бір металл жалпыға бірдей балама ретінде әрі бағасы қымбат металдарға айырбасталған монеталар мен  белгілерді функциялайтын ақша айналымының  негізі ретінде қызмет етеді. Алтын  монометаллизмі алғаш рет Ұлыбританияда 1816 жылы, Германияда – 1871 – 1873 жж., Жапонияда  – 1897ж., АҚШ-та – 1990 ж. белгілейді. Ал, Ресейде  күміс монометаллизм жүйесі 1839 – 1843 жж. Ақша реформасының нәтижесінде  енгізілді және бұл жүйе 1852 жылға  дейін қолданыста болады. Алтынның құн белгілеріне айырбасталуы сипатына қарай алтын монметаллизмнің  үш түрі бөліп көрсетілген: алтын  монета стандарты, алтын құйма стандарты  және алтын – девиз стандарты.

Информация о работе Акша және инфляция