Ақша реформасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 09:45, реферат

Описание работы

ҚР-дағы ақша айналымның өзiндiк тарихы бар. Ол бiрнеше стаылардан өтiп, бiрнеше реформаларды бастан кешiрдi.Соның алғашқысы ретiнде 1922-1924 жж. ақша реформасын қарастырайық.Алдымен осы ақша реформасын жүргiзу қажеттiлiгiне тоқталайық.

Содержание

Жоспар:
1922-1924 жж ақша реформалары
1947 ж ақша реформалары
1961 ж ақша деноминациясы
1993 ж Қазақстандағы ақша реформасы

Работа содержит 1 файл

ақша реформасы.doc

— 111.50 Кб (Скачать)

       Үкiмет рубльдiң бағамын шетел валюталарына қатысты көтеру және боны алтын базасына өткiзу қажеттiгiн мойындады. Оған дейiн рубльдiң шетел валюталарына қатысты бағамы алтын базасында емес, қандай да бiр алтындық құрамы бар және алтынға айырбасталатын шетел валютасының базасында белгiленiп келдi. Бастапқы кездерi рубльдiң бағамын анықтау үшiн база ретiнде француз франкi қабылданған болатын, себебi Франция валютасының тұрақты алтындық құрамы болды, ал девальвацияланған болатын. Бiрақ 1936 ж. француз франкi де девальвацияланды, сөйтiп боның бағамы бiршама түсiп кеттi. 1937 ж. рубльдiң бағамын АҚШ долларының базында есептеу енгiзiлiп, 1 доллар=5 рубль 30 тиын болды. 1950 ж. 1 наурыздан бастап үкiмет рубльдiң алтындық құрамын (баға масштабы) 0,222168 г таза алтынмен белгiледi. Осы бекiтiлген алтындық құрамына байланысты рубльдiң шетел валюталарына қатысты бағамы анықталды. Осылайша бұрынғы 5 рубль 30 тиыннның орнына-1 доллар (доллардың алтындық құрамы ол кезде 0,888671 г алтынды құрады) үшiн 4 рубль болып жаңа бағам белгiлендi. Ағылшын фунт стерлингiне қатысты алғанда-бұрынғы 14 рубль 84 тиынның орнына 11 рубль 20 тиын бекiтiлдi. Соған сәйкес басқа да шетел валюталарына қатысты бағам өзгердi. Шетел валюталарыныңғ алтындық құрамы немесе олардың бағамдарының кейiнгi өзгерiстерi болған жағдайларды КСРО Мембанкi өзiнiң түзетуiн енгiзуге тиiс болды. Шетел валютасына қатысты рубль бағамының жоғарлануының зор маңызы бар. Рубльдiң қатаң белгiленген алтындық құрамы оның халықаралық есеп айырысуларды пайдалануын кеңейттi. 1961 жылғы деноминация Рубль бағамын алтын базасына өткiзгеннен кейiнгi он жылдың iшiнде (1950-1960 жж.) елдiң ақша айналымы, мемлекеттiк бюджеттiң мөлшерi, сондай-ақ өндiрiс, ұлттық табыс көлемi және т.б. шамадан тыс өстi. Экономикалық қызметтердiң көптеген көрсеткiштерi жұздеген миллиардтармен және триллиондармен бейнелендi. Осындай ұлкен сомалардағы шоттармен жұмыс жасау iс жүзiнде қаржы-банктiк және шаруашылық органдардың жұмысын қиындатып жiбердi. Баға масштабы өте ұсақ болып қалды. Сондықтан да үкiмет баға масштабын 10 есеге iрiлендiру, рубльдiң алтындық құрамын көтеру және айналыстағы ақшаларды жаңаға айырбастау туралы шешiм қабылдады.

         1961 ж. қаңтарынан бастап, айналысқа жаңа үлгiдегi мынадай ақша бiрлiктерi шығарылды: 1,3,5 қазыналық билеттер мен 10,25,50 және 100 рубльдегi мемлекеттiк банк (банкнот) билеттерi, сондай-ақ 1,2,3,5,10,15,20 және 50 тиындық монеталар. Ескi үлгiдегi ақша билеттерi және монеталар жаңа үлгiге 1:10 арақатынасымен ауыстырылды. 1,2,3,5 тиындық монеталар айырбастауға жатпағандықтан айналыста номинал бойынша қала бердi. Айырбас 3 ай iшiнде 1961 ж. 1 қаңтарынан бастап 1 сәуiр аралығында ешқандай шектеусiз жүргiлдi.Сондықтан да 1961 ж. I тоқсанында айналыста ескi және жаңа ақшалар қатар жұрдi. Барлық ақшалай операциялар 1:10 арақатынасымен жұргiзiлдi. Сонымен бiрге осындай арақатынаста тауарлар мен қызметтер бағасы, жалақы тарифтерi, зейнетақы мөлшерi степендия, барлық төлемдер мiндеттемелер, келiсiм-шарттар және т.б. жүргiзiлдi.

       Баға масштабын iрiлендiру ақша есебiн және олардың техникалық қызмет көрсетуiн жеңiлдеттi. Ақша билеттерiнiң пiшiндерi қызмет көрсетуiн жеңiлдеттi. Ақша билеттерiнiң пiшiндерi шағын болып келуi, оларды айналыста қолайлы еттi. Баға масштабын iрiлендiрумен бiрге рубльдiң алтынды құрамын көтердi және боның шетел валюталарына деген бағамын жоғарлату жүзеге асты. 1961 ж. 1 қаңтарынан бастап, рубльдiң алтындық құрамы 0,222168 г орнына 0,987412 өзгертiлiп, қайта белгiлендi. Рубльдiң жаңа алтын құрамы рубльде бейнеленген алтынның ресми дүниежүзiлiк бағасын тауарлар бағасымен теңестiрiп, мемлекеттiк бюджетпен сыртқы сауда арасындағы күрделi қайта есептеулердi қалыпқа келтiрдi.

       1964 ж. Экономикалық ынтымақтастықтың халықаралық банкiнiң құрылуымен байланысты, 19914ж. дейiн экономикалық өзара көмек кеңесiне мүше елдердiң арасында көп жақты клинрингтiк есеп айырусылар үшiн қолданылатын ақша бiрлiгi-аудармалы рубль енгiзiлдi. 1993 ж. 23 шiлдесiнде Ресейдiң Орталық банкi 1961-1991 жж. Кеңес ақшаларының белгiлерiн, сондай-ақ 1992 ж. 5000 жән 10000 рубльдердi айналыстан бiр апта берiлдi. Айырбастауға 35 мың рульден аспайтын соалар жатты. 
Қазақстан Республикасы Президенттiң Жарлығымен екi кұн өткен соң айырбас мерзiмi 1993 ж. 1 қыркұйек айына дейiн ұзартылып, айырбас шегi бiр адамға 100 мыңға дейiн ұлғайтылды. Ресейдегi ақша реформасы ескi үлгiдегi ақшаларды ТМД елдерiне, оның iшiнде Қазақстанға қарай жаппай ығысуына жол бердi. 1992 ж. Бiрiншi жартысында-ақ Қазақстан Республикасының жетекшiлерi ендiгi жерде рубльден күдер үзiп, өз валютасын шығаруға ағылшыннң “Харрисон” фирмасымен шарт жасалды. Сөйтiп, 1993 ж. 1, 3,5,10,25,50 және 100 теңгелiк ақшалар Қазақстанға жеткiзiледi. Оларды қолдан жасаудан қорғанатын 18 дәрежесi бар.

       1993 ж. 12 қарашада Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаев ”Қазақстан Республикасына ұлттық валютаны енгiзу туралы” Жарғыға қол қойды. Осы жарғымен 1993 жылы 15 қарашада сағат 8-ден бастап ұлттық валюта-теңге енгiзiлдi. 
КСРО Мембанкiнiң және 1992-1993 жж. Ресей үлгiсiндегi қазыналық және банктiк билеттердi айырбстау 20 қарашада сағат 18-де аяқталды. Қолма-қол ақшалардың, рубльдiк шоттардың, салымдар мен мiндеттемелердiң теңгеге айырбасы 1 теңге үшiн 500 рубль айырбас бағамы бойынша жүргiзiлдi. Қазақстан Республикасының 16 жастан асқан барлық азаматтары 100 мың рубль шегiнде ақша айырбастай алды. Айырбас бiр рет қана жүргiзiлiп, ол туралы төлқұжатқа белгi соғылды. 100 мыңнан асатын рубльдер арнайы жеке бет шотына аударылып, оны 6 ай мерзiм iшiнде пайдалануға құқысыз болды. Лимиттен асқан қаражаттардың шығу тегiн құқысыз болды. Лимиттен асқан қаражаттардың шығу тегiннiң заңдылығын арнайы құрылған комиссия тексердi. Комиссияның шешiмi бойынша бұл қаражаттар мерзiмнен бұрын босатылды. 15 қарашадан 18 қарашаға дейiнгi аралықта халық теңгемен және рубльдермен де есеп айырыса алды. Сондықтан заңды тұлғалармен, сол сияқты бөлшек сауданы жүзеге асырушы және халыққа ақылы қызмет көрсететiн тұлғалардың ақшалай түсiмдерi кұнделiктi қабылданды: теңгеде-шексiз, 1961-1993 жж. 1,3,5,10,20,50,100,200,500 рубльдегi ақшаларды 1993 ж. шiлдедегi ақшалай түсiмдердiң орташа шамасынан аспайтыны сомада, 1,3 коэффициентке түзетiлген шамада қабылдады. Кәсiпорындардың баланстарындағы рубльмен берiлген активтер мен пассивтер екi күн iшiнде (15-16 қарашада) қайта есептелiндi. Қолма-қол ақшаны айырбастау және активтер мен пассивтердi қайта есептеу кезеңiнде банктер клиенттермен операциялар жүргiзбедi. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi теңгенiң валюталық бағамын: 1 доллар=4 теңге 70 тиын шамасында белгiледi. Келесi жылдары ол бiрден өсiп кеттi. Соған сәйкес баға мен жалақы да өстi.

       Инфляцияның өсуi бiршама iрi ақша купюраларын қажет еттi. 1994 ж. бастап 200,500,1000 және 2000 купюрдағы ақшалар айналысқа шығарылды. 1995 ж. ұсақ тиындар бiртiндеп айналысатын шығып қалды, олардың орнына мыс-никельден жасалған 1,3,5,10,20 теңгедегi монетелар шыға бастады. Сонымен қатар, Абай Құнанбайұлы жүз жылдық мерейтойының құрметiне 100 теңгелiк күмiс монеталар шығарылды. 1995 жылдың аяғында ”Жiбек жолы” жиынтығын құрайтын жоғары сыныпты төрт алтын монеталар шығарылды. Жалпы салмағы 57,24 г құрайтын жиынтығына 1,2,5 және 10 мың тегелiк алтын монеталар кiрдi. Жиынтық 816 доллар тұрды. Сонымен Қазақстан теңгесi соңғы жылдары тұрақты төлем құралы болып қана қоймай, еркiн алмастырылатын валюталарға шексiз айырбасталады және бiршама тұрақты валюталар қатарына кiредi. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

  1. Афонина С. Электронные деныи.  Оқу қүралы. - 2001;
  2. Майкл Дж., Роберт С. Коли. Индустрия банковских пластиковых карточек.Аударма ағылшын тілінен. - М 1997;
  3. Банковские     системы     развитых     стран.     Щербаков Г.Н. жетекшілігімен - М. , 2001;                                  
  4. Балабанов  И.Т.,  Гончарук  О.В.,  Савинская  Н.А.  – Деньги и финансовые институты. –Оку қүралы.-, Питер, 2000;
  5. Валютные     отношения..     Оку     қүралы     Симионов    ю.ф. жетекшілігімен - М. Каржы жөне статистика, 2002;
  6. Грязнова   А.   Реструктурирование   кредитных   организаций   в зарубежных странах. - М. Юнити, 2000;
  7. Деньги, кредит, банки. Лаврушин О.И жетекшілігімен оқулық -М.,2009;
  8. Деньги, кредит, банки.. Колесникова В. жетекшілігімен оіфіық -Спб, Питер, 2001;
  9. Деньги,    кредит,    банки. Сейткасимов    Г.С.    жетекшілігімен Окулық, ~ Алматы, Экономика, 2009;
  10. Дэвид С,  Кидуэлл, Ричард Л.  Петерсон.,  Дэвид У,  Блэкуэлл Финансовые институты, рынки и деньги. - Спб, Питер, 2000;
  11. Деньги. Кредит, Банки. Ценные бумаги. Практикум. Жуков Е жетекшілігімен оку куралы - м. ЮНИТИ, 2001;
  12. Долан Э.Дж., Кэмпбелл Колин Д., Кэмпбэл Розмари Дж. Деньги банковское дело и денежно-кредитная политика. ~ М., 1991;
  13. Диана Мак-Нотон. Банки на развивающихся рынках.   2-томда -Институт Мирового банка, 1998;

Кошенова Б,А. Бағалы қағаздар нарығы. Оқу қүралы/ -Алматы: Экономика, 1999. —2346.

Информация о работе Ақша реформасы