Ақша жүйесі және оның негізгі элементтері

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2012 в 15:18, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты: ақшаның пайда болуына, қызметтері мен маңыздылығына теориялық аспектілер беріп, ақша жүйесінің және оның элементтерін, сонымен қатар ақша реформасын жүргізудің қажеттілігі мен маңызы туралы ұғымдарының теориялық және практикалық негіздемесін беру және Қазақстан Республикасының ақша реформасының ерекшеліктерін түсіну.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық маңызын қарастыру;
- Ақша жүйесінің қызметтерін анықтау;
- Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасын зерттеу;
- Қазіргі кездегі теңгенің рөлін қарастыру.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................... ....3
1 Ақшаның мәні және қызметтері......................................................................... ....5
1.1 Ақшаның пайда болуы және жаратылысы..........................................................5
1.2 Ақшаның қажеттілігі және оның экономикалық маңызы.................................8
1.3 Ақшаның қызметтері.............................................................................. ............11
2 Ақша жүйесі және оның негізгі элементтері.......................................................14
2.1 Ақша жүйесінің сипаттамасы және оның даму тарихы...................................14
2.2 Ақша жүйесінің негізгі элементтері..................................................................17
3 Ақша табиғатының ерекшеліктері және теңгенің қазіргі жағдайы...................20
3.1 Қазақстан теңгесі туралы ...................................................................................20
3.2 Экономикасы дамыған елдердің ақша жүйесі..................................................22
Қорытынды.................................................................................................................24
Қолданылған әдебиеттер...........................................................................................26

Работа содержит 1 файл

511 Ақша жүйесі және оның негізгі элементтері.doc

— 173.00 Кб (Скачать)

Қазақстанның төңірегіндегі  елдерде - біздің негізгі сауда әріптесімізде - ұлттық валюталардың бағамы күрт құлдырап кетті. Мысалы, Ресейде рубльдің бағамы 1998 жылғы тамыздың 17-сінен бері қарай  төрт есе төмендеді. Сол валюталармен салыстырғанда теңге тез қымбаттады және біздің тауарларымыз бәсекеге түсу қабілетінен айырылып қалды, өнеркәсібіміз тұралай бастады, кәсіпорындар тоқтап қалды, жұмыссыздық арта түсті. Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 9 процентке дерлік, немесе 1 миллиард 300 миллион доллар мөлшерінде кеміді, ал біздің экспортқа шығаратын тауарларымыз 1 миллиард 250 миллион долларға қысқарды.

Біз Ресейден әкелінетін кейбір импорттық тауарларға өте  елеулі шектеулер қойдық және Қырғызстан мен Өзбекстаннан әкелінетін импорттық тауарларға салынатын баж салығының мөлшерін 200 процентке дейін жеткіздік... Шетелден әкелінетін арзан тауарлар біздің өндірісшілеріміздің қол-аяғын бірдей матап, валютаны елімізден сыртқа қарай ағылтуда...

Міне, осы тұрғыдан алғанда жағдайдан шығудың бір ғана жолы бар - теңге бағамының емін-еркін өзгермелі болуына жол беру керек" [34; 1.].

Сонымен, Қазақстан теңгесі  міне алты жылдан астам уақыт берік  төлем құралы болып келеді. Ол еркін  айырбасталатын валюталарға шектеусіз  айырбасталады.

 

 

3.2 Экономикасы дамыған  елдердің ақша жүйесі

 

 

Экономикасы дамыған  елдердің осы заманғы ақша жүйесі алтын – қағаз және кредит ақшаларына бөлінбеген жүйеге негізделген. Олардың  әрбіреуі ұзақ уақыт бойы дербес дамыса да әрі ұлттық ерекшеліктерге ие болса да, олар көп жағынан бір – біріне ұқсас.

Сонымен қатар, әрбір  дамыған елдің осы заманғы  ақша  жүйесінің мәнін толық  ашуға мүмкіндік беретін тек  өздеріне ғана тән ерекшеліктері  бар.

АҚШ – тың ақша жүйесі. АҚШ – тың ақша бірлігіне айналымға 1786 жылы енгізілген АҚШ доллары жатады. Доллардың атауы бірқатар еуропалық елдердің айналыста болған күміс толерден шыққан. Қысқартылған белгісі - $. Бір доллар 100 центке тең. Бүгінгі таңда айналымда 1, 2, 5, 10, 20, 50, 100 долларлық құны бар купюралар мен 1, 5, 10, 25, 50 центтік құны бар тиындар және 1 доллар қолданылады.

Қолма – қол ақша эмитенттеріне  Қаржы Министрлігі (қазына мекемесі) және федералдық резерв жүйесі (ФРЖ) жатады. Қазына мекемесі айналымға 1 – ден 10 долларға дейін құны бар ұсақ купюрлі  ақша белгілерін, сондай – ақ 100 долларды шығарады, монеталар күмістен, никельден және мыстан дайындалады. Қазына мекемесі ш ығарған купюрдың айрықша белгісіне ондағы «Құрама штаттар билеті» дейтін жазу, - «UNITED STATES NOTES» жатады. Қолма – қол ақша белгілерінің негізгі массасын айналымға   ФРЖ шығарады. Онда «FEDERAL RESERBE NOTES» дейтін жазу болады, сондай – ақ оларды шығарған федералдық резервтік банктің нөмірі көрсетіледі. АҚШ – тағы қолма – қол ақшасыз ақша эмиссиясы басқа шетелдерге және коммерциялық банктерге жүзеге асырылады. Олармен айналымға чектер, вексельдер, пластикалық карточкалар, электрондық ақшалар шығарылады. Экономикалық айналымда қолма – қол ақшасыз ақшаның үлес салмағы көп әрі бұл үлес салмақ өсу тенденциясына ие. АҚШ – та ақша массасы классикалық ақша – кредит саясатының құралдарымен реттеліп, басқарылады: құнды қағаздардың ақша нарығындағы операциялар, банктің есептік мөлшерлемелерінің өзгерісі, коммерциялық банктер мен кредит жинақтаушы мекемелердің міндетті резерв талаптарының өзгерісі.

 «Еуро» еуропалық валюта зонасы.  Бүгінгі таңда Еуропалық Одақта (ЕО) ақша жүйесі бар. Ол Еуропаның 24 дамыған елі кіретін еуропалық ұжымдық «евро» ақша бірлігінде негізделген. ЕО – ның еуропалық ақша жүйесі 2001 жылы құрылды және евроның ақша бірлігі алдымен қолма – қол ақшасыз айналымының есеп айырысу бірлігі ретінде енгізілді, ал 2003 жылы қолма – қол ақша айналымына банкноттар мен монеталар түрінде қағаз ақшалар шығалылды.

Ресейдің ақша жүйесі. 1995 жылдың 12 сәуірінде қабылданған  «РФ орталық банк туралы» РФ заңына сәйкес жұмыс істейді. Ресесйдің ресми ақша бірлігіне рубль жатады. 1 рубль 100 копейкке тең. «Рубль» атауы Киев Русь тұсында пайда болған. Ол кезде ақша бірліктері гривна деп, ал, екіге тең бөлінгені рубль деп аталады. Алтын мен рубльдің ресми арақатынасы белгіленбеген. Басқа ақша белгілері мен суррогаттардың шығалылуына тыиым салынған. Заңды төлем күші бар ақша түрлеріне банктің барлық активтерімен қамтамасыз етілген әрі Ресей Банкінің сөзсіз міндеттемелері болып табылатын банкноттар мен ұсақ металл монеталар жатады. Қолма – қол ақшаны шығарудың, олардың айналымын ұйымдастырудың және РФ аумағынан оларды алып тастаудың айрықша құқығы Ресей Банкіне тиесілі.

Ақша айналымын ұйымдастырумен байланысты шығындарды кеміту мақсатында 1998 жылдың 1 қаңтарынан арақатынасында ақшаны ірілендіру (деноминация) жүргізді. РФ – да жүргізілген реформалардың нәтижесінде айналымға Ресей Банкінің 5, 10, 50, 100  және 500 рубльдік құны бар банкноттар, 1, 5, 10, 50 копейкалық құны бар тиындар, 1, 2 және 5 рубль енгізілді

Қорытынды

 

 

1993 жылдың наурызында  «Қазақстан Республикасының Ұлттық  Банкі туралы» жаңа Заңы қабылданды. Соған сәйкес ҚР Ұлттық Банкінің  басқару құрылымдары терең өзгерістерге  ұшырады. Сонымен, Қазақстан Ұлттық  Банк заңды түрде танылды, ал шын мәнісінде ол 1992 жылдың бас кезінен нақты жұмыс істей бастаған болатын.

Мемлекеттің егемендігін  және республика банк жүйесінің дербестігін  нығайту мақсатында 1993 жылдың екінші жартысында қазіргі техникамен жарақтандырылған мәнет сарайы іске қосылды, ол металл  тиындарын (бағалы металдардан жасалғандарын қоса отырып).

Ұлттық валютаны жасау  еліміздің Президенті Нұрсылтан  Әбішұлы Назарбаевтің жеке басшылығымен жүргізілді және осы мәселе бойынша  барлық шаралар қатаң құпияда  сақьалынды әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Сонымен бірге, ол қысқа мерзіде  – бір жыл, екі ай ішінде Англияда аяқталды.

Дайындық жұмыстары  бітер кезеңде сол кездегі  Премьер-министр С.А. Трещенконың  төрағалығымен мемлекеттік комиссия құрылып, «теңгені енгізу тұжырымдамасы» әзірленді. Ал, 1993 жылдың орта шенінде  РФ Үкіметі мен РФ Орталық Банкі  айналыстан 1961-1991 жылдары шығарылған рубльдік банкноттарды алып тастап, бұрынғы КСРО нышанынсыз жаңа рессейлік ұлттық валютаны енгізу арқылы өзінің ақша реформасына кіріскен еді, демек, жаңа рубльдің іс-қимыл аймағы бұрынғыдағы ТМД елдерінің жеке бюджеті кезіндегідей кең бола алмады.ҚР Президенті ұлттық валютаның 1993 жылы 15 қарашасынан айналысқа енгізілетіні туралы Жарлыққа қол қойды.

Осылайша 1993 жылдың 15 қарашасы ұлттық валютаның туған күні деп  саналады. Ұлттық валютаны тұрақтандыру жөнінде қадамдар есептелді, теңгенің бағамы сол кезде бір АҚШ доллары үшін 4,6 теңге деңгейінде белгіленді. АҚШ долларына қатысындағы теңге бағамы еліміздің алтын қорының тұрақтануы мен мүмкіндіктерін, экономикалық әлеуетті, ақша айналымын ескере отырып есептелінді. Бірақ ол ұзақ сақталмады, тағыда құлдырай берді. Ал теңгені біз ерекше шиеленістерсіз негіздік.

Бүгінгі күні, міне, Қазақстан  өз егемендігінің 12 жылдық мүшелтойын атаған кезеңде, біз ұлттық валютамыз  теңге енгізгелі он жыл ішінде бүткіл өркениетті әлем секілді өзіміздің дербес экономикалық саясатымызды жүргізудеміз. Мемлекеттер бір-бірімен санасып, өзара тиімді мүдделерде іс-қимыл жасасуы тиіс. Қазіргі кезде Қазақстан экономикасы дәйекті түрде көтерліп келеді.Бұл ішінара өнеркәсіп өндірісінің, жалпы өнімнің өсуімен дәлелденуде. Валюталық түсімдер негізінде республиканың келешегі үшін «Ұлттық Даму» қоры құрылды. Ойластырған бюджет тамақ, жеңіл өнеркәсіп, машина жасаудың өркендеуіне көмектеседі. Яғни, қазіргі таңда біз дербес саясатты жүргіземіз және біршама мезгіл өткеннен соң көртеген елдердің АҚШ долларына байланғаны секілді, біріңғай валютаға келуіміз ғажап емес...                                           

Қазіргі замандағы экономистердің ақша қызметтерінің саны мен олардың  жіктелуі жөнінде бірнеше пікірлер бар. Дегенмен олардың көпшілігі ақшаның қызметтерінің ішінде негізгісі үшеуі деп біледі. Олардың қатарына біз қарастырғандардың арасынан мыналар кіреді: құн өлшемі, айналыс құралы және қор жинау әрі байлық құралы.

Ақша жоғарыда көрсетілген  қызметтерді атқара отырып кірістер мен өнімдер айналымын ретке келтіріп нарықтық экономикада маңызды роль атқарады.

Ақша қызметтерін бастапқы талдауына қортытындылай келе олардың  өзара қарым-қатынасына көңіл бөліп, сондай-ақ айналыс қызметі мен  төлем құралы қызметтері елдегі ақша массасының жалпы мөлшерін анықтайтынын, ал қор жинақтау құралы ретінде мемлекеттің ақша-несие саясатымен тікелей байланыста екендігін байқаймыз.

Осылайша ақша қызметтері саусақпен санарлық болғанымен оларды зерделей білудің қажеттігін сезінеміз.

Сонымен ақша туралы ойларымызды былай қортындылаймыз. Ақша дегеніміз тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға пайда болады. Баға құнның ақшалай көрінісі. Оның құннан жоғары да, темен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Табиғат өздігінен ақшаны да, банкирді де туғызған емес. Экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты алтынға осындай қасиетті қоғам берген. Адамдардың алтынды ақша ретінде пайдалануы оның осы қасиетімен түсіндіріледі. Сонымен, ақша ерекше тауар, ол тауарлар дүниесінен жеке дара бөлініп шығып жалпы эквивалент рөлін атқарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

 

1.Сейтқасымов Г.С., Ақша, несие, банктер. Алматы, 2001.

2. Саниев М.С. Ақша, несие, банктер. Алматы, 2001.

3. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие, Алматы, 2004.

4. Көшенова Б. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары,  Алматы, 2000.

5. Әубәкіров Я., нәрібаев н., Есқалиев м. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. алматы, 1998

6. Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жақыпова Ф.Н., Табеев Т.П.

Экономикалық теория. «Қазақ университеті». Алматы, 1999.

7.Ахмедьярова М.В. Амирова А.У. Экономикалық теория. (экономикалық мамандықтарға арналған тірек конспектілері). Қазақстан-Британ техникалық университеті баспасы. Алматы 2003.

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Ақша жүйесі және оның негізгі элементтері