Ақшаның түрлері жəне эволюциясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2011 в 16:33, реферат

Описание работы

дегеніміз – адамзаттың ойлап тапқан ең құнды жетістіктердің бірі. Себебі, қазіргі заманда ақша басты рөлдердің бірін атқарады. Әр адам ақшаны табуға тырысады. Бұл, яғни, адам өмірінің мәні мен мағынасы ақшада екенін білдіреді.
Адамдар ақшалай табысқа жетудің көптеген түрлерін қолданады. Кейбіреулері ақша табудың жаңа түрлерін іздестірумен болады. Ақша үшін біраз тәуекелдіктерге де барады.
Ақшаны жарату арқылы біз оны пайдаланамыз. Керек игіліктерге қол жеткізу үшін біз ақшаны жаратамыз.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................2
1. Толық құнды ақшалар ...................................................................................3
1.1. Mеталл ақшалар.................................................................................3
2. Толық құнсыз ақшалар ..................................................................................4
2.1. Қағаз ақшалар.....................................................................................4
2.2. Несиелік ақшалар ..............................................................................5
2.2.1. Вексель.............................................................................................6
2.2.2. Банкнота...........................................................................................7
2.2.3. Чек.....................................................................................................8
3. Электрондық ақшалар.....................................................................................9
4. Қорытынды.....................................................................................................11
5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................12

Работа содержит 1 файл

Ақшаның түрлері жəне эволюциясы.docx

— 72.53 Кб (Скачать)
    • мерзімділігіне қарай, егер де вексель мерзімді қарыздық міндеттеме болса (3-6 айлық), ал, банкнота – мерзімсіз қарыздық міндеттеме;
    • кепілдігіне қарай, вексельді айналысқа жеке кәсіпкерлер шығарады және оның жеке кепілдігі болады, ал, банкнотаны қазіргі кезде орталық банк шығаратындықтан, оған мемлекет кепілдік береді.

    Экономикалық  әдебиеттерде банкнотаны екі түрге бөледі: классикалық және жай.

    Классикалық банкнота – бұл банкнотаның алғашқы пайда болған нысаны ретінде алтынға еркін алмастырылатын, яғни алтынмен қамтамасыз етілген Орталық банктің билеті.

    Классикалық банкнотаның қағаз ақшалардан өзіндік  айырмашылығы бар:

    • жаратылысына қарай – қағаз ақшалар ақшаның айналыс құралы ретіндегі қызметінен туындаса, ал банкнота – ақшаның төлем құралы қызметінен пайда болған;
    • эмиссиялау әдісі бойынша – қағаз ақшаларды айналысқа қазынашылық шығарса, ал банкнотаны – Орталық банк шығарады;
    • қайтарылуына қарай – классикалық банкноталар вексель мерзімінің аяқталуына байланысты Орталық банкке қайтарылса, ал, қағаз ақшалар қайтарылмайды, яғни олар айналыста қала береді;
    • ауыстырылуына қарай – классикалық банкноталар банкке қайтуына байланысты алтынға немесе күміске ауыстырылып отырса, қағаз ақшалар қашаннан ауыстырылмайтын болған.

    Жай банкнота – бұл қазіргі кездегі айналысқа шығарылған Орталық банк билеті.

    Олар  металға алмастырылмайды, тек қана Орталық банктің барлық активтерімен қамтамасыз етіледі. Ендеше қазіргі  айналыста жүрген орталық банктен  шығатын жай банкноталар алтынмен қамтамасыз етілмейді, бірақ олардың  белгілі бір дәрежеде тауарлық немесе несиелік негізі сақталған, сондай-ақ олар қағаз-ақша айналысының зандылықтарына бағынады.

    Чек вексель мен банкнотаға қарағанда коммерциялық банктердің құрылып, олардағы ағымдық шоттарда бос ақшалай қаражаттардың жинақталуына байланысты несиелік және айналыс құралы ретінде біршама кеш пайда болды.

    Алғашқы чектер 1683 жылы Англияда пайда болды.

    Чек – ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығы.

    Чектің  мынадай түрлері бар:

    • ақшалай чек – банктен қолма-қол ақша алуға арналған төлем құралы;
    • ордерлі чек – бір тұлғаның атына толтырылған, бірақ индоссамент бойынша басқа бір тұлғаға беруге құқық береді;
    • мәлімдеуші чек – чекті мәлімдеушіге ондағы көрсетілген сомасы төленеді;
    • есеп айырылысу чегі – заңды тұлғалар арасында қолма-қолсыз есеп айырысуларда қолданылады;
    • жол чегі – туристік сапарларға арналған төлем құралы;
    • кепілдендірілген чек – банктің чекте көрсетілген соманы төлеуге кепілдендіруін сипаттайтын төлем құралы.

    Чектің  экономикалық жаратылысы мынадай:

    1. Ол банктен нақты ақшаны алуға қызмет етеді;
    2. Ол айналыс және төлем құралы қызметін атқарады;
    3. Ол қолма-қолсыз ақшамен есеп айырылысу құралы.

    Электрондық ақшалар – компьютер торабының, ақпараттарды автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.

    Электронды  ақшалар – пластикалық карточка нысанында болады. Олар екі түрлі болып келеді:

    Дебеттік (төлем) карточка – банкте арнайы карточкалық қаражаты бар, клиент арасындағы келісімшартқа сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін төлеуге арналған төлем құралы.

    Кредиттік карточка – оның эмитеті мен карточка иесі арасындағы келісімшартқа сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка. 

    Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер дебеттік және кредиттік  карточкалардың локальдық және халықаралық  түрлерін кеңінен қолданылуда. Халықаралық  карточкаларға: «Eurocard», «Master Card», «Visa», «Maestro» және т.б. жатады.

    Қазіргі кезде жалақы алуға арналған дебеттік карточкалар да кеңінен қолданылуда. Мұндай карточкалардың шоттары көбіне теңгеде ашылады.

    Несиелік  карточкалар бөлшек сауда айналымында  және қызмет көрсету аясында қолданылады. Қазіргі уақытта несиелік карточкалардың мынадай түрлері қолданылады: банктік, саудаға арналған, бензин сатып алуға  арналған, туризм және ойын-сауық шараларын  төлеуге арналған. Біршама кеңінен  таралған түріне сауда карточкаларын  жатқызуға болады.

    2011 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша  20 банк және «Қазпочта» АҚ нақтылы  түрде төлем карточкаларын шығаруды  жүзеге асыруда. Екінші деңгейлі  банктер жергілікті жүйе төлем  карточкаларын: Altyn Card — «Қазақстанның  Халықтық Банкі» АҚ, Smart AlemCard —  «БТА Банкі» АҚ, «Сити банкі»  АҚ шығаруда. Бұдан басқа, қазақстандық  банктер келесідей халықаралық  жүйе карточкаларын шығарумен  және таратумен айналысуда: VISA International, MasterCard Worldwide, American Express International, China Union Pay және Diners Club International.

    Ақша  эволюциясы – ақшаның пайда болуымен байланысты. Ал ақшаның пайда болуы мемлекеттердің пайда болуымен байланысты. Алғашқы ақшаның түрі металл монеталар б.з.б. VII ғ. Ертедегі Қытайда және Ертедегі Лидия мемлекетінде пайда болды. Міне, сол кезден бастап ақша айналыс құралы, төлем құралы ретінде қолданылып келеді.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Қорытынды

    Ақша  экономиканың дамуымен, қоғамның дамуымен байланысты әр түрлі кезеңдерден  өтіп келеді. Оның құнына әсер ететін бірнеше факторлар бар. Орталық банк ақша санын бюджет тапшылығын өтеу үшін шығарады. Бірақ та сол шығарылатын ақшаның мөлшері шамадан тыс болса, ол ақшаның құнсыздануына әкеледі. Сол себепті қазіргі банкноталардың құнсыздану қаупі жоғары.

    Ақша  жалпы адамзат баласына өте қажетті  ресурс. Бірақ та, ол ақшаны тиімді пайдалана алған жөн. Әсіресе, кәсіпорындағы, өндіріс орындарындағы жоспарланған мақсаттарға жету үшін ақша ресурсын дұрыс жұмсай алуды білу керек. Егер де қаржылық жүйеде белгілі бір қателіктер кетіп жатса, оның арты әр түрлі жағдайларға соқтыруы мүмкін. Сол себепті ақшамен байланысты қызметтерге өте ұқыпты қараған жөн.

    Өмірдің мағынасы мен мәні ақшада деп те айтуға болмайды. Себебі, ақшаның рөлі барлық жерлерде жүре бермеуі мүмкін. Ақшадан да құнды игіліктер болады. Оған мысалы, білім, ғылым, өнерді жатқызуға болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

    1. http://kk.wikipedia.org/wiki/
    2. http://dengi.polnaya.info/platezhnye_sistemy/evoluciya_deneg/
    3. http://temakosan.net/load/kursovye_na_kazakhskom/ehkonomika_arzhy_banktik_is_bukhgalterlik_is_saly/a_sha_a_shany_t_rleri_men_yzmeti/74-1-0-5040

Информация о работе Ақшаның түрлері жəне эволюциясы