Қазақстан Республикасыдағы 1993 жылғы ақша реформасының қалыптасу ерекшеліктері және жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2012 в 09:28, курсовая работа

Описание работы

Ақша дегеніміз – тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біре қайнасқан ерекше тауар. Яғни, ақша – тауар өндірумен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар. Оның айрықша қызметі – барлық тауарларға ортақ балама рөлін атқару. Ақшаның қоғамдағы мәнін К. Маркс «Жеке адам өзінің қоғамдық билігін де қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді» деген афоризммен сипаттады.

Содержание

Кіріспе 3

1. Нарықтық экономикадағы ақшаның алатын орны
1.1. Ақшаның мәні мен мазмұны 4
1.2. Нарықтық экономикадағы ақшаның алатын орны 6

2. Қазақстан Республикасыдағы 1993 жылғы ақша реформасының қалыптасу ерекшеліктері және жетілдіру жолдары
2.1. Реформаның калыптасу ерекшелігі және оның тарихи маңызы 16
2.2 Қазақстандағы 1993 жылғы ақша реформасын жетілдіру жолдары 19

Қорытынды 29

Қолданылған әдебиеттер 30

Работа содержит 1 файл

Курс. Ақша, 1993 жылгы реформа.doc

— 222.50 Кб (Скачать)

Ресейдегі ақша реформасы ескі үлгідегі ақшаларды ТМД елдеріне, оның ішінде Қазақстанға қарай жаппай ығысуына жол берді.

1992 ж. бірінші жартысында-ақ Қазақстан Республикасының жетекшілері ендігі  жерде рубльден  күдер үзіп,  өз валютасын   шығаруға   бетбұрыс   жасаған   болатын.   Жаңа ақшаларды шығаруға ағылшынның "Хариссон" фирмасымен шарт жасалды. Сөйтіп, 1993 ж. 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік  ақшалар  Қазақстанға  жеткізіледі.  Оларды   қолдан жасаудан қорғанатын 18 дәрежесі бар.

1993 ж. 12 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан Республикасына Ұлттық валютаны енгізу туралы" Жарғыға қол қойды. Осы жарғымен 1993 жылы 15 қарашада сағат 8-ден бастап ұлттық валюта - теңге енгізілді.

КСРО Мембанкінің және 1992-1993 жж. Ресей үлгісіндегі қазыналық және банктік билеттерді айырбастау 20 қарашада сағат 18-де аяқталды.

              Қолма-қол ақшалардың, рубльдік шоттардың, салымдар мен міндеттемелердің теңгеге айырбасы 1 теңге үшін 500 рубль айырбас бағамы бойынша жүргізілді. [10. 25-35бб]

Қазақстан Республикасының 16 жастан асқан барлық азаматтары 100 мың рубль шегінде ақша айырбастай алды. Айырбас бір рет қана жүргізіліп, ол туралы төлқұжатқа белгі соғылды. 100 мыңнан асатын рубльдер арнайы жеке бет шотына аударылып, оны 6 ай мерзім ішінде пайдалануға құқысыз болды. Лимиттен асқан қаражаттардың шығу тегіннің заңдылығын арнайы құрылған комиссия тексерді. Комиссияның шешімі бойынша бұл қаражаттар мерзімнен бұрын босатылды.

15 қарашадан 18 қарашаға дейінгі аралықта халық теңгемен және рубльмен де есеп айырыса алды. Сондықтан заңды тұлғалармен, сол сияқты бөлшек сауданы жүзеге асырушы және халыққа ақылы қызмет көрсететін тұлғалардың ақшалай түсімдері күнделікті қабылданды: теңгеде - шексіз, 1961-1993 жж. 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100, 200, 500 рубльдегі ақшаларды 1993 ж. шілдедегі ақшалай түсімдердің орташа шамасынан аспайтын сомада, 1,3 коэффициентке түзетілген шамада қабылдады.

Кәсіпорындардың баланстарындағы рубльмен берілген активтер мен пассивтер екі күн ішінде (15-16 қарашада) қайта есептелінді. Қолма қол ақшаны айырбастау және активтер мен пассивтерді қайта есептеу кезеңінде банктер клиенттермен операциялар жүргізбеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі теңгенің валюталық бағамын:

1 доллар = 4 теңге 70 тиын шамасында белгіледі. Келесі жылдары ол бірден өсіп кетті. Соған сәйкес баға мен жалақы да өсті. [11. 15-23бб]

              Инфляцияның өсуі біршама ірі ақша купюраларын қажет етті. 1994 ж. бастап 200, 500, 1000 және 2000 купюрдағы ақшалар айналысқа шығарылды.  1995 ж. ұсақ тиындар біртіндеп айналыстан шығып қалды, олардың орнына мыс-никельден жасалған 1, 3, 5, 10, 20 теңгедегі монеталар шыға бастады.  Сонымен қатар, Абай Құнанбайұлының жүз жылдық мерейтойының құрметіне 100 теңгелік күміс монеталар шығарылды. 1995 жылдың аяғында "Жібек жолы" жиынтығын құрайтын жоғары сыныпты төрт алтын монеталар шығарылды. Жалпы салмағы 57,54 г құрайтын жиынтығына 1, 2, 5 және 10 мын теңгелік алтын монеталар кірді. Жиынтық 816 доллар тұрды.

Сонымен Қазақстан теңгесі соңғы жылдары тұрақты төлем құралы болып қана қоймай, еркін алмастырылатын валюталарға шексіз айырбасталады және біршама тұрақты валюталар қатарына кіреді.

Қазақстанға ұлттық валютаның сәтті енгізілуі, әрі қарай оның сыртқы және ішкі тұрақтылығын қамтамасыз етуді талап етеді.

 

2.2 Қазақстандағы 1993 жылғы   ақша реформасын  жетілдіру  жолдары

 

Ақша реформасы валюталардың тұрақтылығын, ақша айналымын күшейту және реттеу мақсатымен мемлекет жүргізетін акша жүйесінің (толық немесе ішінара) жанғартылуын көрсетеді.

              Жаңа ақша бірлігін енгізумен байланысты ақша реформасы -экономиканы дағдарыстан шығарудың бірден-бір шарасы және онын кезекті тұрақтылығын көрсетінін әлемдік тәжірибе дәлелдеп отыр. Сондықтан Қазақстанда 1993 жылы жүргізілген ақша реформасы мемлекеттін экономикалык саясатымен тығыз байланысты. Ол макроэкономикалық тұрақтылыққа және кезекті ақша-несие, салық және инвестициялық саясаттың табысына жету мақсатымен жүргізілді. [12. 52-73бб]

              Әлемдік тәжірибеде ақша реформасы нуллификация, ревальвация. девальвация және деноминация әдістерін қолданады қамтиды.

Латыннын сөзінен нуллификация шығады және ол «жою» деген мағынаны береді. Нуллификация кезінде айналымдағы бұрынғы өте құнсызданған ақша белгілері жойылып, оның орнына жаңалары енгзіледі.

              Осы процедура есепке алуды жеңілдетеді, өйткені материалдық құндылықтардан іске аспаған ақшалай қаражаттар мен жинақ ақшалардың барлығы іс жүзінде жойылады.

              Қазакстанда ақша реформасы нуллификаиия әдісімен жүргізілді, яғни ескі құнсыздалған кеңестік рубльдер айналымнан толық шыгарылып, жана Казақстандық ақша белгілері - тенгелер енгізілді. 16 жасқа толған адамдардык бірі ауыстырып алатын мүмкіндігі бар ен жоғары шамадағы ақша өлшемі 100 мың рубльді құрады. Ауыстыру тек бір рет қана жасалды, ол туралы паспортта белгі қойылған болатын.

              Девальвация латынша «де» - төмендеу, тұрмын дейтін сөздерден туындайды. Ақша бірлігінін немесе ұлттық ақша бірлігінің бағамын шетел валюталарына қатысты алтын мәнінің төмендеуін білдіреді.

              Қазақстанда, І999 ж. қыркүйегінде Онтүстік-Шығыс Азия мен Ресейдегі экономикалық дағдарыспен байланысты, америка долларына қатысты тенге бағамының төмендеу жолымен ақша девальвациясы болды (егер 1999 ж. қыркүйегіне дейін теңгенің долларга қатысты курсы 76 теңге болса, ол 130 теңге дейін түсті). Аталған шара отандық өнімнің өндірісі мен тұтынуда өте жағымды рөлін аткарды, сондай-ақ шетел валюталары мен инвестициялардын құйылуына себеп болды.

              Ревальеация латынша «ге» - жаңару және  тұрмын   дейтін сөздерден туындайды. Ақша бірлігінін бұрынғы алтын мәнін қайта қалыптастыруды немесе ұлттық валюта бағымынын шетел  валютасымен салыстырғандағы жоғарылауын көрсетеді, яғни девальвацияға қарама-қарсы.

              Қазақстанда теңгенің ревальвацнясы мұнай меи металлға әлем бағаларыиың күрт өсіп шетел валютасынын көп ағылуына байланысты 2003-2005 жж. болды. Егер 2003 ж. дейін теңгенің бағамы АҚШ долларына қарағанда 155 тенгеге дейін өссе, соңғы 2 жылда (2003-2004 жж.) ол 1 АҚШ долларға 130 тенгеге дейін түсті.

              Латынның сөзін аударғанда деноминация «қайта атау» дегенді білдіреді және арақатынасы бойынша жаңа ақша бірліктеріне ауыстыру жолымен ақша белгілерінің көрсетулі құнын ірілендіруді. ягни ескімен салмстырғанда жана бір - атаулы ақша бірлігінің номиналды сатып ал қабілегін көтермелеп жолымен бағалар масштабын ірілендіруді көрсетеді. Деноминацияның негізгі қызметі айналымда ақша жиынының номиналды кемуі болып табылады, нәтижесінде есепке алу жеңілдейді, айналым шығындары қысқарады және ақша айналым жүйесі реттеледі.

Деноминация тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің, тарифтердің, жалақылардың, зейнетақы мен жәрдемакының, банктің есепшоттарындағы қаражат қалдықтардың және т.б. бағаларға сәйкес бір мерзімде қайта есептеумен қоса жүреді.

Деноминация бүгінгі тандағы Қазақстанда өткізілмеген, бірақ Ресейде 1998 ж. ол 1000/1 сәйкестілікпен жасалған (реформаға дейінгі 1000 руб. жаңа 1 руб.).

Қазақстанда ақша реформасын өткізіп қажеттілігі бірқатар ерекше себептермен түсіндіріледі:

- көп жыл бойы әкімшіл-әміршіл және жоспарлы-орталықтандырылған шаруашылық жүйелері халық шаруашылығының барлық салаларында сәйкессіздіктің туындауына себеп болды. Оның ішінде, тұтыну заттарының өндірісіне  қарағанда өндіріс құралдарынын, өндірілуі басым. Экономика шикізаттарға бағытталды, Қазақстан КСРО-нің бірден-бір шикізат көзі болды, инфра-құрылым қалып жатқан кезде кентау өндірісі дамуға бет алды;

- бағалау көп жағдайда төмендеген немесе накты орындалған деңгейден қалмауға тырысқан кезде жоспарлы және мемлекеттік тапсырмаларды орындау дәрежесіне қарай өткізілді, бірақ бұл жалакы және басқа ресурстардын қор шамасында көрінген жоқ. Сонымен, экономика тиімділігінін төмендеуіне әкеліп соқтыратын шаруашылықты жүргізудің шығын механизмі құрылды:

-    орталықта бекітілген  баға өнімнің өзіндік құнынан  көп артта қалып отырды, ал кәсіпорындардын шығындары  мемлекетті акшалай көмегімен жасылып отырды.

-  экономиканын шығындылығынан үлкен өнімеп ысырап-тарлан мемлекеттік бюджеттің тапшылығытады.

КСРО ыдырауы, экономика құдырауы. КСРО ақша жүйесінің құлауы. Қазақстаннын рубль шеңберінен шығарылуы, ұлттық ақша жүйесінін болмауы - Қазақстанда акша реформасын өткізу қажеттілігінің басты себептері болды.

Қазақстаннын тәуелсіздік алғанына байланысты артық ақша жүйесін құру үшін ақша реформасын өткізу керек болды. Ол «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» 1993 ж. 12 қарашада шыққан ҚР Президентінін Жарлығымен тәжірибеде жүзеге аса бастады. Осы Жарлықпен ұлттық валюта -теңге айналымға енгізілді. Ескі ақшаны тенгеге ауыстыру мерзімі 1993 ж. 15 қарашада сағат 8-де бекітілді. КСРО Мембанктің 1961-1992 жж. рубльдері мен Ресей банкінің 1992 ж. рольдері қолма-қол ақшаға ауыстырылуы, сондай-ақ рубль есепшоттары, салымдар және міндеттемелер 500 рубль үшін 1 тенге ауысу бағамымен ауыстырылды.

16-га толған және одан ересек Қазақстан азаматтарынын барлығы 100 мың рубльден аспайтын соманы ауыстыра алатын. Ауысым тек бір рет жасалды. [13. 5-13бб]

КР Ұлттық банк тенгенің валюталық бағамын бекітті; 1 АҚШ доллары - 4 тенге 70 тиын. Тенге і. 3. 5, 10. 20. 50. 100-дік купюралармен шығарылды. Бірінші қағаз ақша, кейін ұсақ тиындар шығарылды. Кейінгі жылдары инфляция бірден өсіп, оган сәйкес бағалар мен жалақыда көтерілді. Инфляциянын өсу қарқымы екі белгімен есептелді.

1994 ж. бастап 200, 500, 1000, 2000 тенге купюралары шығарылды. Мыс-никель қорытпасынан 1, 3, 5, 10, 20 тенгелік ақшалар басылды. 1995 ж. аяғында «Жібек жолы» топтамасын құрайтын жоғары сапалы торт алтын ақша шықты. Топтамаға 57,74 гр. жалпы салмағымен 1. 2, 5, 10 мың теңгелік алтын ақшалар кірді. Топтаманын бағасы 816 АҚШ доллары болды. Келесі жылдары бұрынғыдан үлкен купюрамен - 5000 және 10000 тенгелер шықты.

Қазақстандық теңгенін өткен жолына ретроспекторлы сараптама жүргі істін болсақ, Қазақстанда нарық өзгерістерін өткізу нәтижесінде, олардын бірінші қадамы, мемлекеттің бағаларлы реттеуден бас тартып, ол 1994-1996 жж. бірден девальвацияланды. Оған сәйкес инфляцияда өршіп, оның өсу қарқыны қауіп тіпті төрт дәрежені құрды, ел гиперинфляция үстем алған терең экономика дағдарысына кірді.

Себебі, ел нарық өзгерістеріне дайын емес еді. Іс жүзінде нарықтық инфрақұрылым болған жоқ бұрынғы республикалар арасында экономикалық байланыстар, меншікті жекешелендіру меммемлекеттен айыру ешқандай құқыкқтық негізсіз өтті, бұрынғы жетекшілердің бұндай жағдайда тәжірибесі, жеткіліксіз болғандыктан көптеген кәсіпорындар жұмыс істейтін тоқтатты.

Бағаларды еркін жіберу мен қатал ақша-несие саясатынын нәтижесінде ақша жиынынын артығы қысқарып, төлем қаражатынын тапшылығы келді. Елді төлем дағдарысы жаулап алды.

Басқа республикалар сияқты Қазақстанның да нарыққа бағытталган экономика құруға бет алғанына бесінші жыл. Бұрынғы жоспарлы экономиканы нарықтық түрге алмастыру жүргізіліп жатыр. Көлемі мен тереңдігі женінен бұрын болып көрмеген әлеуметтік-экономикалық және сәяси дағдарыстан елімізді алып шығу жолында күрделі істер атқарылды. Біздің халқымыз көшпелі экономиканың ауыртпалығы мен бейнетін бастан кешіруде.

Экономикалық жағдайды объективті бағалау үшін ТМД еллері өз басынан тек жәй көшпелі экономиканы емес, оның кеңестік дәуірден кейінгі ерекше түрін өткеріп жатқанын ескеруіміз керек. Ол екінші дүние жүзілік соғыстан кейіпті Батыс және Орталық Европа, Жапония, Шығыс Азия елдеріндегі, сондай-ақ Шығыс Европа мен Балтық теңізі жағалауындағы елдердегі социализмнен кейінгі көшпелі экономикадан бөлек. Бірінші топтағы елдерде нарықты қатынастар мен шаруашылық тәсілдерін соғыс бөліп кеткенді, соғыс аяқталысымон олар қайта қалпына келтірілді. Ал екінші топтағы елдердің социалистік жоспарлы экономикасы да онша көп уақытқа созылған жоқ, онын үстіне олардағы экономиканың кейбір секторларында шаруашылықтың нарықтық қатынастары сақталды, олар дамыған елдермен қанаттас еді. Сондықтан бұл елдерле экономиканы өзгерту процесі жеңілірек болды.

Ал ТМД еллеріиде нарықтық қатынастарды тыңнан бастау қажет болды. Кеңес адамдарында нарықтық әлеуметтік түсінік, кәсіпкерлік рух, демократиялық ой-пікір сияқты қасиеттер кенінен дамымаған еді. Сондықтан да бұл елдерде нарықтық қатынастардың өмірге баяу енуі, қалыптасуы, бекуі түсінікті, оларда экономиканы басқарудың барлық буынында бұрынғы кадрлар іс басында отырғаны аян.

Қазақстан ТМД-ның басқа елдері сияқты нарыққа бет алған экономика жолына 1992 жылдың қаңтарында аяқ басты. Қазақстанға өзара тұтасып жатқан екі міндетті шешу қажет болды:

—   экономиканы тұрақтандыру және оны тамыры теренге кеткен дағдарыстан шығару;

—  нарықтық қатынастарды құру және дамыту.

Нарықтық қатынастар мен нарық тетіктерін құлашын кең дағдарыс жағдайында дамыту өте күрделі еді, сондай-ақ экономикалық дағдарысты жеңу де қиын еді, өйткені шаруашылық жүргізудің ескі тетіктері оған жарамайтын, ал жаңалары тек қалыптаса бастаған болатын.

—  Міне, осындай жағдайда Ресей үкіметі бағаны тез ырықтандыруға, қатаң ақша-кредит және қаржы-бюджет саясатына,  рубльдің (сомның) біртұтас жылжымалы курсына, сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыруға жәно жекешелендіруді шапшаң жүргізуге, ягни «есеңгіретіп емдеу» саясатына негізделген реформаның стратегиясын ұсынды.

Кенестік жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің бұл бірлен-бір мүмкін жолы жөне түбегейлі өзгерістің дұрыс стратегиясы болатын. Реформаның алғашқы сәтінде  саналы түрде мақсат етіп қойылған есеңгіреу» («шок») кеңес өкіметінен дейінгі экономиканы өзгертудің қашып құтылмайтын қиындығы еді. Өйткені бұл экономикада баға алшақтағы (диспропорция) жағдайында жасаңды тағайындалған бағалар орын алғанды, қайта құру заманында экономикалық саясаттың және біліксіз жүргізілген табыс саясатынын нәтижесінде шектен тыс көп жиналған ақша массасы бартұғын, ал мұның өзі өте тапшы тұтыныс рыногын тудырған болатын. Қысып ұстап, қолдан жасалған жасырын инфляция ашық түрге айналды. Бұл осылай болуға тиісті, өйткені бұл қауіпті ісін көп жылдар бойы экономиканы іштен жеп, оның жазылмас дертіне айналған елі. Сондықтан одан жазылу үшін ауыр болғанымен «есеңгіретіп емдеу» қажет болды.

Информация о работе Қазақстан Республикасыдағы 1993 жылғы ақша реформасының қалыптасу ерекшеліктері және жетілдіру жолдары