Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуын талдау және жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2012 в 18:21, курсовая работа

Описание работы

Кез келген мемлекеттің экономикасында ірі кәсіпорындар,шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің дамуының негізі – банк жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі екенін әлемдік практика көрсетуде.
Нарық экономикасы, шаруашылық жүйесі интеграциялану кезеңінде қаражат құрау мен оны пайдалану үрдісі әртүрлі экономикалық тұлғалар арасындағы әр-қилы қарым-қатынастарға сәйкес дамиды.Ондай тұлғалар – халықтың өзі,одан кейінгісі: мемлекет және банк,басқа қаржылық делдалдар.

Содержание

Кіріспе ………………………………………………………………………….3

I Банк жүйесінің теориялық негізі
1.1 Банк жүйесінің даму тарихы .........................................................................5
1.2 Банк жүйесінің құрылымы мен қызметтері .................................................9

II Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуын талдау және жетілдіру жолдары
2.1 Орталық банк және оның қызметтері талдау...............................................13
2.2 Коммерциялық банк және оның қызметтерін талдау ................................18
2.3 Қазақстан Республикасындағы банк жүйесіндегі проблемалар және
жетілдіру жолдары .........................................................................................21


Қорытынды ............................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер ................................................................................

Работа содержит 1 файл

банккурс.doc

— 177.50 Кб (Скачать)

      Банкті меншікті қаражаттарының банктің үнемі тұрақтылығын ұстап тұруа маңызы бар. Банктің бастапқы құрылу барыында, осы меншікті қаражаттары алғашқы шығындарды, яғни жерге ғимаратқа, жабдықтауға, жалақыға жұмсалатын шығындарды жабады. Меншіктік қаражатсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Меншікті қаражаттар есебінен банкке қажетті резервтер құрылады. Ең соңында,банктің меншікті қаражаты бқл ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі болып табылады.

      Банктің тартылған қаражаттары актвтік  операциялар, оның ішінде нсиелік операцилардың тоқсан пайызға жуықтай ресурстарға деген қажетін қанағаттандырады.

Жалпы коммерциялық банктердің қызметтері:     

2. Банк актив  операцияларына: 
      1) депозиттерді қабылдау, заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу; 
      2) депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу; 
      3) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу; 
      4) жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргізу жатады, оларда осы тұлғаға тиесілі тазартылған бағалы металдардың және бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты саны көрсетіледі; 
      5) кассалық операциялар: қолма-қол ақшаны ұсатуды, айырбастауды, қайта санауды, сұрыптауды, қаттап бууды және сақтауды қоса алғанда банк операцияларының бірін жүзеге асыру кезінде оларды қабылдау және беру; 
      6) аударым операциялары: жеке және заңды тұлғалардың төлемдер және ақша аударымдары бойынша тапсырмаларын орындау; 
      7) есепке алу операциялары: жеке және заңды тұлғалардың вексельдері мен өзге де борышкерлік міндеттемелерін есепке алу (дисконт); 
      8) банктік заем операциялары: банкке, ипотекалық ұйымға, номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокерге және (немесе) дилерге және акцияларының бақылау пакетi мемлекетке немесе ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы компанияға тиесiлi заңды тұлғаға төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысандағы кредиттер беру; 
      9) шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру; 
10) банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау; 
      11) төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) инкассоға қабылдау; 
      12) аккредитив ашу (ұсыну) мен оны растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау; 
      13) банктердің ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдіктерін беруі; 
      14) банктердің үшінші тұлғалар үшін ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдемелерін және өзге де міндеттемелерді беруі жатады.       
      15) тазартылған қымбат бағалы металдарды (алтын, күміс, платина, платина тобына жататын металдар) құйма күйінде, тазартылған қымбат бағалы металдардан жасалған монеталарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату; 
      16) құрамында бағалы металдар мен асыл тастар бар зергерлік бұйымдарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату; 
      17) вексельдермен жасалатын операциялар: вексельдерді инкассоға қабылдау, төлемшілердің вексельдерді төлеуі жөнінде қызметтер көрсету, сондай-ақ делдалдық тәртібімен домицилденген вексельдерді, вексельдер акцептін төлеу; 
      18) лизинг қызметін жүзеге асыру; 
      19) өзінің бағалы қағаздарын (акцияларды қоспағанда) шығару; 
      20) факторингтік операциялар: тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушыдан төлемсіз тәуекел етіп қабылдай отырып, төлем жүргізуді талап ету құқығын алу; 
      21) форфейтингтік операциялар (форфетингтеу): тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушының қарыз міндеттемесін сатушыға айналым түспейтін жолмен вексель сатып алу арқылы төлеу; 
      22) сенімгерлік операциялар: сенімгердің мүддесіне және тапсырмасы бойынша ақшаларды, ипотекалық қарыздар және тазартылған қымбат бағалы металдар бойынша талап ету құқықтарын басқару; 
      23) сейфтік операциялар: сейфтік жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға беруді қоса алғанда, құжаттандырылған нысанда шығарылған бағалы қағаздарды, клиенттердің құжаттары мен құндылықтарын сақтау бойынша қызметтер. 
      Сонымен қатар банктер бағалы қағаздар нарығында мынадай кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы: 
      1) Қазақстан Республикасының және рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингін алған елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарымен не онсыз уәкілетті органның шешімі бойынша мемлекеттік бағалы қағаздармен, базалық активтерінің тізбесі мен оны сатып алу тәртібін уәкілетті орган белгілейтін туынды бағалы қағаздармен - брокерлік; 
      2) Қазақстан Республикасының және рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингін алған елдердің бағалы қағаздарымен не онсыз уәкілетті органның шешімі бойынша мемлекеттік бағалы қағаздармен, сондай-ақ базалық активтерінің тізбесі мен оны сатып алу тәртібін уәкілетті орган белгілейтін туынды бағалы қағаздармен, белгіленген жағдайларда өзге де бағалы қағаздармен - дилерлік; 
      3) кастодиандық; 
      4) трансфер-агенттік. 
      Банкiнiң банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарын ашу жөнiндегi мiндетi     

1. Банк операцияларын  жүргiзудiң жалпы шарттары ашық  ақпарат болып табылады және  ол коммерциялық немесе банк құпиясының мәнi бола алмайды.     

2. Банкiлер  клиенттiң бiрiншi талап етуi бойынша  банк операцияларын жүргiзудiң  жалпы шарттар туралы ережесiн  беруге мiндеттi. 
      3. Банкiлердiң клиентке банк операциясын жүргiзуге байланысты ықтимал тәуекелдер туралы ақпарат беруден бас тартуға құқығы жоқ. 
      4. Қаржы қызметі бойынша сыйақының шамасы туралы ақпаратты тарату, оның ішінде жариялау кезінде банктер сенімді, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептелетін сыйақы ставкасын қосымша көрсетуге міндетті, оның тәртібін уәкілетті орган белгілейді. 

2.3 Қазақстан Республикасындағы  банк жүйесіндегі  проблемалар және  жетілдіру жолдары  

      2003 жылы  Қазақстанның қаржы секторы  үшін мерейтой жылы болды 15жылы  қарашада  ұлттық валютаның енгізілгеніне 10 жыл толды. Он жыл ішінде Қазақстанның қаржы секторының барлық сегменттерін дамытуда қомақты нәтижеге қол жеткізілді. Қазіргі уақытта Қазақстанның қаржы жүйесі ТМД ның басқа елдеімен салыстырғанда едәуір дамыған және мелекеттің араласуынан қорғалған болып табылады.

      2003 жылы акша несие саясатын жүргізу  қаржы рыногында тұрақтылықты  қамтамасыз етті, сонымен қатар  елде жоғарғы экономикалық өсуді  сақтауға белгілі бір дәрежеде  ықпалын тигізді. 

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2006 жылы номиналы 200 теңгеден 10000 теңгеге дейінгі жаңа дизайндағы банкноталарды айналысқа шығарды. Бұл шараға бірқатар факторлар себепші болды және ұлттық валютаны қолдан жасаудан қорғауды күшейтуге бағытталған.  
 2006 жылы  жалпы инфляция денгейі 5.4пайызды құрады. Жыл бойы валюта рыногындағы жағдай тенгенің АҚШ долларына қатынасы бойынша нығаю үрдісімен сипатталады. Тенгенің нығаюы ішкі валюта рыногына шетел валютасының едәуір әкелуіне ықпалын тигізеді.

      2006 жылы Ұлттық банктің таза халықаралық  резервтері 58 пайызды 4958,9 млн. долл. Дейін ұлғайды, бұл 4,8 айдан астам тауарлар мен қызмет көрсету импортының орнын жабуды қамтамасыз етеді. Елдің халықаралық резервтері тұтастай алғанда 69,3 пайызға  8565,2 млн.долл. дейін өсті.

      Ұлттық  банктің таза халықаралық резервтерінің  өсуі ақша агрегаттарының кеңеюіне алып келеді: ақша базасы 52,2% ға 316,9 млрд. Тенгеге дейін, қолма қол ақша   47,6% ға дейін  238,7 млрд, тнгеге дейін ұлғайды. Нәтижесінде  2006 жылы экономиканы модернизациялау  17,3 % дан  22%ға дейін өсті.

        

      2006  жылы екінші денгейдегі банктердің жиынтық активтері 46,5 ға 1,7 трлн. Тенгеге дейін ( 11,7 млрд. АҚШ долларына жуық), ал жиынтық меншік капиталы 45,1% ға  233,9 млрд тенгеге дейін ұлғайды. 2006 халықтың  (резидент еместерді есептегенде)  салымдарының өсуі жалғаса түсті, олар 33,4% ға  343,2 млрд тенгеге дейін (2,4млрд АҚШ долларына жуық) өсті. 2006 жылы банктердің ресурстық базасының айтарлықтай өсуі банктердің экономиканың нақты секторына несиенің  45,5% ға 978,1 млрд тенгеге дейін өсуәне ықпал етті.

      Барлық  қадағалау қызметтерінің 2004 жылы 1қаңтарда құрылған Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттікке берілуіне байланысты Ұлттық банк өз қызметін сапалы дамытудың келесі сапасына өтті. Енді негізгі күш жігер өз ақша несие саясатын және валюталық реттеуді дамытуға шоғырландыратын болады. Таяу жылдардағы басым бағыт ретінде ақша несие саясатын Еуропалық Одақ стандарттарына барынша жақындату айқындалды.

      2006 жылдан бастап Ұлттық банктің  негізгі мақсаты ретінде бағалардың  тұрақтылығын қамтамасыз ету ақша несие саясатындағы мүлдем жаңа айқындама болып табылады.

      Негізгі мақсатты орындау үшін Ұлттық банкке келесідей міндеттер жүктелген:

      - мемлекеттің ақша несие саясатын әзірлеу;

      - төлем жүйелерінің жұмыс істеуін  қамтамасыз ету;

      - валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;

      - қаржы жүйесінің тұрақтыығын  қамтамасыз етуге ықпал ету. 

      Ұлттық  банктің негізгі мақсаты мен  міндеттерін осылайша түйіндеу инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштер үшін Ұлттық банктің жауапкершілігін  күшейтеді және ұлттық банк жариялаған Еуроодақ стандартына және инфляциялық таргеттеу принциптерін пайдаланатын көптеген елдер инфляция жөнінде қойылған мақсаттарға қол жеткізу жауапкершілігін күшейту жағдайларында инфляция бойынша бағдарлар ретіндегі тұтыну бағаларының индексіне сүйенбейтін болады. Оның орнына инфляциялық үрдістердің негізгі бағыттарын көрсететін баға индекстерін қарастырады және монетарлық емес тұрғыдағы түрлі дәрежедегі күйзелістердің ықпалын жояды.

      Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ету бұрынғыдай Ұлттық банктің құзыында қалады. Осы міндетті  шешуде Ұлттық банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Қарды нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігімен тығыз үйлестіріп отырады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебеттер тізімі


Информация о работе Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуын талдау және жетілдіру жолдары