Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері

Автор: n***********@gmail.com, 26 Ноября 2011 в 09:06, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан–2030» атты халыққа жолдауында үшінші ұзақ мерзімді басымдық ретінде шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуді көрсетеді. Бұл басымдықты жүзеге асыру үшін инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, стра-тегиялық күшті ілгерілуге бағытталу көрсетіледі. Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз деп көрсетілген.

Работа содержит 1 файл

курсовой работ f1.doc

— 760.00 Кб (Скачать)

    2. Банк секторын қорландыру тапшылығы. 2008 жылдың аяғында капиталдың халықаралық нарықтары Қазақстандық банктер үшін іс жүзінде жабылды, бұл екі жүйе құрушы банкті қайта құрылымдау барысының басталуымен барынша тереңдей түсті. Осы тапшылық қабылданған Бірлескен іс-қимылдар жоспарын орындау шеңберінде экономиканы тікелей қолдау бойынша өзінің ауқымы бұрын-соңды болмаған шаралармен ішінара өтелді.

    Тұтастай  алғанда, экономикалық өсуді жаңарту  жəне оның ынталандырушы сыртқы факторлардың болмауы жəне қолайлы əлемдік конъюнктураның аз болуы жағдайларында тұрақтылығы қаржы ресурстарының көздерін ауыстыру ғана емес, сондай-ақ жеке жинақ ақша мен инвестициялардың ұлғаюын ынталандыратын қабілетіне байланысты. 2009 жылдың нəтижелері бойынша құнсызданудың ең жағымсыз нəтижесі болуы ықтимал банктерден салымдардың таза ағыны жəне тұтастай алғанда, банк жүйесіне сенімнің төмендеуі болған жоқ. Керісінше, халықтың салымдары 20%-дан астам өсті. Бұл ретте тұтастай алғанда банк жүйесінен емес, жекелеген банктерден «салымшылардың қашуы» байқалды.

    3. Сыртқы борыш. Сыртқы нарықтарда міндеттемелерді қайта қаржыландыру мүмкіндіктері болмаған кезде елдің банк секторының сыртқы борышына қызмет көрсету қажеттігі банк секторы борышының айтарлықтай төмендеуіне əкелді. Алайда елдің жалпы сыртқы борышы ірі корпоративтік заемшылардың - көбінесе экспортқа бағытталған компаниялардың шетелден қаржыландыруды тартуы есебінен айтарлықтай өсті. Орташа мерзімді перспективада корпоративтік сектордың сыртқы борышы тəуекелдің айтарлықтай факторы болып қалады, оны материализациялау əлемдік нарықтарда шикізат бағасының құлдырауымен көрсетіледі.

    4. Банктердің кредиттік  белсенділігінің  төмендеуі. Банктерді қорландыру тапшылығы экономикаға жаңа кредиттер беру көлемінің төмендеуіне əкелді, бұл нақты сектордың шағын жəне орта бизнес, сауда жəне қызмет көрсету, құрылыс саласы сияқты сегменттерінің жағдайын күрт нашарлатты. Бұдан басқа, бөлшек кредиттеудің төмен көлемі ішкі сұранысқа теріс əсер етті.

    Банктердің  кредит нарығына тоқсан сайын зерттеулер жүргізу кезінде алынған бағалаулары бойынша банктердің кредиттік ресурстарды ұсынуының қатаң талаптары сұранысты шектеуге айтарлықтай қосымша ықпал етті. Бұл ретте қаржылық емес ұйымдар тарапынан сұраныс көбінесе, айналым капиталын қаржыландыруға сақталып отырған қажеттілікті қанағаттандыруға жəне нақты борыштарды қайта құрылымдауға бағытталады.

    Банктердің  экономиканы кредиттеу көлемінде  шын мəнінде банктердің экономиканың нақты секторын кредиттеуге байланысты тəуекелдерді артық бағалауы көрсетілген. Қазіргі уақытта банктер өтімділіктің айтарлықтай деңгейін, оның ішінде Ұлттық Банктегі шоттарға ақшаны жинақтау есебінен қолдауды жəне қаражатты экономиканы кредиттеуге жібермеуді жөн көреді.

    Банктердің  артық өтімділігін жинақтауды ынталандырмау  мақсатында Ұлттық Банк ноталар бойынша сыйақы ставкаларын жəне депозиттерді тарту ставкаларын төмендетті. Алайда осы шара шектеулі түрде ықпал етті.

    5. Банк жүйесіндегі  кредиттік портфель  сапасының нашарлауы. Ішкі конъюнктураның нашарлауы жəне жиынтық сұраныстың төмендеуі экономиканың шикізатқа жатпайтын салаларының кірістілігін жəне төлем қабілеттілігін төмендетіп, олардың қызметіне теріс əсер етті. Бəрінен бұрын экономиканың басқа салаларына қарағанда, кредиттеу есебінен айналым активтерін үнемі толықтыруды қажет ететін сауда, қызмет көрсету, құрылыс секторы салалары зардап шекті. Дағдарыстың теріс əсері шағын жəне орта бизнес кəсіпорындарына қатты əсер етті. Бұл факторлар 2009 жылғы екінші жартыжылдықта ғана қарқынын төмендеткен көп банктердің кредиттік портфельдері сапасының тез нашарлауына əкелді.

    Бұдан басқа, ұлттық валютаның құнсыздануы  портфельдің сапасына теріс ықпал  етті, ол заемшылардың шетел валютасындағы міндеттемелерін қайта бағалауға əкелді жəне банктердің кредиттік портфельдерінің сапасына жүктемені ұлғайтты. Əсіресе бұл ішкі нарыққа бағдарланған жəне валюталық түсімдерден айтарлықтай көздері жоқ секторларға əсерін тигізді.

    Портфельдер сапасының нашарлауы жəне жаңа кредиттер  беру көлемінің төмендеуі өзара байланысты екендігін атап өткен жөн. Кредиттеудің жетіспеуі заемшылардың қаржылық жай-күйінің нашарлауына жəне заемдар сапасының төмендеуіне əкелетін өзіндік «тұйық шеңбер» қалыптасты, ал бұл факторлар, өз кезегінде, банктерді оның ішінде ставкаларды көтеру жəне кредиттеу көлемін төмендету есебінен кредиттік саясатты қатаңдатуға мəжбүр етті. Жалпы көріністің нашарлауына 2009 жылдың аяғына дейін жылжымайтын мүлікке бағалардың құлдырауы қосымша үлес қосты, ол қамтамасыз етудің барынша таратылған түрлерінің бірі болып табылады.

    Кредиттік портфельдер сапасының нашарлау қарқынын төмендету мақсатында 2009 жылы банктер заемдарды қайта құрылымдау бойынша қарқынды жұмыс жүргізді: банктердің жиынтық несие портфелінің 12% құрайтын кредиттерге қатысты ақпараты бойынша клиенттердің кредиттік қабілетін жақсарту мақсатында кредиттеу талаптары өзгертілді. Алайда ауқымды қайта құрылымдаудың тиімділігі едəуір дəрежеде экономиканықалпына келтіру жəне қолайлы сыртқы баға конъюнктурасының сақталу жылдамдығына байланысты.

    Банктер үшін заемшылардың дефолттарынан кейін  банктердің иелігіне өткен кепілдерді сату маңызды проблемалардың бірі болып қалуда. Заемшылар көбінесе қаржылық жай-күйінің нашарлауына байланысты заемдарға қызмет көрсетуден өзінің бастамасы бойынша бас тартады жəне кепіл мүлкін банкке өз еркімен өткізеді. Кепілді сату оның құнсыздануына қарай проблема күйінде қалып отыр. Банктердің бағалаулары бойынша кепіл мүлкінің құнсыздануының шегі 2009 жылғы бірінші жартыжылдыққа тиесілі. 2009 жылдың аяғында жылжымайтын мүлік бағасы тұрақтандырылды, бұл кепіл мүлкінің одан əрі құнсыздануының өткір проблемасын төмендетті.

    Кредиттік портфель сапасының айтарлықтай  төмендеуіне қарамастан балансқа есепке шығарылған кредиттердің үлесі банктердің зияндарды толық мойындауын қаламауына қарай төмен болып қалды. Банктердің позициясы бұл мəселе бойынша бірқатар факторлармен айқындалады, олардың арасында зиянды жабуға арналған капиталдың шектеулі болуын жəне заемшылардың қаржылық жағдайын ықтимал қалпына келтіруге арналған есепті бөліп көрсетуге болады. Бұдан басқа, провизияларды қалпына келтіруден туындайтын кірістерге салық салу мəселелерінің реттелмеуі орын алады.

    6. Кірістілік жəне  капиталдандыру факторлары. Экономиканы біртіндеп қалпына келтіру жəне заемшылардың салалық жəне жеке тəуекелдерін төмендету бойынша кредиттеу ставкаларын төмендету тренді қалыптасатын болады. Бұл жағдайларда қысқа мерзімді перспективада, əсіресе ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша банктер пайыздық тəуекелді реттеуге ерекше назар аударуы қажет. Көбінесе бұл қаржы ресурстарын тиімді орналастыру мүмкіндіктерін шектеу жағдайларында оларды тартудың агрессияшыл стратегиясын өткізген институттарға қатысты.

    Қорландыру  ресурстарының шектеулілігін ескере отырып, капиталдың рөлі ұлғаяды, ол орташа мерзімді перспективада кредиттік портфель бойынша зияндарды сіңіріп алуы тиіс.

    Бұдан басқа, меншік капиталы есебінен қорландырудың ұлғаюы да кредиттеудің одан əрі көп жағдайда өсуін айқындайтын фактор болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    2.2 ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ЭМИССИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ  ЖӘНЕ

          ҚОЛМА-ҚОЛ АҚША АЙНАЛЫМЫ  

    2009 жыл өткен жылмен салыстырғанда  экономика субъектілерінің қолма-қол ақшаға қажеттілігінің қысқаруымен сипатталды. 2009 жылы Ұлттық Банктің резервтік қорынан айналысқа 1 476,2 млрд. теңге сомада қолма-қол ақша шығарылды, бұл 2008 жылы айналысқа шығарылғаннан 19,1%-ға көп. Қолма-қол ақшаны айналыстан алу көлемі 27,2%-ға қысқарып, 1 415,2 млрд. теңгені құрады. Осылайша, эмиссиялық нəтиже 61,0 млрд. теңге мөлшерінде оң болып қалыптасты, бұл 2008 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 2,1 есе төмен (126,9 млрд.теңге).

    Қаңтарда қолма-қол ақшаны айналыстан алу 2008 жылмен салыстырғанда 2 есеге жуық ұлғайып, (-)147,6 млрд. теңгені құрады, бұл теңге айналысының бүкіл кезеңінде осы айлық көрсеткіш үшін тарихи минимум болып табылды. Ақпанда эмиссиялық нəтиже 14,7 млрд. теңгеге, наурызда 11,9 млрд. теңгеге төмендеді, келесі үш айда эмиссия 22,4 млрд.     теңгеге өсті. Шілде – қазан аралығындағы кезеңде эмиссия 46,3 млрд. теңгені құрады. Соңғы екі айда эмиссия айтарлықтай, 57,3 млрд. теңгеге өсті.

    2.1.-сурет

    Эмиссиялық  нәтиженің өзгеру динамикасы

    

 

    Осылайша, өткен жылы эмиссиялық нəтиже қаңтарда алу сомасының айтарлықтай өсуі жəне ақпан – наурыз жəне шілде – қазан аралығындағы кезеңде қолма-қол ақшаны айналысқа шығарудың қысқаруы нəтижесінде өткен жылғы осындай көрсеткіштен аз болып қалыптасты.

    Эмиссиялық  нəтиженің қысқаруына жеке тұлғалардың салымдары бойынша шоттардан беру көлемінің, сондай-ақ шетел валютасын сатудан банктердің кассасына түсімдердің ұлғаюына байланысты қолма-қол ақшаны айналыстан алудың айтарлықтай өсуіне алып келген, ұлттық валютаның құнсыздануы əсер етті.

    Өңірлер бойынша алғанда Алматы қаласын, Жамбыл жəне Оңтүстік Қазақстан облыстарын қоспағанда, барлық облыста оң эмиссиялық нəтижелер тіркелді. Барынша эмиссиялайтын облыстар Қызылорда (66,6 млрд.теңге), Алматы (63,1 млрд.теңге), Шығыс Қазақстан (60,3 млрд. теңге) жəне Қарағанды (60,1 млрд.теңге) облыстары болып табылады. 2008 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда эмиссиялық нəтиженің төмендеуі көптеген облыста байқалды, бес облыста эмиссия өсті, Солтүстік Қазақстан облысында эмиссия өткен жылғы көрсеткіш деңгейінде қалды. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қолма-қол ақшаны алудың 13,2 млрд. теңге сомаға қысқаруы байқалды.

    Банктердің кассалық айналымдары республика бойынша тұтастай алғанда 2009 жылы азайды. Банктердің кассасына түсетін қолма-қол ақша көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 345,8 млрд. теңгеге төмендеп, 9 667,9 млрд. теңгені құрады. Қолма-қол ақша беру көлемі 10 145,0 млрд. теңгені құрады (204,3 млрд. теңгеге төмендеді).

    Айналымдардың ұлғаюы кассалық айналымдардың кіріс бөлігінің бес бабы, негізінен ұлттық валютаның құнсыздануы бойынша болды (қосымша 1-кесте).

    Кассалық айналымдардың шығыс бөлігінің баптарында тауарлар, қызмет көрсетулер жəне жұмыстар, ауылшаруашылық өнімдері үшін ақы төлеуге жеке тұлғалардың салымдары жəне жеке мен заңды тұлғаларға заемдар бойынша шоттардан берулер азайды.

    Банктердің кассаларына қолма-қол ақшаны қайтару коэффициенті 2008 жылғы 96,8%-ға қарағанда 95,3% құрады.

    Банктердің кассаларына қолма-қол ақша қаражаты түсуінің негізгі үлесін мына түсімдер құрайды:

    • тауарларды, қызмет көрсетулерді жəне орындалған жұмыстарды сатудан – 2 238,8 млрд. теңге немесе банктердің кассаларына қолма-қол ақша түсімдерінің жалпы көлемінің төрттен бір бөлігі. Осы бап бойынша қолма-қол ақша кірісінің өткен жылмен салыстырғанда азаюы 5,5%-ды (129,5 млрд. теңге) құрады;

    • шетел валютасын сатудан – 7,9% (133,6 млрд. теңге) ұлғайып, 1 815,6 млрд. теңге;

    • жеке тұлғалардың салымдары бойынша шоттарға – 5,6%-ға (95,2 млрд. теңге)төмендей отырып, 1 593,6 млрд. теңгені (үлестік көрсетумен 16,5%-ды) құрады.

    Банктердің кассаларына қолма-қол ақша түсу баптары арасында неғұрлым төмендеу тауарларды, қызмет көрсетулерді жəне жұмыстарды сатудан түскен түсімдерге, жеке тұлғалардың салымдары бойынша шоттарға, сондай-ақ жеке жəне заңды тұлғалардың заемдарын өтеуге тиесілі – 50,8 млрд. теңге немесе 22,5% болды.

    Банктердің касса айналымдарының шығыс бөлігінің басым баптары мыналар болып қалуда:

    • банкоматтарды толықтыру үшін беру – 2 635,0 млрд. теңге, немесе банктердің кассаларынан қолма-қол ақша берудің жалпы көлемінен 26,0%. Осы бап бойынша қолма-қол ақша берудің ұлғаюы 20,4%-ды (446,1 млрд. теңге) құрады.

    • жеке тұлғалардың депозиттері бойынша шоттардан беру – 1 725,6 млрд. теңге (үлестік көрсетумен – 17,0%). Алайда осы бап бойынша 94,0 млрд. теңге (5,2%) мөлшеріндегі төмендеу байқалды;

    • тауарлар, қызмет көрсетулер жəне орындалған жұмыстар үшін ақы төлеуге қолма-қол ақша беру – 1 398,0 млрд. теңге немесе банктердің кассаларынан қолма-қол ақша берудің жалпы көлемінің 13,8%-ы болды. 2008 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда азаю 207,2 млрд. теңгені немесе 12,9%-ды құрады. Кредит нарығында ресурстардың болмауынан туындаған іскерлік белсенділіктің төмендеуі тауарлар, жұмыстар жəне қызмет көрсетулерді сату көлемінде көрінді.

    2009 жылы кредиттеуді шектеуге байланысты жеке жəне заңды тұлғаларға заем берудің 43,5%-ға (50,0 млрд. теңге) төмендеуі, сондай-ақ ауылшаруашылық өнімдері үшін ақы төлеу үшін берудің 63%-ға (67,5 млрд. теңге) ұлғаюы банктердің кассалық айналымдарындағы ерекше сипат болды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері