Қазіргі замандағы әлемдік ақшалар

Автор: n***********@mail.ru, 25 Ноября 2011 в 12:43, курсовая работа

Описание работы

Экономикалық субъектілердің сыртқы нарықта жұмыс істеу принциптері, ішкі нарықтағы жұмыс істеу принциптерінен өзгешеленеді. Міне сондықтан, әлемдік нарыққа шығудың алдында, әлемдегі экономикалық және саяси жағдайға назар аудару қажет. Сонымен қатар, халықаралық сауда қатынастарында, сол халықаралық қатынастардың белгілі бір ережелеріне, шарттарына сай келу керек екендігін, әр түрлі ақша қаражаттарымен жұмыс істеу және жоғарғы тәуекелдік аясында жұмыс істейтіндігін түсіне білу қажет.

Работа содержит 1 файл

Қазіргі замандағы әлемдік ақшалар курстық жұмыс акша несие банктер.docx

— 80.73 Кб (Скачать)

      Алтын тек қана алтын валюта резервтерді  ғана құрамайды, сонымен      бірге      электронды-есептеуіш      және      компьютерлік техникаларды, түнгі механикалық аспаптарды, синтетикалық талшықтарды жасау үшін де колданылады.

      Жасанды алтынды ойлап табу сұрақтары  әр кез адамзатты толғандырды. Бұнымен ежелгі уақыттарда алхимиктер еңбектенді. Ежелгі Египетте жалған алтын құймалары табылған. Біздің ғалымдар ұзақ уақыт іздену мен сынақтар жүргізулері  нәтижесінде  нағыз  алтынды алды. Электр кедергісі алтынның техникалық құймасына жақын. Жаңа құйма қаттылығы алтыннан алты есе асып түседі. 
 

      1.2 Ақша қызметтері  және олардың қазіргі  жағдайдағы дамуы.

      Ақшаның тағы да бір ерекше қасиеті құнның сақталуын қамтамасыз ететін күші. Мысалы, құнды тауарға салса, оның ақшалай көлемі кұн санап азая береді. Өйткені, ол тауарды сактау үшін белгілі көлемде шығын шығарылады. Ал, егер, құн ақшаға салынса, ондай шығын болмайды.

      Ақшаның мәнін көрсетуші оның атқарымы болып  есептеледі. Экономиканың кез келген үлгісінде ақшаның атқарымы өзгермей, бір қалыпта қалады. Қазіргі жағдайда да ақшаның атқарымдары бұрынғыдай.

  • Ақша кұнды өлшеуші ретінде.
  • Ақша, айналым кұралы ретінде.
  • Ақша төлем құралы ретінде.
  • Ақша корлану кұралы ретінде.
  • Дүниежүзілік ақша атқарымы ретінде.

      Ақша құн өлшемі ретінде.

      Ақшаның бұл атқарымы оның көлемі мен тауардың өзіндік құны анықталған кезде байқалады. Бұл жерде тауардың өзіндік құны,  оны өндіру жолындағы қажетті шығынмен тең. Олай болса тауар   өндіру,   басқаша   кызмет   көрсету   үшін,   алдымен   еңбек бұйымдарын табу керек, тек содан кейін, солардың көмегімен, керекті өнім шығарылады, болмаса, қызмет көрсетіледі. Осыған байланысты жаңадан шығарылған тауардың өзіндік құны екі элемнттен тұрады. Біріншісі, жоғарыда айтылған еңбек құралдары мен еңбек бұйымдарының құны. Өйткені, ол түгелімен, жаңадан шығарылған өнімнің өзіндік құнына ауысады. Екіншісі, осы өнімді өндіру жолындағы жұмсалатын тірі еңбек күшінің кұны. Сонымен қатар, жаңа өнімнің өзіндік кұнына косылатын, еңбек құралдарының және еңбек бұйымдарының кұны да әрбір тауар   өндірушілерде   бірдей   болмайды.   Өйткені,   барлық   тауар өндірушілердің техника мен жабдықтандырылуы, мамандық дәрежесі және үнемшілдігі әр түрлі. Алайда кез келген тауар, тек қоғамдық қажетті шығынға байланысты бағаға сатылады.

      Тауар өндіруші осы тауарды шығару үшін 10 сағат уақыт шығарса, екінші тауар  өндіруші 13 сағат жұмсады. Тек, осының салдарынан, бірінші өндірушінің  тауарының өзіндік құны 650 теңге  болса, екінші өндірушінің тауарынің  өзіндік құны 800 теңге болады. Бірақ  ол өзінің тауарын 800 теңгеге сата алмайды. Өйткені, мұндай тауардың нарықтық бағасы 700 теңге. Осының нәтижесінде, бірінші өндіруші шығарған шығынын қайтарып, оның үстіне 50 теңге пайда тапса, екінші өндіруші 100 теңге, шығын шекті. Егер осындай тауардың саны жүздеген, мыңдаған болса, пайда да, шығын да соншалық көбейеді. Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.

      Егер  тауар мен ақшның қарама-қарсы  қозғалысы   болмаса,   яғни  тауар   төлем   акрі   түскенге  дейін   сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем кұралы қызметін атқарады.

      Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен  бірге қаржы-несие қатынастарына  да кызмет етеді. Барлық ақшалай төлемдері төмендегідей етіп топтауға болады:

  • тауарларды      және       кызметтерді       төлеуге       байланысты міндеттемелер;
  • чек акрі төлеуге байланысты міндеттемелер;
  • мемлекетке к,атысты к,аржылык, міндеттемелер;
  • банктік   қарыз,   мемлекеттік   және   тұтыну   несие   бойынша борыштық міндеттеме;
  • сақтандыру міндеттемелер;
  • әкімшілік-сот сипатындағы міндеттемелер және басқалары.

      Ақша     төлем     кұралы     ретінде     айналыс     құралынан     өзара

      айырмашылықтары бар. Бұл кызметте ақшалар делдал болып табылмайды, ол тек қана сату-сатып алуды аяқтайды. Нәтижесінде тауарларға қатынасты ақшаның өз бетінше еркін қозғалысы байқалады. Тауарды несиеге сатып ала отырып, сатып алушы сатушыға ақшаны берудің орнына, борыштық міндеттемені жазып ұсынады. Бұл борыш өтелген кезде, ақша төлем кұралы ретінде қызмет атқарады.

      Төлем құралы ретіндегі ақшаның қызметі оның бұдан бұрын қарастырылған кызметтерінен айырмашылығы болғанымен ол олармен берік байланыста екені анық. Ақшаның төлем құралы қызметі, оның кұн өлшемі және айналыс құралы ретінде кызмет етуі барысында көрінуі мүмкін. Ақшаның төлем құралы ретінде қызмет етуінің дамуы резервтік қор құрудың, яғни ақшаның қор және қазына жинау кызметтерінің туындауының қажет екенін көрсетеді.

      Ақшаның төлем құралы кызметін атқаруына  байланысты ақша айналысы өзінің неғұрлым толық көрінісін тапты. Егер тауарлар несиеге сатылса, онда қолма-қол ақша қажет емес. Бұл айналыстың қолма-қол акшаға деген қажеттілігін азайтады. Бірақ төлем мерзімі жақындаған сайын борыштарды жабу үшін ақша айналымының қажеттілігі артады. Өзара өтелетін төлемдер соммасы айналыс үшін ақшаның санын азайтады. Егер қандай да бір бөлімде, борыштық міндеттеме бойынша төлем өз уақытында түспейтін болса, онда бұл өзімен бірге басқа да төлемсіздік тізбесін тудырады.

       

      Дүниежүзілік  ақша қызметі.

        Тауар шаруашылығының кеңеюі, шаруашылық байланыстардың интернационалдануы, дүниежүзілік нарықтың пайда болуы дүниежүзілік    ақшалар    кызметінің    пайда    болуына    себеп    болды. Дүниежүзілік       ақшалар интернационалдық құн өлшемі, халықаралық төлем  және сатып алу   кұралы ретінде қызмет етеді.

      Бұл кызметті бастапқыда толық бағалы ақшалар (алтын), ал кейіннен нағыз ақшалар (шетел валютасы) атқарды. 1867 жылы Париж келісімі дүниежүзілік ақша қызметін алтынға балап бекітті.

      Егер  де елдің ішінде ақша ұлттық ақша бірліктері формасында қызмет етіп жүрер болса, ал одан тысқары жерде К. Маркстің айтуынша: “Ақшалар өзінің ұлттық киімдерін шешіп, бастапқы кымбат бағалы металл формасын киеді , яғни жалпыға бірдей эквивалент формасына өтеді”.

      Бірақ алтын айналасы тұсында да ағымдық  халықаралық есеп айырысуларға алдыңғы елдердің ұлттық валюталары қызмет етті. 1913    жылы    халықаралық    есеп айырысулардың  80 %-зы ағылшын фунтстерлингінде бейнеленген    аударым вексельдер көмегімен жүзеге асырылды, ал алтын халықаралық есеп  айырысулардың қалдығын жабуға ғана кызмет етті. 1976 жылы ақшаның алтын тепе-теңдігі жойылғаннан кейін, көптеген экономистер, енді құнсыз қағаз ақша, дүниежүзілік ақша атқарымын орындай алмайды деген пікірге келді. Бірақ та, ақша әлі де, әртүрлі елдердің және олардың заңды және жеке тұлғаларының, өзара қарым-қатынастарына кызмет көрсетіп жүр. Мысалы, басқа елдің шаруашылықтарымен жеке тұлғалармен алып-сату, ол үшін өзара есеп ажырасу, несие алу, оны қайтару деген сияқты істер жыл сайын өсіп келеді. Осыған байланысты, қазіргі ақша дүниежүзілік ақша атқарымын орындай алмайды деген пікір, онша дұрыс емес. Ақша бұрынғыша өзінің дүниежүзілік ақша атқарымын орындап келеді. Рас, кез келген ұлттық ақша емес, тек еркін айырбасталымды ақшалар (валюталар). Еркін айырбастауға жатпайтын ақшалар дүниежүзілік ақша атқарымын орындай алмайды. Сондықтан ақшалары еркін айырбасталмайтын елдер, алдымен өз ақшасын сол кездегі бағаммен еркін айырбасталынатын ақшаға (доллар, евро, иена сияқты) ауыстырады да, содан соң оның өзінің, керекті халықаралық істеріне жаратады. Сондықтан қағаз ақша, дүниежүзілік ақша атқарымын тіпті орындамайды деген түсінікпен келісуге болмайды. Орындайды, тек тежеулі көлемде.

      Бреттон-Вудстағы {1944 жылы) мемлекетаралық келісімге келу, доллар мен фунт стерлингке резервтік валюталар мәртебесін берді. Кейіннен дүниежүзілік ақшалардың жаңа формалары: СДР — арнайы қарыз алу құқығы; ЭКЮ — еурапалық есепке алу бірлігі пайда болды. Ал 1999 жылдың қаңтарынан бастап Еуропаға ынтымақтастық елдердің ортақ ақша бірлігі " евро" айналымға шықты.

      Демек, дүниежүзілік ақшалардың дамуы ұлттық ақшалардың металл ақшадан несиелік акшаға өту жолын кеш те болса  қайталауда.

      Қазіргі уақытта дүниежүзілік несиелік ақшалардың жобалары жасалуда, бірақ одан әлі нәтиже жоқ. Енгізілген шарты есептесу бірліктердің өзіндік меншікті құндары жоқ, сондықтан да олар толыққанды түрде дүниежүзілік ақшаның қызметін атқара алмайды. Бұл қызметті тек қана алтын нарығындағы операциялар арқылы алтын атқарады. 
 

      1.3 Әлемдік қаржы  тарихы және бүгінгі  күні

      Ең  ескі күйі – алтын стандарт кезеңі. Сол кезде үкіметпен және әр елдің  Орталық банктерімен шығарылған (эмиссияланған) ақша көлемі, әр елдердің алтын, алтын валюталық және тағы да басқа резервтеріне сәйкес келді. 1929 жылғы бүкіл әлемдік экономикалық дағдарыстан кейін, 1944 жылы Бреттон-Вудта  БҰҰ конференциясы өтіп, соғыстан кейінгі әлемдік ақшаларды реттеу мәселесі қарастырылды. Бұл конференцияда  әлемдік валютаның негізгі тірегі алтынмен қамтамасыз етілген АҚШ  доллары болады деп шешілді. Сол  кездегі қамтамасыз етілу деңгейі, бір алтын унциясына 28-29 доллар сәйкес келді.

      Басқа елдердің бекітілген валюталық бағамдары  доллар және алтын-доллар арқылы да ара  қатынаста болды. Кейіннен АҚШ доллардың  жалғыз эмиттенттері және соғыстан кейiн  қалпына келе жатқан әлемнiң жалғыз қаржы доноры ретінде, өз экономикасынан басқа елдерге(бірінші кезекте  Маршалл жоспары бойынша қаржыландырған Еуропаға) алтынмен қамтамасыз етілмеген  қосымша долларды эмиссиялау арқылы, экономистер өрнектейтіндей «инфляцияны  лақтырып тастау»әдісін қолданды.

      Бұл процесс, 80-шi жылдардың басына дейiн  кризистi жарқ етулермен жүрді. Бірақ 60-шы жылдардың өзінде соғыстан кейін  қалпына келген және қатайған еуропа экономистері, АҚШ-тың «капитализм  жүйесі» бойынша одақтастарын «тонау»  арқылы өздерінің экономикалық қуатын жоғарылату саясатына қарсы болды. Және осы доллар массасын АҚШ-қа қандайда бір формада қайтару бойынша  іс-әрекеттерін жүргізуді бастады. Осы іс-әрекеттер ішіндегі ең танымалы Француздықтардың АҚШ-тың Форт-Нокс атты негізгі алтын қоры қоймасына, қағаз долларларымен тиелген  кемені жіберіп, сәйкесінше мөлшерде алтын  эквивалентіне аударуды талап етуімен  сипатталады.

      Бұл шаралар ешқандай нәтиже бермеді. Және АҚШ келесідей шаралар қолданды: доллардың алтынмен қамтамасыз ету  мөлшерін төмендету, кейіннен 1971 жылы Вашингтонның шешімімен долларды алтынмен қамтамасыз етудi жою және «жүзбелі» валюта бағамын енгізу. Сайып келгенде, доллар құнның нақты физикалық баламасынан босатылды. Бiр уақытта капиталдың шекарааралық қайта тоқтары бойынша шектеулер әлсіреген немесе толық алынған.    

      Нәтижесінде доллардан да, алтын баламасынан  да байланысты үзген әлем, эмиссиялау үрдісін жылдамдамдатты. Жоғары табысты  эмиссиялау нәтижесінде ең алғашқы  болып Еуропа, кейіннен Жапония алтынмен қамтамасыз етілмеген қаражаттарын «үшінші әлем» елдеріне лақтыру  саясатын қолданды. Бұл дегеніміз  сол елдерге нақты тауарларға дамыған елдің басшыларының суреті немесе архитектуралық ескерткіштері  тұрған боялған қағаздармен төлем  жасауға рұқсат берген.

      70-ші  жылдары әлемдік қаржы-валюта  жүйесінде интернационализациялау  және қаржылық, қор нарықтарының  көлемдерінің ұлғаюы байқалды. Халықаралық капитал ағымына жол ашалып, оның көлемі мен масштабы инвесторлар, инвестициялық топтар және капитал иелерімен шешіліп отырды.

      80-ші  жылдары қамтамасыз етілмеген  валюта массасын қамтитын әлемдік  «қаржы пирамидасы» көлемін ұлғайтуға,  екiншi және үштiк бағалы қағаздар  және деривативтардың нарығының  шапшаң өсуі байқалды. Мұндағы  айта кететін жайт, екiншi және  үштiк бағалы қағаздар және  деривативтардың нарығы көп жағдайда  нақты активтермен қамтамасыз  етілмеген(активтерге қатты байлану  қажеттігі болмады). Олардың бағасы  және шығарылу мүмкіндіктері  және нарыққа қажеттілігі, нарық  ойыншыларының позитивті немесе  негативті үміттерімен ғана анықталды.

      Сол кездерде танымал «қаржылық көпіршік»  мәні қалыптасты. Ол дегеніміз –  нақты экономиканың физикалық көлемінен: тауар өндірісі, қызметтер, технология, ноу-хау және тағы да басқаларынан әр түрлi қаржы құралдарының номиналды  сомасының үзуi. 80-ші жылдардың соңы мен 90-шы жылдардың басында «көпіршіктің»  номиналдық көлемі мен нақты экономика  құны баламалары арасындағы айырмашылық 30-50-ді құрады.

      Ал 90-шы жылдары капиталдың шекарааралық қайта тоқтарына және «қаржылық  көпіршікке» бұрынғы кеңес блогы  мүшелерін қатыстыру ісі жүрді. «Әлемдік социализм жүйесінің» ыдырауымен, алғашында Шығыс Еуропа елдері, кейіннен Ресей және постсоветтік елдері осы  қаржылық жүйеге енді.

Информация о работе Қазіргі замандағы әлемдік ақшалар