Банк жүйесі және даму эволюциясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 19:45, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму мәселелерін қарастыру себебі, бұл халқымыздың өсіп өркендеуіне, экономикасының дамуына тигізетін пайдасы зор. Біз осы саланың келешек мамандары ретінде банк жүйесінің қазіргі кездегі даму проблемалары мен тенденциялары арқылы оның тиімділігін көрсетуді мақсат еттік.
Жұмыстың негізгі мақсаты банк жүйесінің қалыптасу және даму мәсәлесін ғылыми-теориялық негіздеу және банктердің халықаралық стандарттарға сай болуын тұжырымдау. Отандық экономиканы реформалаудың қазіргі уақытындағы сатысында тиімді, нәтижелі және перспективалы бағыттардың бірі банк жүйесінің дамуы болып табылады.

Содержание

Кіріспе........................................................................................3
I. Банктердің пайда болуы мен дамуы
1.1 Алғашқы банктердің пайда болуы...................................4
1.2 Банктің мәні және оның қызмет ету аясы.......................7
II. Банк жүйесінің мәні, белгілері, типтері
2.1 Банктің экономикадағы рөлі.............................................10
2.2 Қазақстандағы банк жүйесінің даму тарихы...................13
2.3 Банк жүйесінің құрылымы және даму тарихы................15
III. Банк қызметін ұйымдастырудың негіздері
3.1 Банк типтері........................................................................21
3.2 Банк қызметіндегі тәуелділік............................................23
3.3 Банк ісіндегі бәсекелестік.................................................29
Қорытынды...............................................................................32
Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................33

Работа содержит 1 файл

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС АНБ.doc

— 213.00 Кб (Скачать)

              XVI-XVII ғасырларда Венецияда, Генуеде, Миланда, Амстердамда, Гамбургте, Нюркбергте саудагер клиентте арасында қолма қол ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асыру үшін Жиробанктер құрылды. Жиробанктер өздерінің клиенттері арасында белгілі салмағы бар бағалы металдардан жасалан ақша бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізді. Өздеінің ос ақша қаражаттарын жиробанктер мемлекетке, қалаларға және артықшылығы бар компанияарға ссудаға берді. Ал кейбір мамандар банкті одан да ерте мерзімде феодализм тұсында, пайда болған деп атайды. Олар феодалдық шаруашылық тұсында банктегі төлемдегі делдалдық қызметінің қажеттілігінен пайда болғанын айтады /3/. Дегенмен осы декектерге сүйене отырып, банктердің пайда болуының екі мың жылдық тарихы бар екендігін айтуға болады. Банк италян сөзiнен Bank – орындық мағынада “Айырбас орындағы-Айырбас орны” дегендi бiлдiредi. Бұл айырбас орыны туарлармен сауда жасалатын алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттермен қалалардың жекелеген тұлғалардың әртүрлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың біртұтас жүйесі болмағандықтан, олардың сауда саттық барысында әртүрлі формадағы монетаар кедескен. Банктер пайда болар алдын ақша сауда капиталының өкілдері саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әртүрлі елдің ақшаларын айырбастуға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар бұл салымдарды, сондай ақ өздерінің ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастады. Сөйтіп айырбастаушылар біртінде, банкирлерге айналды. Біздің түсінігімізше банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың айырбас орындарының болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің Италияда пайда болу себебі, оның сол уақыттарда дүниежүзілік сауда орталығы болғандығы ескеріп, әр елдің ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердің сауда операцияларына тікелей қатысуына байланысты түсіндіріледі. Тарихшылардың пікірінше, б.э.д. 2300 жыл бұрын холдейлердің сауда компаниялары пайда болып, оар өздерінің тікелей қызметтерімен қатар, ссудалар берген. Олар б.э.д. IV ғасырда Ежелгі Грецияда да жасалған. Бір айта кететіні, ежелгі гректер салым қабылдай отырып, белгілі бір ақы төлеу арқылы ақшалар айырбасын жүргізіпи отырған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

              III. Банк қызметін ұйымдастырудың негіздері.             

                                          3.1 Банк типтері

              Банктің жарғылық қоры қандай көздерден қалыптасқанына қарай банк туралы заңдарда олар мемлекттік, жеке, акционерлік, аралас және шетелдік болып жіктеледі.

              Банктерді акционерлік формада ұйымдастырудың ерекшілігі мен артықшылығы неде? «Шаруашылық серіктестіктері менакцирнерлік қоғамдар туралы» заңға сәйкес, біріншіден, акционерлік қоғам – бұл заңды тұлға. Онда құрылтайшылардың меншік құқығы Ұлттық лицензиясы негізінде шығарылған акциялармен айғақталады. Акционерлердің үлесі мен банктің табысы сатып алынған акциялардың санына тікелей тәуелді болады. Акционердің жауапкершілігі сатып алынған акцияның сомасымен ғана шектеледі. Банк таратылған жағдайда немесе банкротқа ұшырағанда барлық талапхаттар жекелеген акционерлерге емес,банкке ұсынылады, яғни банктен талап етіледі.

              Акционерлердің банкті басқару бойынша жауапкершілігі басқарманы сайлаумен және жылдық жиналыста  банк саясатының мәселелері бойынша дауыс берумен шектеледі.

              Банкті акционерлік емес формада ұйымдастыру қатысушылардың құқығын растайтын қандай да бір формалдық айғақты қажет етпейді.

Банктер мен олардың клиенттері арасындағы қарым-қатынас

              Клиенттерді таратудағы банктердің арасында күшейе түскен бәсекелестік банктердің клиенке, олармен серіктестік қатынасты орнатуға қатысты ұйымдастыру мәселелеріне айрықша назар аударуын талап етеді. «Қазақстан Республикасындағы Банктер мен банктің қызметі туралы» заңның 33-бабы бойынша банктер тең құқықты серіктестіктер ретінде алға шығып, өз операцияларын еркін кредит ресурстары нарығында жүзеге асыра асыра алады.

              Өз қызметінде олар өздерінің клиенттеріне қаражатты орналастырудың,  кредитті алудың жақсы жағдайын, банк қызметінің ауқымды спектріне ұсынумен бір-бірімен бәсекелеседі. Банк өз клиентінің алдында дауапты болады.

              Банктердің клиентпен жүргізнтін экономикалық жұмысы банкке клинеттерді таратудан бастап, олардың шоты бойынша әр түрлі банкті операцияларды орындауға дейін банк қызметінің барлық жағын қамтиды.

              Банктер клиенттерді өз жағына тартуы үшін нақты жұмысты жүргізуге тура келеді – жарнама, жаңа қызмет түрлерін енгізу, келіссөдер жүргізу, қаржылық жағдайды алдын ала талдау, әр түрлі келісімшарттарды әзірлеу әрі бекіту және т.б. Бұл жұмыстардың барлығы да өз активтері мен пассивтерін басқару жөніндегі қызметімен тығыз байланысты.

              Клиенттермен жүргізілетін жұмыс әр түрлі келісімшарттарды бекітудің негізнде құрылады: есеп айырысу, кассалық және кредиттік қызмет көрсетулер, бірлескен қызмет, депозит шоттарын ашу әрі жүргізу және т.б. туралы келісімшарттар.

              Клиенттердің ағымдағы әрі есеп айырысу шоттарын ашу және олар бойынша операцияларды жүзеге асыру есеп айырысу мен кассалық-есеп айырысу қызметтері туралы келісімшарттың негізінде жүргізіледі.

              Есеп айырысу қызметін көрсету жөніндегі келісімшартта есеп айырысу немесе ағымдағы шотты ашудың шарты және олар бойынша операцияларды жүзеге асырудың шарты көрсетіледі. Кассалық-есеп айырысу қызметін көрсету туралы келісімшартта бұдан басқа кассалық операцияны жүргізудің тәртібі реттеледі. Есеп аийырысу тәртібі құжаттардың белгіленген мерзімде өту кепілдігін қамтамасыз етуі керек.

              Орындауға жатпайтын банктік операциялар жүзеге асырылған жағдайда банк пен клиент ҚР-ның Парламенті бекіткен ҚР-дағы қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың тәртібін бұзғаны үшін салынатын экономикалық санкцялар туралы ережеге сәйкес жауап береді.

              Банк пен клиенттің бірлескен қызметі жүзеге асырылатын болса, бірлескен қызмет туралы келісімшар бекітіледі. Онда тараптардың құқықтары мен міндеттері, олардың арасында пайданы бөлудің әрі қаржыландырудың тәртібі айтылады.

              Клиентті кредиттеу банк пен клиент арасында бекітілген кредит келісімшарты негізінде жүзеге асырылады. Бұл келісімшарт ссуданы берудің және өтеудің мерзімін, шарты мен тәртібін,              тараптардың құқықтары мен міндеттерін, ссуда бойынша кепілдікті және пайыздық мөлшерлемені реттейді.

              Кейбір банктерде кредит келісімшарттарымен қатар кредит хаттамасы пайдаланылады. Кредит хаттамасы ағымдағы жылға жасалады.  Онда жекелеген сәттер, мысалы, тиімділіктің баршаға ортақ және өзіндік ерекшеліктері бар критерийлері, жекелеген кредит түрлерін берудің шарттары нақтыланады. Депозиттік шоттарды ашу әрі жүргізу туралы келісімшарт осы депозиттік ашылатын мерзімі, ол бойынша пайызды төлеудің тәртібі, осы депозиттік шоттан қаражатты өндіріп алудың тәртібі туралы мәліметті қамтитын болады.

              Барлық аталмыш келісімшарттар клиенттің өзара сипатын анықтайды. Келісімшарттар олардың арасында болатын келіссөздердің бір-бірінің қызметін алдын-ала мұқият зерделеудің нәтижесінде бекітіледі. Банк нақты әдістеме бойынша, көбінесе өтімділік, айналымдылық, қаражатты тарту және пайдалылық секілді негізгі 4 көрсеткішке сүйеніп, серіктесінің қаржылық жағдайы мен кредит қабілеттілігін талдайды.

              Жоғарыда аталған келісімшарттар банктің бастамасымен және клиенттің бастамасымен де бұзылуы мүмкін. Бекітілген келісімшарттардың бұзудың тәртібі мен шарты айтылатын болады. Келісімшарттардың бұзылуына мыналар себепкер болуы мүмкін: тараптардың өз міндеттемесін орындаудың мүмкін еместігі, тараптардың өз міндеттемесін теріс пайдалану және т.б.

              Депозиттермен жүргізілетін ағымдағы экономикалық жұмыс банктердің пассивтерді басқаруы бойынша қызметінің маңызды бағыттары болып табылады. Бұл банк клиенттерінің шоты бойынша қаражаттың қозғалысын талдаудың және ең өтімді депозиттер тобын өтімділігі аз депозиттер тобына түрлендірудің мүмкіндіктерін анықтауды ұйғарады. Мұндай талдау банкке сенімсіз клиенттерді және төлем тәртібін бұзушыларды анықтауға мүмкіндік береді.

 

3.2 Банк қызметіндегі тәуелділік

              Нарықтық экономика жағдайында банк саласында банктер әр түрлі операцияларды жүзеге асыру барысында өз мойнына алатын қатерді дұрыс бағалай берудің маңызы жоғары.

              Нарықтық қатынастың қалыптасқанына қарай тәуелділік ұғымы банк өміріне дендеп енетін болады. Тәуелділік кез келген операцияда бола береді, алайда, олардың ауқымы әр түрлі. Сондықтан да банк қызметінде тәуелділіктің мүлдем болмағаны маңызды емес, оны аз шамадағы деңгейге дейін жеткізу және кеміту маңызды.

              Банк тәуелділігі дегеніміз не? Әдетте «қатер» сөзін естігенімізде оның болу ықтималдылығы алдымен еске түседі, дәлірегі, банктердің өз ресурстарының, табысының бір бөлігінен айырылып қалу қаупін немесе қаржылық операцияларды жүзеге асыру барысында қосымша шығын шығару қаупін ұғамыз. Банк қызметі залалсыз болуы үшін шығын, ысырап, залал секілді категорияларға бағдарланып, оларды қолдану қажет.

              Ысырап. Банк қызметіне тән тәуелділікті сипаттайтын қорытындылаушы көрсеткіш тұрғысындағы банк пайдасының болжанбағын кемуі ретінде ұғылады. Бұл көрсеткіш өзіне шығын мен залады ұштастырады, сол себепті де қатердің деңгейін басқа көрсеткіштерге қарағанда анық сипаттай алады. Қатер мен ысырап ұғымдары бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Осыған қарай, қатерді ысырап категориясын пайдалана отырып, сандық тұрғыдан сипаттауға болады. Бұл тәсілдеме тәуелділік теориясын дамытудың базасы болып табылады.

              Шығын. Банк өз қызметінде белгілі бір шығын шығарады. Бұлар салымшыларға төленетін пайыз; өзге қаржылық институттан қарызға алынған кредит ресурсы үшін төлем; есеп айырысу операцияларымен бағалы қағаздармен байланысты шығындар; жұмыскерлерді, үй-ғимаратты және т.б. ұстауға кететін шығындар. Шығын категориясын айтқанда болжанбаған жағдайда белгіленген жағдайда белгіленген шығыннан да көп шығынның шығып кету қатері пайда болатынын ескереміз.

              Табысты ала алмауда көрінетін немесе белгіленген шығыннан да көп шығын шығару жағдайында көрінетін залал алдағы кезеңнің операцияларын жеткілікті дәрежеде талдамаған кезде, жаңсақтыққа ұрынғпн жағдайда немесе ахуалды болжауға келмейтін жағдайда пайда болады. Нашар кредит портфелімен коньюнктураны жеткіліксіз есептеумен байланысты мұндай залалдардың қатері банктің қызметіне үлкен қауіп төндіреді. Кез келген қызмет түрі белгілі бір қатермен байланысты. Нарық жағдайында жұмыс істейтін кез келген кәсіпорын секілді банк те ысырап пен банкротқа ұшырау қатерінен алыс кете алмайды, яғни, олар да ысырап пен банкротқа ұшырауы мүмкін. Банк басшылығы пайданы барынша көп алуға ұмтылумен қатар, ысырап пен залалды да барынша кемітуге ұмтылады.

              Бұлардың барлығы да белгілі бір дәрежеде банк пен қожайындарының және олардың салымшыларының мүдделі сәйкеспеуіне байланысты бір біріне қайшы болады. Банк қожайындары қосымша пайда алуға ұмтылып, осы үшін тәуелділікке барса, салымшылар үшін банкке сеніп тапсырған өз қаражатының аман сақталуы маңызды. Табыстылық пен тәуелділіктің арасындағы оңтайлы арақатынасты ұстап тұру банктерді басқарудың ең басты әрі ең күрделі мәселесі болып табылады.

              Банктерде негізгі қатер оның портфелінің құрылымымен, яғни банк ресурстары салынған қаржылық активтердің жиынымен байланысты болады. Іс-тәжірибеде порфельдік қатердің төрт негізгі түрі белгілі: кредит тәуелділігі; өтімділік тәуелділігі; пайыз мөлшерлемелерінің өзгеру қатері; валюталық тәуелділік.

              Кредит тәуелділігі (кредитный риск) – қарыз алушының өз қаржылық міндеттемесін орындамағанына байланысты орын алатын банк ссудасын қайтармау қатері.

              Ол ссуда порфельінің сапасымен тікелей байланысты. Кредит тәуекелінің 3 түрін бөліп көрсетуге болады: теріс пайдалану қатері; шетелдік кредит бойынша тәуелділік; ішкі қарыз бойынша төлемеу, яғни қарыздың қайтарылмай қалу қаіпі.

              Теріс пайдалану (злоупотребление) – біздің республликамызда 1991-1993 жж. Аралығында орын алған банктердің үмітсіз берешегінің ең көп тараған себебі. Тексеру барысында маусымдық егіз жұмысына, астық жинауға, өзіндік қаражатты толықтыруға бөлінген мақсатты кредит ресурстарын мақсатсыз пайдаланғанын растайтын көптеген фактілер анықталды. Бұл жеңілдікті кредиттер басқа банктердің кредиті бойынша берешектерді өтеуге, машиналарды, сән-салтанат бұйымдарын сатып алуға жұмсалған. Алаяқтық (алып-сатарлық) жағдайларда, орын алған, атап айтқанда, бұл кредиттер коммерциялық құрымдарға нарықтық баға бойынша сатылған валютаға айырбастаған және т.б.

              Теріс пайдалану қатері банк жүйесінде 80-ші жылдары кезінен тарады. Бұл қатердің түрінен АҚШ-тағы барлық банктердің жартысынан көбісі банкротқа ұшырады. Директорлармен жоғары лауазымды қызметкерлер кредитті өз туыстары мен достарына берген, сондай-ақ, кредитті қарыз алушының қаржылық жағдайын тексермей беру секілдісақтық шаралары қолданылмаған.

              Шетелдік кредит бойынша қатері әсіресе 70-ші жылдары дамыған елдердегі қарыз алушылар кредиті бойынша төлемдердің жаппай кешіктірілуімен байланысты орын алды. Бұл АҚШ-тың бірталай аса ірі банктерінің банкротқа ұшырауына себеп болды.

              Ішкі қарыз бойынша төлемзіздік қарыз алушының төлем қабілетсіздігін тудыратын барлық факторларды анықтау қиындығымен байланысты.

Информация о работе Банк жүйесі және даму эволюциясы