Банктік менеджмент

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Января 2012 в 14:57, биография

Описание работы

Банктік менеджмент — бұл менеджмент жүйесіндегі айрықша сала болып саналады.
Менеджмент — ұйымдастыру мен басқарудың неғұрлым тиімді жүйесі туралы ғылым.
Банктік менеджмент — клиенттердің қаржылық дамуына неғұрлым қолайлы жағдай жасау мақсатында алуан түрлі банк қызметтерін көрсету мен онұперациялар жасау және жаңа нарыктар қалыптастыру үшін банктің, жекелеген орындаушылардың мүдделеріне әсер ету процесі болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Банктік менеджмент.doc

— 71.00 Кб (Скачать)

         Банктік менеджмент — бұл менеджмент жүйесіндегі айрықша сала болып саналады.

Менеджмент  — ұйымдастыру мен басқарудың неғұрлым тиімді жүйесі туралы ғылым.

Банктік менеджмент — клиенттердің қаржылық дамуына неғұрлым қолайлы жағдай жасау мақсатында алуан түрлі банк қызметтерін көрсету мен онұперациялар жасау және жаңа нарыктар қалыптастыру үшін банктің, жекелеген орындаушылардың мүдделеріне әсер ету процесі болып табылады.

Басқару катынасы менеджмент предметі болып  саналады. Банкті басқару қатынасы баскару процесіңдегі жекелеген орындаушылардың тұрақты өзара байланысының неғұрлым күрделі кешенін білдіреді. Банк қызметін табысты жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасау — маңызды баскару кызметінің бірі болып саналады.

Банктік менеджменттің жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, ынталандыру және бақылау сияқты қызметтері беліп көрсетіледі.

Банк  капиталын, оның ресурстарын басқару, активтер мен пассивтерді кешенді  басқару әдістерін жасау банктік  менеджменттің объектісі болып  саналады.

Өз ісінің басқару субъектісін білуден, өз еңбегі мен ұжымды ұйымдастыра алудан, өзін-өзі шығармашылықпен дамытуға қызығушылықтан, өзі айналысатын істің даму болашағын көре білуге қабілетті нақты ахуалды тек бағалай алатыңдықтан алға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін оңтайлы шешім таба білетіндіктен тұратын адам факторы менеджменттің негізін құрайды.

Дамыған елдерде менеджмент өндіріс тиімділігін  арттырудың маңызды факторларының  қатарына жатқызылады. Соңғы жылдары  оған айрықша маңыз берілуде, өйткені  менеджмент, қосымша капитал салуға жүгірместен, шығындарды салыстырмалы түрде азайту жағдайында жоғары түпкі нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Менеджменттің негізгі мақсаты — неғүрлым тиімді басқару жүйесін қолдану жолымен пайда алу болып саналады.

Пайда алуға ұмтылу — менеджменттің жаңғыз ғана мақсаты емес. Казіргі заманғы менеджменттегі әлеуметтік әдептің (этиканың) рөлі өсе түсуде, бұл, өз кезегінде қоғамдық қажеттілікті қанағаттандырудағы менеджмент қызметіне екпін түсіруді білдіреді. Баюға, пайданың өсуіне ұмтылу емес, қоғамға қажетті тауарлар мен қызметтер өндіруді ұлғайту — кәсіпкерліктің әлеуметтік әдебін (этикасын) анықтайтын жайлар, міне, осылар болып табылады. Соңғы жылдары оның мақсаттарына, сондай-ақ, онсыз адамдар өзінің мүмкіндігін толық түрде көрсетіп және толық қайтарыммен жұмыс істей алмайтын ұжымдардың әлеуметтік бағдарламаларын шешу жатқызылады. /2.166-172б/ 

Менеджмент  ғылым ретінде, бүкіл қызмет аясы үшін ортақ болып саналатын келесідей  қағидаларды сипаттайды: 

•   нақты мақсаттарға жетуге басқару  субъектісінің әрекетін

бағыттау; 

•   мақсаттың бірлігі, оған жету құралы мен нәтижесі; 

•   өзіне жоспарлау, талдау, реттеу және бақылауды енгізетін басқару  процесінің кешеңділігі; 

• үздіксіздікті  қамтамасыз ететін болашақ және ағымдағы жоспарлаудың бір тұтастығы; 

• жүзеге асырудың маңызды факторы ретінде қабылданатын басқару шешімдерін бақылау; 

• бүкіл  ұжымның және оның әрбір мүшесінің  табысқа жетуі үшін шығармашылық белсеңділікті материалдық және моралдық ынталандыру; 

• мүмкіндігін  барынша жоғары түрде пайдалануға мүмкіндік беретін ұжымның әрбір мүшесіне жеке тұрғыдан келу; 

• әрбір  кызметкердің өзінің біліктілігін арттыруға, кызмет аясында жаңа білім игеру  мен тұрақты окуға деген қызығушылығы; 

• ұжымдағы оң психологиялық ахуалға бағдарлану; 

• қызметтік  және басқару міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін басқарудың ұйымдық құрылымының икемділігі. 

Банк  қызметкері үшін менеджмент негіздерін білу екі тұрғыдан маңызды болып  саналады. Ең алдымен, банк экономисі  банк клиенті болып саналатын  немесе болғысы келетін кәсіпорындардағы, ұйымдардағы, кооперативтердегі менеджмент деңгейіне баға бере білуі қажет.

Менеджменттің барлық қағидалары, мақсаттары мен  міңдеттері банктерге де тән болып  саналады.

Банктік менеджментті тұтастай түрдегі "менеджмент" түсінігінен жеке түрғыда зерттеуге болмайды. "Менеджмент" - бұл басқару жүйесі, басқаруға деген келістер, бұл - адам ойлары мен оның әрекеттерінің жиынтығы.

"Банктік  менеджмент" - жетекшінің, жауапты  қызметкерлердің білім-біліктілігі  мен шеберлігі арқылы қарастыру  көзделеді.

Банк  менеджері мынадай сапаларға ие болуы тиіс: өз ісін жетік білу; жоғары эрудиция; құзырлылық; клиенттермен сөйлесе білу; қабылданатын шешімдерге илану, мәдениет, әдеп.

Егер  менеджмент сапасыз болатын болса, банктің жұмыс нәтижесі де нашар  болады.

Банктік менеджменттің, аталмыш бөлімшенің қоғамдық еңбек бөлінісі қызметінің сипатымен байланысты өзіне тән өзгешеліктері бар.

Банк  қызметінде бір мезгілде, әріптестік сипатты білдіретін шарттық қатынас  маңызды орын алады. Әріптестік қатынастарға сенім, өзара тиімділік, шешім қабылдау мен әрекет етудегі ұжымшылдық сияқты белгілер тән болып саналады.

Ол ең алдымен, келесілерден тұратын банкілік менеджменттің өзіндік мақсаттарын  айқындайды: 

•  ақша нарығы жағдайындағы шаруашылық жүргізуші  субъекті ретіндегі банктің •           несие беруші мен салымшы мүдделерінің сақталуы мен

банк  сенімділігінің кепілі ретіңде банк балансының өтімдігін

камтамасыз  ету; 

• іскерлік байланыстардың ұзактығы мен тұрақтылығын келістіретін, банк көрсететін қызметтердің көлеміне, құрылы-мына және сапасына деген клиенттердің қахеттіліктерін жо-гары деңгейде қанағаттандыру; 

• аталмыш  ұжымның өндірістік, коммерциялық жөне әлеуметтік проблемаларын табысты  шешудің үйлесімі; 

• олардың  әлеуетті мүмкіндіктерін неғұрлым толық  жүзеге

асыруға мүмкіндік беретін мамандарды даярлаудын, қайта да-

ярлаудың  жөне орналастырудың тиімді жүйесін  жасау. 
 
 
 

          Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, ком-мерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдалану-мен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым- қатынас-та болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады.

Кәсіпорынның  уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақ-сылығын көрсетеді. Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қар-жылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.            

       Бухгалтерияның табысты және тұрақты жұмыс істеуінің шарты - сауатты ұйымдастырылған бухгалтерлік есеп болып табылады. Ретсіз, жүгенсіз жүргізілген бухгалтерлік есеп жүйесі бухгалтерлердің қатасы мен есептік деректерді өңдеуге кететін уақытты тиімсіз жұмсауға алып баруы мүмкін. Бухгалтерлік есеп жүргізудің мақсаты – ең аз шығындармен бастапқы құжаттарды өткізіп, есептілікті алуға мүмкіндік беретін ең қолайлы есеп схемасын әзірлеу және ендіру болып табылады.

      Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру келесі құжаттарды әзірлеуді білдіреді:

Бухгалтерлік  есеп және салық салу мақсаттарына арналған ұйымның есептік саясаты

Бастапқы  құжаттарға қол қою құқығы бар  лауазымды тұлғалар тізімі және олардың  қолтаңбаларының үлгісі

Кәсіпорын басшысының бекітілген лауазымды тұлғалар тізімінде көрсетілмеген тұлғаларға бастапқы есептік құжаттарға қол қою құқығын беруі туралы бұйрық жобасы

Түзету  өткізулері туралы бухгалтерлік анықтама формасы

Өкілдік мақсаттарға арналған қаражатты  есептеу және шығындау тәртібі туралы Ереже

Касса қалдықтары лимитін бекіту туралы бұйрық жобасы

Типтік  шаруашылық шарттар альбомы

Бухгалтерлік  қызмет туралы ереже

Жұмысшылардың лауазымдық нұсқаулары

Материалдық жауапкершілік туралы шарттар.

Құжаттарды  ағымдағы мұрағаттау тәртібі туралы ереже

Өзге  де құжаттар

                Бухгалтерлік құжат-операциялардың орындалғаның растайтын немесе оны орындауға заңды түрде құқық беретін жазбаша куәлік. 

Құжаттардың нысандары келесі есеп бөлімдері  бойынша топтасады: 

1.Ауыл  шаруашылық өніммен шикізат 

2.Еңбек  және еңбекақы 

3.Негізгі  құралдармен материялдық емес  активтер 

4.Материялдар 

5.Кем  бағалы және тез тозғыш заттар 

6.Капиталдық  құрылыстағы жұмыс 

7.Құрылыс  машиналармен механизмдердің жұмысы 

8. Кассалық  операциялар 

9. Сауда  операциялары 

Есептеу процесінде ыңғайлы және дұрыс болуы  үшін құжаттар келесі ерекшеліктері  бойынша жіктеледі: мақсаты бойынша, құрастырылған орнына байланысты, көрсету  тәсілі және операция мазмұнының көлемі бойынша.

Мақсаты бойынша құжаттар үкімдік, атқарушылық, бухгалтерлік және құрамдастырылған б.б.

Үкім  құжаттарына – шаруашылық операцияларды  жүргізуі туралы бұйрықтар мен өкімдер  жатады.

Атқарушылық құжаттар – шаруашылық операциялардың орындалғанын көрсетеді. Бұл құжаттарға – тауарлық материалдық қорларды алу үшін толықтырған түпқұжат (накладной) , кассалық кіріс ету және кассалық шығыс ордерлері және т.б. жатады.

Бухгалтерлік  толтырылған құжаттар – ұйымның  бухгалтериясы жасаған әртүрлі  анықтамалар – бухгалтериялық есеп шоттар бойынша орындалатын операцияларға негіз болатын ісінің бухгалтерлі толтырған есеп айырысулар, негізгі құралдар, материалдық емес активтер, материалдар, ж/к сақтандару аударымдары, еңбек ақы көлемдері және т.б. бухгалтерия толтырылған құжаттар жатқызылады.

Толтырылатын  орнына байланысты құжаттар ішкі және сыртқы б.б.

Ішкі  құжаттар д/з белгілі бір кәсіп  орында толтырылып оның ішінде жүргізілетін құжаттар б.т.

Сыртқы  құжаттарға – кәсіпорынға басқа  ұйымдарға келіп түскен немесе ұйымның  басқаларға түрлі операциялар бойынша  жіберген құжаттарын жатқызамыз.

Операциялық көрініс алу тәсіліне байланысты бухгалтерлік құжаттарды алғашқы (бастапқы) құжаттар және жиынтық (сводные) құжаттар деп бөліп қарастырады.

Алғашқы құжаттардың өзі олардың толтырылатын операцияларының мазмұнына қарай  бір рет қолданылатын және жинақталған  деп екі түрде бөлінеді.

Бір рет (құжатталатын) қолданылатын құжат  арқылы бір ғана операция құжатталады  немесе ондай құжат орындалған операцияның соңында ғана толтырылады. Мысалы: тауарды босату үшін толтырылатын накладнойлар.

Жинақталған құжаттарды белгілі бір мерзім аралағанда орындалған бір тектес операциялар  жазылады.

                                         Материалдық емес активтер есебі.

Материалдық емес активтердің жіктелінуі мен  бағалануы және есептелінуі

Материалдық емес активтері деп – белгілі  бір нақтылы табиғи пішіні жоқ, ақша немесе зат түріндегі активтер қатарына жатпайтын, бірақ қандай да бір бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан кәсіпорынға өнім өндіруде, тауарларды сатуда, қызмет көрсетуде, негізгі құралдарды жалға беруде немесе әкімшілік қызмет барысында үнемі, яғни ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық уақыт) қосымша табыс (пайда) әкеліп тұратын активтерді айтамыз.

Информация о работе Банктік менеджмент