Халықаралық инвестициялық ынтымақтастық

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 09:35, реферат

Описание работы

Халықаралық ынтымақтастық «Самұрық-Қазына» АҚ қайраткерлігінің маңызды құрамы болып табылады, Қор алдында қойылғана негізгі мақсаттарға – ұлттық әл-ауқат өсуі және Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасын жаңғырту және әртараптандыруға жәрдемдесудіқамтамасыз ету жету үшін қажетті.

Работа содержит 1 файл

ҚР білім және ғылым министрлігі.doc

— 91.00 Кб (Скачать)

Қордың қамқорлығымен Қазақстан-Жапон Іскерлік Кеңесі қызмет істейді, Қазақстан-Корей Іскерлік Кеңесінің жұмысы басталды. Ағымдағы жылы Қазақстан-Қытай Іскерлік Кеңесін жасау жоспарлануда.

Халықаралық қаржы ұйымдары 
Банктің инвестициялық мүмкіндіктерінің өсімін қамтамасыз ету және Қазақстанның оң беделін қалыптастыру үшін халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастықты дамытуға көп көңіл бөлінеді. Банк түрлі қауымдастықтарға қатысу, халықаралық институттармен өзара қарым-қатынас жасау, біліктілікті ұдайы арттыру, түрлі конференцияларға, саммиттер мен семинарларға қатысу арқылы өз жұмысында табысты жұмыс істейтін басқа даму институттарының тәжірибесін зерделеуге және пайдалануға тырысады. Банктің іскерлік байланыстарын кеңейту ірі қаржы ұйымдарымен белсенді ынтымақтасуға ғана емес, экономиканы әртараптандыру жөніндегі міндеттерді жылдам шешу мақсатында елімізге шетелдік инвесторларды белсенді тартуға да мүмкіндік береді.

Осы мақсатта Банк түрлі халықаралық іс-шаралар өткізеді, олардың жұмысына халықаралық қаржы ұйымдарының, рейтингтік агенттіктер мен аудиторлық компаниялардың өкілдері, сондай-ақ мүдделі инвесторлар қатысады.

2003 жылдан бастап Банк Азия және Мұхит жағалауы елдері Қаржы Даму Институттары Қауымдастығының (ADFIAP) мүшесі болып табылады және Директорлар Кеңесінің құрамына кіреді.

Банктің табысты халықаралық қызметіне халықаралық қаржы ұйымдарының Банкке түрлі марапаттаулар беруі растау болып табылады. 2005 жылы «Euromoney» халықаралық қаржы басылымы Банкке «Дүниежүзіндегі ең серпінді даму банкі» марапаттауын берді. 2006 жылы «Euromoney» қаржы басылымы Банкті «Орталық және Шығыс Еуропада корпоративтік басқару саласындағы көшбасшы банк» номинациясында жеңімпаз деп таныды. Бұдан басқа, Банктің жобаларын 2005 және 2007 жылдары ADFIAP көлік және энергетика инфрақұрылымы, байланыс, технология саласында үздік деп таныды.

Банк Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) шеңберінде Банкаралық Ұйымның (БАҰ) толыққанды қатысушысы болып табылады. 2007 жылғы қазаннан бастап банк ШЫҰ БАҰ төрағасы болып сайланды.

Өз қызметін кеңейту мақсатында банк ірі халықаралық қаржы ұйымдарымен белсенді ынтымақтасады. Құрылған сәтінен бастап Банк Ресей Сыртқыэкономбанкі, Румыния Экспорт-Импорт Банкі, Корей Даму Банкі, Еуропа Қайта құру және Даму Банкі, Ислам Даму Банкі, Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Банкі (JBIC), Қытай Даму Банкі, Түркия Даму Банкі, Солтүстік Инвестициялық Банк (NIB), JP Morgan, Мерил Линч (Merrill Lynch), ABN AMRO, UBS, Америка Банкі, Словакия Республикасының, Испанияның Экспорт-Импорт Банкі және т.б. ұйымдармен бірқатар меморандумдар мен келісімдерге қол қойды.

Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдары 
Ұлттық экономиканы одан әрі жаңғырту және әртараптандыру басымдықтарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдары мен даму институттарының қағидаттары мен әдістерін үйлестіре отырып, өзара ұтымды ынтымақтастық өңірлік және халықаралық маңызы бар «серпінді» жобаларды іске асыруға және Қазақстан экономикасының басым салаларына жаңа капитал салымдарына ықпал ететін болады деп ұйғарады.

Банк Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығының мүшесі болып табылады, ол қаржы нарығын дамыту, реттеуші заңнаманы жетілдіру және уәкілетті мемлекеттік органдармен тығыз ынтымақтастық жүргізу мәселелерімен айналысады. Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығының басшылығымен салыстырмалы аз уақыттағы қызметінде қор нарығына қатысушылардың көбі, оның ішінде банктер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар, аудиторлық және консалтингтік компаниялар, ғылыми-білім беру ұйымдары бірікті.

Екінші деңгейдегі банктермен өзара іс-әрекет жасасу шеңберінде Банк түрлі салаларда ынтымақтасудың мүмкін нысандарын әзірлейді: металлургия, машина жасау, химия және мұнай-химия, фармацевтика, тоқыма және тамақ өнеркәсібі, көлік инфрақұрылымы және логистика, құрылыс материалдарын өндіру және құрылыс, энергетика (СБЭС, АЭС, ЖЭО және энергияның баламалы көздері) саласында инвестициялық жобаларды бірлесіп қаржыландыру; халықаралық жалпыға бірдей банк практикасын ескере отырып, синдицирленген кредиттер беру және тарту; экспорттық операцияларды қаржыландыруды ұйымдастыру; инвестициялық жобаларды лизингтік қаржыландыру; өкілдердің тағылымдамаларға, семинарларға, конференцияларға, тренингтерге, бизнес-форумдарға және басқа да іс-шараларға қатысуы жолымен тиісті қызмет салаларында жинақталған тәжірибе мен білім алмасу.

Ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ мен «Альфа-Банк» ДБ АҚ, «АльянсБанк» АҚ, «ТұранӘлем Банкі» АҚ, «Центркредит Банкі» АҚ, «Қазкоммерцбанк» АҚ, «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ арасында жобаларды бірлесіп қаржыландыру саласында Ынтымақтастық туралы келісімге қол қою алғашқы қадам болды, ол инвестициялық ынтымақтастыққа негіз салды.

Сондай-ақ ҚР қаржы секторы мен экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-әрекеттер жоспары шеңберінде Банктің инвестициялық басымдықтары мен кредит саясатына сәйкес перспективалық инвестициялық жобаларды қайта қаржыландыру саласында екінші деңгейдегі банктермен белсенді ынтымақтасады.

Мемлекеттік органдар 
Банк өз қызметінің басынан ҚР мемлекеттік органдарымен ынтымақтастықты нығайтуға көп көңіл бөледі. Банктің өз құзыретінің шегінде ҚР Президенті, ҚР Парламенті, ҚР Үкіметі, «Қазына» ОДҚ» АҚ және басқа мемлекеттік органдар (ҚР Ұлттық Банкі, Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі және т.с.с.) алдында тұрақты есептілігі қамтамасыз етілді. Банктің өкілдері ҚР Үкіметі және мемлекеттік органдар өткізетін кеңестерге, семинарларға және басқа да іс-шараларға қатысады. 
Банктің қатысуымен қаржыландырылатын инвестициялық жобалар мен экспорттық операцияларды іріктеу кезінде, сондай-ақ оларды тұрақты негізде табысты іске асыру үшін мынадай жұмыс жүзеге асырылады: 
- Банк қызметін таныстыруды жүргізе отырып, іске асырылатын және жаңа жобалар мен операциялардың мәселелері жөніндегі мақсатты өңірлік іссапарлар жүргізіледі; 
- жергілікті атқарушы органдармен ақпараттық өзара іс-әрекет ету жолға қойылған (әкімдіктерге тоқсан сайын қарауда жатқан өңірдің жобаларының іске асыруға мақұлданғаны немесе мақұлданбағаны туралы ақпарат жіберіледі); 
- өткізілетін республикалық және өңірлік конференцияларға, семинарларға, форумдар мен кеңестерге белсенді қатысу ұйымдастырылады.

Даму институттары 
Қызмет тиімділігін арттыру, үйлестірілген жұмысты қамтамасыз ету және экономиканы ұзақ мерзімді инвестициялау кезінде тәуекелдерді бөлу мақсатында Банк еліміздің даму институттарымен стратегиялық әріптестікті ұйымдастырумен және қамтамасыз етумен жұмыс істейді.

Даму институттарының өзара іс-әрекет етуінің бірыңғай жүйесін құру процесінде Банк «Мемлекеттік экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі сақтандыру корпорациясы» АҚ, «Қазақстанның Инвестициялық қоры» АҚ, «Технологиялар инжинирингі және трансферті орталығы» АҚ, «Маркетингтік-талдамалы зерттеулер орталығы» АҚ өзара ынтымақтастық туралы екі жақты меморандумға қол қойды.

Қол қойылған Өзара ынтымақтастық туралы меморандумдардың, сондай-ақ «Қазына» АҚ құрамында бірлесіп жұмыс істеу аясында «Қазақстанның Инвестициялық Қоры» АҚ-мен бірқатар инвестициялық жобалар іске асырылады, Мемлекеттік экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі сақтандыру корпорациясы» АҚ Банк қаржыландыратын экспорт және жобалар бойынша операциялар сақтандырылды. Банк ҚР даму институттары өткізетін іс-шараларға белсенді қатысады.

 

 



Информация о работе Халықаралық инвестициялық ынтымақтастық