Ұлттық банк

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 17:27, курсовая работа

Описание работы

Ұлттық Банктен тиісті міндеттерді беру арқылы қаржы рыногындағы барлық қатысушыларды қадағалау үшін жеке реттеу органын құру қаржы рыногын реттеуді дамытудың алғашқы қадам болып табылады. Реттеудің осындай схемасы қаржы секторының, қаржы құралдарының және қаржылық делдалдық қызметтердің дамуы үшін неғұрлым тиімді екендігін дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отыр.

Работа содержит 1 файл

ҰЛТТЫҚ БАНК КУРСТЫҚ ЖҰМЫС.docx

— 82.32 Кб (Скачать)

РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелері — жылдың пайыздық, мөлшерлемелер, ішкі қаржы нарығының жағдайына байланысты белгіленеді және мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргізуде қолданылады. РЕПО-ның мақсатты мөлшерлемесінен ауытқу жағдайында ақшалай қаражаттарды орналастыру немесе тарту жолымен РЕПО нарығындағы сыйақы мөлшерлемелерді реттеу арқылы сыйақы мөлшерлемелердің елеулі ауытқуын болдырмау.

«Овернайт» заемдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі — Ұлттың банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы корреспонденттік шоттары бойынша есеп айырысуды дебеттік қалдықпен аяқтауы барысында бір түнге берілетін заемдары бойынша крлданылады.

Күндізгі заемдар бойынша сыйақы мөлшерлемелері — Ұлттың банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы теңгеде ашқан корреспонденттік шоттары бойынша төлем жүргізуге немесе ақшалай аударымдар жасауға ңажетті ақша қаражаттары уақытша болмаған не жетіспеген жағдайларда займдар бойынша қолданылады.

Ұлттың банктің ресми  сыйақы мөлшерлемелерін төмендегідей 1-кестемен беруге болады.

 

    1. Ұлттың банктің ресми сыйақы мөлшерлемелері

пайыздар, кезеңнің соңына

Сыйақы мөлшерлемесінің  түрлері

2004

2005

2006

1

Қайта қаржыландыру

14

9

7,5

2

Есептік (дисконттық)

12,5

8

8

3

Овернайт зайымдары бойынша

20

12

9

4

РЕПО операциялары бойынша,

оның ішінде:

овернайт

1 жұма

2 жұма

 

 

-

6,5

5,5

 

 

5

5

5,5

 

 

5,5

5,5

5,5


Сандық мәліметтер ҚҰБ  статистикалық бюллетенінен алынған  №6(92) 2006 ж

 

Ескерту: РЕПО операциялары бойынша мөлшерлемелер 8.12.2006 ж. бастап, мерзімдер бойынша күн сайын белгіленеді.

Ақшалай нарықтағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде банктерге берілетін несиелер көлемін реттеуде банктің өтімділік деңгейін реттеуде және олардың міндеттемелері бойынша төлемсіздікті төмендетуде, сол сияқты банктің салым иелері мен акционерлерінің мүдделерін қорғау максатында Ұлттың банк ең төменгі резервтік талаптар механизмін қолданады.

Резервтік талаптар, ашық, нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен қатар коммерциялық банктерді жанама ақшалай-несиелік реттеудің негізгі құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің бүгінгі даму жағдайында резервтік талаптар, бір жағынан, сақтандыру институттарының жоқ кезінде, коммерциялың банктердің депозиттерін сақтандыру қызметін, екінші жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликация процесін реттеу қызметтерін атқарады.

Ақша-несие саясатының бұл  құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген «ҚР коммерциялық-кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу туралы» нұсқауға сәйкес міндетті резерв нормативі 18 — 20% мөлшерінде бекітілген болатын. Қазіргі уақытта ол төмендеп, 6%-ды құрайды. Банктердің резервтерінің артық болуы, яғни Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттардың өсуіне байланысты резервтік талаптар шамасын төмендетіп қана қоймай, сол сияқты резервтеудің альтернативтік тәртібіне өтуге, яғни бұл банктердің пруденциалдық, нормативтерді орындау барысында корреспонденттік шоттағы қаражаттар сомасын ең төменгі резервтер мөлшерінің төмен болмауын сақтап отыруға тиістілігін білдіреді.

Әлемдік тәжірибеде міндетті резервтердің өте жоғары деңгейде болуы, банк жүйесінің қаржы делдалы ретіндегі тиімділігін нашарлатып, ал ең төменгі резервтер нормасының артуы несиелік ресурстардың экономикаға құйылуына тосқауыл болатындығын көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк жүйесінің дамуын талдау мен жетілдіру жолдары

2.1 Ұлттық Банк және  оның қызметін талдау

Ұлттық банкінің  республикадағы банк жүйесінің  жоғары (бірінші) деңгейіндегі банк,өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің  1995 жылғы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкі туралы Заң күші бар Жарлығы  бойынша жүргізеді және осы Жарлыққа сай Президентке есеп береді. Сонымен  қатар Ұлттық банк өз қызметінде Қазақстан  Республикасының  Конституциясын және басқа заңдарды, халықаралық шарттар  мен келісімдерді басшылыққа алады.

Ұлттық банк -  заңды  тұлға, дербес балансы бар, өзіне  тікелей бағынатын төменгі бөлімшелері  мен бірге тіке бағыныстағы біртұтас орталықтандырылған құрылым,іс-әрекетін толық шаруашылық есеп негізінде  жүргізеді.Әр түрлі салық жинаудан,баж  салығғын және кеден салығын төлеуден босатылады. Ол республиканың  кез  келген жерінде және одан тыс жерлерде өзінің  басқармасын және басқада  бөлімшелерін ашуға құқығы бар. Өз жұмысын  үкіметпен келісіп, үнемі кеңесіп  жүргізеді.Үкімет Ұлттық банктің міндеттемелері бойынша жауапты емес,дәл сол  сияқты,егер өзіне белгілі бір  жауапкершілік алмаса, Ұлттық банк те үкіметтің міндеттемелері бойынша  жауап бермейді.Үкіметтің  өкілдік  және атқарушы органдарының  Ұлттық банк пен оның  құрылымдық бөлімшелерінің  заңды қызметтерін атқаруқа араласуқа  құқығы жоқ.

Орталық банктiң қызметтерi:

  • ежелден қалыптасқан мемлекеттiк өкiлi ретiнде заңды тұрде банкнота шығару;
  • орталық банктiң ақша несие реттеу қызметi ол экономиканы ақша несие айналымына әсер ету жолымен реттеу, яғни әкiметтiң экономикалық саясаттың  құрамдас элементi;
  • орталық банктiң сыртқы экономикалық қызметi. Мемлекеттiк валюталық саясатын жүргiзетiн және валюталық бақылау органы болып табылады.
  • орталық банктiң банк iсi қызметi- негiзгi клиентi коммерциялық банкер (бұл дегенiмiз коммерциялық банктерден айырмашылығы);
  • орталық банк үкiмет банк iсi қызметi. Ол әрi кассирi, несие берушiсi, қаржылық кеңесшiсi;

Мемлекеттiк  борышты басқару  деп- орталық банктiң  зайымдарын орналастыру  және конверсия операциясын  жәргiзу.

Орталық банктiң операциялары:

Олар  екi тұрге бөлiнедi: актив-ол осы қаражатты орналастыру операциялары. Пассив- ол операциялар банктiң ақша қаражатын тартып  банктер ресурстарын құру операциялары.

Сонымен:

  • мемлекет орталық банкпен тығыз байланысты. Оның  саясатына шексiз ықпал етедi;
  • орталық банк- ол дербес заңды тұлға;
  • ақша несиелiк валюталық тұрақтылықты сақтаудағы iс-әрекетiнiң тиiмдiлiгiне қажеттi жағдай жасау;
  • әкiметтiң экономикалық саясатының  негiзгi элементi ақша несиелiк қаржы саясатын орындау орталық банкiнiң қызметiнiң тәйiнi болады.

Орталық банктiң мiндетi- ол Ұлттық ақша өлшемiнiң төлем қабiлеттiлiгiмен валюталық курсын банк жүйесiнiң тиiмдiлiгiмен сенiмдiлiгiмен қамтамасыз ету /14/.

Қазақстан Республикасындағы  банктер және банк қызметi туралы Республика Президентiнiң 1995 жылғы 31-шi тамыздағы заң  кәшi бар жарлығында Қазақстандағы 2-шi деңгейлi банк жүйесi бар дедi. Олар:

Ұлттық  банк- мемлекеттiк  орталық банк.

Басқа барлық банктердi заңда  төменгi деңгейлi банк деп жазылған.

Ұлттық  статистика көрсеткiшi бойынша 2000 жылдың  басында 55 екiншi деңгейлi банк анықталған. Оның  iшiнде  бiреуi мемлекеттiк, бiреуi мемлекет аралық 22 шетелдiк  қатысуымен, 17 шетел  өкiлдiгi ашылған.  республикада тiркеуден  өткен 44 ломбард, 7 несиелiк  серiптестiгi және кейбiр  банктiк операция жәргiзетiн 46 басқа  мекеме бар.

Қазақстан Ұлттық банкі Қазақстан  Республикасы заңдарының негізінде өзінің қызметіне қарай Ұлттық банк берген лицензия негізінде кейбір банктік операция түрлерін жүргізетін барлық банктердің ,бактік емес қаржы мекемелерінің міндетті түрде орындауы үшін нормативтік актілер шығарады.Ол нормативтік актілер «Қазақстан Ұлттық Банкінің хабаршысың , «Вестник Национального Банка Казахстанаң атты қазақ және орыс тілдерінде шығатын ресми басылымдарда жарияланады.

Ұлттық банктің негізгі  міндеті  - ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз ету. Сондықтан ол:

  • ақша айналымы,несие,банктік есеп айырысу мен валюталық қатынастарды ұйымдастырады;
  • ақша,несие және банк жүйелерінің тұрақты қызметін қамтамасыз етеді;
  • несие берушілер мен салымшалардың ,сондай-ақ шетел валютасын сатып алу-сату  және басқа ұйымдардың мүддесін қорғау және олардың жұмысын бақылау сияқты мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізеді.

Ұлттық банктің міндеті  оның атқаратын  қызметтері арқылы орындалады :

Біріншіден,Қазақстан Республикасында  мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізу, яғни Ұлттық банк айналымдағы  ақша массасының көлемін реттеумен  және ресми проценттік мөлшердің  деңгейін өзгертумен шұғылданады.Егер ақша-несиелік реттеу әдісімен инфляция деңгейін тежеу мүмкіндігі болмаған жағдайда Ұлттық банктің несие салымдарын шектеуге және банк операциялары бойынша проценттік мөлшерді өзгертуге құқығы бар. Сондай –ақ алты айға дейінгі мерзімге шығарылған бірінші кластық жай және айналмалы вексельдерді,чектерді сатып алып және қайта сатады.

Информация о работе Ұлттық банк