Несие мәні мен түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2011 в 14:27, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық экономикада несие банк жүйесінде маңызды рөл атқарады. Несиенің экономикадағы алатын орны елеулі екендігіне ешбір күмән жоқ. Олай болса, бұл тақырыптың өзекті екеніне көз жеткізуге болады. Жұмыстың мақсаты капиталдың, яғни қарызға берілген ақша капиталының жүру формасын несие, ақша капиталының ақша айналуын және несие берушінің қарыз алушы арасындағы қатынастарды көрсетеді. Оның көмегі арқылы жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттің бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, қарыз капиталына айналуы және белгілі уақытқа қолдануға ақылы түрде беріледі.

Содержание

Жоспар
Кiрiспе.................................................................................................................3
1.Несиенің теориялық негіздері ......................................................................4
1.1.Несиенің мәні және қажеттілігі..................................................................4
1.2.Несиенің формалары.................................................................................11
1.3.Несиенің түрлері........................................................................................23
2. ҚР Кредиттік ұйымдарды дамыту..............................................................27
2.1.Қазақстан Республикасының Банктік секторын талдау.........................27
2.2. Қазақстан Республикасының Банктік емес ұйымдар секторы.............31
2.3. «Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу............................................................33
3.Қазақстан Республикасының несие дамытудың жолдары........................39
3.1. Қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдар кезеніне арналған мақсаттары мен міндеттері..............................................................................39
3.2. Кредиттік мекемені дамыту мен кредиттік бюроны құру.....................40
3.3.Тұрғын үй ипотекалық кредит беруді оңтайландыру және кеңейту.....42
Қорытынды.......................................................................................................44
Пайдаланған әдебиеттер..................................................................................46

Работа содержит 1 файл

Өндіріс.doc

— 374.50 Кб (Скачать)

     Несиелік  мүмкіндіктер ғана емес, сонымен қатар  берілген қарыздардың көлемдері  де өзгереді. Несиелік операциялардың көлеміне ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді. Біріншіге банктің қолында бар ресурстардың көлемі жатады. Ресурстардың өсуіне сәйкес оның несиелік мүмкіндіктеріне әсер етеді және активтік операциялардың ұлғаюына жағдай жасайды.

     Банктің белгілі – бір шетке капитал  шығару және оны қарыз алушыларға беру мүмкіндігі бар. Қазіргі жағдайда депозиттер банктік ресурстардың бірден – бір көзі болып табылмайды. Несиелік мекемелер ақшалай қаражаттарды банкаралық нарықтан қағазға алады, сонымен қатар көрсетілген мақсатқа облигациялық қарыздарды да белсенді пайдаланады.

     Банктік несиенің шамасына ақшалай – чектік эмиссиямен толтырылған нақтылы  ресурстардың көлемі ғана емес, оған өнеркәсіптік компаниялар, жеке тұлғалар және мемлекеттік  мекемелер тарапынан қарыз қаражаттарына деген сұраныстар да әсер етеді. Осылайша экономикалық төмендеу кезінде қарыз капиталы нарығының коньюнктурасын айқындаушы негізгі фактор болып, банктердің ресурстары емес, несиеге деген әлсіз сұраныс болып табылады.

     Несиелік  жүйе мемлекет тарапынан болатын ықпалға ұшырайды. Мемлекеттік органдар және орталық банктер ұдайы қолданылатын несиелік шектеулер, активтік операциялардың жасанды түрде қысқарылуын тудырады. Осылайша, несиенің экономикалық ғана емес, оның әкімшілік те шектері бар.

     Банктер өз саясатын қайта қарастыра отырып және несиенің берілуі мен қызметтің  басқа түрлері арасындағы қолайлы  ара – қатынасты табуға тырысады. Мысалы, қаржылық инженеринг жүйесі - әр түрлі экономикалық кеңес беруді қоса алғандағы, қаржылай қызмет көрсетулердің толық кешенін ұсынады.

     Кредитор  ретінде банктердің рөлі біршама  төмендегеніне қарамастан, ол едәуір шамада, қысқаруы мүмкін деп есептеуге негіз жоқ, өйткені көптеген кәсіпорынның қосымша қаражаттарға деген қажеттіліктері, бірінші кезекте, банктік несие есебінен қанағаттандырылуы мүмкін, ол өнеркәсіптік компаниялар үшін, жеке тұлғалар үшін де қарыз қаражаттарын алудың анағұрлым ыңғайлы формасы болып келеді. Осылайша, несиелік жүйенің негізін ірі банктер құрайды, ал банктік несие өзінің басымдық жағдайында қалады. 
 
 

1.3. Несие  түрлері 

     Несие түрлері – бұл белгілі –  бір түрдегі экономикалық қатынас  ретінде несиеден келіп шығатын  белгілі – бір қасиеттерге  ие оның бір түрі.

Түрдің  формадан айырмашылығы – түр диалектика категориясы болып табылмайды, ол несиені ерекше түрдегі экономикалық қатынастар ретінде түсінуді анықтайтын жіктеудің категориясы болады.

Осыған  байланысты несие түрлері төмендегідей жіктеледі(1-кесте). 

классификацияның  белгiлерi
    Несие түрлері
Беру  әдiсі
  • Ақшалай қарыз нақты немесе ақшалайсыз формада түрдегi қарыз
  • вексель қайта есебi
  • вексел қарыздары
  • қарызды қайта құрылымдау
қарыз валютасы
  • ұлттық валютадағы қарыздары
  • несие берушының елiнiң валютасындағы қарыздары
  • үшiншi елдiң қарыздары
қатысушылардың  саны
  • екi жақты қарыздар
  • көп жақты қарыздар
мақсаттық тағайындау
  • негiзгi капиталдың артуы
  • айналым капиталының артуы
  • ипотекалық несие берулер
  • тұрғынның тұтынушы мұқтаждықтарының несие беруi
берудiң  техникасы
  • бiр жолғы қарызы
  • шектелген қарыздар
қамтамасыздық
  • мұңсызы
  • жабдықталмағаны
өтеу мерзiмі
  • қысқа мерзiмдiсi
  • жеделi
  • ұзақ мерзiмдiсi
өтеу  әдiсі
  • бiр-ақ рет өтеумен
  • өтеумен бөлшектеп
  • несие берудiң мерзiмi теңсiз еншiлермен ағымында төленетін қарыздар
Прценттік мөлшерлеме түрі
  • қарыздарды пайызбен өтеу кезінде
  • қарыздың мерзiмi бiр қалыпты пайыз төлеумен қарыздар уақытына сәйкес
  • қарыздың беруi процента ұстап қалумен

   Айналым бойынша сауда және жабдықтаушы - өткізуші ұйымдар несиеленеді, ал қалғандарында айналым бойынша да, қалдық бойынша да несиелеудің элементтері бар.

      Мысалы, тұтыну несиесінің түрлері тауарлы және ақшалай болуы мүмкін, ал халықаралық несиені төмендегідей жіктеуге болады:

  1. несиелеу объектісі бойынша: тауарлы және қаржылық несиелер;
  2. экономикалық мазмұны бойынша:-сыртқы сауда операцияларымен байланысты коммерциялық және қаржылық, кез – келген мақсат үшін пайдаланылады ( қарызды өтеуге, бағалы қағаздарға инвестициялау);
  3. несие субъектілері бойынша: жеке, үкіметтік және халықаралық қаржылық ұйымдар беретін;
  4. мерзімдері бойынша: қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді.

        Шетелдік әдебиеттерде несиелердің келесі жіктеулері кездеседі8:

    Несиелердің категориялары:

    а) қарыз алушының типі бойынша:

    • тұтыну
    • бөлшек (көтерме)
    • ауыл шаруашылығы
    • коммерциялық (өнеркәсіптік)
    • қозғалмайтын мүлік
    • энергия
    • үкімет - федералдық

    ә) мақсаты  бойынша:

    • тұтыну (мысалы, тұтыну тауарлары, көлік т.с.с.).
    • айналым капиталы
    • құрылғылар
    • ғимараттар
    • жобалар
    • лизингтік қаржыландыру

    б) әрекет ету мерзімі бойынша:

    • қысқа мерзімді (1 жылға дейін)
    • орта мерзімді (1 жылдан 4 жылға дейін)
    • ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары)

     в) өтелу кестесі бойынша:

    • бірдей  төлемдермен (тұтыну несиесі үшін ай сайын)
    • кезеңді төлемдермен (тоқсан сайын, жарты жыл сайын, жеңілдікті кезеңді немесе жеңілдіксіз кезеңді, модификацияланған несие – «шар», яғни өтелуі кезінде бұрын жүргізілген төлемдерге қарағанда анағұрлым көп төлемді талап ететін несие).
    • бір рет төлемді (қысқа, орта және ұзақ мерзімді несие – «шар »).

    г) қамтамасыз етілуі бойынша:

    • қамтамасыз етілмеген
    • кепілмен қамтамасыз етілген (қолма – қол бағалы қағаздар, дебиторлы қарыздар, қорлар, құрылғылар, жерлер мен ғимараттар).
    • кепілдендірілген
    • басқа да қамтамасыз етілулер(міндеттеме, келісім, міндеттемесі бар хат).

    Қазақстанда несиелердің келесі түрлері дамыған:

    1. Ұлттық банктің несиелері:
      • аукциондық - Ұлттық банктің ақша – несие саясатының уақытша құралы болып табылатын және екінші деңгейдегі банктерге аукциондық негізде, республика банктерінің 1 айдан 3 айға берілетін қысқа мерзімді несиелерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы берілетін несие;
      • ломбардтық - Ұлттық банктің мемлекеттік бағалы қағаздарды кепілге ала отырып, жоғары пайызбен қысқа мерзімге беретін несиесі;
      • бюджеттік - Ұлттық банк Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне қайтарымдылық (нарықтық) шартымен беретін несиесі.

     Ұлттық  банктің республикалық бюджетті несиелеуі қысқарып және бұл 1998 жылдан бастап бюджет тапшылығын инфляциялық емес жабуға көшумен байланысты тоқтатылады.

    1. Екінші деңгейдегі банктердің несиелері:
      • өз айналым қаражаттарының жеткіліксіздігін уақытша толықтыруға.
      • күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға.
      • импорттық бойынша контрактілерді төлеу үшін берілетін импорт.
      • Ипотекалық.
      • несиелік желі негізінде – қарыз алушының бірінші талап етуі бойынша және белгілі – бір кезең бойында келісілген лимит шегінде оған несие беру туралы банктің заңдық рәсімделген міндеттемесі.
      • консорциялық – несиелік, кепілдік немесе басқа да банктік операцияларды бірігіп жүзеге асыру үшін қандай да бір ірі банктің қамқорлығымен уақытша бірлескен екі немесе одан да көп банктер беретін несие, бұл кезде бір банктің мүмкіншілігі қандай да бір себептерге байланысты бұл функцияларды дербес жүргізуге жетпеуі мүмкін.
      • тұтыну мақсаттарына.
      • Банкаралық.

     Банкаралық  несиелердің негізгі көлемі ұйымдастырылған  банкаралық нарықта аукциондық сату арқылы ұсынылады. Негізгі кредиторлар ретінде ірі банктер болады.

  1.   Қарыз портфелін жіктеу және екінші деңгейдегі банктердің несиелік қызметінен келетін шығындарды жабу үшін резервтер (провизиялар ) құру тәртібі туралы Ережеге сәйкес Ұлттық банк қарыздардың сапалары бойынша олардың келесі бөлінулерін белгіледі: стандартты, стандартты емес, қанағаттанарлықсыз, күдікті, шығынды.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2. Қазақстан Республикасының кредиттік ұйымдарды дамыту

2.1.Қазақстан Республикасының Банктік секторын талдау

Әлемдік банк жүйесінде банктер мамандандыруда бірқатар критерийлер қолданылады. Оның ішінде функционалдық мамандандыру жиі қолданылады. Орта мерзiмдi перспективада банк секторын дамытудың негiзгi мақсаттары және мiндеттері мыналар болып табылады:

  • халықтың банк өнiмдерiне қатынауын кеңейту және қаржы қызметтерiн тұтынушыларды қорғау деңгейiн арттыру;
  • халықтың банк секторына сенiмдiлiгiн арттыру мақсатында отандық екiншi деңгейдегi банктер қызметiнiң айқындық деңгейiн арттыру;
  • бәсекелестiктi дамыту және шетелдiк банктердiң отандық қаржы нарығына қатынауын ырықтандыру;
  • үздiк халықаралық практика негiзiнде банктiк қадағалауды жетiлдiру және елдiң банк секторының сыртқы қарыз алуын басқару тиiмдiлiгiн арттыру.

          Әлемдiк экономикаға неғұрлым  тығыз кiрiгу жолында отандық банк жүйесiн одан әрi жетiлдiру түйiндi рөл атқарады. Банк секторын ырықтандыру капиталды басқаруда озық шетелдiк тәжiрибенi енгiзуге, менеджмент сапасын және тиiсiнше, банк жүйесiн дамыту деңгейiн арттыру.

          Банк  секторын ырықтандыру мәселесi Қазақстанның ДСҰ-ға кiруi жөнiндегi келiссөз процесi шеңберiнде қаралады. Осыған байланысты одан әрi ырықтандыру, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметiне тең жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының резидент еместерiнiң қазақстандық банк нарығына кiруi жөнінде бірқатар шектеулер жойылды.

   2-кесте   «Мамандандырылған банктердiң классификациясы»

Классификациялық  белгі Банктің түрлері
1.функционалдық  мамандандыру қарыз-сақтау банктер

инвестициялық банктер

кепiлдiк  банктер

клиринг банктерi

2.салалық  мамандандыру ауылшаруашылық  банктер

құрылыс банктерi

траст банктерi

сыртқы  сауда банктерi

3. клиентура бойынша мамандандыру биржалық банктер

кооперативтiк  банктер

сақтандыру  банктерi

коммуналдық банктер

4. аймақтық мамандандыру аймақтық банктер

аймақаралық банктер 

муниципалдық  банктер

Информация о работе Несие мәні мен түрлері