Статистикалық бақылау

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2012 в 20:45, реферат

Описание работы

Статистикалық бақылау деп - қоғамдық өмірдің көптеген құбылыстары мен процестері туралы бастапқы мәліметтерді алдын ала жасалынған бағдарлама бойынша, ғылыми ұйымдастырылған жүйеде тіркеу, жинау тіркеу, жинау тәсілі айтылады. Мысалы, жаңа туған баланы тіркеу кезінде оның өз аты – жөні, туған күні, айы, жылы, ұлты, ата – анасының ұлты, білімі, жұмыс істейтіндігі және басқа фактілер жазылады.

Работа содержит 1 файл

Статистикалық бақылау реферат.docx

— 35.57 Кб (Скачать)

 

 

 

Статистикалық бақылаудың түрлері:

          Статистикалық зерттеу тәжірибесінде  бақылау бағдарламасы жасалынғаннан  кейінгі шешеуі жұмыстардың бірі  – бақылаудың түрін анықтау.  Ол бақылауда жүргізудің алдына  қойған мақсатына байланысты. Статистикалық  бақылауды жүргізу кезінде зерттелініп  отырған зерзаттың жиынтық бірліктерінің толық қамтылуына, яғни тіркелуіне қарай жаппай және жартылай бақылау болып екі түрге бөлінеді.

         

 

Жаппай бақылау  кезінде зерттелуге жататын жиынтық бірліктері толығымен түгел тіркеуге алынады. Оған мысал ретінде халық санағын немесе кәсіпорындардың, мекемелердің, ұжымдардың және т.б. белгілі бір уақыт мерзімінде жүргізіліп отыратын есеп беру формаларын алуға болады. Сондықтан, Жаппай бақылау бастапқы деректерді жинаудың  негізгі көзі болып саналады. Сондай – ақ статистикалық зерттеу жұмыстарында жиі қолданылады.

     

 

    Жартылай  бақылау кезінде зерттелінетін жиынтық бірліктерінің белгілі бір бөліктері ғана қамтылады. Жартылай бақылау арқылы жиналған мәліметтер жаппай бақылау мәліметтерімен салыстырғанда көлемі жағынан аз болады. Бірақ, осы тәсіл арқылы жиналған мәліметтердің қорытындысы жалпы жиынтық көрсеткіштеріне жақын болуына тиіс. Яғни оны жаппай қорытындысы ретінде , толық түрінде қолдануға болады.

  

 

       Зерттеліп  отырған жиынтық бірліктерінінің  толық қамту мүмкіндігі болмаған  жағдайда және шағын құны мен  жұмыс көлемін көбейтпеу үшін жартылай бақылау тәсілі қолданылады. Сондай – ақ бұл тәсіл жалпы бақылау арқылы жиналған мәліметтердің дұрыстығын тексеру үшін де пайдалынады.

          Статистикалық тәжірибеде жартылай  бақылау зерттеу тәсілдеріне  қарай ішінара және жеке ауқымды (монографиялық) және жиынтықтың негізгі бөлігі сияқты үш түрге бөлінеді.

          Ішінара бақылау. Егер, жалпы жиынтық кездейсоқ немесе белгілі бір тәртіппен алдын – ала іріктеліп алынған бөліктері негізінде ғылыми жүйеде зерттелінетін болса, онда оны ішінара бақылау деп атайды. Ішінара бақылау жартылай бақылаудың ішіндегі ең көп қолданылатын жетілдірілген түрі және статистикилық зерттеуде оның атқаратын (орны) өте жоғары.

      

 

   Жеке ауқымды (монографиялық) бақылау. Егер, жеке қоғамдық құбылыстың, объектінің кейбіреулері ғана белгілі бір мақсаттан егжей – тегжейлі, жан – жақты зерттелетін, айқын жазу арқылы көрсетілетін болса, онда оны жеке ауқымды (монографиялық) бақылау деп атайды. Оның мысалы ретінде озат кәсіпорындар мен шаруашылықтармен тәжірибесін тарату кезіндегі мәліметтерді жазба түрінде суреттеуді, көрсете білуді келтіруге болады. Жалпы алғанда жеке ауқымды бақылау бүгінгі күннің жетістіктерін насихаттаушы оның кемшіліктері мен жетіспеушіліктерінің бетін ашуға мүмкіндік беретін зерттеу тәсілі болып саналады. Басқа тәсілдермен салыстырғанда бұл әдістің айырмашылығы сонда, ол барлық жиынтықты зерттеуге міндетті емес.

    

 

     Жиынтықтың негізгі бөлігін бақылау. Статистикалық зерттеудің алдына қойған мақсатына қарай жалпы жиынтықтың ең негізгі бөлігін құрайтын, ал үлгісі жағынан аса ірі бірліктері болып саналатын құрамы зерттелінетін болса, онда оны жиынтықтың негізгі бөлігін бақылау деп атайды.

          Статистикалық бақылауды уақыт  мерзіміне қарай тіркеу үзіліссіз немесе ағымдағы және үзілісті немесе кезеңдік болып екі түрге бөлінелі.

       

 

  Үзілісті  бақылау деп зерттеуге алынған құбылысты, процесті ұдайы, бірақ, белгілі бір уақыт аралығында тіркеуге алуды айтады.

       

 

  Үзіліссіз немесе ағымдағы бақылау деп болған фактінің пайда болғанына қарай тұрақты, жүйелі түрде, белгілі бір уақыт мерзімінде тіркеуге алуды айтады.

          Сонымен, стстистикалық бақылау  жұмыстарын жүргізу кезінде жоғарыда  көрсетілген уақыт мерзіміне  қарай тіркеудің екі түрі де  қолданылады. Бірақ, бақылаудың  қай түрін қай уақытта қолданузерттеудің  міндеті мен оның ерекшелігіне  тығыз байланысты екенін ұмытуға  болмайды.

          Үзілісті бақылау уақыт мерзіміне  қарай кезеңдік, мерзімдік және бір жолғы болып бөлінеді. Егер, зерттеу жұмыстары бір уақыт аралығында тұрақты түрде жүргізілетін болса, онда оны кезеңдік немесе мерзімдік, ал егер зерттеу жұмыстары бір – ақ рет жүргізілетін болса, онда оны бір жолғы бақылау деп атайды.

 

 

Статистикалық бақылаудың тәсілдері:

          Керекті мәліметтерді қандай жолмен жинаудың тәсілі анықтау статистикалық зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың ішіндегі ең күрделі мәселе болып табылады. Статистикада мәліметтерді жинаудың бірнеше жолы бар, олар тікелей қатысу, құжаттар және сұрақ – жауап арқылы болып 3 түрге бөлінеді.

    

 

     Тікелей  қатысу арқылы жинау. Егер бақылауға жататын зерзаттың әрбір жиынтық бірліктерін арнайы адамның өзі өлшеу, санау арқылы есепке алатын, тіркейтін болса онда оны тікелей қатысу арқылы мәліметтер жинау тәсілі деп атайды.

     

 

    Құжаттар арқылы жинау. Егер статистикалық бақылау жүргізу кезінде қажетті мәліметтер тиісті құжаттармен куәландырылса, яғни есеп беру формаларының негізінде жиналған болса, онда оны құжаттар арқылы мәліметтер жинау тәсілі деп атайды. Біздің қоғамымызда статистикалық мәліметтер негізгі есеп беру формаларын толтыру арқылы жиналады . Және ондағы көрсеткіштер халық шаруашылығы салаларында болып жатқан жалпы өзгерістер толығымен, жан –жақты суреттейді.

  

 

 

       Сұрақ – жауап арқылы жинау. Кейбір жағдайларда қажетті мәліметтерді тікелей өлшеу, санау немесе құжаттар арқылы жинауға мүмкіндік болмайды. Ондай кезең керекті мәліметтерді жинау үшін сұрақ- жауап тәсілдері қолданылады.   

  

 

     Экспедициялық тәсілмен мәліметтерді жинау кезінде арнайы дайындықтар өткен адамдар (санақшылар немесе тіркеушілер) сұраушылар келісілген уақытта кездесіп, қажетті мәліметтерді ауызша сұрау арқылы санақ немесе сұрақ қағаздарына толтырады да, соңынан оны статистика мекемелеріне өткізеді. Бұл тәсіл тікелей халық санағын жүргізу кездерінде қолданылады және оны мемлекет тарапынан көптеген қаражат жұмсалынады. Сонымен қатар, бұл тәсіл қажырлы еңбекті қажет етеді және соған орай жиналған мәліметтердің сапасы өте жоғары болады .  

  

 

 

    Өзін - өзі тіркеу тәсілі. бұл тәсілмен мәліметтер жинау үшін статистика мекемелерінің қызметкерлерінің (есепшілер, санақшылар, тіркеушілер) сұралушыларға арнайы үлгідегі сұрақ қағаздары таратып береді, оны қалай толтыру керек екендігін түсіндіреді. Содан кейін толтырған бланкілерді жинап алады да, сол жерде дұрыстығын тексереді, жіберілген қателері болса, түзету енгізеді, соңынан оны статистика органдарына тапсырады. Бұл тәсіл көбіне жұмысшылардың, қызметкерлердің және ұжымшар мүшелерінің отбасы бюджетін зерттеу немесе түрлі санақтар жүргізу кездерінде қолданылады .  

     

 

 

  Тіршілік тәсілімен  қызметті мәліметтерді жинау байланыс бөлімшелері арқылы ерікті түрде жүргізіледі. Оның ерекшелігі сол, мұнда статистика мекемелері мәліметтер жинау үшін арнайы іріктеліп алынған адамдардың мекен жайына сұрақ қағаздарын және оны қалай толтыру керектігі туралы нұсқауды байланыс бөлімшелері арқылы жібереді .  

      

 

 

 Сауал-сұрақтық тәсілмен керекті мәліметтерді жинау сұраушының келісімі бойынша ерікті түрде жүргізіледі. Оны жүргізу үшін сұралушылардың белгіленген тобына сұрақ қағаздары таратылып беріледі және ол жедел толтырылады. Бірақ, мұнда жіберілген бланкілердің санына қарағанда, толтырылып қайтарылғандарының саны біршама аз және сапасы жағынан төмен болады. Себебі, кейбір сұралушылар сұрақ-қағаздарында көрсетілген сұрақтардың жауабын дұрыс толтырмай, басқалай жауаптар беруі де мүмкін .         Бұл тәсілдің ерекшелігі сол, мұнда сұралушы адамның аты-жөні, мекен – жайы көрсетілмейді.  

 

 

 

Қорытынды:

          Нарықтық экономикаға көшу кезеңінде бұл тәсілдің рөлі жоғары көтерілді. Себебі, көптеген ғылыми мекемелер мен қоғамдық ұйымдар көпшіліктің ой – пікірлерін білу үшін ақпарат құралдары арқылы әлеуметтік және демографиялық зерттеу жұмыстарын жиі жүргізе бастады. Сонымен бірге сауал– сұрақтың жауабын пікір алысу арқылы да жинауға болады.  

        Қазіргі  статистикалық бақылау жүргізу,  оны топтау және қорытындылау  жұмыстары дәрежеде көтеріледі. Осыған орай мәліметтердің пайдасы және көрсеткіштердің сапасы жоғарлады. 

         Статистикалық бақылаудың нәтижесінде жиналған бастапқы мәліметтер жан – жақты тексеруден өтті. Бақылауға жататын бірліктердің толық қамтылғандығы, көрсеткіштердің дұрыс толтырылғандығы мен салыстырылмалылығы, есептелгендігі және тағы басқасын қарастырдым. 


Информация о работе Статистикалық бақылау