Төлем балансы және оның мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Сентября 2012 в 19:20, реферат

Описание работы

Төлем айналымы және оның біздің елдегі қалыптасуы мен жұмыс жасау қарқыны ақша-несие саясатының негізгі мақсатының бірі, мұнымен қоса инфляциялық тежелуді қамтамасыз ету және қаржы нарығының тұрақтылығын қадағалау қызметтері де жүктеледі. Айырбас бағамының икемділігін сақтап тұру өз алдына үлен жауаптылық.

Содержание

Кіріспе ...............................................................................................................................

І –Тарау. Төлем балансы және оның мәні......................................................................

1.1. Төлем айналымы түсінігі...........................................................................................

1.2. Төлем айналымы әрекет етуі бойынша қатынастарды реттеу ...........................

ІІ – Тарау. Төлем айналымы және ақша-несие саясаты....................................................
2.1. Ақша төлемі және аударымды жүзеге асыру тәсілдері ..........................................

2.2. Ақша-несие саясатын жүргізудегі аспектілер .....................................

2.3. Валюталық саясат және оның төлем балансындағы маңызы ........................
ІІІ- Тарау. Әлемдегі несие жүйесінің дамуының қазіргі тенденциялары. ...........
3.1. Халықаралық ақша-несие саясатының қоғамда алатын орны. ...............

3.2. ҚР-ның ақша-несие саясатының қазіргі даму ерекшеліктері...........................

Қорытынды........................................................................................................................

Работа содержит 1 файл

Төлем балансы және оның мәні.doc

— 112.50 Кб (Скачать)

ІІІ- Тарау. Әлемдегі несие жүйесінің дамуының қазіргі  тенденциялары.  
3.1. Халықаралық ақша-несие саясатының қоғамда алатын орны.  
Халықаралық ақша-несие саясаты - бұл қайтарымдылық, жеделдік және процент төлеу шарты бойынша өзге елге валюталық және тауар ресурстарының несиеге берілуін қадағалайтын саясат.  
Халықаралық несиелік қарым қатынастардың негізгі формалары әр түрлі. Олар заемдық қаражаттарды пайдалануда дүниежүзілік шаруашылықтың қажеттіліктерінің өсуін керек етеді. Халықаралық ақша - несие саясаты олардың тағайындалуына, экономикалық мазмұнына, несиені беру көздерін қамтамассыз етеді. Халықаралық ақша-несие саясаты көбінесе сыртқы сауда ағымдарына әсер етумен, инвестициялық обьектілердің құрылысын қаржыландырумен, көрсетілген қызметтерге ақы төлеумен, ғылыми-техникалық білімдерді экспорттаумен тікелей байланысты келеді. Сонымен қатар, оның маңызды бір бөлігі тек қана сыртқы экономикалық несиелерді қаржыландыру үшін ғана емес, сол сияқты барлық несиелер беру немесе әр елдің төлем балансын реттеу саясатына пайдаланылады. Қазіргі жағдайда халықаралық несиелер бір жағынан, экспорттық және қаржы несие зайымдары ретінде, екінші жағынан, жеке және халықаралық несие түрінде  
қарастырылған [7].  
Несиенің бағасына несиеге сатылатын тауарлар бағасына жасырын түрде болатын пайыз мөлшерлемесі, комиссиондық және басқа да мезгілдік ақылар, сыйақылар береді. Бағаның негізгі компоненті бұл пайыз мөлшерлемесі. Пайыз мөлшерлемесінің құрылысы мен қозғалысы халықаралық қарыздық капиталдар нарығының дамуының негізгі заңдылықтарын көрсетеді. Дүниежүзілік шаруашылық нарық конъюктураларының өзгерісін шұғыл түрде ескере отырып, несие үшін пайыз ішкі және сыртқы нарық ағымындағы жағдайларды тез арада бағалауға және оның алдағы уақыттағы дамуына қорытынды беруге мүмкіндік жасайды. Халықаралық ақша несие нарығының жекелеген сфераларындағы қарыздық капитал қозғалысының заңдылықтары саудаға ықпал етеді.  
Халықаралық несие нарығындағы пайыз мөлшерлемелерінің қазіргі құрылымы да несиенің қолданылу аясына және пайдалану бағыттарына сәйкес анықталады. Сондықтан да мынадай халықаралық несие категориялары: экспорттық және қаржы несиелерінің пайыз мөлшерлемелерінің қозғалыс ерекшеліктерін қарастыру қызығушылық тудырады.  
Орташа пайда нормасына қарағанда дүниежүзілік нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы өзгеріп отырады. Дегенмен өндіріс пен айырбастан және несиелік жүйелермен жинақталған несие капиталының өсуі, халықаралық сауда және батыс елдері арасындағы төлем есеп айырысу қатынастарының нығаюына әкеліп отыр. Мұндай несиелік нарықтағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатынас дүниежүзілік дағдарыстың тұсында болған [27].  
Экспорттық несиелер бойынша пайыз нормасының қозғалысына ортақ заңдылықтар белгілеу өте қиын. Жоғарыда аталған факторларға қоса, бұл несие бағасының қалыптасуына дүниежұзілік нарықтағы тауарлар қозғалысынан сондай-ақ жабдықтаушы мен сатып алушы арасындағы несиелік қатынастардың ерекшелігінен туындайтын факторлар жиі ықпал етеді. Мұнымен экспортты несиелеу жүйесінің негізгі аспектілері: атап айтсақ, несиелеу мерзімі, формасы және түрлері, қамтамасыз ету сипаты, нарықтың шарттары мен тәртібі т.б. тығыз байланысты. Сыртқы сауда несиелері бойынша пайыз мөлшерлемесінің деңгейіне, кейде саяси қажеттіліктен туындайтын несие нарығындағы бәсеке де үлкен әсер етеді. Мұның бәрі сыртқы сауда несиелері бойынша пайыз мөлшерлемелерінің құрылымының күрделенуіне әкеліп соғады. Несиенің кейбір формалары мен түрлері бойынша қандайда бір тенденцияны айқындау мүмкін емес.  
Тікелей мемлекеттік несиелер бойынша халықаралық несие саласындағы пайыздар төмен болып келеді, мұндағы мөлшерлемелер мемлекеттік бюджет немесе арнайы қордағы қаражаттар есебінен жабылады. Мұндай несие бойынша пайыз мөлшері экономикалық емес, саяси формаларға байланысты анықталады. Батыс елдері бюджет есебінен арзан несие беруді және инвестициялар мен тауар экспортын ынталандыру үшін пайдаланады және нәтижесінде сыртқы экономикалық экспансияға тиімділік жасайды [8].  
Евровалюта нарығындағы қаржы несиелері бойынша пайыз мөлшерлемелерін қалыптастырудың бірқатар ерекшеліктері бар. Оның басты элементі - «либор» мөлшерлемесі. Ол нарық конъюктурасына байланысты ауытқи отырып, банктің жалпы ағындағы өтімділік жағдайын көрсетеді.  
Сыртқы сауда мәмілелерін қаржыландырудағы несие мерзімі несиеленетін тауарлар немесе объектілердің сипатына және контрактінің мөлшеріне байланысты. Контракт қаншалықты ірі сомаға жасалса, несие соғұрлым ұзақ мерзімді болуы мүмкін.  
Инфляциялық процестердің ұлғаюы барысында ақша-несие саясатының маңызы арта түсуеді. Сондықтан валюта бағамының динамикасы, қарыз алушылардың несие мерзімін таңдауы нарықты тауарда маңызды роль ойнайды [3].

3.2. ҚР-ның ақша-несие  саясатының қазіргі даму ерекшелікткрі.

Нарық экономикасына  өту жағдайында және экономикалық дағдарысты жоюда, макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуде ҚР банк жүйесі маңызды роль атқарады.  
Қазіргі уақытта қалыптасқан екі деңгейлі банктік жүйенің қызмет етуіне байланысты жасалған талдауда, олардың көрсетіп отырғанындай, кемшіліктердің басым бөлігі банктер қызметін реттейтін нормативтік базаны жасаудағы артта қалушылық және оның іске асырылуына іс жүзінде бақылау жасау механизмдеріндегі кемшіліктермен сипатталады [3].  
ҚР Ұлттық банкі түрлі күрделі операцияларды орындайтын және ақша айналымын реттейтін, ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамассыз ететін негізгі буын болғандықтан бірінші деңгейлі банк болып есептеледі.  
Ұлттық банктің үкіметтен белгілі бір тәуелсіздігі - оның ақша-несиелік және валюталық тұрақтылықты сақтаудағы іс әрекеттеріндегі тиімділігіне қажетті жағдай. Ұлттық банктің мұндай тәуелсіздігі еліміздің экономикалық тұрақтылығы үшін маңызды.  
Дегенмен Ұлттық банктің Үкіметтен тәуелсіз қызмет істеуі мүмкін емес. Үкіметтің экономикалық саясатының негізгі элементі - ақша-несие және қаржы саясатын мүлтіксіз орындау Ұлттық банк қызметінің түйіні. Сондықтан Үкіметтің макроэкономикалық бағыты Ұлттық банктің ұзақ мерзімдегі саясатын анықтайды. Сайып келгенде кез келген Ұлттық банкте әрі банктің, әрі мемлекеттік органның белгілері тоғысады.  
Кез келген Ұлттық банктің міндеті - ұлттық ақша өлшемінің төлем қабілеттілігі мен валюталық курсының тұрлаулылығын қамтамасыз ету, банк жүйесінің өтімділігі мен тұрақтылығын, төлем жүйесінің тиімділігі мен сенімділігін қамтамасыз ету. Осы міндеттерді атқару үшін Ұлттық банк негізінен мынадай қызметтерді орындайды:  
• Банкноталарды монополиялы түрде эмиссиялау;  
• ақша-несиелік қатынастарды реттеу;  
• сыртқы экономикалық қатынастарды жүргізу;  
• банктердің банкісі болу;  
• үкімет банкісі болу.  
Осы аталған қызметтер Ұлттық банктің балансында көрініс табады [12].  
Ақша-несиелік саясат жүргізу үшін Ұлттық банктің заңды бекітілген құралдары мен операциялары бар, олар: қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемелері, банкілерге қойылатын резервтік талаптар нормативі, қысқа мерзімді ноталардың шығарылымы, ашық нарық операциясын жүргізу, кредиттік және депозиттік операциялар, вексельдерді қайта есепке алу және т.б.  
Оларды пайдаланудың тиімділігін республикада 2001-2004 жж. қалыптасқан инфляция деңгейімен (6,4-6,8%) шамалауға болады.  
Сонымен қатар болашақта артық өтімділікті «депозиттерге тарту» Ұлттық банктің басты құралы болатын жоспары бар. Алайда инфляциялық қысым көзі сырттан (сыртқы валюталық түсімдер) болса, артық өтімділікті шексіз азайту бұл операцияның тиімділігін төмендетуі мүмкін. Мұндай жағдайда сыртқы түсімдерді реттеу бағытында шаралар қолдану қажет [8].  
Институционалдық жағынан қарасақ несие жүйесі валюта қаржы мекемелерінің кешені, оны мемлекет экономиканы реттеп атқару үшін белсенді пайдаланады. Ақша-несие жүйесі қоғамдық ұдайы өндірістің барлық механизмін қамтып, өндірістің шоғырлануы мен капиталдың орталықтануын күшейтіп, бос ақша қаржыларын елдің экономикасына қолдануға септігін тигізеді.  
Мемлекеттік бюджет тапшылығы оны жабуға бос қаржы ресурстарын тарту қажеттігін туғызады. Бұл ресурстар мемлекет ішінде (үкімет, қаржы-несие ұйымдары) және халықаралық қаржы несие институттарында шоғырланады. Қаражаттарды тартудың басты тәсілі болып мемлекеттік несие табылады.  
Мемлекеттік несие жалпы мемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және несие қатынастарының жиынтығы.  
Ақша-несие жүйесінде мемлекет мынадай рольдер атқара алады: несие беруші, қарыз алушы және кепіл.  
Мемлекеттік несие ақша-несие қаражаттарын қайтару шарты негізінде қайта бөлу қызметін атқарады. Бұл халықтың жеке шаруашылық субъектілерінің уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырумен байланысты. Бұл қызметте мемлекеттік несие жинақтарды ұйымдастырудың бір нысаны болып табылады [17].  
Мемлекеттік несие бос ақша қаражаттарын мемлекеттік билік органдарының қарамағына жұмылдыру және оны мемлекеттік шығындарды қаржыландыру барысында мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасында туындайтын қатынастар. Несие көмегімен орташа жинақтар мемлекетте жинақталады және оның қажеттіліктерін өтеуге бағытталады. Бұл мемлекеттік займ облигацияларын шығарып, оны тұрғындар, шаруашылық субъектілері арасында орналастыру арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар мемлекеттік бағалы қағаздар (қазынашылық бондар, сертификаттар) шығару арқылы да болуы мүмкін. Тек еркін айналатын мемлекеттік займдардың болуы жинақ иелеріне жинақ нысандарының ұйымдастырылуын таңдауға мүмкіндік береді. Істің объективті қорытындылары болып кеңейтілген өндірістің көлемін жоғарлату табылады.  
Қазіргі нарықтық экономикада зейнеткерлер қоры, сақтандыру компаниялары, өзара қорлар, инвестициялық банктер, ипотекалық банктер, қарыз сақтау ассоциациялары және т.б. осы сияқты арнаулы қаржы несие институттары ерекше орын алады. Көп көлемде ақша ресурстарын шоғырландырған бұл институттар капиталды тиімді орналастыру және қорлану процесіне белсене қатысады [11].

Қорытынды

Нарыққа өту  кезінде Қазақстан Республикасы егеменді ел ретінде өзінің даму жолында  шетелдермен төлем балансы және оның ақша-несие және валюталық саясатын, олардың өзара байланысы мен  даму ерекшеліктерін қалыптастыру мен нарық талаптарына түсіру міндеттерін жоспарға алып, бұл мәселенің кезек күттірмей шешілу еліміздің экономикасы мен ертеңі үшін ауадай қажет екендігін айқындады.  
Ақша-несие саясатын пайдалана отырып, мемлекет инфляция мен жұмыссыздықтың төменгі дәрежесі тән экономиканы құруға ұмтылады. Бұл міндетті орындау үшін ол ақша ұсынысына бақылау орнатуы керек.  
Ақша ұсынысының көлемін реттей отырып, Ұлттық Банк экономика дамуына белсенді түрде ықпал ете алады. Макроэкономикалық тепе теңдіктің кейнсиан үлгісі бойынша ақша ұсынысының ЖҰӨ дамуына ықпалы ең ақырында пайыздық мөлшер арқылы жүзеге асады, оның нақты көлемі ақша-несие саясатымен анықталады. Ең бірінші кезекте инвестициялық шығындарға ықпал ете отырып, пайыздық мөлшер жиынтық сұраныс көлемін, содан кейін ЖҰӨ-нің тепе теңдік көлемін өзгертеді.  
Ұлттық банк ақша-несие саясатының бағыттарын бұрын бір жылға анықталып келсе, 2002 жылдан бастап, алдағы үш жылға анықтау тәжірибесіне көшті, және әр жыл өткен сайын өзгерістерді ескеріп, оған өзгертулер енгізіледі. Мұндағы негізгі мақсат біртіндеп инфляциялық принципіне өту.  
Ақша-несие саясаты ғана Ұлттық банктің инфляцияны төмендету мақсатындағы саясатына толық жауап береді және сонымен қатар, ақша-несие саясатына деген нарықтың қатысушыларының үлкен сенімін қамтамасыз етеді.  
Ақша-несие саясаты қаржы нарығының әрі төлем балансын әске асыруда, олардың тұрақтылығын сақтауда, сақтандыру нарығының, бағалы қағаздар нарығының әрі қарай дамуына және банк жүйесінің нығая түсуіне, экономиканың өсуіне жағдай жасауға, сондай жинақтаушы зейнетақы қорларының жетілдірілуіне мүмкіндік туғызады. Қазақстандық ақша-несие саясатының төлем балансын жүзеге асырылуында айқындалатын екі артықшылығы бар:  
1. Бірінші артықшылығы - Ұлттық банк ақша-несие саясаты стратегиясын таңдау мүмкіндігіне ие. Ал ресми долларизациялануды немесе валюталық басқаруға көшкендерде мұндай мүмкіндік жоқ.  
2. Екінші артықшылығы - сеньораждан табыс алу мүмкіндігі. Бұдан туындайтын кез келген төтенше жағдайда экономикада Ұлттық банк ақша шығарып, мемлекеттің бюджет тапшылығын жаба алады. Ұлттық банк соңғы кредиторлық саты есебінде банктің қаржы саласының тұрақтылығын ұстап тұра алады. Дж. Кейнстің айтуы бойынша басқа амал болмаған жағдайда үкімет осындай табыстың арқасында өмір сүреді.  
Қорыта келе, банктер үшін экономикалық нормалар орнату, ашық нарықта бағалы қағаздармен операциялар жүргізу, міндетті резервтердің нормасын анықтау, ең бастысы - төлем баланстарын жүзеге асыру мақсаттарына жету үшін елімізде ақша-несие және валюталық саясат дұрыс әрі қарқынды жүргізілуі қажет.

 
 
Қолданылған әдебиеттер  
1. С.С.Сахариев, А.С.Сахариева «Жаңа кезең экономикалық теориясы», «Дәнекер», Алматы -2004ж. [99-119 беттер].  
2. Н.Н.Хамитов «Банк ісі» «Экономика», Алматы -2006ж. [49-55 беттер].  
3. «Егемен Қазақстан» 6.ХІІ.2006. №235 [3 бет].  
4.«Қаржы - қаражат» 2006 ж. [24-29 беттер].  Крымова, Болатханова «Экономикалық теория» , Алматы -2003 ж. [101-108 беттер].

 


Информация о работе Төлем балансы және оның мәні