Толем картолары

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 21:10, курсовая работа

Описание работы

Бүгінгі күні карточкалық бизнестің дамуы, ел экономикасы дамуының индикаторы ретінде саналады. Расында да, осы көрсеткішпен қатар, банктер өз клиенттеріне сервистің жоғарғы деңгейін көрсетуге талпынуда. Кез келген банктің негізгі мақсаты – клиенттер үшін жоғары деңгейлі ыңғайлылықты қамтамасыз ету. Адам өзінің ақшасына әлемнің кез келген нүктесінен қол жеткізуі қажет және өзін жайлы және сенімді сезінуі керек. Осы ретте банктер төлемдік карталарды, клиенттің шотына рұқсаттық әмбебап құрал ретінде пайдалануға тырысады, адамның уақытқа да, қашықтыққа да тәуелсіз болуы үшін, өзіне-өзі қызмет ету тәртібі жағдайында операциялардың барынша көп санын аударады.

Содержание

Кіріспе 3
1 ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ – ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙРЫЛЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚҰРАЛЫ 6
1.1 Шетелдегі карточкалық бизнестің дамуы 6
1.2 Карталардың түрлері және жіктелуі 13
1.3 Төлем карточкаларының жұмыс принциптері 33
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ НАРЫҒЫНЫҢ ОСЫ ЗАМАНҒЫ ЖАҒДАЙЫ 42
2.1 Қазақстанда төлем карталарын енгізудің экономикалық алғышарттары 42
2.2 Төлем карталары бойынша несиелеу механизмі 46
2.3 Екінші деңгейлік банктерде төлем карталарын қолданудың талдамасы 57
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ 61
3.1 Ұлттық төлемдік микропроцессорлық карточканы қолдану 61
3.2 Жұмыстың озық әдістері мен түрлерін төлем карталарымен жұмыс барысында енгізу 66
ҚОРЫТЫНДЫ 75
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 77
ҚОСЫМШАлар А 80
Қосымша Ә 87

Работа содержит 1 файл

diplom.doc

— 1.12 Мб (Скачать)

       Чипте жазылушы мәліметтер негізінде карточка бойынша сауда-саттық келісімі автономды  офф-лайн (off-line) режимінде жүзеге асады, яғни келісім операция жүргізілген  сәтте банктік компьютерлік жүйенің  орталық процессорымен тікелей  байланыссыз іске асады. Себебі карточка өз жадысында банк шотында бар ақша сомасын сақтайды, демек, бұл жерде авторизация керек емес, егер лимит шегінен асып кетсе, келісім жасалмайды. Егер операция сомасы лимит сомасынан аз болса, онда келісім жүргізу сәтінде еркін лимит сомасы төмендетіледі және келесі сауда жасауда қолдануға болатын жаңа қалдық жазылып қойылады. Шотқа ақша аударуда лимит қалпына келтіріледі, ол туралы микросхемаға жаңа жазу жазылады.

       Жады  көлемі қажетті диапазонды қамтиды, бірақ орташа түрде 256 байттан аспайды. Осындай карталардың магниттік карталармен салыстырғанда, көп мүмкіндіктері бар, бірақ олар қымбатқа түседі.

       Әлемде  кең таралымды жадылық телефон  карталары алып отыр, олардың иелері белгілі бір мөлшердегі телефон  қоңырауларын соға алады. Карточка байланысу режимінде (микросхема физикалық тұрғыда есептегіш қондырғының байланысу арналарымен жанасады) қолданылады. Әрбір жаңа байланыста карточка жадысындағы «рұқсат етілген» қоңыраулар саны бір бірлікке кеміп отырады. Төленген қоңыраулар лимиті жойылған соң, карточка қызметін тоқтатады.

       «Пластикалық  ақшалардың» қазіргі кездегі  ең қуатты түрлерінің бірі ретінде  интеллектуалды карта (смарт-карта) танылады. Смарт-карталардың ақпараттық мүмкіндіктері  магниттік жолақты карточкаларға  қарағанда өте кең (1 мың.битпен салыстырғанда 8 мың.бит кейінгісінің мүмкіндігімен кеңейтілуі 24 есе). Осындай карталар құрамына микропроцессор кірістірілген, оның шұғыл (өңдеу процесінде қолдану үшін) және тұрақты (өзгермеген мәліметтерді сақтау үшін) жадысы бар, сондай-ақ мәліметтерді қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кірістірілген жүйесі бар. Бұдан басқа, оның ерекшелігі ретінде процессор жадысындағы мәліметтердің шұғыл жаңартылу мүмкіндігінің болуы. Чиптің бірнеше қорғаныстық дәрежелері бар, және онда жазылған ақпаратты қолдан қайта жасау өте қиынға соғады және тіпті мүмкін емес. Егер карточка ұрдалған болса, және оны кімде-кім автоматта ақша алу үшін қолданғысы келсе, онда ПИН-кодты дұрыс енгізбеген жағдайда чип бүлінеді, және карточка қолданыла алмайды.

       Смарт-карталар өзінің сенімділігімен және қолданушылық сипаттамалары жағынан едәуір түрде кәдімгі магниттік карточкалардан асып түседі. Мысал үшін, әлемдегі ең ірі смарт-карта шығарушы француз «GemPlus Card International» фирмасының тестілеуінің негізгі сипаттамалары мен мәліметтерін келтіруге болады»:

       - ақпараттың сақталу уақыты - 10 жыл;

       - қайта жазулардың ең аз саны - 10 000 рет;

       - бір байт ақпараттың жазылу  уақыты - 10 мс аспайды;

       - сақтау температурасы - -20 ден +55 градус Цельсий;

       - жұмыс температурасы - 0 ден +50 градус Цельсий;

       - қайта айландыру – екі жаққа 30 градустан, минутына 30 цикл (барлығы 1000 цикл);

       - температуралық соққы – 30 цикл - 5 минут -20 градус Цельсийде ұстамдылығы 15 секунд, 5 минут +50 градус Цельсийде;

       - статикалық иілу - карточка цилиндр айналасында 8 см диаметрмен бұрылады;

       - температуралық тест - 1000 сағат температурасы 85 градус Цельсий және ылғалдылығы 85 пайыз болғанда;

       - тұз атмосферасы - 96 сағат температурасы 35 градус Цельсийде 5 пайыздық NaCl ерітіндісінде;

       - ақпараттың сақталуы - 1000 сағат температурасы 150 градус Цельсийде;

       - микросхеманы алып тастау үшін күш жұмсау - 5 кг аз емес.

       Смарт-карталары  салыстырмалы жоғары құнды болып  келеді ( магниттік карточкамен салыстырғанда 5 - 7 рет жоғары). Бұдан басқа, оларды карточкалық есептесулер жүйесінің құрылуының бас кезінен бастап магниттік карточкаларға бағдар жасаған елдерде айналымға енгізу қиынға түседі. Онда ондаған, тіпті жүздеген микросхемадан ақпаратты оқу үшін жабдықталмаған жабдықтар бірліктері орнатылған, ал ол жабдықтарды смарт-карталары бар қондырғыларға ауыстыру үлкен көлемді капиталл салымдарын  талап етеді. Сондықтан сарапшылар смарт-карталарды тез енгізуді осындай елдерде АҚШ, Канада, Бельгия және т.б. күтпеуде, бірақ та осы карточкаларға байланысты халықаралық стандарттар жасау бойынша тәжірибелер әлемнің ірі карточкалық ассоциацияларымен жүргізіледі.

       Қазіргі кезде магниттік жолағы бар карточкалар  мен смарт-карталар арасында ашық  бәсекелік күрес жүргізілуде. Сондықтан  да сарапшылар смарт-карталарды АҚШ, Канада, Бельгия және т.б. елдерде тез енгізілуін күтпейді, дегенмен, осы карточкаларға арналған халықаралық стандартты жасау бойынша сараптаулар әлемнің ірі карточкалық ассоциацияларымен жүргізіледі.

       Қазіргі кезде смарт-карталары мен магниттік  жолағы бар карточкалары арасында бәсекелестік күрес жүргізілуде. Әзірге, VISA, Eurocard - MasterCard, American Express, Diners Club және т.с.с. сияқты дәстүрлі  төлем жүйелері болып  табылатын біріншілері жеңіс  табуда.

         в) жалпы тағайындалуы бойынша:

              - идентификациалық;

              - ақпараттық;

              - қаржылық операциялар үшін (есептеулерде).

       Шындығында, бұл бөлініс өзара шығарушы болып  табылмайды. Мысалы, ірі компания әрбір  қызметкеріне мынадай карточкаларды  бере алады:

       1) кәсіпорынның белгілі бір аймақтарына баруды рұқсат етуші құжат ретіндегі;

       2) сол картада кодталған түрде «ауру тарихы» жазылады немесе карточка иесі туралы қандай-да бір маңызды ақпараты бар;

       3) бұдан басқа, мұндай карточка асханалр мен дүкендерде есеп айырылысулар үшін қолданылады (есептік қызметі).

       Көп қызметті карточкаларды қолданушы  жүйелер шынымен де шетелде бар, және мүмкін болса, басқа қызметтердің бір ғана пластикалық карточкаға бірігуі болашағынан зор үміт күттіреді, себебі мұндай көп қызметтік  карточка оның эмитенті үшін де, иесі үшін де қолайлы.

       г) эмитенті бойынша:

      - банк және қаржы компаниялары арқылы шығарылушы банктік карточкалар;

      - берілген компанияның сауда және сервистік желісінде есеп айырылысулар үшін коммерциялық карточкалар арқылы шығарылушы дербес компаниялар (private).

       Басқаша айтсақ, есеп жүргізу механизмі тұрғысынан екіжақты және көп жақты жүйелер  деп екі түрге бөледі. Екі жақты  жүйелер есеп айырылысуға қатысушы екі жақ арасындағы келісімдер негізінде, яғни карточка иелері оларды тұйық  желілер тауарларын  сатып алу үшін қолдана алды, онда оларды карточка эмитенттері (банктер, дүкендер, жанармай орындары) бақылап отырды. Бұдан өзгешелігі, банк карточкаларының ұлттық ассоциациясын және туризм мен көңіл көтерулер үшін карточкалар шығарушы  компанияларды басқарушы көпжақты жүйелер, карточка иелеріне оларды төлем құралы ретінде танушы сауда және сервис ұйымдарының тауарлары мен қызметтерін несиеге алуға мүмкіндік береді. Бұл жүйелер карточкалары, сондай-ақ кассалық аванс алуды, банк шотынан қолма-қол ақшаны шешіп алу үшін арналған автоматтармен қолдануға мүмкіндік береді.

       Компаниялар өздерінің карточкаларымен жүргізілетін операциялардың әртүрлілігімен, көлемін  ұлғайту мақсатында, оларды анағұрлым  әмбебап етіп жасауға тырысады, бұл  тұрғыда олар басқа компаниялармен эмиссияға бірігеді, мүмкіндігінше банктің өзімен.

       д) Есеп айырылысулар үшін қолданылушы  банктік және басқа да карточкалар:

          - автономды «электронды әмиян»;

          - эмитент шотын қайталаушы «электронды әмиян»;

      - «шоттың кілті» - эмитент жүргізуші шотты идентификациялау құралы.

       Банктік карточкалардың көпшілік бөлігі әмиян  емес, идентификатор болып табылады. Оларға жататындар: «VISA», «Eurocard/MasterCard», «American Express», ресейлік «Юнион кард»  және «СТБ Карт» барлық карточкалары.

       Осы жайтты білмеуден, бірқатар түсініспеушіліктер туындайды.

       Мынадай жағдай болған, бір кездері, ішкі істер  органдары шекарадан капитал  асырмаумен күрес мақсатында, әкелінуші  карточкаларды кеден арқылы декларациялау  тұжырымын енгізбекші болған. Мұнда  мына бір жайт іске асты – карточканың тек қана «сейфтік кілті» екендігі сияқты тұжырым, және бұл теңеу, бүкіл істің өн бойын қамтиды. Тіпті оғаш жағдайлар да болған, атап айтар болсақ, бір клиент алғаш «Виза» карточкасын алып, ондағы магниттік жолақтағы ақшасының қанша жазылғандығын көремін деген оймен оны жарыққа қарай бағыттап төсеп қараған.

       Жалпы магниттік таспасы бар карталары  «әмиян» ретінде сирек қолданылады, себебі магниттік жолақ эмитент  үшін ондағы жазылған ақпараттың қажетті  қорғаныс деңгейін қамтамасыз ете алмайды. Әдетте «электронды әмиян» ретінде чиптары бар карталар қолданылады.

       Бұл тұрғыдан алғанда «пластикалық ақшалар» деген ұғым, клиенттер қолданушы  магниттік карточкалардың көпшілігіне  қатысты айтылмаған.

       Электронды  әмияндар өзінің жадысында белгілі  бір ақша сомасын сақтауға мүмкіндік береді, оны жұмсау кезінде ешбір келеңсіздіктер туындамайды. Соңғысына деген қажеттілік туындайды, егер виртуалды ақшалар қоры аяқталған жағдайда және карточканы банкоматтар1 түріндегі жаңа терминалдар арқылы «зарядтап» алу қажет болса.

       Қазіргі кезде ең алдыңғы қатарлы электронды әмияндар ретінде Мondex компаниясының  өндіруші әмияндары болмақ. Бұл жүйелер  тіпті, ақшаны қарызға беруге (алуға) мүмкіндік береді, егер сәйкесінше екі операция Мondex компаниясының  екі клиентінің арасында жүргізілсе. Кәдімгі карточкадан Мondex карточкасының айырмашылығы, оның сыртқы пішінінің микрокалькулятор-кітапшаны еске түсіретін арнайы футлярының болуы. Оның құрылысы мынадай құрылған, яғни бір жағында карта үшін ұяшық болса, екінші жағында пішіні шағын клавиатура мен дисплейдің болуы. Құпия сөзді енгізсеңіз болды – қалдық ақшаны тексеру, бір валютадан екіншісіне «ақша» аудару және т.с.с. операцияларға қол жеткізіледі.

       Mondex технологиясынан басқа да, осы  сияқты төлемдік карталар жүйелерін, Visa және MasterCard секілді танымал корпорациялар да жасауда. Олардың қарыштап өмірімізге енуі «табиғи ақшадан» толығымен бас тартуға әкелмек. Жаңа карталар көмегімен таксистермен есеп айырылысуға болады және тіпті, қонақ үйде шайлық үшін есеп айырылысуға болады, ол үшін электронды әмияныңыздың клавиатурасынан сізге ғана анықталған құпия кодты терсеңіз жеткілікті, көрсетілген сома қонақ үй шотына  есеп айырылысу үшін келіп түседі. Жақын болашақта виртуалды ақшалармен жұмыс жасау  операциялары да осы сияқты жүргізілетін болады. Электронды әмияндар пайда болды, демек желі аралық байланыс бар. Кішігірім жұмыс қалды – ол жеке валютамен жұмыс, цифрлық (виртуалды) ақшалар теориясы бекіткендей, онсыз толық көлемді электронды коммерцияны қамтамасыз ету мүмкін емес. Цифрлық (виртуалды) ақшалар сипатталады және қамтамасыз етіледі:

       1) Қауіпсіздігімен. Ақпаратты қорғаудың  хаттамалары транзакция жүргізудің  толық құпиялығын қамтамасыз  етуі тиіс, мұнда шифрлаудың, қол  қою үлгісінің және цифрлық  ақпараттың осы заманғы алгоритмдері міндетті шешуге толық жарамды.

        2) Анонимдігімен. Бұл цифрлық  ақшалардың ерекше сипаттамаларының  бірі болып табылады. Жеке тұлғаның  төлемдерін байқаудың, тіпті оның  жеке өміріне араласудағы барлық  мүмкіндіктерін болдырмау себепті,  транзакцияның авторизациясының толық алынып тасталуы белгіленеді.

       3) Портативтігі. Цифрлық ақшалардың  иесіне, оның үйдегі персоналды  компьютеріне бағынышты болмауына  мүмкіндік береді. Қарапайым шешімі  электронды әмиянды қолдану болып  табылады;

       4) қызмет көрсету мерзімінің шексіздігі. Қағаз ақшаларға қарағанда, цифрлық ақшалар физикалық өзгеріске, бүлінулерге ұшырамайды;

       5) екі жақтылығымен. Цифрлық ақшаларды  басқа тұлғаға тек беріп ғана  қоймай, сондай-ақ  оны алуға да  болатындығы. Төлемдік карточкалық  жүйелерде сіз әдетте өз ақшаңызды бір ғана тәсілмен бере аласыз (төлей аласыз), ал оларды тіпті мүлде басқа тәсілмен, яғни екі жеке тұлға арасында ақшаны тура беру мүмкіндігін шектеуші тәсілмен аласыз. Цифрлық ақшалар қолма-қол ақшалар концепциясын іске асырады, оны барлығы қолдануға үйренген (тіпті ол Қазақстан үшін де сипат алған). Сертификатталған электронды банкноттармен толтырылған әмияныңыз болса, сіз, оны сұраусыз алып алады деп қорықпайсыз. Кәдімгі пластикалық карточканы алуда клиенттің барлық ақшасы, ақшасыз разрядқа ауыстырылады, мұнда барлық операцияларда ақша иелері авторизацияланады. Егер цифрлық ақшалар қолданылған болса, операциялар тұлғасыз жүргізіледі, яғни клиент төлем жасағандай болады немесе кәдімгі банкнотты беріп тұрғандай болады. Ақшаны тұлғасыздандыруда, төлемдерді бақыламауда және жеке меншік валюталар енгізуде «ақша еркіндігі» (monetary freedom) жүзеге асырылады. Шегі жоқ еркін бәсеке, мемлекет саясатымен байланысы жоқ коммерция, инфляция мен девальвациядан еркін ақшалар – мұның барлығы өнеркәсіптің қарыштап дамуы мен тұтынушының ауқаттануына әкеледі. Саясаткерлер мен қаржыгерлердің көзқарасы тұрғысынан алсақ, цифрлық ақшаларда өркениеттің жаңа серпілістерінің потенциалды көздері жатыр, себебі цифрлық ақшалардың техникалық аспектілерінің бірі анонимдік болып табылады.

Информация о работе Толем картолары