Валюталық жүйе: мәні, түрлері, элементтері
Курсовая работа, 13 Февраля 2013, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Қазақстанның әлемдік экономикалық қатынастарда басқа елдермен сауда, экономикалық қарым-қатынасқа түсуі үшін, шетелдермен экспорт пен импорта, әлемдік капитал ағымдарының іске асуына және шетел валюталырының еркін айналымын ұйымдастыруда, сонымен қатар халықаралық әр түрлі қарым-қатынасты іске асыру валюталық жүйе негізінде жолға қойылады.
Валюталық жүйелер дүниежүзiлiк шарушылықта құрал жабдықтар, сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады.
Содержание
КIРIСПЕ .................................................................................................. 3
1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУ ЭВАЛЮЦИЯСЫ
1.1 Валюта жүйесінің мәні және дамуы .............................................................5
1.2 Валюталық жүйе типтері және оның элементтері .....................................11
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Қазақстан Республикасында валюта жүйенің қалыптасуы ......................19
2.2 Валюталық конвертациясына өтудің әлемдік тәжірибесі .........................22
2.3 ҚР-да валюталық қатынастарды мемлекеттік реттеу ...............................33
ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................38
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ....................................................................40
Работа содержит 1 файл
валюта жуйеси.docx
— 115.10 Кб (Скачать)Қазақстанның Ұлттық Банкi ұлттық валютамен мынадай операциялар жүргiзедi:
- осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Ұлттық Банкiнде ашылған банк шоттарының иелерiне бiр жылдан аспайтын мерзімге өтімділігі жоғары, тәуекелсіз бағалы қағаздармен және басқа да активтермен қамтамасыз етiлген кредиттер бередi;
- өтеу мерзiмi бiр жылдан аспайтын, саудаға шығарылған бiрiншi сыныпты эмитенттердiң вексельдерiн қайта есепке алады;
- мемлекеттiк бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
- Қазақстанның Ұлттық Банкi кредиттердi қамтамасыз ету үшiн жарамды деп есептейтiн депозиттiк сертификаттарды, борыштық бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
- депозиттердi қабылдайды, ақша төлемi мен аударымдарын жүзеге асырады, бағалы қағаздар мен өзге де құндылықтарды сақтауға және басқаруға қабылдайды;
- туынды қаржы құралдарымен операцияны жүзеге асырады;
- қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегi банктер мен қаржы ұйымдарында шоттар ашады;
- чек жазып бередi және вексельдер бередi;
- егер осы Заңда тікелей тыйым салынбаған болса, басқа банк операцияларын, сондай-ақ өз міндеттеріне сәйкес өз атынан мәмілелерді жүзеге асырады.
Валюталық реттеу және валюталық бақылауда Қазақстан Ұлттық Банкi: /2/
- Қазақстан Республикасында шет ел валютасының және шет ел валютасындағы бағалы қағаздар айналысының аясы мен тәртiбiн белгiлейдi, шет ел валютасында операциялар жүргiзуге қажеттi шектеулер енгiзедi, соның iшiнде осындай операциялар мен сыйақы ставкаларының көлемiне де енгiзiледi;
- Резиденттердiң және резидент еместердiң Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтармен операциялар жүргiзу ережелерiн белгiлейдi;
- Валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету және жiберу тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы резиденттерінің шетел банктерiнде шоттар ашу тәртiбiн айқындайды;
- Қазақстан Республикасының валюталық заңдарына сәйкес валюталық операцияларды, валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау, валюталық операцияларды тiркеу және олар туралы хабарлау, айырбастау пункттерiн тiркеу тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ айырбастау пунктiнiң тiркеу куәлiктерiн бередi және олардың қолданылуын тоқтата тұрады;
- Қазақстан Ұлттық Банкiнiң басқармасы айқындайтын тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгiлейдi;
- Алтын-валюта активтерiн құрайды және солармен операциялар жасайды;
- Мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша олардың құзыретiне сәйкес Қазақстан Республикасындағы резиденттер мен резидент еместер орындауға мiндеттi валюталық операциялар бойынша есепке алудың және есептiлiктiң тәртiбi мен нысандарын белгілейдi;
- Банктер мен өзге тұлғалардың Қазақстан Республикасының банктiк және валюталық заңдарын бұзу фактiлерi анықталған жағдайда, банктiк және валюталық заңдарда көзделген санкцияларды қолдануға құқылы;
- Халықаралық есеп айырысуды ұйымдастырады, шет елдермен қаржы - валюталық және кредиттiк-есеп айырысу қатынастарын жетiлдiредi;
- Жасасылған мемлекеттiк шарттарға сәйкес шетелдiк және халықаралық ұйымдармен шет ел валютасын тартады;
- Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) экспорттаудан түскен шетелдiк валютаны мiндеттi түрде сату режимдi енгiзедi және өзгертедi.
- Қазақстан Ұлттық Банкi валюталық реттеу және валюталық бақылау жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да функцияларды орындауға құқылы.
Валюталық қатынастарды реттеудің екінші түрі болып табылатын нарықтық реттеудің негізін валюталық саясат және оның құралдары құрайды.
Баға механизiмi және нарықтағы валюталық бағам динамикасының белгiлерi арқылы экономикалық агенттер валюталарды сатып алушылардың сұранысымен оларды ұсыну мүмкiндiктерi туралы бiле алады. Сонымен бiрге нарық валюталық операциялармен бiрге жағдайы туралы ақпараттар көздерi болып табылады .
Валюталық саясат өзiнiң мақсаттарына және формаларына байланысты екiге бөлiнедi:
- құрылымдық валюталық саясат
- ағымдық валюталық саясат
Валюталық саясаттың
- дисконттық валюталық саясат
- девиздiк валюталық саясат
Сонымен қатар, девиздiк саясаттың келесiдей жүзеге асырылу формалары болады:
а) валюталық интервенция;
б) валюталық резервтердi диверлификациялау;
в) валюталық шектеу;
г) валюталадың алмастырылу дәрәжесiн реттеу;
д) валюталық бағам режимi;
е) девальвация;
ж) ревальвация;
Дисконттық саясат бiр жағынан, валюталық бағам мен төлем балансын реттеуге, екiншiден, iшкi несиелер, динамикасын, ақша массасын бағаны жиынтық сұранысты реттеуге бағытталған орталық банктiң есепке алу мөлшерiн көрсетедi.
Девиздiк саясат мемлекеттiк ұйымдардың немесе орталық банктердiң шетел валютасын сатып алу мен сату жолымен ұлттық валюта бағамына әсер ету әдiсiн бiлдiредi. / (1) /
Девальвация мен ревальвация – валюталық саясаттың дәстүрлi әдiстерiне жатады.
Девальвация – ұлттық валютаның бағамын, шетел валюталарына қатысты төмендетудi бiлдiредi .
Ревальвация – ұлттық валютаның бағамын, шетел валюталарға қатынасы бойынша жоғарлатуды түсiндiредi .
Девальвация пайызын өлшейтiн формуласы келесiдей:
Мұнда, Бе - ескi бағам; Бж - жаңа бағам
Ревальвация пайызын есептеу формуласы:
Мысалы: функ стерлинг бағамы арнйы түрде 2.8 ден 2.4 долларға дейiн төмендетiледi. Ондағы девальвациялау пайызын есептейiк:
Валюталық саясаттың келесi бiр формуласы ретiнде валюталық шектеу үздiксiз пайдалынады. /4/
Валюталық шектеу резиденттерi мен резидент еместердiң валюталар және басқадай валюталық құндылықтармен жасалатын операцияларын заңды түрде немесе әкiмшiлiк түрде тиым салуын, шектеуiн бiлдiредi. Валюталық шектеу, валюталық бақылаудың құрамас бөлiгi болып табылады. Валюталық шектеу валюталық заңдылықтармен бекiтiледi .
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде, халықаралық валюталар қатынастар – ұлттық шаруашылықтарының қызметкерлерiнiң нәтижесiнен өзара қызмет ететiн және әлемдiк шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуi барысында қалыптасқан қоғамдық қатынастар жиынтығын бiлдiредi.
Халықаралық валюта қатынастары
шаруашылық байланыстарының
Ваюталық жүйе дегенiмiз - ұлттық заңдылықтарымен немесе мемлекет аралық келiсiм шарттарымен бекiтiлетiн валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасын бiлдiредi .
Валюталық жүйелер 3 түрге бөлiнедi:
- Ұлттық валюталық жүйе;
- Дүниежүзлiк валюталық жүйе;
- Аймақтық немесе мемлекет аралық валюталық жүйе
Валюталық рыноктарда валюталық операциялады жүргiзуге халықаралық сауда мен оған байланысты көрсетiлген қызметтер және халықаралық капиталдар мен несиелер қозғалысы негiз болып табылады.
Валюталық бағам дегенiмiз – бұл бiр елдiң ақша бiрлiгiнiң басқа бiр елдiң ақша бiрлiктерiне бейнеленген бағасы. Әрбiр елдiң ұлттық ваюталарын салыстыру оларды өндiрiс және айырбас процесiнде пайда болатын обьективтi құндық қатынастарына негiзделедi. Валюталық бағамы валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етушi көптеген факторларға байланысты өзгередi.
Тауарлармен, қызметтермен
саудаласқанда, капиталдар мен несиелердiң
қозғалысы кезiнде, дүниежүзiлiк және
ұлттық рыноктардың бағаларын, сонымен
бiрге әр алуан елдердiң ұлттық
немесешетелдiк валюталарға
Ұлттық валюта жүйесi дүниежүзiлiк
валюта жүйесiнiң құрылымдық принциптерiне
сәйкес қалыптасты. Ұлттық валюта жүйесiнiң
негiзiн осы мемлекеттiң
Қазақстанның дүниежзiлiк шаруашылыққа интеграциялануға ұмтылысы оның халықаралық валюта-қаржы және несие қатынастарына белсендi түрде қатысуын талап етедi. Елiмiздiң бүгiнгi таңдағы негiзгi валюталық саясаты теңге құнының тұрақтылығын орнықтыру және оны еркiн ауысатын валюталарға айырбастауды мейлiнше ырықтандыру.
Қазақстан 1992 жылдың шiлдесiнде Халықаралық валюталық қорға мүше болып кiргеннен бастап өзiнiң валюта қатынастарын “Ямаика” валюта жүйесiнiң құрылымдық қағидаларымен қордың жарғысына сәйкес қалыптастыруда. Валюта қатыныастарын ұйымдастырушы үшiн 1993 жылдың 14 сәуiрiнде “Валюталық реттеу туралы” ҚР-ның алғашқы заңы қабылданды. Ол кезде Қазақстан Кеңес экономикасы аймағында болғандықтан шетелдермен жеке валюталық байланыстар жоқтың қасында болатын. Қабылданған заң бойынша валютаны ырқына жiберу деңгейiне сәйкес келiп кейбiр жағдайларға байланысты дамып келе жатқан валюта қатынастарына тiптi қарама-қайшы сипатта болды. 1996 жылы 24 желтоқсанда Қазақстанда “Валюталық реттеу туралы” жаңадан заң қабылданды.
Жалпы валюталық қатынастардың дамуы елiмiздiң экономикалық тұрақтылығын, әлемдiк экономикадағы ұлттық экономикамыздың орнын көрсетедi.
Елiмiзде ұлттық валюта жүйесі
1993 жылы 15 қарашадан бастап “ұлттық
валютамыз теңгенiң” айналысқа енгiзiлген
күннен бастап қызмет етуде. Бүгiнгi
таңда теңгемiз халықаралық
Қазақстан
Республикасында 1999 жылы еркін құбылатын
айырбас бағамының енгізілуі
принцип бойынша валюталық
Қазақстан Республикасында
қазiрдiң өзiнде теңгенiң ел iшiнде
еркiн ауысуына iс жүзiнде қол
жеткiзiп отырмыз. Жоғарыда атап өткендей
соңғы жылдары теңге құнының
халықаралық резервтік
Соңғы 2010-2011 жылдары Қазақстанның әлемдік нарықтағы жағдайы бойынша төлем балансы оң сальдоны көрсетті. Әрине бұл Қазақстан үшін үлкен жетістік болып табылады және алдағы уақытта елдің ұлттық экономикасын, оның өндірістік салаларын индустрияландыру арқылы бәсекеге қабілетті экономиканы құру, импорталмастырушы өндірісті дамыту сыртқы саудада экспорттын көлемін арттырп, импорттын көлемін айтарлықтай төмендетеді деп айқындалуда. Алайда елдің экспортының өсуі, биылғы жылғы төлем балансының он сальдосы тікелей экономиканың тұрақты дамуы үшін тиімсіз болып келетін мұнай және басқа да шикізатты өндірістің, олардың шығару көлемінің артуынан және әлемдік рынокта шикізатқа деген бағаның өсуінен болып отыр. Сондықтан мемлекетіміз алдағы жылдары осындай шикізаттық экономикадан құтылумәселесін шешуі қажеттігі туып отырғаны белгілі. /15/
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- “Қ.Р-да ұлттық валютаны енгiзу туралы” Қ.Р. Президентiнiң заң күшi бар жарлығы // 12.11.1993.
- “Қ.Р-ның ақша жүйесi туралы” Қ.Р-ның Заңы // 13.12.1996.
9. “Валюталық реттеу туралы” Қ.Р –ның заңы // 24.12.1996.
- Баян Көшенова, Оқу құралы / Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары, - Алматы: “Экономика” 2000ж.
- Байгiсиев Майдан-Әлі / Халықаралық валюта қатынастары және валюталық құқық: Оқу құралы. Алматы: Қазақ университетi, 2007. – 302 бет.
- Ақша, несие, банктер: Оқулық / Ғ.С. Сейiтқасымов. – Алматы : Экономика, 2001, - 466 б.
- С.Б. Мақыш , Оқу құралы / “Ақша айналысы және несие” – Алматы, Қазақ университетi, - 2000ж.
- Экономическая теория./ А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича. Санк-Петербург 2001г.
- Деньги, кредит, банки: Учебник / Под. Ред. О.И Ловрушина, Изд. 2-е, - Москва: 2007г.
9. Е.Н.Нәбиев “Халықаралық экономикалық қатынастар”. Астана 2008- б. 49.
- Бұхарбаев Ш.М. “Валюталық бағамның және оның атқарылуы тәртiптерiнiң елдiң сыртқы экономикалық қызметiне әсерi” // Банки Казахстана. №1.- 2010 ж.
- С.Б.Мақыш “Валюталық операциялар және валюталық мәмiлелер” // ҚазҰУ хабаршысы. №5, - 2011 ж.
- Бертаева К.Ж. «Наличные и срочные валютные операции» // Банки Казахстана, №3, 2010г.
- «О ситуации на финансовом рынке» // Банки Казахстана, №7,8,9 - 2012 г. 2-8 стр.
- Статистический ежегодник. Алматы. – 2011г.- 446 с.
- Вестник Национального банка РК , 2012 ж. №1,2.