Экологиялық мәдениет

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 21:21, реферат

Описание работы

Экологиялық білім беру – адамның айналадағы әлеуметтік табиғи ортаға жауапкершілігін қамтамасыз ететін, ғылыми және практикалық білімге, мінез-құлық пен іс-әрекеттің қалыптасуына негізделген білім беру мен тұлғаны дамытудың үздіксіз процесі. Қазіргі ауыр экологиялық дағдарыс заманында тәрбие мен білім берудің негізі- ең алдымен адам мен табиғаттың қарым – қатынасы принциптерін жүзеге асыруды жетілдіру болып табылады. Экологиялық білім беру адамның барлық өмірін қамтитын тұтас жүйе болу керек.Ол сонымен қатар табиғатпен үйлесімділік және тұтастық туралы түсінікке негізделген көзқарасты қалыптастыруды мақсат етіп қояды.
Экологиялық дүниетанымның көзқарасын қалыптастыруда экологиялық интеллектуалдық даму мен экологиялық эмоциялық дамуға назар аударған жөн.Интеллектуалдық даму экологиялық жайттарға сараптама жасау, экологиялық проблемаларды шешу қабілеттілігін қажет етсе, эмоциялық даму табиғаттың әлеуметтік – мәдени орта түзудегі, адамның денсаулығы мен мінез- құлығын қалыптастырудағы ролін бағалайды.
Экологиялық мәдениет қоғам мен табиғат талаптарына адамзаттың білікті берген жауабынан қалыптасып отыр.Экологиялық мәдениет адам мен табиғаттың арасындағы еркін қатынастардан туындайды. Яғни, табиғат пен мәдениет оппозиясының тек танымдық емес,сонымен бірге әлеуметтік мағынасы да бар.
Экологиялық мәдениет және оның қалыптасу процесі Д.А.Урсул, Е.В.Никанорова, Ж.Тастанбекова және т.б. зерттеулерінде әдіснамалық тұрғыдан негізделсе, болашақ мамандардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың жолдары С.В.Алексеев, А.В.Миронов,С.К:Сериков және т.б. ғалымдар еңбектерінде ғылыми-практикалық тұрғыда шешімін тапқан.

Работа содержит 1 файл