Экологиялық орта және денсаулық

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2011 в 10:16, реферат

Описание работы

Соңғы жылдары жер шарында экологияық апаттар қаупі күшеюде. Француз ғалымы Жак Ив Кусто айтқандай «бұрын адам табиғаттан қорқатын, қазір адам табиғатты қорқытады» ҒТР- дың дамып, шарықтау шегіне жеткені сондай, жер шарында табиғат өзгеріп, елдерге экономикалық , әлеуметтік шығындар әкелді

Работа содержит 1 файл

Экологиялық орта және денсаулық.doc

— 28.50 Кб (Скачать)

Экологиялық орта және денсаулық. 

Соңғы жылдары жер  шарында экологияық апаттар қаупі  күшеюде. Француз ғалымы Жак Ив Кусто  айтқандай «бұрын адам табиғаттан қорқатын, қазір адам табиғатты қорқытады» ҒТР- дың дамып, шарықтау шегіне жеткені  сондай, жер шарында табиғат өзгеріп, елдерге экономикалық , әлеуметтік шығындар әкелді. Кусто және былай деген: «Адамның алдынан орман кездессе, артында шөл қалады». Адамдардан ашкөздік әрекеттері біздің елімізде де апатты аймақтар қатарын көбейте түсті. Семей, Арал, Балқаш, Ертіс, Каспий және т.б. 

Кенді Алтай Шығыс  Қазақстандағы экономикасы дамыған  аудан. Алтайда түсті металл табылысымен-ақ қоныс аударушылар келіп, қоныстана  бастады. Алтайдың Қазақстандағы бөлігінде  күміс балқыту өнеркәсібі дамыды. Сөйтіп, бұл аудан Ресейдің күміс қорына айналды. Бір ғана Зырян кеніші Алтайда өндірілетін күмістің 75% беріп отырды. XIX ғасырдың аяғынан бастап бұл кен орындары шетелдіктерге жалға беріле бастады. Олар табыс қуып, қазба байлықтарды бей-берекет жыртқыштықпен пайдаланды. Бұл жерде ағылшын Лесли Уркварт 1914 жылдан 1917 жылға дейін қожалық жасады. Кеңес өкіметі жылдарында Кенді Алтай жалпы Одақтық маңызы бар жерге айналды. Түсті металдарды өндіруден Шығыс Қазақстан бірінші орында тұрды. 

Алтайда түсті металлургияның ең ірі кәсіпорындары Өскеменде (қорғасын, мырыш), Риддерде (полиметалл) және Зырянда (қорғасын). Бұл кәсіпорындардың  республиканың ауыр өнеркәсібі үшін маңызы өте зор. Бірақ, экология мәселесіне де бей-жай қарауға болмайды. Алтай өңірі орман-тоғайымен, биік тауларымен, сол таулардан құлай аққан мөлдір бұлақ, өзендерімен көздің жауын алатын. Жергілікті халықтың, жалпы Қазақстанның мақтанышы еді. Өндіріс дамыған сайын Алтай бұрынғы көркінен айырыла бастады. Әсіресе Өскемен, Риддер, Зырян қалаларының ауасы тым ауырлаған. Түрлі металлургиялық комбинаттардан көтерілген лас ауа ашық аспанда улы газдармен айғыздап отыр. Зайсан көлінің кезінде тайдай тулаған балықтары көлденең ауруға шалдығып, өзінен-өзі құруда. Себебі, көлге өнеркәсіптің орасан зор шайынды сулары құйылады.Алтаидың бүгінгі жағдайы, экологиялық проблемалары туралы мәселелерді талқылау үшін ғылыми конференция ұйымдастырып отырмыз. Бұл конференция сабаққа Алтайдағы ірі кәсіпорын басшылары мен маман, ғалымдар қатысып отыр.

Информация о работе Экологиялық орта және денсаулық