Акша теориясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 19:43, реферат

Описание работы

Сонымен, ақшаны ешкiм ойлап тапқаны жоқ, ол тауар айналысының дамуына байланысты тарихи түрде көптеген жағдайларды басынан кешiрiп, осы күнге ақша болып жеттi. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрайды. Әрбiр тауар қажеттi тұтыну құның алу құралы бола отырып , өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша”.

Содержание

Кiрiспе .........................................................................................……………........3
Ақшаның мәнi, қызметтерi және ақша айналысы ...............………...5
Ақшаның шығу тегi ............................................................…………...5
Ақшаның экономикалық мәнi және ақшаның қызметтерi .....……...8
Ақша айналысының жалпы сипаттамасы ............................………..19
Ақша теориясының дамуы және ақша жүйесi ....................………..22
Ақша теориясының дамуы және олардың айналысы: ..........……….22
а) Ақшаның металдық теориясы ............................................………….22
б) Ақшаның номиналистiк теориясы ......................................………...24
в) Ақшаның сандық теориясы ................................................…………..28
Ақша жүйесi жөнiнде түсiнiк, элементтерi мен
түрлерi .............................................................................…………….32
Қорытынды ....................................................................................……………..34
Қолданылған әдебиеттер ...............................................................…………….36

Работа содержит 1 файл

Акша теориясы.doc

— 166.50 Кб (Скачать)

Ақшаның номиналистiк теориясы жағында американ экономиксi П. Самуэльсон да болды.  Ол ақшалар өткен уақытта ғана тауармен байланыста болса, ал алдағы уақытта ақшалар шартты белгiге айналуда деп сендiредi. “Тауар ақшалардың дәуiрiн қағаз ақшалар алмастырды. Қағаз ақшалар ақшаның мәнiн, iшкi табиғатын ашады. Ақша дегенiмiз ол жасанды әлеуметтiк шарттылық”

Қағаз ақшалардың пайда болуы металл айналысының  объективтi заңдылықтары мен капитализм тұсындағы тауарлы өндiрiстiң дамуымен сипатталатын ақша айналымына деген  қосымша қажеттiлiктерiмен байланысты.

Бiрақ  қағаз ақшаның шығу тарихы б.ғ.д. I ғ. тән, яғни ол кездегi терiден жасалған ақшаларға байланысты. Бұл уақытта Қытайда ақ бұғы терiсiнен жасалған ақшалар пайда болды. Ақ бұғылардың барлығы император меншiгiнде болған.

Нағыз қағаз ақшалардың пайда болуы  Шынғысханның немересi Хубила ханмен байланыстырылады.

XVII ғ. алдындағы капиталистiк тауарлы өндiрiстiң дамуымен қағаз ақшаның қолданылуы өрiс ала бастады.  Қағаз ақшалар 1690 жылы Солтүстiк Американың Британиялық отар елдерiнде, 1716 ж. Францияда, 1795 ж. АҚШ-та,  1762 ж. Австралияда пайда болды. Ресейде алғашқы қағаз ақшалар 1769 ж. II Екатерина тұсында пайда болды.

Сырттай қарағанда,  қағаз блгiлерi мемлекет тарапынан жасалынған – толық  құнды ақшаның орнын алмастырушылар тәрiздi әсер етедi деген ой туады.  Шыында олар металл ақшаның номиналды  құнының нақты құнынан ауытқуынан көбеюi есесiнен пайда болды.

Металл  ақшадан қағаз ақшаға ауысу себептерi:

  1. Металл ақша айналысы өте қымбат болып келедi және капитализмнiң дамуымен мүмкiн емес, себебi қымбат металдарды өндiру айналыс құралдарына деген шаруашылықтың қажеттiлiгiнен әлдеқайда төмен;
  2. Монеталардың тозуы және бүлiнуi;
  3. Мемлекеттiк билiк пен жалған монеталарды жасаушылардың монеталарды бұзуы;
  4. Мемлекет шығындарын қағаз ақшаларды жабу үшiн шығарады.

Осыған  байланысты, К. Маркс атап көрсеткендей: “өзiнiң айналыстағы делдалы ретiнде алтын әр түрлi өзгерiстерге ұшырады, тiптi жай ғана бiр жапырақ қағазға дейiн жұқарды.

Қағаз ақшалар ақшаның номиналдық құрамының  нақты құрамынан бiртiндеп бөлiнуi нәтижесiнде пайда болған құн  белгiсiнiң ақырғы формасы.

Қағаз ақша мемлекеттiң өз шығындарын табу үшiн шығарылатын, әдетте металға айырбасталмайтын, ерiксiз номиналға ие ақша белгiсi. 

Қағаз ақшалар толық құнсыз болып келедi, себебi, өзiнiң дербес құны жоқ. Оларды шығаруға кеткен шығындар өте аз. Заңды  төлем құралы болып тұрған кезде ғана олар өздерiнiң сатып алу қабiлетiн сақтай алады.

Егер  “нағыз” ақшалар айналыста өзiнiң  меншiктi құнының арқасында жүрсе, ал қағаз ақшалар айналыс процесiнде  нарықтық құнға ие болады. Мемлекет сол елдiң көлемiнде ғана оларға ерiксiз өзiндiк құн белгiлейдi. Осылайша , Қазақстанда 1993 жылы ең iрi капюрда 100 теңге, 1994 жылы 200 және 500 теңгелiк капюрлар шығарылған болатын.

Ақшалар ешқашанда алтынға ауыстырылаған. Бiрақ кейбiр жағдайларда мемлекет айналысқа шығарылған қағаз ақшаларды  толық номиналдық бағасы бойынша алтынға ауыстырған кездерi болған.

Қағаз ақшалардың өзiнiң меншiктi құны болмағандықтан да , олар айналыс саласындағы ақшаның  қызметтерiн толық құнды ақшалардың қызметтерi арқылы атқарады.

Қағаз ақшалардың меншiктi құндарының болмауына байланысты олар өздерiнiң жаратылысына қарай тұрақсыз және құнсыздануға икемдi келедi. Ақшаның құнсыздануы әр түрлi себептерге байланысты болады: бюджет тапшылығын, әскери және басқа да өндiрiстiк емес шығындарды жабуға артық ақшалардың шығарылуы; пассивтiк төлем балансының салдарынан алтынға дүниежүзiлiк ақша ретiнде сұраныстын ұлғаюы; еңбек өнiмдiлiгiнiң төмендеуi және тауар массасының қысқаруы, т.б.

Мұның бәрi бағаның өсуiне әкелiп соғады. Жалпы алғанда қағаз ақшалардың құнсыздануы бұл тұрақсыз экономикаға тән нәрсе.

Қағаз ақшалар әрдайым көмекшi сипатқа  ие. Қағаз ақшалардың дербес түрде  ұзақ уақыт бойында айналуы мүмкiн  емес, сондықтан да олармен қатар  несиелiк ақшалар жүредi.

Несиелiк ақшалар – бұл  несие негiзiнде алтынның орнына келген құнның қағаздай белгiсi. Несие ақшалар несие берушi мен несие алушы арасындағы қарыз капиталының қозғалысын көрсетедi және “төлем құралы формасы ретiнде өмiр сүрудiң меншiктi формасын алады”.

Несие ақшалардың негiзгi түрлерiне: вексель, банкнота, чек, несие карточкалары жатады.

 

а)  Ақшаның  сандық теориясы.

Айналыстағы ақшаның  саны К. Маркстiң ашқан ақша айналысының  заңымен реттеледi. Айналысқа қажеттi ақша саны – айналыстағы ақша саны мен сатуға арналған тауарлар массасы  және атауы бiр ақша бiрлiктерiнiң  айналыс жылдамдығы арасындағы белгiлi бiр сәйкестiктiң болуын талап етедi.  Айналысқа қажеттi ақша санының формуласы төмендегiдей:

Монетаристер  деп аталатын,  ағылшын классикалық  экономика мектебiнiң ғалымдары, келесiдей тепе-теңдiктi белгiледi:

PY = TV+DV1

мұндағы: P – бағаның жалпы деңгейi;

                Y - өндiрiс көлемi;

                T – ақша белгiлерiнiң саны;

                D – депозиттер;

                V және V1 – ақшаның және депозиттiң айалыс жылдамдығы.

1929 ж. ұлы депрессиядан кейiн ақшаның  сандық теориясы өзiнiң күшiн жоғалта бастады, себебi кейнсиандық теория ақша массасын емес, нақты экономиканы басқаруға көп көңiл бөлдi.

Соңғы он жылдықта етек ала бастаған инфляциялық  процестер ағылшын, американ экономистерiн  монетаризмге деген жаңа қызығушылықтарын тудырды, себебi қазiргi кездегi монетаризм ақша массасы мен өндiрiс көлемiнiң өзгерiсi арасындағы байланысты анықтауға ұмтылуда. Монетаристер ақшаны реттеу және күтiлген өзгерiстердi анықтау үшiн қажеттi мерзiмдер арасында пайда болуы мүмкiн үзiлiстердi ескере отырып, ақша массасын бiрқалыпты және ұдайы реттеудiң өсу қарқынының “алтын” ережесiн ұсына бастад.

Ақшаның төлем құралы ретiнде қызмет етуi айналысқа қажеттi ақшаның жалпы  көлемiн қысқартады. Бұл, қарыз мiндеттемелерiнiң  көп бөлiгi қарыз талаптары мен мiндеттемелерiн өзара есептеу арқылы жабу жолымен түсiндiрiледi.  Сөйтiп, несиенiң даму дәрежесi ақша санына керi әсер етедi: неғұрлым тауарлардың көп бөлiгi несиеге сатылса; соғұрлым айналыс үшiн ақшаның аз саны қажет етiледi.  Оған қоса мынаны ұмытпаған жөн: айналыстан алынған ақшаның белгiлi бiр саны шаруашылықтағы және халықтың қолындағы тұрақты ақша резервiн қалыптастырады.  Осының нәтижесiнде,  айналыстағы ақша санын анықтайтын заң келесi түрдегi формуламен анықталады:

 

Ас = Тб.с. – Нт.б.с. + Тс – От.м.с. / А + АР

 

Ас –     төлем құралы  және айналыс құралы ретiнде қажеттi ақша саны;

Тб.с. –    тауар бағасының сомасы;

Нт.б.с. – несиеге сатылған тауар бағасының сомасы,

Тс –      қарыз және басқа мiндеттемелер бойынша төлем сомасы;

Өт.м.с. -  өзара есептескен талаптар мен мiндеттемелер сомасы;

АР  –     ақша резервтерi;

А –  ақшаның төлем және айналыс құралдары  ретiндегi айналымының орташа саны.

Теңдiкте  көрсетiлгендей экономикадағы ақша массасының айналуы мүмкiн себептердiң  бiрi ретiндегi тауарлар бағаларының едәуiр аз төленбеген төлемi болып табылады.

Ақшаның сандық теориясы айналысқа қажеттi ақша санын дәл анықтауға мүмкiндiк  бермейдi, ол шаруашылық қатынастары  мен экономикалық даму факторларының  жалпы жиынтығындағы ақша қаражаттарының орнын анықтайды.

Орталық банк экономикалық айналымға оның қажеттiлiктерiне сәйкес, несиелеу жолдары бойынша  қажеттi несие ақшаларының  масасын  беретiн,  өзiеiң эмиссиялық және нсиенiң  қызметiн атқарады.  Ақша екi түрлi формада болады: қолма – қол  және банктiк айналымның ақшалары, яғни банктiк шоттардағы қолма-қолсыз ақша қаражатының жазу формасындағы ақша белгiлерi.  Ақшаның бұл екi формасы бiр – бiрiмен тығыз байланыста.  Банктiк айналымның ақшалары әрдайым қолма-қол банкноталарға айналуы мүмкiн.

Ақша  айналысының екi облысының бiрлiгi, яғни ақшаның қолма-қолсыз формасының қолма-қол ақшаға ауысуы және бұған керiсiнше болуы ақша массасының өзiне қандай компоненттердi қамтитынын анықтауды талап етедi.

Ақша  массасының құрамы сол елдiң несие-ақша жүйесiмен анықталады.

Бiздiң  республикамыздағы  айналыстағы  ақша қаражаттарының құрылымына мән  беретiн болсақ,  онда ол төмендегiдей:

М0 – айналыстағы қолма – қол ақшалар;

М1 - өзiне – М0 –дi қосады, сонымен қатар шаруашылықтардың есепт айырысу немесе басқа депозиттiк шоттардағы қаражаттардың қалдықтары, каптал салымдарын қаржыландыру мен несиелеу қорларының шоттарындағы , чектiк және аккредитивтiк шоттардағы қаражат қалдықтары, халықтың және заңды тұлғалардың талап еткенге дейiнгi салымдары кiредi;

М2 - өзiне М1 –дi қосады, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мерзiмдi салымдарын қамтиды;

М3 – М2-ге мемлекеттiк займ облигацияларын қосу.

Ақша  массасының көбеюi бiрнеше каналдар бойынша жүредi:

  • Банкноттар мен монеталар эмиссиясы есебiнен;
  • Орталық банктен коммерциялық банктердiң несие алу жолдарымен;
  • Орталық банктiң ел үкiметiне мемлекеттiк бюджет тапшылығын жабу үшiн несие беру арқылы;
  • Орталық банктiң бағалы металдарды, шетел валюталарын және мемлекеттiк бағалы қағаздарды сатып алу жолымен;
  • Коммерциялық банктердiң салымдарын жұмылдыру негiзiнде чектер эмиссиясын шығару немесе займдар беру жолымен.

Осыдан  ақша массасының көлемi Ұлттық банк жүгiзетiн  ақша – несие саясатымен тығыз  байланысты, мұндағы ең басты мақсат ақша массасынығ өсуiн сақтау екенiн  көремiз. Мақсатты белгiлеуде Орталық банк келесi көрсеткiштердi ескертедi:

  • Нақты бейнелеудегi ЖҰӨ-нiң болжанатын өсiмi;
  • Жоспарлы кезеңдегi ақша айналысының есептелетiн жылдамдығы;
  • Жоспарланған кезеңдегi инфляцияның максималды рұқсат етiлген денгейi;

Ақша  массасы өсуiнiң бақылау көрсеткiштерi елдiң экономикалық потенциялының болашақтағы ұлғаюын және оның пайдалану дәрежесiн ескере отырып есептеледi.  Бұл көрсеткiштiң тәжiрибе үшiн де маңызы зор.

Егер  ақша массасы ақырын айналса, бұл  ұлттық өнiмдi орналастыру коэфиценттерiнiң  өте төмендiгiн бiлдiредi,  ал ақша айналысының жедел қозғалысы қаражаттарды салыстырмалы түрде жылдам жұмсауды және жоғары конъюктураны бiлдiредi. Ақша айналысының жылдамдығы ақша санына керi пропорционал, яғни мұндай айналыстың жоғары жылдамдығы қосымша эмиссия қажеттiлiктi қысқартуы тиiс. Керiсiнше , ақша айналысының ақырын қозғалысы шаруашылық субъектiлердiң жинақтауға ұмтылысын,  ақша массасы құрамында ұзақ мерзiмдi салымдардың өсуiн көрсетедi.

 

 

    1. Ақша жүйесi жөнiнде түсiнiк, оның элементтерi және негiзгi түрлерi.

 

Жалпы мемлекеттiк заңдармен реттелген  елдегi ақша айналысың ұйымдастыру  ақша жүйесi болып табылады.  Әрбiр  мемлекеттiң өзiнiң ұлттық ақша жүйесi бар.

Қазақстан Республикасында ақша жүйесi 1995 жылы 30 наурыздағы “Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi туралы”  Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған.  Жарғы ақша айналысының ұйымдастыру негiзiн және формаларын белгiлейдi, онда ресми ақша бiрлiгi,  ақша белгiлерiнiң эмиссиясы,  сонымен қатар монеталарды жасау тәртiбi,  ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртiптерi қамтылады.

Ақша  жүйесi келесi элементтерден тұрады:

Ақша бiрлiгiнiң  атауы. ҚР-ның ақша бiрлiгi ретiнде 100 тиыннан құралған 1 теңге болып табылады.

Ақша белгiлерiнiң  түрлерi.  Егер 1991 ж. 1 қаңтарына дейiн айналыста қазыналық билеттер болса, онда қазiргi кезде ҚР ақша белгiлерi болып олардың өсу құны бойынша төлемнiң барлық түрлерiне қабылданатын банкноттар мен монеталардан құралады.

Эмиссия тәртiбi.  Қолма – қол ақшаларды шығарып,  олардың айналысын ұйымдастыру және айналыстан шығаруды Ұлттық банктiң қолма – қолсыз ақша эквивалентiн алумен банкнота мен монеталарды сату формасында жүзеге асырылады.

Ақша түрлерi.  Заңды төлем құралы болып табылатын:  қағаз және несие ақшалар.

Валюталық бағам  дегенiмiз – бұл басқа бiр елдiң ақша бiрлiгiне қатысты бейнеленген  сол елдiң ақша бiрлiгiнiң бағасы.

Әлемдiк  тарихта ақша жүйесiнiң келесi типтерi болған:

  • Металдық айналым, мұнда ақшалай тауар ақшаның барлық қызметiн атқарады,  ал несие ақшалар металға айырбасталады;
  • Несие және қағаз ақша айналысы,  мұнда алтын айырбастамайтын банкнотамен айналыстан ығыстырылып шығарылады және қазынаға айналды.

Металдық  айналысқа байланысты аталып өткен  екi ақша жүйесi – биметализм  және монометализмге тән.

Биметаллизм – бұл ақша жүйесiнде жалпы құндық эквивалент ролiн  заңды түрде екi металл атқарады. Алтын және күмiс монеталар кең көлемде соғылысып, еркiн айналысқа түстi, биметаллизмнiң үш түрi бар:

Паралелдi валюта жүйесi,  алтын және күмiс монеталар арасындағы қатынас металдың нарықтық бағасына сәйкес стихиялы түрде бекiтiлдi;

Қосарлы валюта жүйесi,  бұл қатынасты мемлекет анықтады;

“ақсақ”  валюта жүйесi , күмiс монеталар алтын белгiсi болып табылады.

Информация о работе Акша теориясы