Болмыс теориясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 18:44, доклад

Описание работы

Әлемнің сыр – сипатын, дүниенің түп мағынасын, ішкі мәнін, айнала қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстар мен процестердің өзара байланысын, олардың дамуы мен өзгеруін, адамзат қоғамының сан түрлі құпияларын танып білу қажеттігін - “болмыс” деп аталатын кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғымның тарихи тұрғыдан қалыптасуының басты себебі әрі алғышарты болып табылады. Тарихи дамудың әр дәуірінде өмір сүрген ғұламалар мен ойшылдарды бұл ұғымды философиялық ой – толғаныстардың түп қызығы, бастапқы негізі деп қараған.

Работа содержит 1 файл

болмыс.docx

— 21.23 Кб (Скачать)

 

  Әлемнің сыр – сипатын,  дүниенің түп мағынасын, ішкі  мәнін, айнала қоршаған ортадағы  заттардың, құбылыстар мен процестердің  өзара байланысын, олардың дамуы  мен өзгеруін, адамзат қоғамының  сан түрлі құпияларын танып  білу қажеттігін - “болмыс” деп  аталатын кең мағыналы, терең  ауқымды философиялық ұғымның  тарихи тұрғыдан қалыптасуының  басты себебі әрі алғышарты  болып табылады. Тарихи дамудың  әр дәуірінде өмір сүрген ғұламалар  мен ойшылдарды бұл ұғымды  философиялық ой – толғаныстардың  түп қызығы, бастапқы негізі деп  қараған.  

 Болмыс философиядағы  негізгі түсінік болмыс туралы  ілім, антология философия күні  бүгінге дейін әртүрлі көз  қарастар дискуциялар болып түрады  себебі болмыс проблемасы күнделікті  уақытта адам адамзатқа күрделі  сұрақтар қояды.  

 Адамдар белгілі бір  табиғи және әлеуметтік ортада  өмірге келеді, тіршілік - әрекетке  араласады. Олар қоршаған ортаның,  тұтас дүниенің бар екендігіне  еш шүбә келтірмейді, бір қарағануа  бұл өзінен - өзі түсінікті сияқты  көрінеді. Сонымен бірге адамдар  табиғат пен қоғамда үнемі  өзгерістер болып, оның толысып  жататына қарамастан, дүние біршама  тұрақты нәрсе ретінде сақталатынын  да анық аңғарады.   

 Болмыс ұғымы –  философияның ең ежелгі әрі  маңызды категорияларының  бірі. Ол жалпылай  алғанда “бар болу”‚ “өмір сүру”проблемасын қамтиды. “Болмыс түсінігінің арғы түбінде “болу”, “бар болу” деген мағынаның қаның аңғару қиын емес. Бүл түсінік адамның айнала қоршаған ортаны біртұтас әлем есебінде танып білуге ұмтылуынан туындаған.  

 Осы заманғы философиялық  әдебиеттен  болмыс сөзінің екі түрлі мағынасын аңғаруға болады. Тар мағынада болмыс – адамның санасынан тәуелсіз, тысқары өмір сұретін объективті, материалдық дүниені білдіреді.                    Философия тарихинда болмыс ұғымын тұңғыш пайдаланып, оны мәселе ретінде қарастырған көне грек ойшылы Парменид (б.э. дейінгі V – VII ғ.ғ.) еді. Оның пікірі бойынша, болмыс дегеніміз – бар болу, өмір сүру, одан басқа ештеңе жоқ, ал жоқ болу – болмыссыздық. Парменид әлемнің болмыс есебінде тұтастығына, тұрақтылығына, мәңгілігіне, ең бастысы бар болуына, өмір сүретіндігіне көңіл бөледі.  

 Тұтас дүние өзіндік  ерекшеліктерімен дараланатын, бірақ  өзара байланысты болатын сансыз  көп түрлі заттардың, құбылыстар  мен процестердің, құрылымдар мен  жүйелердің, тіршілік иелерінің,адамдардың  жалпы бірлігін, өмір сүруін қамтиды.  

 Болмыстың түрлері  туралы проблема философия үшін  де өте маңызды. Себебі философияның  негізгі мәселесін – түбегейлі  шешу үшін болмыстың негізгі  түрлерін саралап білу керек. 

 Осы тұрғыдан алғанда  болмыстың бір – бірінен айырма  тұрған мынадай негізгі түрлерін  ажыратуға болоды:

1)     Табиғат болмысы немесе заттар (денелер) және процестер болмысы, ол өз кезегінде табиғат заттары мен процестері және адамдар жасаған заттар, процестер болмысына бөлінеді;

2)     Адам болмысы, ол заттар  дүниесіндегі адам болмысына және адамның өзіндік болмысына жіктеледі;

3)     Рухани (идеалық) болмыс;

4)     әлеуметтік болмыс, бұл да өз алдына қоғамдағы және тарихи процестегі жекленген адам болмысына және қоғам болмысына бөлінеді.

Әлеуметтік өмірге қатысты болмыс түрі кейінгі арнаулы тарауларда тереңірек қараастырыланындықтан, біз болмыстын алғашқы үш түріне тоқталайық.   

 Болмыстың жоғарыда  қарастырылған негізгі өмір сүру, көрініс табу түрлерінің әрқайсысының  өзіне тән заңдылықтары бар  – олар физика, биология, антропология, социология, т.б. сияқты сан алуан  ғылымдардың зерттеу объектісі  болып табылады. Сондай – ақ, олар  белсенді түрде өзара қарым  – қатынасқа түсіп, тұтас байланыс  құрайды, бір – біріне өтіп  отырады. Ең бастысы, дүние  болмысы тұтас, тұрақты, үйлесімді,  сөйте түра, үнемі қозғалыста, өзгермелі,  құбылмалы. Оның ашылмаған құпиясы,  атқарылмаған сыры әлі де көп.  Адам оны игеру жолында, игілікке  пайдалану ниетінде іздене бермек.

Болмыс философиясы.

1. “Болмыс” ұғымы- қоршаған әлемдi философиялық тұрғыдан танып бiлуде ең ежелгi, негiзгi және ең маңызды категориялардың бiрi. Болмыс түсiнiгiнiң арғы түбiрiнде “болу”, “бар болу” деген мағынаның жатқаның аңғартуға болады. Бұл түсiнiк адамның айнала қоршаған ортаны бiртұтас (онда адам да, заттар, процесстер мен құбылыстар да өз орының табады) әлем есебiнде танып-бiлуге ұмтылуынан туындаған.

Болмыс туралы ой толғау- дүние “бүгiн бар”,”осында бар”,”осылай  бар” деген қарапайым түiндермен  шектелмейдi. Себебi дәл осы арада дүниенiң “өткенi мен ертеңi қандай”,”осында бар болса, басқа жерде де, барлық жерде бар емес пе?” деген сұрақтар заңды түрде туындайды. Бұл сұраққа бiр ф-р-дүние өткiншi емес, әрқашан болған,бола бередi деп тұжырымдайды. Екiншiлерi- дүние бар және бола бередi, бiрақ қеңiстiкте де, уақытта да бастамасы мен ақыры бар деп көрсетуге тырысты. Осындай ой-толғамдар дүниенiң өмiр сүрүiнiң тұрақтылығы мен өткiншiлiгi туралы пiкiрлердiн өзара қарама-қайшы болуына әкелдi: 1) Парменид (б.з.б.6-5, Элей мектебiнiң негiзiн қалаушы, дүниенiң түпнегiзi от және жер деп есептедi, ең бiрiншi болып болмыс пен сана арақатынасын талқылады, екеуiн пара-пар деп түсiндi, “Табиғат туралы”) болмыс пен бейболмысты қарсы қойды. Болмыс-бар болу, өмiр сүру, одан басқа ештене жоқ. Ол бiртұтас, тұрақты, қозғалмайды, шексiз, мәңгi. Ал,жоқ болу-болмыссыздық, ол нақты емес, иллюзиялы, сондықтан да оны айтып-түсiнуге де, тануға да болмайды. 2) Парменидтiн замандасы Гераклид (Эфес қаласының тұрғыны, стихиалық материалист, диалектиканың негiзiн қалаушы, бәрiнiн бастамасы от дедi, оның бәре қажеттiлiктен туады “дүниежүзiлiк логос” деп атады, “күрестi” барлық қарама-қарсылықтардың атасы,”Табиғат туралы”-фрагменттер)- керiсiнше, болмыстын басты белгiсi оның қозғалыста және үздiксiз дамуда болуы дедi. “Бiр өзенге екi рет кiруге болмайды”, “Бәрi де өзгередi, бәрi де ағады” деп үйреттi. iрақ екеуiде, болмысты мән мен байланыстырады, оны заттардың басты өмiр сүруi, нақты әлемнiң бар болу жағдайы деп түсiндi. Мұны, “заттық” онтология деп айтуға болады.  

3) Платонда (б.з.б.427-347) болмыс дегенiмiз- мәндiлiк өмiр сүретiн, өзгермейтiн сана тектес рухани идеялар дүниесi. Идеялар- заттар мен құбылыстардың түп негiзi, оларды өмiрге келтiрушi, олар мәнгi, объективтi, материалды емес, кеңiстiк пен уақытқа тәуелсiз. Идеялар сезiмдiк тәжiрибе арқылы танылмайды, тек ақыл-ой арқылы танылады. Әр сезiмдiк заттың мақсаты- идея, әр зат сол идеяның қалпы, моделi. Ал заттар өткiншi, пайда болады, тозады, өледi, яғни шынайы болмыс емес, бар болғаны идеялар дүниесiнiң күңгүрт бейнесi.

4) Жаңа заман ф-да  болмыс категориясың “субстанция”  категориясымен тенiстiрген, болмыстың  бiртектiлiгiн бiлдiретiн, жойылмайтың,  өзгермейтiн субстрат, болмыстың  негiзi. Бiр ф-да ол-материалды, екiншiлерiнде-идеалды,  ал үшiншiлерiнде- материалды да, идеалды да.  Мысалы, Д.Беркли (1685-1753, ағл. ф-фы, субъективтi идеализм өкiлi, Ирландияның бiр қаласында епмскоп болған, дiн дi дәйектеп, материализм дi терiстеуге тырысты, тек рухани болмысты мойындап, универсалилердiн реалды өмiр сүредi деген және абстракциялық ұғымдар идеясына қарсы шықты) бәрiнiнiң негiзi- рухани субстанция дедi, рух- бәрi оған тәуелдi, онда бәрi де өмiр сүредi, қозғала алса қозғалады. Барлық табиғи құбылыстардың түп негiзi. Ал, материя мүлдем жоқ, өйткенi оны адам сезе алмайды.

Ал, Спиноза шы (1632-1677, нидерланд  ф-фы, Амстердамда туып өскен, мат-ка мен жаратылыстану ғылымдарына  қызығушылық танытты, геометриялық тәсiлге сүйенiп әлемнiң жалпы  бiртұтас, ядросы табиғат пен құдайдың үлесiмдiлiгi болыа табылатың, картинасың қалыптастыруға тырысты; бiлiмнiң үш түрiн- пiкiр,түсiнiк және интелектуалды интуиция деп, субстанцияның атрибуттары мен модустар туралы теорияны жасады; әлеуметтiк ф-да еркiндiктi саналы қажеттiлiк ретiнде және қоғамдық келiсiмдi жақтады. “Этика”, “Дiншiл-саяси трактат”)  нақты бар дүниенiң негiзi жалғыз ғана, тәуелсiз, өз алдына және өзi өзiнде өмiр сүретiн материалды субстанцияны мойындады. Сонымен, қатар Спиноза субстанцияны құдаймен үйлестiредi, бұл- өзiн өзi тудыратың тотальды Табиғат.

5) Қазырғы заман ф-да  болмыс категориясы әр түрлi талқыланады. Феноменология (Гуссерль) болмыс- сана арқылы танылатың заттар болмысы, мәннiң идеалды болмысы. Герменевтика да болмыс- бұл интерпритация, әр түрлi талдау, өйткенi болмыс адамға тек болмыстытүсiнүде  ғана танылады. Экзистенциализм де, болмыс- адамның өзi, оның дүнедегi болмысын ұайымдау, адамға тiкелей тiршiлiк ету ретiнде берiлген.

Болмыс мәселесiн әр түрлi талқылау, болмыс ұғымының кеңдiгiнең және абстрактiлiгiнен туады. Шынында да болмыс категориясы адамның және оны қоршаған әлемнiң ең маңызды қасиеттерiн бейнелейдi.Болмыс сөзiнiң әр түрлi мағынасын аңғартуға болады: а)болмыс- адамның санасынан тәуелсiз, тысқары өмiр сүретiн объективтi, материалдық дүниенi бiлдiредi; в) болмыс-бардың бәрiн, өмiр сүретiннiң барлығын-материалдық дүниемен қоса рухани дүниенi де қамтиды; с) болмыс- бар болуды, өмiр сүрудi айқындап белгiлейтiн, реалды дүниенiң барлық түрлерiн қамтитын кең ауқымды философиялық ұғым.

Оның негiзгi белгiлерi: 1) мәнгi-әлем болды, бар және бола бередi; ол өзi өзiн қайта тудырып отырады; 2) шексiз- әлемнiң шетi де, шегiде жоқ; 3) бiртұтас- әлемнiң бiртұтастығы оның формаларының көп түрлiгiнде, бiрақ олар жеке-жеке емес, өзара байланыста, белгiлi бiр бiрлiкте, тұтас дүние құрамында екендiгiнде; 4) дүниеде бәрi тең өмiр сүредi- табиғат, қоғам, адам, ойлар, идеялар, олардың бәрiне ортақ нәрсе-олардың “бар” екендiгi, өмiр сүрiп отырғандығы, өмiр сүру түрлерi әр қилы болғаны мен олар бар болуы арқылы шексiз де тұрақты дүниенiң тұтас бiрлiгiн құрайды; 5) өзгермелiгi- дүниеде бар болатының бәрi үнiмi үздiксiз қозғалыста, өзгерiсте болуы; 6) объективтiлiгi- айнала қоршаған әлем адам санасына тәуелсiз бола тұрып, бұл дүниенiң өмiр сүрүiнiң iштей логикасы бар, ол адам санасында нақты бейнесiн таба алады.

Болмыс- объективтi (материалды социо-табиғи дүние) және субъективтi (адамның психикалық күйлерi, оның санасы, оның рухани дүниесi) нақтылықтың бiртұтастығы. Болмыс- бар болатынның, өмiр сүретiнiң бәрi-бәрi.

Басқаша айтқанда болмыс- еш себебi жоқ таза тiршiлiк. Болмыс- өзi өзiнiң себебi. Болмыс-нақтылық. Болмыс ұғымы арқылы дүниенiң бар екенiне иланып, оны құрайтын құбылыстардың бәрiне тән, бәрiн бiрiктiретiн неғұрлым ортақ, жалпы әлемдiк байланысты табамыз.

Заттар болмысы “бiрiншi табиғат”-  барлық материалдық денелердiн, табиғи процесстер мен күйлердiн болуы. Мысалы: Жер планетасы, бүкiл Ғалам, теңiздер мен мұхиттар, ормандар мен таулар, флора мен фауна, қазба байлықтар т.б. Олардың бәрi адамнаң тыс, оған тәуелсiз өмiр сүредi. Бұл табиғат объективтi реалдық, адам мен оның санасына алғанда бiрiншi, өйткенi адамның өзi табиғаттың бiр бөлiгi, және табиғатсыз оның өмiр сүруi мүмкiн емес.

Заттар болмысы “екiншi табиғат”, адамның iс-әрекеттерi мен тығыз байланысты. Бұл табиғатқа адам қолымен жасаған және материалданғанның бәрi жатады.Мысалы: еңбек құралдары, ғимараттар мен құрылыстар, кемелер мен ұшқыштар, автомобиль және темiр жолдары, телефон және компьютер жүйелерi, ақпарат құралдары, өнер тұындылары т.б. олар да объективтi, адам жасаса да олар адам санасы на тәуелсiз, одан тыс өмiр сүредi. Тек адамның өмiр сүру барысын айқындай, өз заңдылықтары бойынша өмiр сүредi. “Екiншi табиғат” заттар болмысы олар жасалған табиғат материалдарынаң, “затталған” ойдың және “затталған” адамның iстерiнiң синтезiболып табылады. Және олардың болмысы оларды жасаған мақсатына байланысты болады: еңбек құралдары, эстетикалық ләззат алуға арналған заттар т.б. Оларды, объективтi реалдықтың  табиғи-рухани-әлеуметтiк түрi деп атауға болады.

Табиғат және әлеуметтiк жан ретiнде адам болмысы адамның заттар әлемiнде өмiр сүруiн бiлдiредi. Адамның өзi, денесi бар жан ретiнде зат болып табылады. Бiрақ бұл ерекше зат, ойлай алатың, “пiкiрiн айта алатың” (Кант). Оның екi қырлығы оның болмысың айқындайды. Адам – бұл шынында да “ойлай алатың” зат, өзiн адам ретiнде сезiп түсiне алатың, өзiн қоршаған дүниеден ажырата алатың, өз iстерiне баға берiп рны өзгерте алатың, өзiнiн денесi мен рухын дамыта алатың жан.

Адамның тағы бiр ерекшiлiгi, жануарлар мен салыстыра қарағанда, ол өз денесiне тәуелдiгi салыстырмалы. Өйткенi, кейбiр тәндiк қажiттiлiктерiн қанағаттандырған да, оларды әлеуметтiк ережелер мен нормалар мен келiстiрiп, оларды бақылап, реттей алады.

Адам болмысының тағы бiр  қыры, ол көптеген, сан алуан түрлi әлеуметтiк қатынастармен байланысты. Ол сол қатынастардың туындысы, сонымен қатар оларды тудырушы.

Адам болмысының ерекше белгiсi, оны болмыстың басқа түрлерiнен  айрықшалайтың, тiл болып табылады. Тiл-адамдар қатынастарының қажеттi құралы. Тiл-әлеуметтену құралы. Тiл ден тыс бола тұрып адам өзiнiң мәнiн жоғалтады.

Және, жоғарыда айтқандай, адам болмысының ерекшiлiгi оның екiншi табиғатты жасауы.

Әлеуметтiк болмыс- бұл адамдардың бiрлескен болмысы, бiркелкi, дамып отыратың жүйелердi құратың олардың арасындағы алуан түрлi қатынастар, ең маңыздысы экономикалық. Ал бұл жүйенiн бөлiмшесi ретiнде бiлiм беру саласын атауға болады, бұл процесс негiзiнде адам тұлға ретiнде қалыптасып, әлеуметтенедi.

Рухани болмыс (саналы, санасыз феномендер, олардың нәтижелерi идеялар, принциптер, нормалар мен ережелер, бiлiмдер т.б.):

Индивидуалды рухани болмыс- жеке адамның рухани әлемi: психикасы, жүрiс-тұрысы, өмiр денгейi, мамандық әрекеттерi, бiлiм денгейi т.б.     Объективтендiрiлген немесе интерсубъективтi рухани болмыс- қоғамның рухани тәжiрибснiн қамтитың қоғамдық сана, құлықтылық және эстетикалық құндылықтар. Объективтендiрiлген рухани өнiмдер мен процесстер, сөздер, дыбыстар табиғи және жасанды тiлдер арқылы iс жүзiне асады (кiтаптар, сызбалар мен формулалар, жобалар, сүреттер, ескерткiштер, музыкалық шығармалардың ноталары т.б.).Соңғы кезендерде адам әрекеттерiне байланысты “виртуалды реалдық”,”виртуалды болмыс” деген категориялар қолданылады. Бұл термин-компьютер арқылы жасалған нақтылықтың моделiн айтады. Сонда бұл жасанды, иллюзорлы елестету болып табылады. Оның белгiлерi: жасанды болуы, актуалдылығы, автономдығы, интерактивтiлiгi. Объективтi реалдыққа қарағанда екiншi, ссондықтан да субъективтi реалдық және уақыт керi қайтылады.

Жалпы айтқанда болмыстың  түрлерi материалды да, рухани да бола алады.


Информация о работе Болмыс теориясы