Ақша рыногының қалыптасуы мен дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2011 в 10:44, курсовая работа

Описание работы

Ақша – тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің өлшемі болып табылатын, жалпыға бірдей балама рөлін атқаратын, кез-келген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге айырбасталатын ереше тауар. Капиталистік қоғамға дейінгі формацияларда ақшаның рөлін түрлі тауарлар, мысалы, аң терісі, астық, мал атқарды. Тауар өндірісінің дамуына байланысты жалпыға бірдей балама рөлін асыл металдар – алтын мен күміс атқара бастады.

Работа содержит 1 файл

дүұр.doc

— 395.50 Кб (Скачать)
"justify">      Инфляция  – кешенді себептерден туындайды  және олардың ең  маңыздысы мыналар  болып табылады: мемлекеттік бюджеттің тапшылығы  және оларды  жабу  үшін  қағаз ақшалар шығарылады;  мемлекеттің өндірістік  емес  шығындар  (әсіресе әскери  шығындар)  деңгейінің  жоғарылығы  тұтыну  игіліктерін  шығаруды  арттырмайтын  және  адам  еңбегі  шығынымен  тікелей  байланысты;  тауар  тапшылығы,  оның  сұранымды  ұсынымнан  алшақтауға  алып  келуі  және  осының  негізінде – бағаның  өсуі;  бірқатар  өндірушілердің  монополиялық  жағдайда  болуы,  олардың  өзінің  өніміне  тұтыну  сапасын  арттырмай-ақ  немесе  барынша  өте  қымбат  өнімді  шығарумен  жүзеге  асырылуы;  жалақы  өсуінің  еңбек  өнімділігі  өсуінен  алшақтығы  және  басқада  бірқатар  себептер.  Бұл себептер  мемлекеттік тапшылықтың тұрақты ұдайы өндірілуін  және  артық ақша  эмиссиясының  (эмиссия – айналымға ақша  мен бағалы  қағазды  шығару)  пайда  болуына  көмектеседі.

      Инфляцияның  бірнеше  түрлері  бар.  Баға  өсуі  қарқыны  көзқарасы  тұрғысынан  инфляцияны  төмендегідей  түрге  бөлуге  болады:  а)  баяу;      ә)  қарқынды;  б)  ұшқыр.  Баяу  инфляция  кезінде  бағалар  баяу  (жылына  10%-дан  аздау)  өседі.  Инфляция  2-3%  болған  жағдайда,  нарық  үшін  орынды  құбылыс  болып  табылады.  Мысалы,  1992-ші  жылы  инфляция:  Францияда – 2,7%,  Германи мен АҚШ-та – 3,8%  болды.  Қарқынды  инфляция  кезінде баға  жылдам,  ырғи-ырғи  (жылына  20-дан  200%-ға  дейін)  өседі.  Мұндай  инфляцияға  жол  бермеу  керек,  себебі  ол  өте  ауыр  әлеуметтік-экономикалық  салдарға  ұшындырады  (тұрғындардың  өмір  деңгейі  төмендейді,  кәсіпорын  күйзеліске  ұшырайды  және  т.б.).  Ұшқыр инфляция  кезінде айналымдағы ақшаның саны  мен баға  астрономиялық жылдамдықпен  (500-1000%)  өседі.  Қоғамның  экономикалық  тарихында ұшқыр инфляцияның таңқаларлық мысалдары баршылық  (инфляция  Боливияда 1985-ші  жылы – 3400%,  Аргентинада  1990-шы  жылы – 2000%  болған).  Аргентина  экономикасын  ауыл  шаруашылығы  құтқарды.  Бұл  сала  басқасына  қарағанда елде  басым  болып,  уақыттың  белгілі  кезеңін  нарықтық  қатынастарынсыз-ақ  өмір  сүруге  мүмкіндік  туғызады.

      Шетел  ғалымдарының  ойынша,  «баяу  инфляция»  экономиканы  «көңілдендіруге»  әсерін  тигізеді  және  күрделі  қаржының  өсуіне  ықпал  етіп,  жұмыссыздар  армиясын  жоя  бастайды.  Американ  экономисі  А.Манның  айтуынша,  бағаның  қалыпты  әрі  ұзақ  көтерілуі  шаруашылық  жағдайын  жақсартады  және  тұтыну  қабілеттілігін  арттырады.  Шынында  да  инфляцияның  бірінші  кезеңінде,  қағаз  ақша  қарқынын  қамтамасыз  ету  олардың  эмиссия  қарқынынан  («сұлама»  инфляцияны  айтамыз)  қалған  кезінде,  арнайы  инфляциялық  конъюктура  пайда  болып,  тауар  бағасының  өсуі  уақытша  өндірісті  ұлғайтып,  тауар  айналымын  ынталандырады.  Алайда  ақшаның  құнсыздануының  деңгейіне  қарай  инфляция  өндіріс  пен  айналым  процесін  ұйымдастыруды  тезірек  бұзатын  әсерлерге  («қарқынды»  инфляция)  тап  болады.  Сөйтіп,  несие-қаржы  және  валюта  жүйесінің  («гиперинфляция»)  толық  бұзылуына  алып  барады.

      Рыноктық  инфляциялық  тепе–теңдігінің  қандай  түрді  қабылдануына  байланысты  инфляция  типтерін  ашық  және  басылыңқы  деп  айырамыз.  Ашық  инфляция  еркін  баға  құрылымы  экономикасына  тән  және  тауар  мен  қызмет  көрсетуге  үнемі  бағаның  өсуін  байқатады.  Егер  микроэкономикалық  тепе-теңдік  сұраным  жағына  қарай  бұзылса  және  тұрақты  бағаның  өсуімен  байқалса,  онда  бұны  ашық  инфляция  дейміз.  Ашық  инфляция  жекелеген  тауар  нарығында  бағаның  кезеңмен  төмендеуіне  толық  сай  келеді  немесе  тіпті  болмағанда  олардың  өсуін  баяулатады.  Демек,  ашық  инфляция  нарық  механизмін  кәдімгідей  өзгертіп,  оны  аса  бұзбайды.

      Басылыңқы  инфляция,  оны  кейде  жасырын  инфляция  деп  те  айтады.  Ол  бағаны  реттейтін  (жалақыда  болуы  мүмкін)  экономикаға  тән,  яғни  жалпылама  мемлекеттің  бағаны  бақылауымен  жүзеге  асатын  инфляция.  Сондай-ақ  ол  тауар  тапшылығы,  өнім  сапасының  төмендеуінде,  ақшаның  қорлану  мәжбүрлігінде,  көлеңкелі  экономика  дамуында,  бартерлік  іс-әрекетте  байқалады.

      Басылыңқы  инфляция  мемлекеттің  тауарлық  бағаны  сұраным  мен  ұсыным  тепе-теңдігінен  төмен  болуын  қолдау  арқылы  пайда  болады.  Мұнда  ақша  жалпылама  сатып  алу  құралы  және  тауар  мен  қызмет  көрсетуді  үлестіру өлшемі  болуды  тоқтатады.

      Қазақстан  Республикасында  1992-ші  жылға  дейін  жасырын  инфляция  басым  болып,  ол  кейінірек  ашық  қарқынды  инфляциялық  сипатқа  ие  болып,  сосын  ұшқыр  инфляцияға  айналды.  Республикада  1993-ші  жылы  инфляция  2260%  құраса,  1994-те - 1258%,  ал  1995-тің  аяғында  «теңге»  тұрақтана  бастап,  инфляция  төмендеді  және  60,3%-ға  қысқарды.  Инфляция  1996-шы  жылы  28,7%-тың  маңында  болса,        1997-ші  жылы – 11,2%,  1998-ші  жылы – 1,9%,  1999-шы  жылы – 17,8%,  2000-ші  жылы – 9,8%  құраса,  ал  2003  жылдың  аяғында 5,9%-ға  тұрақтады.

      Рыноктық  экономиканың  бөлінбес  бөлігі  болып – валюталық  нарық  болып  табылады.  Бұл  шетел  валютасын  сатып  алу – сату  операциясы  бойынша  (банкнот,  қазыналық  билет  пен  монета  түріндегі  ақша  белгілері)  экономикалық – қаржы  қатынастар  жүйесі.  Валюталық  операцияға  қатысу делдалдық брокерлік биржа арқылы  жүзеге  асады.

        Валюта – бұл  ақша  бірлігі  және  оны  тауар  құны  мөлшерін  өлшеу  үшін  қолданылады.  «Валюта»  ұғымы  үш  мағынада  қолданылады:  а) сол  елдің  ақша  бірлігі  (Қазақстан  теңгесі,  АҚШ  доллары,  Ресей  рублі,  Жапония  иені,  Ағылшын  фунт  стерлингі  және  т.б.)  және  оның  әртүрлі  типтері – алтын,  күміс,  қағаз;  ә) шетел мемлекетінің  ақша  белгісі,  шетел ақша  бірлігі түріндегі несие мен төлем құралдары және  халықаралық есептеуде  қолданылатын – шетел валютасы;  б) халықаралық (аймақтық)  ақша  есептеу бірлігі және  төлем құралы  (евро).

      Валюта  қолдану  саласы  мен  тәртібіне  қарай  былай  бөлінеді:

      а) еркін  конверсияланатын  (толық  қайтарымды)  және  ол  кез-келген  шетел  валютасына  белгілі  баламамен  шексіз  айырбасталады;

      ә) барлық  валюталық  операция  бойынша  ішінара  (ішінара  қайтарымды)  конверсияланатын;  конверсияланбайтын  (қайтпайтын,  тұйық) – тек  бір  елдің  шеңберінде  айналымда  болатын;

      б) басқа  шетел  валютасына  айырбасталмайды.  Еркін  конверсияланатын  валютаға:  АҚШ  доллары,  Ағылшын  фунт  стерлинг,  Швейцария  франкісі  және  Жапон  иені  жатады.

      Көптеген  дамушы  елдердің  ұлттық  валютасы  тұйықталған  болып келеді.  Біздің  ұлттық  валютамыз  «теңгеге»  келетін  болсақ,  ол  әлемдегі  бірден-бір  конверсияланбайтын,  тұйық  валютаға  жатады.  Қазіргі  уақытта  Қазақстан  Республикасының  ғалым-экономистері  «теңгенің»  конверсиялануына  қол  жеткізуін  қарастыруда.  Олар  экономикалық  реформаны  тереңдету  жолдарын  іздестіруде.  Шетел  мамандарының  ойынша,  қазір  теңгенің  конверсияланбауы  төмендегідей  себептермен  түсіндіріледі:  а) валюталық  курстың  жоғарылығы;  ә) ішкі  бағаның  рационалды  болмауы;  б) тауардың  конверсияланбауы.  Соңғысын  тек қана  тұтыну  нарығын баланстандыру  жолымен  жоюға  болады.

      Рыноктық  экономика жағдайында  ұлттық  валюта  теңге нарықтың  қалыптасуына  және  онда  бәсекенің болуына көмектеседі,  ішкі  бағаны  нақтылайды,  отандық өндірісті әлемдік  деңгейге  көтеруді  қамтамасыз  етеді,  дәйекті  сыртқы  экономикалық  мамандануды  жүзеге  асырады.  Осы  кезде  капиталдың  халықаралық  ынтымақтасуының  жаңа  түрі  пайда  болып,  елдің  халықаралық  инвесторға  айналуы  басталады.

      Ұлттық  валюта  теңгенің  енгізілуі  Қазақстан  Республикасы – егеменді  мемлекетінің  барлық  атрибуттарының  толық  безендірілуінің  соңғы  қадамы  болады.  Қазақстанның  көп  ғасырлық  тарихында  алғашқы  рет  өзінің  ұлттық  ақша  бірлігі – теңгеге  ие  болды.  Ұлттық  валютаны  енгізу  туралы  шешім ең  дұрыс шешім болып табылады.

      Барлық  елдерде  валютаны  конверсиялау  жетістік  ретінде  қарастырылады,  прогрессивті  өзгерістер  нәтижесін  жүзеге  асырушы  және  тұрғындардың  өмір  деңгейін  көтеруге  бағытталады.  Ашық  экономикалы  қоғамда  валютаны  конверсиялау  ұлттық  экономиканы  әлемдік  шаруашылықпен  байланыстыруда  интеграциялық  факторларды  құрудың  басты  тетіктеріне  айналады.  Өзінің  тауарлы  массасын  балама  емес  айырбастан  және  экономикалық  егемендікті құрудың басты белгісі бола  алды.

      Валютаны  конверсияландыру  дегеніміз экономиканың  әлемдік  рынокта  бәсекелестік  қабілеттілігін  жасау,  ал  валюта-қаржы жүйесін сыртқы  сауда  мен  валюта-несие  қатынастарын  халықаралық  стандартқа  сай  қайта  құру.  Қазақстан  Республикасында  өндірістің  тұрақты  құлдырауы  кезінде  бюджет  тапшылығының  барынша  аса  ұлғаюында  және  үздіксіз  инфляцияда  теңгенің  қажетті  конверсиялану  шарты  мыналар  болмақ:  а) өнімнің  технологиялық  профилінің  импортты  ауыстыратын  өндірісінің  міндетті  дамуын  қалыптастыру;  ә) мемлекеттің төлем  балансын  жетілдіру;  б) инфляцияның қарқынын  төмендету.  Мемлекет  қандайда  бір қатаң ақша  саясатын  жүргізуге тырысады,  осы факторларды ескермей  теңгенің  конверсиялануына  қол  жеткізу  мүмкін  емес.  Экономиканы  көтеру  керек,  себебі  ол  сыртқы  сауданың  технологиялық  профилінің  негізі  болып  табылады.  Бұл  ұлттық  валютаның  конверсиялау  мәселесін  шешуге  мүмкіндік  жасайды. 

      Қазіргі  уақытта  Қазақстан  Республикасының  экономикалық  жағдайы  тұрақсыздануда  және  оның  тезірек  жөнделуі  үшін  жылдар  керек,  себебі  оның  ар  жағында  нақты  тауар  массасы  жоқ.  Тіпті  кез-келген  әлем  елдеріндегі  алтын  қорының  болуы  ұлттық  валютаға  абсолюттік  кепілдік  бере  алмайды.  Халықаралық  Валюталық  Қор  (ХВҚ),  Бүкіләлемдік  банк,  Азиялық  банк,  Еуропалық  даму  және  қайта  құру  банктері  біздің  валютаны  қолдайды.  Алайда  шетелден  келген  көмек  ұлттық  жетістігімізге  оң  салдар  жасауы  екіталай.  Жаңа  технологиялы  ірі  инвестиция  бұл  басқа  шаруа,  себебі  ол  өндірістің  құлдырауын  жоюға  көмектеседі.  Тауар  өндірушілер  үшін  жұмсақ  валютаның  курстық  арақатынасын  анықтауды  қалыптастыру  әкімшілдік  емес  нұсқауды  ұлғайту немесе  өнім  өндіруді  қарастыру керек.  Кейінірек  төлем  одағының  дамуымен  толық  қанды  валютаны  құру  сауалы  тууы  әбден  мүмкін,  себебі  соның  негізінде  елдер  біріктіріледі.  Нәтижесінде  қандайда  болмасын  бір  килирингтік  валюта  болуы  мүмкін,  сонда  біркелкі  ұлттық  банк  құрылады.  Бір  жағынан – экономикалық  саясаттың  жалпы  бағытталуы  мемлекеттің  қатаң  әрі  іргелі  ақша-несие  саясатын  шектен  жүргізілген  болса,  екінші  жағынан – барлық  шаруашылық  субъектілері  өзінің  қаржы  нәтижесі  қызметіне  жауапкершілікті  күшейтеді.

      Валюта  қаржылық  және  тауарлық  конверсиялану  жағдайында  жүзеге  асады.

      Қаржылық – бұл  шетел  мемлекеті  валютасына  конверсиялануы.

      Тауарлық  – бұл  кез-келген  тауарды  шығу  тегіне  қарамай-ақ  алу  мүмкіндігі.

      Сондай-ақ  валютаны  конверсиялануы  бойынша  – сыртқы  және  ішкі  деп  жіктейміз.  Сыртқы  конверсиялану  – бұл  елдің  ішінде  ұлттық  валютаны  қолдануға  шектеудің  болмауы  және  оның  шетел  азаматтарынада  (резиденттер)  солай  болуы.  Әрине,  бұл  жағдайда  ішкі  нарықтық  механизм  ұлттық  валютаның  (еркін  таңдауы  бойынша)  кез-келген  валютаға,  тауар  массасына,  әртүрлі  бағалы  қағаздарға  (мемлекеттік  және  жеке)  конверсиялану  кепілдігін  береді.

      Сыртқы  экономикалық  байланыстар  бойынша  (шетел  валютасын  сатып  алу,  төлем  және  импорттық  іс-әрекеттер)  резиденттердің  валютаны  қолдануына  шектеу  болған  жағдайда,  онда  ішкі  конверсиялану  орын  алады.  Алайда  практикада,  көптеген  конверсиялану  түрлері  аралас  түрінде  өткеріледі. 

      Әрбір  ұлттық  валютаның  басқа  елдің  ақша  бірлігінде  бағасы  болады.  Бұл  валюталық  немесе  айырбастау  курсы  болып  табылады.  Басқаша  айтсақ,  валюталық  курс – бұл  ұлттық  валюта  бірлігінің  саны және  ол  шетел валютасы  брлігіне  айырбасталу мүмкіндігі.  Айырбастау  курсының  төмендегідей  түрлері бар. 

      Номиналды  айырбас  курсыбұл  ұлттық  валюта  мен  шетел  валютасы  бірлігі  санының  арақатынасы,  ол  тіркелген  ретте  және  қалқымалы  негізде жүзеге  асады.

      Нақты  айырбас  курсыбұл  екі  елдегі  баға  деңгейінің  арақатынасын  ескеретін  айырбас  курсы.  Номиналды  айырбас  курсының  салыстырмалы  елдегі  баға  индексі  арақатынасына  бөлгендегі  жекелеген  ретте  есептелініп  шығарылады.

      Қалқымалы  айырбас  курсы – халықаралық  есептесу  жүйесі,  онда  елдер  ішкі  нарықты  салмақтандыру  мақсатында  айырбас  курсын  өзгерту  құқына  ие  болады.

      Тіркелген  айырбас  курсыбұл  жүйе,  онда  ұлттық  валютаның  шетел  валютасына  қатынасы  арнайы  бекітіледі  және  өзгертілмейтін  болып табылады.  Валюта  курсы сұраным мен ұсынымның  оған  деген арақатынасымен  анықталады.  Сұраным  мен  ұсынымның  әсерінен  валюталық  курстың  едәуір  ауытқуы,  оның  күшті  және  әлсіз  валютасы  үшін  де  тән.

      Оны  қысқаша  белгілі  график  көмегімен  бейнелеуге  болады,  онда  ол  сұраным  мен  ұсынымның  өзара  іс-әрекетін  бейнелейді. 

Информация о работе Ақша рыногының қалыптасуы мен дамуы