Ақша рыногының қалыптасуы мен дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2011 в 10:44, курсовая работа

Описание работы

Ақша – тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің өлшемі болып табылатын, жалпыға бірдей балама рөлін атқаратын, кез-келген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге айырбасталатын ереше тауар. Капиталистік қоғамға дейінгі формацияларда ақшаның рөлін түрлі тауарлар, мысалы, аң терісі, астық, мал атқарды. Тауар өндірісінің дамуына байланысты жалпыға бірдей балама рөлін асыл металдар – алтын мен күміс атқара бастады.

Работа содержит 1 файл

дүұр.doc

— 395.50 Кб (Скачать)

                          

      Шетел  валютасына  деген  сұранымның  көлемі  төмендегідей факторлармен  байланысты:  а) тауар  мен  қызмет  көрсету  импортына  елдің  тұтынысы;  ә) туристтердің  шығындары;  б) әртүрлі төлем түрлеріне және  т.б.

      Валютаның  ұсыным  мөлшері  елдің  экспорт  көлемімен,  сыртқы  займмен  және  т.б.  анықталады.  Одан  басқада,  валюта  курсының  динамикасына  әсер  ететін  факторларға  мыналарды  жатқызамыз:

      −  ұлттық  табыстың  көлемі  және  өндіріс  шығындарының  деңгейі;

       ақшаның  нақты  сатып алу қаілеттілігі  және  елдегі  инфляция  деңгейі;

      −  валюта  сұранымы  мен  ұсынысына  әсер  ететін  төлем  балансының  жағдайы;

      −  елдегі  пайыз  (%)  мөлшерінің  деңгейі;

      −  әлемдік  нарықтағы  валютаға  сенімділік  және  т.б. 
 
 
 
 
 
 
 

      ІІ-ШІ  ТАРАУ. АҚШАҒА  ДЕГЕН  ҰСЫНЫС  ПЕН  СҰРАНЫСТЫҢ  ҚАЖЕТТІЛІГІ  ЖӘНЕ АҚША  РЫНОГЫНЫҢ ТЕПЕ-ТЕҢДІГІ 

      2.1.  Ақшаға  ұсыныс  пен сұраныс 

      Макроэкономикалық  тепе-теңдік  ақша  рыногында  белгілі  бір  пропорциялардың  болуын  қалайды.  Олардың  ішіндегі  ең  бастысы  ақшаға  деген  сұраныс  пен  ұсыныстың  тепе-теңдігі.

      Ақшаға  сұраныс  шаруашылық  агенттерінің  сақтап  жүрген  ақша  қаржыларының  мөлшерімен  анықталады.  Шын  мәнінде  ол  ақша  қорына  немесе  қалған  номиналды  ақшаға  деген  сұраныс.  Ақшаға  сұранысты  теориялық  талдау  мен  рыноктағы  теңдік  жағдайларын  зерделеу  бұл  мәселелерде  екі  негізгі  экономикалық  мектептің  «монетарлық  және  кейнстік  макроэкономикалық  үлгілердің  пайда  болғанын  көрсетеді.

      Ақшаға  деген  сұраныстың  монетарлық  теориясы  неоклассикалық  дәстүрлерге  сүйеніп,  ХVІІІ  ғасырда  пайда  болды.  Бұл  теория  30 – 40-жылдарына  дейін  үстемдік  жүргізген  ақшаның  сандық  теориясының  ұсыныстарын  басшылыққа  алды.  Бұл  мектептің  негізгі  идеяларын  ұсынғандар  ағылшын ғалымдары Д. Юм,  Дж. Милль,  А. Маршалл,             А. Пигу,  К. Виксель,  Д. Патинкин,  американ  ғалымы  И.Фишер,  шведтік Г.Кассель мен Б.Хансен.  Қазіргі монетаризм  сандық  теорияның жаңа  варианты  ретінде Чикаго  мектебі ғалымдарының  50 – 60-жылдардағы  еңбектерінен  көрінеді».

      Монетаристер  экономиканы  дамытуда  ақшаның  рөліне  үлкен  мән  береді.  Рыноктық  шаруашылықтың  циклдық  өзгеруін  түсіндіруде  де  ақша  массасының  маңызы  бар  деп  есептейді.  Монетаристердің  ұраны – ақшаның  маңызы  бар  (moneg  matters)  ал  көбі  тек  ақшаның  ғана  маңызы  зор деп ойлайды (money  is  all  that  matters).  Кейінірек қазіргі монетаристер  өкілдері  жасаған ақшаға  сұраныс теориясының негізгі ерекшеліктерін  қарастырамыз.  Кейнсиандық және  монетарлық  тәсілдердің айырмашылықтарын  жақсы  білу  үшін,  алдымен  неоклассикалық  варианттың  сандық  теориясына  талдау  жасайық.  Сандық  теорияның  негізгі  постулаты  (жорамалы)  мынада:  бағаның  абсолютті  деңгейі  номиналды  ақша  қалдығының  ұсынысымен  анықталады.  Басқаша  айтқанда,  ақшаны  көп  ұсынған  сайын,  бағаның  деңгейі  жоғары  және  керісінше  болады.  Мұндай  тәуелділік  белгілі кембридж  теңдігі днп аталады.  Кембридж  мектебінің  өкілдері  ағылшын ғалымдары                    А. Маршалл,  А.Пигу,  Д. Робертен  бұл теңдікті  былай  қисындайды:

                                       

Мұнда   - ақшаның номиналды саны:  k – номинлды  табыс пен қажетті ақша  қалдықтары  арасындағы  пропорция Р – бағаның абсолютті деңгейі,  Y – нақты табыс.

      Егер  К  мен  Y - өзгермейтін  тұрақты  мөлшер  деп  есептесек,  онда  ақшаның  номиналды  санының  өзгеруі         бағаның  абсолютті  деңгейінің  де  өзгеруіне  әкеледі  деген  қорытынды  жасауға  болады.

      Американ  профессоры  И. Фишер  өзінің  «Ақшаның сатып алу күші» (1911ж)  деген кітабында сандық  теорияға  негізделген тағы  бір теңдікті  есептеп шығарды:   мұндағы V – ақша  айналымының жылдамдығы.  Осындай жылдамдықпен  номиналды қордың  бір өлшемі  айналымда қозғалыс  жасайды.

      Теңдіктің  екі  бөлігін  V – ге  бөлсек,  мына  формуланы  аламыз:      PY .  Демек,  V  мөлшері кембтидж  формуласындағы  k  мөлшеріне кері  әсері бар.  Бұл қисын былай түсіндіріледі:  егер  индивидтер  аз  ақша  қалдықтарын сақтаса (k – төмен)  онда сондай  көлемде тауар өткізу  үшін  ақша  айналымының жылдамдығын арттыру керек (V – жоғары).

      Ақшаға  сұраныстың  неоклассикалық  теориясы  математикалық  тұрғыдан  үш  теңдік  жүйесінен  тұрады,  олар  кембридж  теңдемесімен  тығыз  байланыста.  Біріншіден,  бұл  теңдеу  номиналды  ақша  қалдығына  сұранысты  суреттейді:

                                   

      Екіншіден,  бұл  теңдеу  ақшаның  ұсыну  қызметін  сипаттайд:

                                    

      Үшіншіден,  бұл  теңдеу  нарықтағы  теңдіктің  жағдайларын  көрсетеді:    яғни  ақшаға  деген жоспарлы  сұраныс оның  рыноктағы тепе-теңдігін  сақтайтындай  жоспарланған  ұсынысына сәйкес  болуы қажет.

      Демек, неоклассиктердің  түсінігінде ақша  рыногының макроэкономикалық үлгісі  мынаған негізделген:  ақшаға  деген  жиынтық  сұраныс  ақшалай  табыс  дәрежесінің  қызметі  (PY),  ал  ақшаны  ұсыну  экзогенді  тұрақты  мөлшер,  яғни  ақшаға  сұраныстан  тыс  бөлек  тағайындалады.

      График  түрінде  бұл  үлгіні  былай  көрсетуге  болады.

            - ақшаны  ұсыну қисық сызығы.

         ОМд – ақшаға  сұраныстың  қисық сызығы.

                                  

      Суретте  ақшаға  сұраныстың  (М)  баға  тәуелділігі  (Р)  бейнеленген.  Баға  дәрежесі  өскен  сайын  ақшаға  да  сұраныс  ұлғаяды.  Ақшаға  сұраныстың  қисық  сызығы  табыстың  деңгейімен  (Y)  байланысты.  Ол  толық жұмыспен  қамтылған жағдайда  бекітілген.  Табыстардың өсуі  ақшаға  деген сұраныстың  үлкен жұмсақтылығына,  икемділігіне  әкеледі,  ол  суретте сұраныс қисық сызығының  көп  жазықтығымен  көрсетілген.  Ақшаға  сұраныстың  қисық  сызығы    тіке  сызылған,  өйткені баға  дәрежесіне  байланысты  емес.

      Баға  - деңгейінде  тағайындалғанда ақшаға  сұраныс пен оны ұсынудың  қисық сызығы  қиылысқан нүктесінде  ақша  рыногының неоклассикалық  үлгісі  теңдік  жағдайда  болады.  Егер  баға  жалпы деңгейлік   көлеміне  дейін төмендесе,  онда  тең   артық ақша  ұсынысы шығады.

      Мұндай  жағдайда  ақша  құнсызданып,  бағалар  өсіп    деңгейіне жақындайды.  Сөйтіп,  рынокта автоматты теңдік  орнату  тенденциясы көрінеді. 

      Кейнсиандық  теория  ақшаға  сұранысты  түсіндіргенде  неоклассиктерден  мүлдем  алшақтайды.  Дж. М. Кейнс  «Жұмыспен  қамту,  пайыз  және  ақшаныңжалпы  теориясы»  деген  еңбегінде  адамдардың  ақшалай  (өтімді)  түрде  жинақ  сақтауға  ұмтылуының  үш  психологиялық  себебін  ұсынды:  трансакциондық,  алыпсатарлық  және  сақтық.

      Трансакциондық  (ағылшынның  trancaction – іс  жасау)  қалдық  қаржыларды  белгілі  бір  ақша  табысының  деңгейін  ұстап  тұру  үшін  сақтайды.  Табыс  келтіру  және  оны  жұмсау  белгілі  уақытқа  бөлінген  және  бұл  интервалды  үнемі  толықтырып  тұру  керек.  Егер  интервал  ұзақтығы  тұрақты  болып  және  ол  табыс  деңгейімен  пайыз  нормасының  өзгеруімен  байланысты  болмаса,  онда  мынадай  қорытындыға  келемі:  жеке  дара  адам  үшін  трансакциондық  қалдық  деңгейі  оның  ақша  табысындағы  үлесіне  тең  болады: 

      Сонымен  Дж. М. Кейнс  ақшаға  сұранысты  түсіндіруде  неоклассиктер  теоярисы  өкілдерінің  бұл  жөніндегі  пікірлерімен  сәйкес  келеді.  Қалдық  ақшаларды,  алыпсатарлық  немесе  сақтық,  бейқам  болу  ниетімен  ұстап  тұру  себептері  де  бұрынғы  неоклассиктердің  көзқарастарынан  айырмашылықтары  көп.

      Дж. М. Кейнс  ақшаға  сұраныс  теориясында  жоғарыда  аталған себептерге  ерекше  мән берген.  Оның  ойынша,  финанс  рыногындағы екі ұштылықпен  қауып-қатер жағдайында  ақшаға  деген сұраныс белгілі дәрежеде  облигациядан  түсетін табысқа да  байланысты.  Егер  адам  алыпсатарлық  ойымен  болашақтағы  пайыз  нормасының  өсуі  облигация  курсын  төмендетеді.  Демек,  бұл  пиғыл  алыпсатарлыққа  жақын  және  ол  пайыз  ставкасының  өзгеруімен  байланысты.

      Сонымен  экономика  ғылымында  Дж. М. Кейнс  қоржындық  таңдау  мәселесін  егізді,  белгілі  адамның  активінің  (ақшасының)  қолайлы  құрылымы  қандай  болуы  керек  индивидінің  (адамның)  күткен  үмітін  талдауда  да  ол  басты  рөл  атқарады.  Ол  ақшаға  сұранысты  болжап  білуге  болмайтын  құбылысқа  айналдырады.

      Сұраныс  екі  бөлікке  бөлінеді:

        (r – r)

        - трансакциондық  сұраныс  немесе  басқаша  көрінісі,

        (y); - алыпсатарлық  сұраныс немесе  басқаша көрінісі,

        - рыноктың  пайыздық  ставкасы,  r – пайыздық нормасының  жайшылықтағы  күтімі.

      Ақша  рыногының  Дж. М. Кейнстің  агрегаттық  үлгісі  трансакциондық  алыпсатарлықтың  ақша  қалдықтарына  сұраныс  қызметін  біріктіреді  сонымен  қатар  сақтандыру  пиғылы  да  ескеріледі.  График  түрінде  бұл    3-суретте  көрсетілген.

      3-суреттегі   график  ақшаға  трансакциондық  сұранысты білдіреді.  Алыпсатарлық  пиғыл Кейнс теориясында өтімділікті мақұл көреді.  Өтімділікті L  әріпімен  белгілейді.

        

      Бағалы  қағаздардың  курсы  біріншіден,  түсетін  табыстарға  облигациялардан  пайыз,  екіншіден  депозит  (салым)  бойынша  пайыз  ставкасына  байланысты.  Демек,  облигация  құрайтын  құнды-бағалы  қағаздар  табысы  пайыздың  орташа  деңгейі.

      3-сурет   ақшаға  деген  трансакциондық  сұранысты  білдіреді.  Ол  пайыздың  (r)  дәрежесіне  байланысты  болмайды,  сондықтан  да  трансакциондық  сұраныс тік сызық.  Ал  3, б-суретте ақшаға  деген алыпсатарлық  сұраныс көрсетілген.  Ол  ставка  пайызына  бағынышты және  олтеңділік  екі жақты.  Пайыз жоғары  болған  сайын қолдағы ақшаны  облигация түрінде ұстаған тиімді,  өйткені өтімділікке жол жоқ 3, в-суретінде ақшаға  деген жалпы сұраныс бейнеленген,  яғни    сызығы  көбейте қосудан жасаған.

      Ақшаны  ұсыну  егер  ол  экзогенді  автономиялық  ақшаға  сұраныс  пен  ставка  пайызының  көлеміне  тәуелсіз  түрде  болса,  тік сызық арқылы  көрінеді  (4-сурет). Енді  ақшаға  сұраныс графигі мен ақшаны  ұсыну графигін  біріктірейік.  2-суретке қарағанда ординат белдігіне баға  дәрежесін емес,  ставка  пайызының мөлшерін  енгізейік (5-сурет).

                                             

         және    сызықтарының  қиылысы ақша  рыногындағы тепе-теңдік  пайызының  деңгейінде  орнағанын  көрсетеді.  Егер  мысалға,  орталық  банк  ақшаны  ұсынуды  азайтса,  онда сызығы  оған  ығысып    жағдайында  енеді.  Сөйтіп  ақша  рыногында  жаңа  тепе-теңдік  орнайды,  бірақ  ол  пайыздың  жоғары  деңгейінде  болады.  5-суретте  несие-қаржы  орындары  басшыларының  ақшаны  ұсынуды  ұлғайту  немесе  азайту  арқылы  пайыз  ставкасы  деңгейіне  қалай  әсер  ететіні  анық  көрініп  тұр. 

      30-жылдардағы  Дж. М. Кейнс  идеяларының  кеңірек  таралуы  неоклассикалық  теорияның  деградацияланып  құруына  әкелді.  50-жылдарда  Кейнстерге  қыр  көрсетіп  күреске  шақырған  қазіргі  монетаристер  сандық  теорияны  бұрынғы  қалпында дүниеге келтіруге болмайтындығын  түсінді.  Сондықтан да  осы  теорияның  негізін  қалаушы – американ  прфессоры,  экономика  саласында  Нобель  сыйлығының  лауреаты  Милтон  Фридмен  ақшаға  сұраныс  теорисын  микроэкономикалық  сатыда  зеоделеуге  көңіл  аударып,  содан  кейін  барып  алынған  қорытындыларға  макроэкономикалық  шеңберде  мән  беріп,  ақшаға  деген  сұраныстың  өзгерісін  және  оның  барлық  шаруашылық  ықпалын  талдайды.  Ақшаға  сұраныстың  таза  теориясы  деген  атпен  белгілі  болған  сандық  теорияның  жаңа  вариантында  М. Фридмен  ақшаға  сұраныстың  қызметін  былайша  көрсетті:  
                                    

Информация о работе Ақша рыногының қалыптасуы мен дамуы