Ашық экономика. Қазақстандағы ақша-несие саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 08:11, курсовая работа

Описание работы

Ашық экономика дегеніміз – елдердің өздері шығаратын тауарлары мен көрсететін қызметтерінің айтарлықтай үлесін экспорттауы және импорттауы, әлемдік қаржы нарығында несие беруі және алуы. Ашық экономикада шығарылатын өнімнің басым бөлігі шетелге экспортталады. Ашық экономика қызметіне талдау жасау, шетелдік сектормен өзара байланыс, негізгі микроэкономикалық айнымалылар арасындағы өзара байланысты күрделендіреді, ұлттық экономика жағдаятын анықтаушы қосымша факторлар есепшотын талап етеді.

Содержание

1. Ашық экономикадағы ұлттық табысты есептеу.
2. Капиталдың қозғалу шоты және ағымдағы операциялар шоты.
3. Шағын ашық экономика үлгісі және оған ішкі, сыртқы бюджет-салық саясаттарының әсері, инвестиция өзгеруінің тигізетін ықпалы.
4. Ақша-несие саясаты жалпы түсінік
5. Қазақстандағы ақша-несие саясаты\
6. Рестрикциялық ақша-несие саясаты;
7.Экспанцондық ақша-несие саясаты.

Работа содержит 1 файл

Акша несие саясаты.docx

— 64.24 Кб (Скачать)
  • міндетті резервтер;
  • резервтеудің альтернативтік тәртібі.

Резервтік талаптарды орындайтын банктерге Ұлттық Банк орташа айлық қайта қаржыландыру мөлшерлемесінін. 50% көлемінде теңгедегі резервтер бойынша, ал еркін алмастырылатын валютадағы резервтік талаптар бойынша Лондондағы депозиттер нарығындағы (LIVID) бір айлық депозиттің орташа өлшемді мөлшерлемесінің 50% көлемінде пайыз төлейді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің «Ең төменгі резервтік  талаптар туралы» ережесіне сәйкес банктерді мүмкін және күтпеген шығындардан сақтау үшін екінші деңгейдегі банктер Ұлттық Банк белгіленген резервтік талаптардың нормаларын орындауы міндетті.

Осыған байланысты 2004 жылдан бастап, банктер ай сайын резервтік талаптарды орындау туралы есеп береді. Ең теменгі резервтік талаптардың көлемі, банктің банктерден басқа заңды және жеке тұлғалардың алдындағы барлық депозиттік міндеттемелерінен белгіленген пайыз мөлшерінде анықталады.

Банктердің ең төменгі  резервтік талаптарды орындаудың екі  әдісі қолданылды:

  1. Баламалы — ай сайын қаражаттардың резервтік активтерде орналастыру, ондағы резервтік активтердің орташа айлық сомасы айдың әрбір жұмыс күніндегі депозиттік міндеттемелердің орташа айлық сомасынан пайыз түрінде есептелінетін еңтеменгі резервтік талаптардың орташа айлық көлемінен кем болмауы керек.
  2. Балшасыз — қаражаттарды Ұлттық Банктегі резервтік шотта орналастыру, ол шоттың қалдығы айдың бірінші жұмыс күні бойынша депозиттік міндеттемелердің пайыз түрінде есептелген мөлшерінде ең төменгі резервтік талаптарға тең болуы қажет.

2006 жылы ең төменгі резервтік талаптар бұрынғы 6% деңгейінде сақталғанына қарамастан, ең төменгі резервтік талаптарды есептеу базасы кеңейді және резервтік активтердің тізбесі қысқарды.

2006 жылың 12 шілде айынан бастап, міндетті резерв нормасын белгіленетін банктік міндеттемелер құрылымы төмендегідей түрлерге өзгертілді:

  • банктердің ішкі міндеттемелері бойынша міндетті резерв нормасын 6% деңгейінде белгілеу. Мұндағы банктің ішкі міндеттемелері қайтару мерзіміне байланыссыз резиденттердің алдындағы банктің міндеттемелерінің сомасын сипаттайды.
  • банктердің өзге де міндеттемелері бойынша міндетті резерв нормасы — 8%-ға белгіленді. Мүндағы банктің өзгеде міндеттемелері бейрезвдент алдындағы банктің міндеттемелері мен резидентгік белгісіне байланыссыз қарыздық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерінің сомасын білдіреді.

Ашық нарықтағы  оперяциялар — бұл Ұлттық Банктің айналыстағы ақша массасының келемін реттеу мақсатында екінші реттегі нарықта мемлекеттің бағалы қағаздарын сату және сатып алумен байланысты операциялары.

Бұл біршама ақша массасын, коммерциялық банктердің етімділігі және несиелік жұмыстарды реттеудің ыңғайлы әдістерінің бірі болып табылады. Оның негізгі мәні ақша эмиссиясын тоқтату арқылы банктердің несиені эмиссиялауын шектеуді білдіреді.Ұлттык Банк нарықта бағалы қағаздарды сату арқылы оны сатып алушылардың резервтік шоттарынан тиісті соманы ұстап қалады. Сөйтіп, керісінше, банктерге несие беруді және ақша шыға- руды ынталандыру мақсатында Ұлттық Банк бағалы қағаздарды сатып алады да, тиісті соманы банктердің резервтік шотына қайта аударады.Айналыстағы акша массасына ықпал ету мақсатында ҚҰБ айналысқа өзінің кысқа мерзімді ноталарын шығарады. Қысқа мерзімді ноталарды орналастыру ҚҰБ-мен қысқа мерзімді ноталармен операциялар жасау туралы келісімшарт жасаған және нақты ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқық беретін бағалы қағаздар нарығында, брокерлік және диллерлік қызметті жүргізуге арналған лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының қатысушылары арқылы жүзеге асырылады.Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясатының басты бағыттарына және қаржы нарығының конънктурасына сәйкес және бекітілген қысқа мерзімді ноталарды шығару шарттарына сай аукционға қатысушылардың өтініштерін қанағаттандыруға құқылы.Қазақстан Ұлттық Банкісінің алғашқы агенттерімен келісім бойынша айналысқа шығарылған қысқа мерзімді ноталарды мерзімінен бұрын өтеуге немесе айналыстан толық не жартылай алуға құқығы бар.Алғашқы агенттер аукционға қатысуға өтініш беру ұсынысын екі түрде жасайды: бәсекелестік және бәсекелестік емес.Қазақстан Ұлттық Банкі бәсекелестік емес сипаттағы өтінішті қанғаттандыруды, қаржы нарығының конънктурасына сәйкес аукционның шартын хабарлау арқылы алғашқы агенттерге және бейрезиденттерге қысқа мерзімді ноталарды сату көлемінің үлесің дербес түрде анықтайды.Аукционды өткізу барысында бастапқы кезекте аукционның шартында хабарланған шекте бәсекелестік емес ұсыныстары бар өтініштерді қанағаттандырады.

Осылайша, Ұлттық Банк ноталарды  зейнетақы активтерін инвестициялау құралы ретіндегі тартымдылығын қысқарту және қысқа мерзімді мөлшерлемелер арқылы қаржы нарығындағы ахуалды реттеуге біртіндеп көшу жөніндегі ниетін жүзеге асыруды жалғастырады.

Валюталық интервенция деп ұлттық валюталық бағамына әсер ету мақсатында Ұлттық Банктің шетел валютасын сату және сатып алу жолымен валюталық нарықтағы операцияларға араласуын айтады.

Отандық банктік тәжірибемізде 1999 жылдың 4 сәуір айына дейін немесе еркін өзгермелі бағам режиміне өткенге дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық нарықтағы интервенциялау саясаты алтын-валюта резервтері есебінен жүзеге асырылды.Еркін өзгермелі бағам режиміне өткенен кейін де Қазақстан Ұлттық Банкі ұлттық валютаның айырбас бағамының алыпсатарлық өзгерістерінежол бермеу мақсатында валюталық интервенциялауды қолданылып отырғаны жасырын емес. Соған байланысты аталған бағам режимін басқарылатын режим деп қарастырған дұрыс болады. Еркін өзгермелі бағамға өтуге біздің ұлттық валюта бағамының шетел валютасына қатысты тұрақсыздығы мүмкіндік бермейтіні сөзсіз.Ұлттық Банктің валюталық нарықтағы интервенциясы дербес түрде кез келген банктер және валюталық биржалар арқылы кез келген валюталық мәмілелер түрлерін пайдалану негізінде жүзеге асырылады.Мұның салдарынан алтын-валюта резервінің құнсыздану қаупі туындады. Осындай жағдайларды болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ішкі валюта нарығында сатып алушы ретінде қатысып, алтын-валюта резервінің ұлғаюына септігін тигізді. Бұл жерде бір нәрсені естен шығармаған жөн, яғни Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ішкі валюта нарығындағы сұраныстан артық шетел валютасын сатып алған кезде, айналысқа артық ақша эмиссияланады жөне ол ақшаның құнсыздануына жол береді. Осындай теріс салдарларды болдырмау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «стирилизациялау» құралын пайдаланып отыр. Яғни, айналысқа шығарылған артық ақша көлемінде өзінің қысқа мерзімді ноталарын шығарып, артықақшаны айналыстан алып отырды

Ақшаның құнсыздануын төменгі  деңгейде ұстап, ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие саясатын жүзеге асырады.Ұлттық банк біздің елімізде теңге девальвациясын жүргізетін бірден-бір орган болып

табылады. Қазірде біздің елімізде теңгеге девальвация жүргізілуі- бұл жеке дара іс-шара емес, дүние жүзіндегі әлемдік дағдарыс барлық елге, дамыған елдерге де әсерін тигізіп тұр. Сонымен қатар әлемдік қаржы дағдарысынан Қазақстаның ұлттық экономикасын қорғау, анығырақ айтқанда халықтың әлеуметтік- тұрмыстық жағдайын әлсіретпеу бүгінгі таңдағы басты мақсат болып тұр. Сондай бағытта қабылданған Үкімет деңгейіндегі Ұлттық банктің іргелі шаралардың бірі-теңге девальвациясы. Девальвациядағы басты мақсат-келешекте халықтың жағдайын тұрақтандырудан туындаған қажетті қадам, мұның өзі ел алдымен әлемдік қаржы дағдарысынан ұлттық

экономикамызды қорғаумен  бірге, отандық өнім өндірушілердің мүдделеріне қызмет етеді. Сонымен қатар, теңге девальвациясы Қазақстанның экономикалық деңгейін мүмкіндігінше қысқа уақытта көтерудің алғышарттарын жасау үшін қабылданады. Теңге бағамының төмендеуі Ресей валютасының девальвациясымен байланысты.Ресей үкіметі өткен жылдың соіында өз рублін девальвациялау туралы шешімге келді.Ресейлік сарапшылардың пікірінше, рубль бағамының әлсіреуі уақытында ескерілмесе,онда отандық экономикадағы келеңсіз бағыттан құтыла алмайтынын билік жақсы түсінген.Қазақстанның ең жағын көршісі –Ресей өздерінің ұлттық валютасын тұрақтандыру және

оның ел экономикасына  қарқынды ықпал қалыптастыру үшін осындай ұтымды шешімге келді. Сондықтан теңге девальвациясының өзгелермен байланысын жоққа шығаруға болмайды. Ресей ұлттық валютасын девальвациялаудан ұтпаса, ұтылған жоқ.Қазақстанның экономикасы сауда көлемінің 50-60 пайызы қазіргі Ресеймен байланысты,сондықтан да валютаның курсын реттеу қажет болды. Қазір Қазақстан ғана емес, әлемде

қырықтан астам ел валюта бағамын өзгертті.Теңге девальвациясы қазіргі қаржы дағдарысынан шығудың қажетті амалы және де

экономикалық тұрақтылықтың  басты кепілдерінің бірі десе болады. Соның нәтижесінде

тұтынушылардың төлем  қабілеттері мен экспорттаушылардың бәсекелестік қабілеті де арта түспек. Нақтылап айтқанда, девальвация экспорттан түсетін кірістерді төмендеуінің орнын толтырып, импорттың бағамы өсіп, көлемі азаймақ. Үкіметтің жаңа шешімі еліміздегі кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетін жетілдіріа, жұмыс орындарының, шағын және орта бизнестің сақталуына көмектеседі. Үкіметтің биылғы жылдың басына бастап экономиканың шикізаттық емес секторына, әсіресе, шағын және орта бизнеске салықтық біршама жеңілдіктер жасауы көп нәрседен хабар берсе керек. Атап айтарлығы, девальвация нәтижесінде импорт шектеліп, экспорттың өсіміне жол ашылмақ. Жаһандық экономикалық дағдарыс әлемдік валюта-АҚШ долларының шамадан тыс өндірлуіне ғана туындаған дағдарыс емес. Мамандардың айтуынша, бұл дағдарыс- неолибералдық модельге негізделген әлемдік экономикалық ауыр күйзеліске түскенін

көрсетеді. Соңғы кездері  ұлттық экономика өкілдеріде Қазақстан экономикасыны  жаһанданудың неолибералды теориясы аясындағы жұмысының нәтижесінде  алаңдаушылық таныта бастады. Бұл теорияның мәні- моннетаризм теориясы. Ал еліміздің экономикалық моделі ұлттық валюта- теңге енгізілген күннен бастап, 1993 жылдың 15

қарашасынан бері осы теорияның  аясында жұмысістеп келеді. Осы уақыттан бері Қазақстан экономикасында долландыру үрдісі басталған. Қазір еліміздің долларландыру  деңгейінің тым жоғары болып отырғаны осының айғағы. Мұнда теорияға негізделген валталық саясат теңгенің үнемі арзан болуы мен доллардың қымбат болуын діттейді.

Қаржы дағдарысы-бұл әлемдік  валюта-доллардың шамадан тыс өндірілуі мен белгілі бір мақсатты көздеген топтардың несие нарығын үрлеуі және қаржы пирамидаларын құруы деп айтуға болады. Сонымен қатар әлемдік валюталық жүйенің ұлттық валютамен араласуы нәтижесінде болатын үрдістерге назар аудару керек. Әлемдік валютаның теңгеден қымбат болуы-әлемдік инвесторларға Қазақстаннан шикізат ресурстарын арзан бағамен алуына мүмкіндік ашатыны анық. Осыдан бұрын елімізде қатаң әдіспен

жүргізілген қаржы-несиелік рестрикция салдарынан ең маңызды салалардағы ірі кәсіпорындар тоқтап қалды. Ал өндіріс тоқтаған соң, босаған шикізат елден шығарыла бастады. Тоқтап қалған ішкі нарықтардың орнын бірден шетелдік өндірушілер басты. Ұлттық өндірушілер бәсекеге қабілетсіз болып қалғандықтан, олар өз нарығымыздан ығыстра бастады. Егер импорт жағынан қарасақ, ішкі нарық толығымен импорттық тауарларға лық толды.

Осы модельдегі сыртқы экономикалық саясат жүргізудің келесі тетігі-девальвация. Девальвация импорттық тауарларды қымбаттатып, отандық тауарлардың өзге елдердің нарықтарында арзандатуына әкеп соқтырады. Ол экономиканың жетілдіру үрдісіне де әсер етпей қоймайды. Үнемі айырбас курсының төмендеуін күту-девальвацияның одан әрі тереңдеуін шарыратын факторлардың туындауына әкеледі. Қазақстанда жүзеге асырылған

неолибералдық модельдің  экономикалық саясатындағы ең басты мақсаты-инфляция қарқынын үнемі төмендетіп отыруға тырысу болып отыр. Инфляциямен күрес-1993 жылдан бергі ел экономикасында барлық бағдарламалардың басты мақсаты болып келді.

Алайда ұлттық экономикадағы  қазіргі жағдай өнім өндірісін арттыру, шығындарды азайту,жұмыс орнын көбейту сияқты мүлдем басқа мақсаттарды жүктеп отыр. Бұл модельде

Қазақстаннан тапқан табысын  өз еліне шығынсыз әкетуді көздеп отырған инвесторлардыңмүдделері көбірек қорғалады.Қорыта айтқанда, қандай істе болмасын, әсіресе, қаржы саясатында ашықтық,тұрақтылық және терең әрі дұрыс зерттелген стратегиялық жоспарлар аса қажет._

 

Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттік  ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады.ҚҰБ ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты түрактылығын қамтамасыз етуді көздейді. Ақша-несие саясяты—бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жуйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.

Ақша-несие саясатының макроэкономикалық  деңгейдегі субъектісі — Ұлттық Банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық Банк тарапынан реттеу объектісіне  экономикадағы қолма-қол және колма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады.Шаруашылық конъюктурасынын, жағдайына байланысты ақша- несие саясатының екі түрі болады:Рестрикциялық ақша-несие саясаты; 
Экспанцондық ақша-несие саясаты.Рестрикциялық ақша-несие саясаты — екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.Экспанциондық ақша-несие саясаты — несие беру көлемін кеңейтумен, айналыстағы ақша-массасының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты шаралар.

Соңғы жылдардағы ақша-несие  саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгені  тұрақтылығын қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жетуде Ұлттық Банк қатаң ақша-несие  саясатын жүргізуде.

Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттің  ақша-несие саясатын (бұдан әрі  — АНС) жүргізуші болып табылады. Нақтырақ айтсақ ақша-несие саясатының бағдарламасын және қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ҚҰБ Басқармасы анықтайды, ал Директорлар кеңесі оны жүргізеді  және өзге ресми мөлшерлемелерді  белгілейді. Сонымен қатар АНС-ның  жүзеге асырылуына ҚҰБ-нің ақша-несие  саясаты жөніндегі Техникалық комитеті тікелей жауап береді. Техникалық комитет әр апта сайын АНС-на байланысты мәжіліс өткізеді және ұсыныстар  жасайды. Оның құрамы 13 мүшеден: басшы, екі орынбасары, төрт департамент  директорлары, төрт басқарма бастықтары, Төрағаның кеңесшісі және Қаржылық қадағалау агенттігінен бір өкіл кіреді.

АНС-ның мақсаты — инфляцияны төмендету және теңгені тұрақтылығын қамтамасыз ету. 2004 жылдан бастап, Қазақстан  Республикасы Ұлттық Банкінің қолданып отырған ақша-несие саясатының құралдары  екі топқа бөлінеді. Тікелей құралдар (несие бағасы мен немесе сомасына тікелей бақылауға арналған):несиенің бағасын (Р — сыйақы мөлшерлемесін) не санын (Q) белгілеу немесе шектеу;коммерциялық банктердің балансына қатысты несиелік лимиттер белгілеу.Жанама құралдар (нарыққа ықпал ету арқылы ақшаға деген сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуге арналаған):ашық нарықтағы операциялар;міндетті резервтік талаптар; 
несиелеуге және вексельдерді қайта есепке алуға байланысты операциялар.

Қазіргі уақытта жоғарыда аталған құралдардың ішінде іс-жүзінде  қолданылып отырғандары: ресми сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу, қысқа  мерзімді ноттарды эмиссиялау, ашық нарықтағы  операциялар.

Ұлттық Банк өзінің жүргізетін операциялары бойынша мынадай ресми  сыйақы мөлшерлемелерді белгілейді:

Информация о работе Ашық экономика. Қазақстандағы ақша-несие саясаты