Ашық экономика. Қазақстандағы ақша-несие саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 08:11, курсовая работа

Описание работы

Ашық экономика дегеніміз – елдердің өздері шығаратын тауарлары мен көрсететін қызметтерінің айтарлықтай үлесін экспорттауы және импорттауы, әлемдік қаржы нарығында несие беруі және алуы. Ашық экономикада шығарылатын өнімнің басым бөлігі шетелге экспортталады. Ашық экономика қызметіне талдау жасау, шетелдік сектормен өзара байланыс, негізгі микроэкономикалық айнымалылар арасындағы өзара байланысты күрделендіреді, ұлттық экономика жағдаятын анықтаушы қосымша факторлар есепшотын талап етеді.

Содержание

1. Ашық экономикадағы ұлттық табысты есептеу.
2. Капиталдың қозғалу шоты және ағымдағы операциялар шоты.
3. Шағын ашық экономика үлгісі және оған ішкі, сыртқы бюджет-салық саясаттарының әсері, инвестиция өзгеруінің тигізетін ықпалы.
4. Ақша-несие саясаты жалпы түсінік
5. Қазақстандағы ақша-несие саясаты\
6. Рестрикциялық ақша-несие саясаты;
7.Экспанцондық ақша-несие саясаты.

Работа содержит 1 файл

Акша несие саясаты.docx

— 64.24 Кб (Скачать)

ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі; 
ресми есептік (дисконттық) мөлшерлеме; 
РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемесі; 
«овернайт» займдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі; 
овер драфт займдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі. 
банктерден тарайтын депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі.

Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі— ақша нарығының жалпы  жағдайына несие бойынша сұраныс  мен ұсынысқа, инфляция және күтілетін  инфляция деңгейіне байланысты белгіленеді. Ұлттық Банкінің заң актілері, Қазақстан  Республикасы Президентінің актілері негізінде немесе ҚҰБ Басқармасының  жеке қаулылары бойынша жүргізілетін заем операциялары бойынша қолданылады.

Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлемесі — ақша нарығының жалпы  жағдайына, несиелер бойынша сұраныс  пен ұсыныс көлеміне байланысты белгіленеді  және Ұлттық Банктің коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу операцияларында  қолданылады. Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлеме жылдық пайыздық мелшерлеме болып табылады және ол айналыс мерзімі  алты айлық вексельдерді қайта есептеуде  қолданылады.

РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелері —  жылдық пайыздық мөлшерлемелер, ішкі қаржы  нарығының жағдайына байланысты белгіленеді және мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргізуде  қолданылады. РЕПО-ның мақсатты мөлшерлесінен  ауытқу жағдайында ақшалай қаражаттарды орналастыру немесе тарту жолымен  РЕПО нарығындағы сыйақы мөлшерлемелерін  реттеу арқылы сыйақы мөлшерлемелерінің  елеулі ауытқуын болдырмау.

«Овернайт» заемдары бойынша  сыйақы мөлшерлемесі — Ұлттык Банктің  екінші деңгейдегі банктерге, олардың  ҚҰБ-ғы корреспонденттік шоттары бойынша  есеп айырысуды дебеттік қалдықпен  аяқтауы барысында бір түнге  берілетін заемдары бойынша қолданылады.

Овердрафт заемдар бойынша  сыйақы мөлшерлемелері — Ұлттық Банктің  екінші деңгейдегі банктерге, олардың  ҚҮБ-ғы теңгеде ашқан корреспонденттік шоттары бойынша төлем жүргізуге  немесе ақшалай аударымдар жасауға  қажетті ақша қаражаттары уақытша  болмаған не жетіспеген жағдайларда  займдар бойынша қолданылады.

Банктерден тарайтын депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі — Ұлттық Банктің екінші деңгейдегі банктердің уақытша бос қаражаттарын тартуға  байланысты қолданылады.

2005 жылғы 1 кыркүйектен  бастап тікелей репо операцияларын  жүргізу практикасы, сондай-ак мерзімдері 1 жүмыс күнінен аспа- ғандықтан  «овернайт» және «овердрафт»  заемдарын ұсыну уақытша тоқтатылды.

Ең төменгі резервтік  талаптар. Ақшалай нарықтағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде, банктерге берілетін  несиелер көлемін реттеуде, банктің  өтімділік деңгейін реттеуде және олардың  міндеттемелері бойынша төлемсіздікті  төмендетуде, сол сияқты банктің  салым иелері мен акционерлерінің  мүдделерін қорғау максатында Ұлттық Банк ең төменгі резервтік талаптар тетігін қолданады.

Резервтік талаптар ашық нарықтағы  операциялар және пайыз саясатымен қатар коммерциялық банктерді жанама акшалай-несиелік реттеудің негізгі  құралдарының біріне жатады. Қазақстан  банк жүйесінің бүгінгі даму жағдайында резервтік талаптар, бір жағынан, сақтандыру институттарының жоқ  кезінде, коммерциялық банктердің депозиттерін сактандыру қызметін, екінші жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликация үдерісін реттеу қызметтерін атқарады.

Ақша-несие саясатының бұл  құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген Қазақстан  Республикасынын, коммерциялық кооперативтік  және жеке банктердің қызметін реттеу туралы нұсқауға сәйкес, бастапқыда міндетті резерв нормасы депозиттік міндеттемелердің 18—20% мөлшерінде бекітілген болатын. Кейіннен оның мөлшері 6%-ға дейін темендеді.Банк резервтерінің артық болуы, яғни Ұлттық Банктегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттардың өсуіне байланысты резервтік талаптар шамасын төмендетіп қана қоймай, сол сияқгы резервтеудің альтернативтік тәртібіне өтуге, яғни бұл банктердің пруденциялдық нормативтерді орындау барысында корреспонденттік шоттағы қаражаттар сомасын еңтөменгі резервтер мөлшерінің төмен болмауын сақтап отыруға тиістілігін білдіреді.Әлемдік тәжірибеде, міндетті резервтердің ете жоғары деңгейде болуы, банк жүйесінің қаржы делдалы ретіндегі тиімділігін нашарлатып, ал еңтөменгі резервтер нормасының артуы несиелік ресурстардың экономикаға құйылуына тосқауыл болатындығын көрсетеді.

Ұлттық Банк екінші деңгейдегі банктер үшін, олардың пруденциалдық  нормативтерді орыңдауына байланысты еңтөменгі резервтік талаптарды орындау барысында банктерге мынадай екі тәсіл қолданады:міндетті резервтер;резервтеудің альтернативтік тәртібі.Резервтік талаптарды орындайтын банктерге Ұлттық Банк орташа айлық қайта қаржыландыру мөлшерлемесінін. 50% көлемінде теңгедегі резервтер бойынша, ал еркін алмастырылатын валютадағы резервтік талаптар бойынша Лондондағы депозиттер нарығындағы (LIVID) бір айлық депозиттің орташа өлшемді мөлшерлемесінің 50 % көлемінде пайыз төлейді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің «Ең төменгі резервтік  талаптар туралы» ережесіне сәйкес банктерді мүмкін және күтпеген шығындардан  сақтау үшін екінші деңгейдегі банктер  Ұлттық Банк белгіленген резервтік  талаптардың нормаларын орындауы міндетті.

Осыған байланысты 2004 жылдан бастап, банктер ай сайын резервтік  талаптарды орындау туралы есеп береді. Ең теменгі резервтік талаптардың  көлемі, банктің банктерден басқа  заңды және жеке тұлғалардың алдындағы  барлық депозиттік міндеттемелерінен белгіленген пайыз мөлшерінде анықталады.Банктердің ең төменгі резервтік талаптарды орындаудың екі әдісі қолданылды:Баламалы — ай сайын қаражаттардың резервтік активтерде орналастыру, ондағы резервтік активтердің орташа айлық сомасы айдың әрбір жұмыс күніндегі депозиттік міндеттемелердің орташа айлық сомасынан пайыз түрінде есептелінетін еңтеменгі резервтік талаптардың орташа айлық көлемінен кем болмауы керек. 
Балшасыз — қаражаттарды Ұлттық Банктегі резервтік шотта орналастыру, ол шоттың қалдығы айдың бірінші жұмыс күні бойынша депозиттік міндеттемелердің пайыз түрінде есептелген мөлшерінде ең төменгі резервтік талаптарға тең болуы қажет.

2006 жылы ең төменгі  резервтік талаптар бұрынғы 6% деңгейінде сақталғанына қарамастан, ең төменгі резервтік талаптарды  есептеу базасы кеңейді және  резервтік активтердің тізбесі  қысқарды.

2006 жылың 12 шілде айынан  бастап, міндетті резерв нормасын  белгіленетін банктік міндеттемелер  құрылымы төмендегідей түрлерге  өзгертілді:

банктердің ішкі міндеттемелері бойынша міндетті резерв нормасын 6% деңгейінде белгілеу. Мұндағы банктің  ішкі міндеттемелері қайтару мерзіміне  байланыссыз резиденттердің алдындағы  банктің міндеттемелерінің сомасын сипаттайды.банктердің өзге де міндеттемелері бойынша міндетті резерв нормасы — 8%-ға белгіленді. Мүндағы банктің өзгеде міндеттемелері бейрезвдент алдындағы банктің міндеттемелері мен резидентгік белгісіне байланыссыз қарыздық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерінің сомасын білдіреді.Ашық нарықтағы оперяциялар — бұл Ұлттық Банктің айналыстағы ақша массасының келемін реттеу мақсатында екінші реттегі нарықта мемлекеттің бағалы қағаздарын сату және сатып алумен байланысты операциялары.

Бұл біршама ақша массасын, коммерциялық банктердің етімділігі және несиелік жұмыстарды реттеудің ыңғайлы  әдістерінің бірі болып табылады. Оның негізгі мәні ақша эмиссиясын тоқтату арқылы банктердің несиені  эмиссиялауын шектеуді білдіреді.

Ұлттык Банк нарықта бағалы қағаздарды сату арқылы оны сатып  алушылардың резервтік шоттарынан тиісті соманы ұстап қалады. Сөйтіп, керісінше, банктерге несие беруді және ақша шыға- руды ынталандыру мақсатында Ұлттық Банк бағалы қағаздарды сатып  алады да, тиісті соманы банктердің резервтік шотына қайта аударады.

Айналыстағы акша массасына  ықпал ету мақсатында ҚҰБ айналысқа  өзінің кысқа мерзімді ноталарын  шығарады. Қысқа мерзімді ноталарды  орналастыру ҚҰБ-мен қысқа мерзімді ноталармен операциялар жасау туралы келісімшарт жасаған және нақты  ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқық беретін бағалы қағаздар нарығында, брокерлік және диллерлік қызметті жүргізуге арналған лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының  қатысушылары арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие  саясатының басты бағыттарына және қаржы нарығының конънктурасына сәйкес және бекітілген қысқа мерзімді ноталарды шығару шарттарына сай  аукционға қатысушылардың өтініштерін  қанағаттандыруға құқылы.

Қазақстан Ұлттық Банкісінің алғашқы агенттерімен келісім бойынша  айналысқа шығарылған қысқа мерзімді ноталарды мерзімінен бұрын өтеуге немесе айналыстан толық не жартылай алуға құқығы бар.

Алғашқы агенттер аукционға  қатысуға өтініш беру ұсынысын екі  түрде жасайды: бәсекелестік және бәсекелестік емес.Қазақстан Ұлттық Банкі бәсекелестік емес сипаттағы өтінішті қанғаттандыруды, қаржы нарығының конънктурасына сәйкес аукционның шартын хабарлау арқылы алғашқы агенттерге және бейрезиденттерге қысқа мерзімді ноталарды сату көлемінің үлесің дербес түрде анықтайды.Аукционды өткізу барысында бастапқы кезекте аукционның шартында хабарланған шекте бәсекелестік емес ұсыныстары бар өтініштерді қанағаттандырады.Осылайша, Ұлттық Банк ноталарды зейнетақы активтерін инвестициялау құралы ретіндегі тартымдылығын қысқарту және қысқа мерзімді мөлшерлемелер арқылы қаржы нарығындағы ахуалды реттеуге біртіндеп көшу жөніндегі ниетін жүзеге асыруды жалғастырады.

Валюталық интервенция деп  ұлттық валюталық бағамына әсер ету  мақсатында Ұлттық Банктің шетел  валютасын сату және сатып алу  жолымен валюталық нарықтағы  операцияларға араласуын айтады.

Отандық банктік тәжірибемізде 1999 жылдың 4 сәуір айына дейін  немесе еркін өзгермелі бағам  режиміне өткенге дейін Қазақстан  Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық  нарықтағы интервенциялау саясаты  алтын-валюта резервтері есебінен жүзеге асырылды.

Еркін өзгермелі бағам  режиміне өткенен кейін де Қазақстан  Ұлттық Банкі ұлттық валютаның айырбас  бағамының алыпсатарлық өзгерістерінежол бермеу мақсатында валюталық интервенциялауды қолданылып отырғаны жасырын емес. Соған байланысты аталған бағам  режимін басқарылатын режим деп  қарастырған дұрыс болады. Еркін  өзгермелі бағамға өтуге біздің ұлттық валюта бағамының шетел валютасына қатысты тұрақсыздығы мүмкіндік  бермейтіні сөзсіз.

Ұлттық Банктің валюталық  нарықтағы интервенциясы дербес түрде кез келген банктер және валюталық биржалар арқылы кез келген валюталық мәмілелер түрлерін пайдалану  негізінде жүзеге асырылады.

Мұның салдарынан алтын-валюта резервінің құнсыздану қаупі туындады. Осындай жағдайларды болдырмау  мақсатында Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі ішкі валюта нарығында сатып алушы ретінде қатысып, алтын-валюта резервінің ұлғаюына септігін тигізді. Бұл жерде бір нәрсені естен шығармаған жөн, яғни Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ішкі валюта нарығындағы сұраныстан артық шетел валютасын сатып алған кезде, айналысқа артық ақша эмиссияланады жөне ол ақшаның құнсыздануына жол береді. Осындай теріс салдарларды болдырмау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «стирилизациялау» құралын пайдаланып отыр. Яғни, айналысқа шығарылған артық ақша көлемінде өзінің қысқа мерзімді ноталарын шығарып, артықақшаны айналыстан алып отырды.

Біздің экономиканың 80 жылдардың  соңы мен 90 жылдардың басы, дағдарыстық  жағдайда болды. Әсіресе КСРО- ның  ыдырауы және Қазақстанның әлемдік  экономикаға бірден бір мүшесі болып  енуі, халық шаруашылығын нақты басқарудың басты мақсаты болып табылды. Нарықтық экономика жағдайында, бұл  ақша несие саясаты арқылы іске асады.

Ақшаның және несиелік қатынастардың  проблемалары экономиканың өтпелі кезеңінде  актуалды болып келеді. Бұл әлеуметтік экономиканың және саяси қоғамдық қайта  құрылулармен байланысты. Әлеуметтік экономиканың қатынастарының трансформациялануы, соңғы жылдары Қазақстанда байқалған. Ақша несие саясаты реттеудің  және ақша несие саясатының жаңа ұйымдастырушылық аспектілерді оқып білуіне қажеттілік туғызды.

Қазіргі кездегі экономистер  ақша несие саясатын демократиялық  қоғамға қажетті, ұлттық экономиканы  мемлекеттік реттеудегі ең қолданбалы құралы екенің айтады.

Жоғарғы қорытынды мақсаты:

- бағаның тұрақтылығын  қамтамасыз ету;

- толық жұмыспен қамсыздандыру;

- ЖҰӨ нақты көлемін  ұлғайту.

Ақша теориясы ақша несие  саясатының негізін құрайды. Ақша теориясы, ақшаның және ақша несие саясатының жалпы экономикаға ықпал ету  процессін зерттейді.

Бүгінгі біздің өмірімізге және бүгінгі күнгі Қазақстанға  ақша несие саясатын оқып білу актуалды және қажетті. Қазақстанның ақша несие  саясаты американдық, ағылшындық немесе басқа сол сияқты экономикасы  дамыған елдерде жүргізілетін монетарлық саясаттай бола алмайды. Яғни бұл  мәселе әлі де ұзақ зерттеуді қажет  етеді. Ақша несие саясаты теориясы толық зерттелген, бірақ Қазақстанды  экономикаға енгізілу процессінің  зерттелуі әлі жалғасуда (яғни адаптациялануы).

Зерттелуге алынған тақырып  бүгінгі күні актуалды, ол уақыт  аралық басылымда шығарылатын көптеген монографиялық басылымдар мен публикациялармен дәлелденеді. Бірақ бұл ақша несиелік реттеу механизмінің толық зерттелгенің және жетілген жүйе екенің көрсетпейді.

Бар проблемалар бүгінгі  күнгі ақша несие саясатының жағдайын анықтайды және  мақсатының құрылуына ықпал етеді.

Менің жұмысымның зерттеу  объектісі болып, ақша несие саясатының Қазақстанда құрылу мен өткізу процессі

Ал жұмысымның мақсаты  болып, ақша несие саясатының теориялық  және практикалық аспектілерін зерттеу  мен ақша несие саясатының қазақстандағы  бүгінгі күнгі этап дамуындағы құрылуы  және өткізілу процессін зерттеу.

Қойған мақсатқа жету бірқатар проблемаларды қарастыруды және келесі міндеттемелерді шешуді қажет  етеді:

- ақша несие саясатының экономикалық негізін ашу;

- ақша несие саясатының реттеу механизмдерін зерттеу;

- ҚРҰБ жүргізген ақша несие саясатының негізгі қадамдарын сипаттау;

- Ақша несие саясатын жүргізудің негізгі құралдарын қарастыру;

- ҚРҰБ ақша несие саясатының негізгі бағытын және даму перспективасын көрсету.

Жұмысымның негізгі мәлімет көзі болып: ҚР заңы, ҚРҰБ Басқару қойылымы, қазақстандық және шет ел авторларының еңбектері, уақыт аралық басылымдар мен семинар материалдары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қортынды

«Қазақстан – бұл ашық экономика, инвесторлар үшін жаңа мүмкіндік. Аталмыш форумға сіздермен кездесіп, іскерлік қарым-қатынас орнату үшін елдің барлық мемлекеттік және жеке меншік компаниялары қатысып отыр. Сол себепті Қазақстанда екіжақты серіктестік пен жаңа жұмыс желісін  қалыптастыру үшін бұл форумның мүмкіндіктерін белсенді түрде пайдаланасыздар  деп сенеміз», - деді Ә.Исекешев форум  қатысушылары алдында сөйлеген сөзінде.

Информация о работе Ашық экономика. Қазақстандағы ақша-несие саясаты