Қазақстан халқының құрамы. Еңбек нарығы және халықтың жұмыспен қамтылуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 22:20, реферат

Описание работы

Елдің экономикалық-әлеуметтік дамуында халықтың саны ғана емес, құрамы мен құрылымының да маңызы зор. «Құрам» мен «құрылым» түсініктері бір-біріне жақын, оларды көбінесе синоним ретінде қарастырады. Дегенмен, олардың арасында айырмашылықтар да бар. Көп жағдайда құрам - құрамдас бөліктердің жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Құрылым - цифрлармен берілетін салыстырмалы шамалар. Халықтар географиясықоғамдық ұдайы өндіріс және қоршаған ортамен өзара әрекеттесу процесінде қарастырылатын халықтардың санын, құрамын және орналасуын оқып зерттейді. География халықтың жыныстық және жас ерекшелігін, әлеуметтік жағдайын, кәсіби деңгейін, этникалық құрамын және діни көзқарастарын зерттейді.