Қазақстан Республикасындағы қаржы құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 18:36, курсовая работа

Описание работы

Берілген курстық жұмыстың тақырыбы – «Қазақстан Республикасындағы қаржы құрылымы» болып табылады. Бүгінгі таңда біздің мемлекетіміздің экономикалық жағдайы даму үстінде. Соңғы мәліметтерге сәйкес ТМД елдерінің ішінде Қазақстан экономикалық жағынан ең дамыған үш мемлекеттің құрамына кіреді. Бірақ әлі де экономиккалық-саяси жағдайда көптеген мәселелер зерттеуді қажет етіп отыр. Осыған байланысты экономика саласында қаржы жүйесі ерекше орынды алады.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3
I Қаржы және қаржы жүйесінің экономикалық мәні.
1.1. Қаржы ұғымы және оның мәні мен қажеттілігі.......................................5
1.2. Мемлекет қаржысының ұғымы және құрамы...................................... 12
1.3. Қаржы жүйесінің ұғымы............................................................................15
II Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесі.
2.1. Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінің құрамы................17
2.2 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызды ролі........................21
2.3. Қазақстан Республикасында қаржы жүйесін жетілдірудің жолдары...............................................................................................................25
Қорытынды..........................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................30

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасындағы қаржы құрылымы.doc

— 172.50 Кб (Скачать)

  2) кәсіпорындардың орталықтандырылмаған  ақша  қорларының  толық айналымын ортақтастыратын экономикалық  ақша  қатынастары.        

    Қаржы  қатынастарыөзінің  экономикалық  табиғаты  жөнінен   бөлгіштік  қатынастар болып  табылады,  оның  үстіне  құнды бөлу  ең алдымен  субъектілер  бойынша  жүзеге  асырылады.  Сондықтан  қоғамдық  өндірістегі  субъектілердің  рөлі  қаржы  қатынастары  жіктемесінің   алғашқы объективті  белгісі ретінде көрінеді.

     Қаржы  қатынастарының  буындарына  тән  болып келетін  тиісті  орталықтандырылмаған  ақша  қорларының  жиынтығы  қаржы  жүйесінің  екінші  бөлігін  құрайды.

   Қаржының  материалдық  мазмұны өзінің көрінісін   қаржы  ресурстарын  қалыптастырып,  пайдалануда  табады,  бұл  ресурстар  бюджет,  мемлекеттік  пен мемлекеттік  емес  әлеуметтік  сақтандыру  және  қамсыздандыру, амортизация,  айналым  қаражаттары,  тұтыну,  резерв  және  басқа  көптеген  ақша  қорларын  кіріктіреді.  Бір  қорлар  едәуір  дәрежеде,  біреулері  аз дәрежеде  орталықтандырылған,  бір  қорлар  үнемі  жұмсалады,  басқалары  уақытша  сақталады,  үшіншісі  қорланады.

   Қаржы  жүйесі ұғымы мен қатар қаржы кредит жүйесінің жалпылама ұғымы да бар,оған қаржы жүйесінің буындары ғана емес сондай ақ кредит жүйесі де кіріктіріледі. Өзінің   ортақ қағидалы  біртұтастығына қарамастан ,қаржы қатынастарын ұйымдастырудың нысандары мен олардың  сыртқы көрінісі әр түрлі.

                  
 
 

II Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі. 

2.1. Қазақстан Республикасындағы  қаржы жүйесінің  құрамы 

      Бүгінде Қазақстан Республикасының қаржы  жүйесі құрамы мен қаржы қатынастарының  біршама дербес мына сфераларынан тұрады: мемлекеттң бюджет жүйесі .арнаулы бюджеттен тыс қорлар: мемлекттік кредиттер , жергілікті қаржы. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы ,

халықтың  қаржысы. 

     Қаржы қатынастарының алғашқы үш бөлігіи  жалпымемлекеттік ,яғни орталықтанған қаржыларға жатады және макродеңдейдегі экономика мен әлеуметтік қатынстарды  реттеу үшін пайдаланады.Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады  микродеңгейдегі экономика мен мемлекеттік реттеу және  ынталандыру үшін пайдаланылады

      Жергілікті  қаржы  мемлекеттің  қаржы жүйесі нің маңызды құрамы болып табылады. Жергілікті қаржының әлеуметтік рөлі,оның құрамы мен құрылымына бүтіндей  жергілікті органдарға жүктелінген функциялардың  сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және оның саяси-экономикалық бағыттылығымен анықталады.

      Жалпы қаржылардың бүкіл құрамы екі  ірлендірілген бөлікке біріктіріледі: мемлекеттік және муниципалдық қаржы; шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы.

      Мемлекеттің қаржысы қаржы ресурстарының  орталықтандырылған қорын жасаудың экономикалық нысанын мен мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретіндегі мемлекеттік бюджетте, қоғамдық құжаттарды мақсатты қаржыландырудың қосымша көзі ретіндегі бюджеттен тыс арнаулы қорларда, мемлекеттік кредитте көрінетін қаржы қатынастарын қамтиды. Кредит қатынастарының қаржы қатынастарынан айырмашылығы болғанымен мемлекеттік кредит қаржы жүйесіне қамтылады. Бірақ кредиттің бұл түрі мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу мақсатына бағытталғандықтан, мемлекет қаржысының тұрақтылығын қамтамасыз ететіндіктен ол бойынша есеп айырысу бюджет қаражаттары себебінен болғандықтан - бұл буын қаржы жүйесіне де, сондай-ақ кредит жүйесіне де жатады деп есептеуге болады. Қаржы қатынастары сфераларының әрқайсысының ішінде буындар бөлінеді, оның үстіне қаржы қатынастарының топтастырып мақсатты ақша қорларының құрамы мен арналымына белгілі бір әсер ететін субъект қызметінің сипатына қарай жүргізіледі. Бұл белгілі кәсіпорындар мен ұйымдар қаржысы сферасында мынандай буындарының бөлінуі мүмкін болады. Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы, коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы.

      Қаржы жүйесінің әр буыны өз кезегінде  буыншаларға бөлінеді. Мәселен, саланың  бағыныштылығына қарай коммерциялық негізде жұмыс істейтін кәсіпорындар қаржысының құрамына өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, сауда, көлік, құрылыс және т.б. кәсіпорындардың қаржылары, ал меншік нысанына қарай – мемлекеттік, кооперативтік, акционерлік, жекеше және басқа кәсіпорындардың қаржылары болып мүшеленеді. Мемлекет қаржысының құрамында буындар ішіндегі қаржы қатынастарын топтастыру мемлекет басқарудың деңгейіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттердің көпшілігінде қаржы жүйесін құрудың қағидаты фискалдық федерализм қағидаты. Қаржы жүйесінің функциялық құрылысы мынадай негізгі қағидаттарды қанағаттандыруы тиіс. Біріншіден, қаржы жүйесінің жеке алынған әрбір буыны ақша қатынастарының аса кең шеңберін қамти алады. Бұл жалпы категория болып табылатын «қаржыға» ғана тән қасиет.

      Екіншіден, тұтастай алынған қаржы жуйесі әрбір  нақты сәтте объективті экономикалық категория ретінде қаржының қағидалы мәндік сипаттамаларына және функциялық арналымына дәл сәйкес келуі тиіс. Қаржы жүйесін құрудың негізінен мынадай қағидалар қойылған қаржы жүйесін ұйымдастыруда централизм мен демократизмның үйлесуі мемлекеттік қаржы органдары тарапынан болатын орталықтандырылған басшылықпен бір мезгілде жергілікті қаржы органдарының және шаруашылық жүргізуші субъектілерге кең құқық пен дербестік берілген. Салық қаржыларды басқарудағы демократиялық негіз шаруашылық жүргізуші органдарға капиталды бекітіп беруге, оларға әртүрлі мақсатты арналымның ақша қорларын жасауға және оларды пайдалануға құқық беруде көрін,еді. Жоғары тұрған органдар өзінің құзыры шегінде салалық қорлар мен резервтерге орналастырылатын қаражаттардың бір бөлігін қайта бөлу туралы шешім қабылдайды. Оларды мақсатты пайдаланудың тәртібін анықтайды.

      Кәсіпкерлік секторда қаржы дербестігі неғұрлым толық көрінеді. Оның қатысушылары мемлекеттің қаржы жүйесі алдындағы  міндеттемелерді орындағаннан кейін  қаржы ресурстары еркін иемденеді. Қаржы жүйесінің бірлігінің қағидаты орталық қаржы органдары арқылы мемлекеттің жүргізіп отырған біріңғай мақсаттарымен айқындалып отырады. Қаржылардың барлық буындары басқару бірыңғай негізгі заңнамалық және нормативтік актілерге негізделеді. Қаржы жүйесінің бірлігі қаржы ресурстарының басты көздеріне ортақтастығында олардың қозғалысының өзара байланыстығында қажетті қаржылық көмек көрсету үшін қаражаттарды аймақтар. Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты экономиканы басқарудың барлық деңгейлерінде жасалатын қаржы жоспарлары мен байланыстардың өзара үйлесу жүйесінде өзінің нақтылы көрінісін табады.

      Қаржы жүйесінің жеке құрамды элементтерінің функциялық арналымының қағидасы қаржының әр буыны өз міндеттерін шешіп  отыратындығы көрінеді. Оған айрықша  қаржы аппараты сәйкес келеді. Мемлекеттік бюджеттің ресурстарын құрып, пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды республиканың қаржы министрлігі мен экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүзеге асырып отырады. Бюджеттен тыс қорлардың мақөсатты міндеттерін тиісті аппараттар анықтайды және шешеді немесе белгілі бір министрліктің және үкіметтің басқаруына беріледі.

      Қазіргі кезде қаржы жүйесі терең өзгерістерге ұшырап, қайта құрылды. Қаржы жүйесін  құрудың басты міндеті  оның Қазақстан  Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуын тұрақтандырып, одан әрі тездетуге ықпал  етуді күшейту, ұлттық табыстың үздіксіз өсуін қамтамасыз ету, өндірістің барлық буындарында шаруашылық коммерциялық есепті нығайту болып табылады.

     Нарықтық қатынастарға көшу барысында қаржы жүйесінің рөлі мен маңызы шұғыл артады. Қаржы- кредит нарықтық  механизмдердің неғұрлым тиімді жұмыс істейтін секторларының біріне айналуы тиіс. 

      Қаржы және ең алдымен бюджет жүйесі жалпы  ішкі өнімнің өсуіне және оның басты  бөлігі- ұлттық табысқа, макро- және микроэкономика кәсіпорындарының, фирмаларының және салаларының дамуына және халықтың көптеген жігінің хал – ахуалына айтарлықтай ықпал жасайды.

      Қоғамда істің жайы қаржы ахуалымен анықталады, сондықтан тұрақтану мен дамудың  бағдарламасы бірінші кезекте  экономиканың тиімділігін арттыру жөніндегі  жалпыэкономикалық шараларды іске асыруды қарастыруы тиіс.бұл шаралардың қатарында - өндірістік қатынастарды жетілдіру, экономиканы әлеуметтік қайта бағдарлау ұлттық шаруашылықтың құрылымын жаңғырту, ғылыми-техникалық прогресті тездету.

      Қаржы шараларының ішінде инвестицияларды  оңтайластыру, басқару аппаратын  ұстауға жұмсалатын шығындарды азайту шаруашылықты жүргізудің барлық деңгейінде үнемдей режимын қатңдандыру қажет: экономиканың төменгі деңгейінде залалдылықты болдырмау коммерциялық есепті дамыту қаржы жүйесінің барлық буындарында қаржылық өзара қарым-қатыснастарды индикативтік реттеу қажет. 
 
 

2.2. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызды ролі. 

      Қаржылық  байланыстардың орасан зор әр алуандылығына  жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге  түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші  субъектілерімен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекші саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолы мен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен өоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді. Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке еңи  алдымен жалпы қаржы категориясынан ажыратылатын өзгеше белгілер тән: бюджет қатынастарының бюелгілі бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды.

      Құнды бөліністің айрықша саласы ретінде  мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілермен  сипатталады:

      -мемлекеттен  жалпы қоғамдық өнімнің бір  бөлігін оқшауландырумен және  оны қоғамдық қажеттіліктерді  қанағаттандыруға пайдалануға байланысты  бөлгіштік қатынастардың айрықша  экономикалық нысаны болып табылады;

      -құнды  жасау және оны тұтыну процесін  шарттастыратын материалдық өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера қаржысына мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық щаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған.

      -қоғамдық  өнімнің оның тауар нысанындағы  қозғалысымен тікелей байланысты  емес құндық бөліністің стадиясын  білдіреді және белгілі үзілісте  жүзеге асырылады, ал қаржы  қатынастары материалдық өндірісте  де, өндірістік емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен тығыз байланыста болады.

      Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты өндірістік қатынастарыд білдіреді және оларға сәйкес келетін  нақты материалдық заттай түрінде  болады. Бюджет қатынастары  мемлекеттің  орталықтандырылған ақша қорында – бюджеттік қорында затталынады. Мұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық процестер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақшаның ағымында өзінің көрінісін табады. Бюджеттік қор бұл қроғамдық өнім мен ұлттық табыстың құндық бөліністің белгілі кезеңдерінен өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халыққа әлеуметтік мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының объективті шарттастырылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы мен пайдаланылуы құнды бөлу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс процесін білдіреді.

      Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде  жалпы қаржы сияқты бөлу және бақылау  функцияларын орындайды. Бұл функциялардың, ісқимылы, мазмұны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының  қаралған айырмашылығымен айқындалды. Бөлгіштік функцияның іс-әрекетінің өзіндік ерекшелігі сол қоғамдық өнімнің құны қоғамдық өндірістің салалары, ұлттық секторлары, аумақтар, салалар, жеке шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында бөлінеді. Мемлекеттік бюджет арқылы бүгін де Қазақстан Республикасында жалпы қоғамдық өнімнің шамамен 10 процент және жалпы ішкі өнімнің 20 проценті бөлінеді. Сонымен бірге мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде қосалқы функцияларды атап айтқанда ұлттық табыс пен жапы ішкі өнімді қайта бөлу, экономиканы мемлекеттік реттеу және ынталандыру, элеуметтік саясатты қаржымен қамтамассыз ету. Ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасау және пайдалануға бақылау жасау сияқты функцияларды орындайды. Бақылау функциясы бюджет қорларын бөлудің сандық үйлесімдерінде олардың қоғамдық өндіріс дамуының қажеттіліктеріне сай келетіндігінде, бөлудің ұнамсыз барысынан ауытқуын анықтау және оларды жою мүмкіндігінде көрінеді.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы қаржы құрылымы