Қазақстан Республикасындағы қаржы құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 18:36, курсовая работа

Описание работы

Берілген курстық жұмыстың тақырыбы – «Қазақстан Республикасындағы қаржы құрылымы» болып табылады. Бүгінгі таңда біздің мемлекетіміздің экономикалық жағдайы даму үстінде. Соңғы мәліметтерге сәйкес ТМД елдерінің ішінде Қазақстан экономикалық жағынан ең дамыған үш мемлекеттің құрамына кіреді. Бірақ әлі де экономиккалық-саяси жағдайда көптеген мәселелер зерттеуді қажет етіп отыр. Осыған байланысты экономика саласында қаржы жүйесі ерекше орынды алады.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3
I Қаржы және қаржы жүйесінің экономикалық мәні.
1.1. Қаржы ұғымы және оның мәні мен қажеттілігі.......................................5
1.2. Мемлекет қаржысының ұғымы және құрамы...................................... 12
1.3. Қаржы жүйесінің ұғымы............................................................................15
II Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесі.
2.1. Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінің құрамы................17
2.2 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызды ролі........................21
2.3. Қазақстан Республикасында қаржы жүйесін жетілдірудің жолдары...............................................................................................................25
Қорытынды..........................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................30

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасындағы қаржы құрылымы.doc

— 172.50 Кб (Скачать)

      Мемлекеттік бюджеттің сан қырлы маңызын  ескере отырып, оны тек экономикалық категория және мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры ретінде ғана емес, сонымен  бірге негізгі қаржы жоспары  әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеу механизмінің жиынтық ұғымы ретінде қарастыруға болады.

      Мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процестер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары – салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттің кредит, мемлекеттік қарыздар және т.б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге әдетте бір жылға жасалады, бюджеттің кірістерін, шығындарын орталықтандырылған қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі қаржы жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты бөлудегі орнын, қаржы жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай-ақ қоғамның ұдайы өндірістегі айрықша ролін айқындайды. Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып табылады. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері Республика Парламентінің жыл сайын қабылдайтын Республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.

      Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиыннтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің ролі осында көрінеді. Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау оны жасау мен бөлудің нысандарымен әдістерін реттеу. Бюджеттің атқару процесінде қаржы ресурстары қайта бөліну жолымен жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік бюджет орындалуы міндетті мемлекет заңдарының бірі болып табылады.

      Нарықтық  механизмге көшу жағдайында мемлекеттік  бюджеттің қаражаттары ең алдымен  экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік бағдарламаларды  қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлеуметті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуга және халықтың табысы аз жіктерін қолдау, срндай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерін әлеуметтік қорғау тиіс. Шығындар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады.

      Қаржылық  жоспарлау процесінде бюджет ұлттық шаруашылықтың салаларына және өндірістік емес саланың мекемелеріне  айтарлықтай  ықпал етеді. Мемлекеттің ақша қорын жасау және пайдаланудың негізгі қаржы жоспары бола отырып, бюджет барлық шаруашылық жүргізуші субъектілері мен және ұжымдарымен тығыз байланысқан. 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                                                                                                   12.3. Қазақстан Республикасында қаржы жүйесін

  жетілдірудің жолдары. 

      Қазақстан Республикасында қаржы жүйесін  жетілдірудің жолдарын қарастыратын болсақ, жалпы алғанда қаржы жүйесін  құрайтын жеке элементтердің орны мен ролі бірдей емес. Бастапқы элемент жүйесінің басқа элементтерінің арасында алдыңғы орында алады, өйткені жүйе элементтері мен буындардың өзара байланысындағы оның ролі айқындаушы болып табылады. Бұл бірінші кезекте мемлекеттік бюджеттен көрінетін мемлекеттің қаржысы.

      Мемлекеттің қаржысы қоғамдық өнімнің құнын  және ұлттық байлықтың бір бөлігін  бөлу және қайта бөлу туралы, мемлекет пен оның шаруашылық субъектілерінің  қарамағына қаржы ресурстарын қалыптастырумен  және мемлекеттің қаражаттарын олардың  жұмыс істеуімен байланысты шығындарға жұмсаумен байланысты ақша қатынастары. Мемлекеттің қаржысы өзіне мемлекеттік бюджеттен тыс қорларды, мемлекеттік кредитті кіріктіреді. Мемлекеттік бюджет экономиканы әлеуметтік-мәдени мұқтаждарды, қорғаныс пен мемлекеттік басқарудың мұқтаждарын қаржыландыруға арналған елдің орталықтандырылған қорын жасау мен және пайдаланумен байланысты ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу туралы мемлекеттің заңы және жеке тұлғаларымен пайда болатын ақша қатынастарымен көрінетін экономиккалық категория. Мемлекеттік бюджет орталық (Қазақстан Республикалық) және жергілікті бюджеттерді кіріктіреді.

      Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар – қорлардың ұйымдық дербестігі негізінде кешенді пайдаланылатын бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін тартылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдаланудың айрықшалықты нысаны. Қалыптасу көздері:

      -арнаулы  мақсатты салықтар, қарыздар;

      -бюджеттен  берілетін субсидиялар;

      -қосымша  табыстар мен үнемделген қаржы  ресурстары;

      -ерікті жарналар және қайырмалықтар;

      Қазақстандағы бюджеттен тыс қорлар толық көлемді ресурстарды мақсатты пайдалануды және аса маңызды әлеуметтік шараларды дер кезінде қаржыландыруды кепілдендіреді, олар қаржылық қиындықтар жағдайында мемлекеттік билік органдары иек артатын қаржы резерві ролін орындайды.

      Мемлекеттік кредит – мемлекеттік билік органдарының қарамаңғына уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдырумен байланысты мемлекеттің заңы және жеке тұлғаларын, соның ішінде шетелдіктер мен  және оларды мемлекеттің шығыстарын қаржыландыруға пайдаланумен байланысты пайда болатын кредит қатынастарының жиынтығы.

      Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесіндегі  өндірістік емес сала қаржысының орны мен ролі оның ұлттық табысты бөлу және пайдалану жөніндегі байланысымен айқындалады. Бұл саладағы қаржы қатынастары оның бастапқы құрылымдарында және олардың арасында қаржы жүйесінің басқа буындарының өзге экономикалық жүйелердің бағалардың, кредиттің және басқа да буындардың арасында пайда болады. Бұл қосалқы жүйедегі қаржы қатынастары түрлі мақсатты сипаттағы санаулы  ақша қорларын қалыптастыру одан әрі тұтыну мақсатында құнды қайта бөлудің жолдары бойынша жасалынған құнның қозғалысына қызмет көрсетеді.

      Қоғамдық  бірлестік – азаматтар мүдделерінің бірлігі негізінде біріккен олардың өз еркімен көңіл білдіруі нәтижесінде пайда болған ерікті құрылым.

      Қоғамдық  ұйымдар қаржысының экономикалық мазмұны  өзіне ақша қатынастарының мынадай  түрлері мен топтарын кіріктіреді:

      -түрлі  жарналар төлеу мен материалдық  көмек көрсету мен басқаларымен байланысты қоғамдық ұйымдар мен олардың мүшелері арасындағы ақша қатынастары;

      -қоғамдық  ұйымдардың қорларына аударылуы  мүмкін ерікті қайырмалдықпен  байланысты кәсіпорындармен және  мекемелермен қоғамдық ұйымдардың  ақша қатынастары;

      -мақсатты  ақша қорларын қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі қоғамдық ұйымдардың ақша қатынастары.

      -қоғамдық  ұйымдардың жоғарғы және төменгі  құрылымдары арасындағы ақша  қатынастары,

      -қоғамдық  ұйымдар мен оған бағынышты  өндірістік құрылымдар арасындағы  ақша қатынастары.

      Қазақстан мемлекеті халықтың қаржысы қаржы жүйесінің ерекше бөлігі болып табылады. Халық өзінің ақша қаражаттарымен жалпы мемлекеттік қаржы жүйесінің және меншіктің барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өндірістік және өндірістік емес салаларымен қарым-қатынас жасайды. Бұл сан алуан қатынастар халыққа еңбекақы төлеумен, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ақша қаражаттарын төлеумен, материалдық және материалдық емес игіліктерді алумен байланысты, басқа жағынан, халық өзінің ақшалай табысынан салық төлейді. өндірістік және өндірістік емес сфералардың мемлекеттік және басқа мекемелер мен ұйымдардың қызметін төлейді. Мұндай қатынсатар айырбасқа жататын сауда органдарында, рыноктарда халыққа қызмет көрсететін кәсіпорындар мен ұйымдарда ұсыну  тауарлары мен қызметтерді сатып алуға байланысты болатын ақша қатынастарын қоспағанда қаржы қатынастары болып табылады.     
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды. 

      Берілген  курстық жұмысты жазу барысында  жұмыс алдында қойылған мақсат пен  міндеттерді толық орындадық.

      «Қазақстан  Республикасындағы қаржы құрылымы» жұмысының жүйесін екі тарудан құрылды. Атап айтсақ, бірінші тарау қаржы және қаржы жүйесінің экономикалық мәніне арналып, онда қаржы ұғымының мәні мен негізгі қажеттіліктері баяндалып, мемлекеттің қаржы жүйесінің мәні қарастырылып өтті. Осыған сәйкес, қаржы - қоғамда нақты өмір сүретін объективті сипатымен айрықша қоғамдың арналымы бар қоғамдық өндірісті білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып, көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Қаржы жүйесін – мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы, физикалық және заңды тұлғалар арасындағы, заңды тұлғалар арасындағы, жеке мемлекеттер арасыдағы қаржы қатынастары құрайтындығы анықталды.

      Курстық жұмыстың екінші тарауы «Қазақстан Республикасындағы  қаржы жүйесі» деп аталып, онда Қазақстан Республикасындағы  қаржы  жүйесінің құрамы кең ауқымда  қарастырылып, мемлекеттік бюджеттің  экономикалық маңызды роліне шолу жасалды. Осыған сәйкес, бүгінде Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің құрамы мен қаржы қатынастарының мемлекеттік бюджет жүйесінің .арнаулы бюджеттен тыс қорлар: мемлекттік кредиттер , жергілікті қаржы,салаларынан тұратындығы айқындалды. Сонымен бірге қаржы қатынастарының алғашқы үш бөлігінің жалпымемлекеттік, яғни орталықтанған қаржыларға жататындығы және макродеңдейдегі экономика мен әлеуметтік қатынстарды  реттеу үшін пайдаланылатындығы анықталды.

      Сонымен бірге екінші тарауда Қазақстан  Республикасында қаржы жүйесін жетілдірудің жолдары кең ауқымда қарастырылды. Соның ішінде мемлекеттің қаржысының қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу туралы, мемлекет пен оның шаруашылық субъектілерінің қарамағына қаржы ресурстарын қалыптастырумен және мемлекеттің қаражаттарын олардың жұмыс істеуімен байланысты шығындарға жұмсаумен байланысты ақша қатынастары екендігі анықталды. Және мемлекеттің қаржысы өзіне мемлекеттік бюджеттен тыс қорларды, мемлекеттік кредитті кіріктіретіндігі қарастырылып өтті. Сонымен бірге берілген бөлімде Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесіндегі өндірістік емес сала қаржысының орны мен ролі талданып, оның ұлттық табысты бөлу және пайдалану жөніндегі байланысымен айқындалатындығы көрінді. Бұл саладағы қаржы қатынастарының оның бастапқы құрылымдарында және олардың арасында қаржы жүйесінің басқа буындарының өзге экономикалық жүйелердің бағалардың, кредиттің және басқа да буындардың арасында пайда болатындығы қарастырылып өтті. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі: 

      1. Әкімбеков С., Баймұхаметов А.С., Жанайдаров У.А. Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана, 2002.

      2. Әмірқанов Р.Ә.Тұрғылова А.Қ. Қаржы менеджменті. Оқу  құралы – Алматы 1999ж.

      3. Борисов Е.Ф. Экономическая теория. Учебник. – М, Юрист, 2000.

      4. Ильясов К.К,  Исахова П.Б. Расходы  государственного  бюджета.Учебное пособие – Алматы : Экономика, 2003.

      5. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев.С.      Қаржы.  Оқу  құралы – Алматы 2005ж.

      6. Курс экономической теории. Учебное пособие. / Под общ. ред.  7. Чепурина М.Н., Киселевой Е.К. – Киров, 1998.

      8. Құлпыбаев С. Қаржы  теориясы. Оқу құралы. – Алматы 2001ж.

теория. – Алматы, 2002.

      9.Мамыров Н. Макроэкономика. – Алматы, 2000.

      10. Мәуленова С.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ. Экономикалық теория: Оқу құралы. – Алматы, Экономика, 2003.

      11. Назарбаев Н. Қазақстан Республикасының даму стратегиясы 2030. – Алматы, 1997.

      12. Шеденов Ө.К., Жүнісов Б.А., Байжомартов У.С. Жалпы экономикалық

      13. Қ.Р. Бюджет кодексі. Егемен  Қазақстан, 6 мамыр 2004ж.

      14. Экономика: Учебник / Под.Ред. Булатова А.С. – М., Изд-во БЕК, 1997.

      15. Экономическая теория в вопросах и ответах. Учебное пособие для студ. вуза. / Отв.ред. Белоусов В.М. – Роств-на-Дону, Феникс, 1998.

      16. Экономикалық теория негіздері. / Осипова Г.М. – Алматы, Каз.ГЭУ, 2002.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы қаржы құрылымы