Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2011 в 21:45, курсовая работа

Описание работы

Әрбір мемлекетте халықты әлеументтік қамсыздандыру бағдарламалары бар. Олар әр түрлі институттарда қолданады, әр түрлі инстументтер, тәсілдер мен әдістерді пайдаланады. Осы жұмыста Қазақстандағы зейнетақы жүйесіне тоқталып, қаржы секторындағы көрсеткіштер есебіндегі мәліметтер бойынша, Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы қорларына жинақталған зейнетақы көлемі реттеу мен қадағалау, зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің шетелдік тәжірибелерін, таза зейнетақы активтеріндегі өзгертулер туралы есебі мен бухгалтерлік балансын және де болашақта зейнетақы жүйесін жаңғырту тетіктері мен басымдылықтарына тоқаталып, оларды саларау. Бұлардың барлығы бұл жұмыстың негізгі мақсаты.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................................3
1. Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі.........................4
1.1 26-ҚХЕС Зейнетақы жоспарлары бойынша есеп және есептіліктің халықаралық стандарттары....................................................................................6
1.2 Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің шетелдік тәжірибелері.......12
2. Жинақтаушы зейнетақы қорларына аударым................................................18
2.1 Еңбек ақыдан ұсталынатын міндетті төлемдер есебі............................19
2.2 Таза зейнетақы активтеріндегі өзгертулер туралы есеп және МЖЗҚ
«Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ 2010 жылға 1 қазандағы жағдайы бойынша бухгалтерлік балансы...........................................................................20
2.3 Зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жаңғыртудың теориялық
аспектілері және жүйе қызметіндегі инвестициялық процесті
ұйымдастыру......................................................................................................23

Қорытынды.............................................................................................................29
Қолданылған әдебиеттер............................................................................

Работа содержит 1 файл

aidana kurs.doc

— 297.50 Кб (Скачать)

        Белгіленген төлемдері бар зейнетақы  жоспары қаржы жағдайын бағалау,  актуарийлік рұқсат етуді тексеру және болашақ жарналар деңгейіне қатысты ұсынымдар алу үшін кезеңімен актуарийдің кеңесінде мұқтаж.

Белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары  бойынша есептілік мыналарды  қамтиды:

      а) мыналарды:

      1) зейнетақы төлеу үшін қолда  бар зейнетақы жоспарының таза активтерді;

      2) кепілдік берілген және кепілдік  берілмеген зейнетақыға бөле  отырып тиесілі зейнетақы төлемдерінің  актуарийлік келтірілген құнын;  және 

      3) қорытынды асып түсуі немесе  тапшылықты көрсететін есепті;

      немесе

      б) мынадай ақпаратты қамтитын зейнетақы төлемдерін төлеуге қолда бар зейнетақы жоспарларының таза активтері туралы есепті:

    • кепілдік берілген және кепілдік берілмеген зейнетақыға бөле отырып тиесілі зейнетақы төлемдерінің актуарийлік келтірілген құнын ашатын ескерту; немесе
    • қоса беріліп отырған актуарийлік есептегі осы ақпаратқа сілтеме.

Белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарына  сәйкес тиесілі зейнетақы төлемдері  жоспардың қаржы жағдайына және салымшылардың болашақта осы  жоспарға төлемдерді жүзеге асыру қабілеттілігіне, сондай-ақ инвестициялық қызмет нәтижелеріне және жоспар жұмысының нәтижелеріне байланысты.

        Белгіленген төлемдері бар зейнетақы  жоспарының мақсаты белгілі кезеңге  мынадай ақпаратты беруден тұрады:

  • кезеңдегі елеулі қызметті және кез келген өзгерістердің ықпалын сипаттау,
  • жоспарға, оған мүшелікке, мерзімі мен шарттарына қатысты,
  • кезеңге инвестициялық қызмет операциялары және нәтижелері туралы, сондай-ақ кезең соңындағы жағдай бойынша жоспардың қаржы жағдайы туралы ақпарат беретін бөлімдер; және
  • не есеп бөлімі, не бөлек есеп түрінде берілген актуарийлік ақпарат;
  • инвестициялық саясатты сипаттау.

Тиесілі зейнетақы төлемдерінің актуарийлік келтірілген  құны. Оның қатысушыларының зейнетке шыққан сәтіне дейінгі зейнетақы жоспары бойынша болжалды төлеулердің келтірілген құны есептілікте жалақының ағымдағы деңгейі, не жоспарға қатысушылардың зейнетке шыққанға дейін жалақысының болжалды деңгейінің негізінде есептелуі және берілуі мүмкін.

        Жалақының ағымдағы деңгейі бойынша тәсілдеме қабылдау үшін негіздеме:

      1) қазіргі сәтте әрбір жоспарға қатысушының үлесіне тиетін шама сомасы болып табылатын тиесілі зейнетақы төлемдерінің актуарийлі келтірілген құны аз жол берулерді қамтығандықтан, жалақының жоспарланған деңгейі бойыншаға қарағанда неғұрлым әділ есептелуі мүмкін;

      2) жалақының көбеюімен байланысты зейнетақының көбеюі жалақының көбею сәтінде зейнетақы жоспарының міндеттемелері болып табылады; және

      3) жалақының ағымдағы деңгейлерін  пайдаланатын тиесілі зейнетақы  төлемдерінің актуарийлі келтірілген  құнының сомасы, негізінен жоспар тоқтаған немесе жойылған жағдайда төлеуге жататын сомамен неғұрлым тығыз байланысты.

        Жалақының болжамды  деңгейі бойынша  тәсілдеме қабылдау  үшін негіздемелер:

      1) қаржылық ақпарат жасалуы тиіс  жол берулер мен есептерге  қарамастан, компания қызметінің  үздіксіздігі негізінде әзірленуі тиіс;

      2) соңғы жалақының принципін пайдаланатын  жоспарлар үшін зейнетақы мөлшері  зейнетке жұмыстан кету сәтіндегі  немесе жұмыстан кету алдындағы  кейбір кезең ішіндегі жалақыға  қатысты анықталады; сондықтан жалақы  мөлшері, салымдар деңгейі және табыстылық ставкалары жоспарлануы тиіс; және

      3) қорландырудың көп бөлігі жалақы  бойынша жоспарларға негізделгендіктен  жалақы бойынша жоспарларды біріктіру  қабілетсіздігі жоспарда артылып  қалу болмаса да есептілікте  қорланудың артылуы сияқты көрініске немесе жоспар қорлану жетімсіздігік танытса да есептілік қорланудың жеткілікті деңгейін көрсететін болады.

  • Ағымдағы жалақыға негізделген тиесілі зейнетақы төлемдерінің актуарийлік келтірілген құны есептілік жасау күніндегі жағдай бойынша еңбекпен табылған зейнетақы бойынша міндеттемелерді көрсету мақсатында зейнетақы жоспары бойынша есептілікте ашылады.
  • Болжамды жалақыға негізделген тиесілі зейнетақы төлемдерінің актуарийлік келтірілген құны қызметтің үздіксіздігі принципі негізінде ықтимал (болашақ) міндеттемені көрсету мақсатында ашылады, олар, әдетте, зейнетақы қорына ауадрулардың негізі болып табылады. Тиесілі зейнетақының актуарийлік келтірілген құнын ашудан басқа, осы құн қабылдануы тиіс контексті нақты көрсету үшін ашық түсіндірме талап етілуі мүмкін. Мұндай түсіндірменің зейнетақы қорына жоспарланып отырған болашақ аударулардың жеткіліктілігі туралы және жалақы мөлшерінің болжамдарында негізделген қорды қаржыландыру саясаты туралы ақпараттар нысаны болуы мүмкін. Мұның барлығы қаржылық ақпаратқа немесе актуарий есебіне қосылуы мүмкін.
 

      Мысалы, тиесілі зейнетақының келтірілген  құнын анықтау кезінде актуарий 2004 жылы өзінің есептерінде мынадай  жол берулерді пайдаланды

                                              2005 жыл     2006 жыл     2007 ж

Міндеттемелерді дисконттау ставкасы       7.0% 8.5% 7.0%
Жалақы  мөлшерін көбейту ставкасы       5.0% 5.5% 5.0%
Зейнетақы жоспары активтерінің күтілетін  ұзақ мерзімді табыстылығы       8.5% 8.5% 8.5%
 
 

Есептілік мазмұны

  Белгіленген төлемдері бар зейнетақы  жоспарлары бойынша есептілік  ақпаратты мынадай форматтардың бірінде көрсетуі тиіс:

      1) зейнетақы төлеу үшін қолда  бар зейнетақы жоспарының таза  активтері, тиесілі зейнетақы  төлемдерінің актуарийлік келтірілген  құны және қорытынды асып түсу  немесе тапшылық. Зейнетақы жоспары  бойынша есептілік зейнетақы  төлеу үшін қолда бар зейнетақы жоспарының таза активтеріндегі өзгерістер және тиесілі зейнетақы төлемдерінің актуарийлік келтірілген құнындағы өзгерістер туралы ақпаратты да қамтиды. Есептілік тиесілі зейнетақы төлемдерінің актуарийлік келтірілген құнын растайтын актуарийдің жеке есебін өзіне қамтуы мүмкін;

      2) зейнетақы жоспарының таза активтері  туралы және ондағы өзгерістер  туралы ақпаратты өзіне қамтитын  есептілік. Тиесілі зейнетақылардың  актуарийлі келтірілген құны  есептілікке ескертуде ашылады.  Есептілік тиесілі зейнетақы төлемдерінің актуарийлі келтірілген құнын растайтын актуарий есебін өзіне қамтуы мүмкін;

      және

      3) актуарийдің жеке есебінде қамтылған  тиесілі зейнетақы төлемдерінің  актуарийлі келтірілген құнымен  бірге зейнетақы төлеу үшін  қолда бар зейнетақы жоспарының таза активтері туралы және ондағы өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын есептілік. 

    1. Зейнетақымен  қамсыздандыру жүйесінің  шетелдік тәжірибелері.
 

Зейнетақымен  қамсыздандырудың қазақстандық моделі ашық және түсінікті болуы үшін, оны басқа елдердегі жүйелермен салыстыру қажет, себебі әр мемлекет, оның зейнетақы жүйесі бірегей болып табылады.

  Зейнетақымен қамсыздандырудың  деңгейі мен сапасы – бұл  ел халқының экономикалық және  әлеументтік жағдайының маңызды  құрамдас бөлігі болып табылады. әр мемлекет өзінде қалыптасқан экономикалық, саяси, моральдық, діни сенімдік және тағы басқа да қоғамның даму ерекшеліктеріне байланысты өз азаматтарын әлеументтік қорғаудың өзіндік жолдары мен тәсілдерін таңдайды. Мұндай тәсілдер мен әдістер әр түрлі себептерге байланысты әр мемлекетте өзгеше болғанымен, бірақ жалпы бір мақсатты көздейді - өз азаматтарын барынша әәлеументтік қорғау мен өмір сүру деңгейінің лайықты болыун қамтамасыз ету.

Дамыған мемлекеттердің көбінеде әлеументтік және зейнентақмен қамсыздандырудың негізгі үш қайнар көзі бар: 

  1. Мемлекеттік зейнетақы жүйесі (әлеументтік сақтандыру шеңберінде);
  2. Зейнетақы қорлары;
  3. Сақтандыру компаниялары және басқа да қаржы ұйымдары.

    Қазіргі уақытта зейнетақымен қамсыздандыру  жүйелерін реформалау тек жамушы елдерге ғана емес, тіпті жоғарғы дамыған елдерге де қажет. өндірісі дамыған елдерде зейнетақмен қамтамасыздандырудағы мемлекеттік шығын айтарлықтай үлкен қаржыны қажет етеді, мемлекеттік бағдарламалар жалақы деңгейіне байланысты әлеументтік сақтандыруға бөлінетін ішкі өнімнің жалпы төлемінен қаржыландырылады. Яғни: 

    Зейнетақы төдеміне бөлінетін  ЖІӨ үлесі, 2007 жыл   1 кесте

Елдер   ЖІӨ үлесі,%
1. Австралия 15,0
2. Бельгия 9,7
3. Дания 8,1
4. Италия 15,8
5. Жаңа  Зеландия 6,7
6. Испания 7,9
7. Ұлыбритания 10,3
8. АҚШ 5,8
9. Жапония 5,0
 

    Дамыған елдердегі зейнетақы төлеміне бөлінетін қаржының мөлшерін орта есеппен алғанда жалпы ішкі өнім үлесі 10 пайызын құрайды.

       Қазіргі таңда жинақтаушы зейнетақы жүйесіне негізделген реформалар Латвияда, Польшада, Венгрияда, Ресейде (ерікті түрі), Испанияда және Латын Америкасының 16 мемлекеттінде бірі және мінездемелі болғандықтан Латын Америкасының тәжірибесіне кеңінен тоқталайық.

     Латын Америкасының ескі зейнетақы  жүйеелерінің мынадый  ортақ сипаттамалары  болған:

    • Зейнетақы бағдарламалары тарату режимінде қызмет етеді;
    • Жүйелердің принципті әмбебаптығына қарамастан, зейнетақы бағдарламалары географиялық орналасуы мен халықтың деңгейіне байланысты бірдей болмады;
    • 80 ж. экономикалық дағдарыс нәтижесінде жұмыссыздық пен ресми емес еңбек нарығының өсуі;
    • Активі және пассиві еңбек етішілердің қатынасының күрт азаюы;
    • Салық түсімдері азайып, үкіметтің әлеументтік міндеттемелері көбейді;

Осы және басқа да факторлардың нәтижесінде  Латын Америкасының көп елдерінде  әлеументтік жүйе мен зейнетақы  жүйесінде дефицит өсті. Латын Америка елдеріндегі зейнетақы қорларының жалпы капиталы 134 млрд. АҚШЩ долларынқұрайды. Негізгі үлесі Бразия мен Чилиге келеді: 

Бразилия  – 60,29%  Чили – 23,26%

Латын Америкасы елдеріндегі зейнетақы жүйесінің негізгі көрсеткіштері

  2 кесте

Көрсеткіштері Чили  Перу  Колумбия  Аргенти-

на

Боли-

вия

Мексика Сальва-

дор

Зейнетақы қорларының саны 9 5 8 15 2 14 5
Салымшылардың саны (млн.адам) 5,97 1,98 2,91 7,07 0,47 13,83 0,57
Қорлардың жалпы капиталы, млрд. USD 31,14 1,74 2,11 11,53 0,33 5,80 0,57
Қорлар  рентабельділігі(%) ЖҰӨ (%) 11,3

40

5,14

5,52

-

1,61

121,30

3,5

-

0,01

5,62

1,53

-

-

Қызмет  еті мерзімі (жыл) 22 10 9 9 6 6 5

Информация о работе Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі