Қазақстан Республикасының жоғарғы мектебіндегі инновациялық процестері: теориясы мен практикасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 08:13, диссертация

Описание работы

Елдегі экономикалық қайта құрулар белгілі бір баламасыз, сызықты дами алмайды. Қазіргі жағдайда Қазақстанның инновациялық даму жолына түсуі міндетті түрде инновацияларға, адам капиталына инвестицияларға және өндірістің тиімділігіне сүйенуі қажет, онсыз динамикалық даму болмайды.
Қазір өткен жылдардағы дамудың шикізатты – экспорттық нұсқасына бағытталуы күннен – күнге тиімсіз болып барады. Қазіргі жағдайда тек нарықта сұранысқа ие болатын жоғарғы қосымша құнды өнімдер шығаратын, технологиялары жетік инновацияға бағытталған корпорациялар ғана әлемдік экономиканың интернационализациясы беретін мүмкіндіктерден артықшылықтарға ие болады.

Работа содержит 1 файл

Баян2.doc

— 271.00 Кб (Скачать)


 

 

 

 

ӘОЖ 330.341.1:378(574):330.1                                               Қолжазба құқығында

 

 

 

 

 

 

 

КУНАФИНА ГҮЛЖАН ТОХТАРҒАЗЫҚЫЗЫ

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының жоғарғы мектебіндегі инновациялық процестері: теориясы мен практикасы

 

 

 

 

 

08.00.01 - Экономикалық теория

 

 

Экономика ғылымдарының кандидаты

дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

 

 

АВТОРЕФЕРАТЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2009

Жұмыс Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде орындалған

 

Ғылыми жетекшісі:                                                        экономика ғылымдарының докторы,

А.Б. Темірбекова

 

Ресми оппоненттер:                                                        экономика ғылымдарының докторы,

                                                                                                  Н.А.Урузбаева

 

экономика ғылымдарының кандидаты,

Р.Т. Дуламбаева

 

 

 

Жетекші ұйым:                                                                      «Туран» университеті

 

 

 

 

 

Қорғау 2010 жылдың « 5 » ақпан күні сағат 16.00-де Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетіндегі экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін іздену жөніндегі Д 14.02.01 Диссертациялық кеңесінің мәжілісінде өткізіледі, мекен-жайы: 050035, Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 55, 144 бөлме.

 

 

 

 

 

Диссертациямен Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің кітапханасында танысуға болады.

 

 

 

 

Автореферат  «___» желтоқсанда 2009 жылы таратылды

 

 

 

 

 

Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы,

экономика ғылымдарының докторы                             Г.И. Маянлаева

КІРІСПЕ

 

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Елдегі экономикалық қайта құрулар белгілі бір баламасыз, сызықты дами алмайды. Қазіргі жағдайда Қазақстанның инновациялық даму жолына түсуі міндетті түрде инновацияларға, адам капиталына инвестицияларға және өндірістің тиімділігіне сүйенуі қажет, онсыз динамикалық даму болмайды.

Қазір өткен жылдардағы дамудың шикізатты – экспорттық нұсқасына бағытталуы күннен – күнге тиімсіз болып барады. Қазіргі жағдайда тек нарықта сұранысқа ие болатын жоғарғы қосымша құнды өнімдер шығаратын, технологиялары жетік инновацияға бағытталған корпорациялар ғана әлемдік экономиканың интернационализациясы беретін мүмкіндіктерден артықшылықтарға ие болады. Бұл саясат Қазақстанның ғылым мен технологияда әлемдік инновациялық көшбасшыларының қатарында болуына жетелейді.

Қазақстанның егемендігін алғаннан бері өткен уақыты ұзақтығы бойынша нарықтық қайта құрулардың тиімділігін тек әлеуметтік– экономикалық тұрғыдан ғана емес, салалық макро және микро деңгейлерде талдауға жеткілікті. Осы жерде білім жүйесіне көп көңіл аудару қажет, себебі оның жағдайы ұлттық экономиканың барлық салалардағы инновациялық процесстерді жүзеге асыруда анықтаушы фактор болып табылады.

Жоғарғы технологиялық және ғылыми сыйымдылығы жоғары өндірістерді құру мен дамыту материалдық және материалдық емес өндіріс салаларын дамытуға жол ашады.

Бұл жерде білім беру жүйесінің рөлі күшейе түседі. Бірақ, қазіргі жағдайда білім беру сферасында көптеген мәселелер өз шешімін таппай отыр. Осыған байланысты қарастырылатын диссертация тақырыбы өте өзекті және ғылыми – тәжірибелік мәні бар болып табылады. Нарықты экономика ғаламдық процестерді ескеретін білім жүйесінің модернизациясын және жоғары сапа дәрежесіндегі мамандарды қажет етеді.

Тақырыптың зерттелу дәрежесі. ХХІ ғасырдағы Қазақстанның инновациялық дамуының жарияланған принциптері шетелдік инновациялық қызметтің даму тәжірибесін тереңірек қарастыруды және елде инновациялық механизмдердің жаңа әдістерін енгізу қажеттілігін қарастырады. Бұл әсіресе жоғары білім беру жүйесіне қатысты.

Инновациялық процестердің даму аспектілері шетелдік көптеген ғалымдардың зерттеулерінде көрініс тапқан, солардың ішінде келесі ғалымдарды атап өтуге болады: Р. Акофф, Б. Артур, Г. Беккер, В. Беренс, Р.Драккер, Д. Кларк, Р. Нельсон, Б. Санто, Г. Сильверберг, А. Тоффлер, Д. Фридман, Т. Шульц және т.б. Олар инновация теориясының, инновациялық процестердің дамуының, олардың жекелеген елдердегі халық шаруашылығында және кәсіпорындарда алатын орындарының базалық концептуалды жағдайларын негіздеді. Инновацияның қоғамдық өндіріс тиімділігіне тигізер әсерін сараптау және зияткерлік еңбек процестері Л.И.Абалкинның, Э. М. Аганбегянның,  Л. С. Бляхманның, С. В. Валдайцевтың, Т. И. Волкованың, А. Г. Глинчикованың, В. С. Гойлоның, П. Н. Завлинның, Н. Н. Карпованың, А. Н. Козыревтың, Д. И. Кокуринның, Ю. П. Коновтың, В. Ю. Крамаренконың, Н. В. Лынниктың, Б. С. Розовтың, В. М. Файгельсонның, А. Г. Фонотовтың, А. Ю. Юдановтың еңбектерінде талқыланған. Инновациялық теорияның негіздері мен сонымен тығыз байланысты зияткерлік меншік қатынастыры қалыптасқанына қарамастан, көптеген жағдайлар нақтылауды, зерттеуді әрі қарай жалғастыруды және дамытуды қажет етеді.

Қазақстанда жаңалықты енгізу мәселелерімен және оларды жоғары білім  беру жүйесіне енгізумен Ә.Ә.Әбішев, О.Б.Баймұратов., Б.А.Кембаев, А.К.Қошанов, А.Г.Кравцов, Ю.В.Комлев, Ф.М.Днішев, Қ.О.Оқаев, Ұ.М.Ысқақов, Е.М.Арынов, С.Б.Абдыгаппарова, Г.М. Мұтанов, Ю.В. Баталов айналысады. Олар ғылымның инновациялық дамуының жалпы басымдылықтары мен инновациялық жаңалықтарды енгізуді ұсынған.

Соған қарамастан сол жаңалықтарды енгізудің нақты принциптері зерттеулерде жеткілікті мөлшерде көрініс таппаған. Қазақстанның білім беру жүйесін реформалау мәселелері, жоғары мектептегі білім беруді инновациялау кең талқыланбаған, оның инновациялық әлеуеті дұрыс бағаланбаған.

Жоғары білім беру жүйесінде  инновациямен қамтамасыз ету мәселелеріне ғалымдардың назар аударуына қарамастан, солардың көбі өз шешімін таппаған, бұл диссертациялық жұмыстың мақсаты мен міндеттерін айқындап берді.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.

Зерттеудің мақсаты болып жоғары мектепті инновациялық қамтамасыз етуді кешенді түрде зерттеу мен баға беру, соның негізінде Қазақстан Республикасында қалыптасып отырған әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескере отырып, салалардағы инновациялық саясатты жетілдіру, ғылыми-тәжірибелік кеңестерді қарастыру.

Зерттеудің мақсатынан туындайтын негізгі міндеттер:

− ғалым экономистердің «инновация» категориясына көзқарасын сын жүзінде қарау, оның негізін, көрініс формасын, жоғары білім беру жүйесіндегі алар орны мен рөлін талдау;

− жоғарғы мектептегі инновация көрсеткіштері классификациясын жасап, ұсыну;

− Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде қолданылатын инновациялық технологияларға баға беру;

− халықаралық инновациялық жоғары білім беру мекемелерінің тәжірибесін Қазақстанның пайдалану аясында талдау жүргізу;

− жоғары мектептегі инноватика формалары мен әдістерін жетілдіру бойынша кеңестер беру.

Зерттеу объектісі Қазақстан Республикасының жоғары мектебі болып табылады.

Зерттеу пәніне арқау болған ҚР жоғары мектепті инновациялық қамтамасыз етудің экономикалық қатынастарының жиынтығы болып табылды.

Жұмыстың әдістемелік, теориялық және ақпараттық негіздері. Диссертациялық жұмыста шетелдік және қазақстандық жетекші экономистердің нарықтық экономика заңдылықтарын, мемлекеттің экономикалық саясатының инновациялық аспектілерін, әлемдік экономиканы жаһандандыру жағдайында жоғары мектепті инновациялық қамтамасыз ету мәселелерін ашатын еңбектері кеңінен қолданылды. Әдістемелік негіз ретінде ҚР Заңдары, ҚР Президентінің Жарлықтары, ҚР Үкіметінің Жарғылары, инновациялық реттеу мәселелері бойынша ресми бағдарламалық құжаттар пайдаланылды.

Зерттеудің ақпараттық базасы ретінде ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері, Білім және ғылым Министрлігінің, Ұлттық ғылым Академиясының қолданыстағы материалдары, мерзімдік баспа құралдары қолданылды. Диссертациялық жұмысты жазу кезінде экономикалық-статистикалық, салыстырмалы талдау, сараптамалық бағалау әдістері қолданылды.

Зерттеудің нәтижелерінің ғылыми жаңалығы Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің дамудың инновациялық жолға өтуін ынталандыру тұрғысындағы теориялық және тәжірибелік кеңестерді жасаудағы өзекті мәселелерді шешу болып табылады. Ғылыми жаңашылдығы бар, атауға тұрарлық нәтижелерге мыналар жатады:

- «инновация» категорясының мазмұнына теориялық қадам жасау тереңдетілген, оның атап өтерлік ерекшелігі адам капиталына бағдарлануы, зерттелетін категориялар бойынша авторлық тұжырым беріледі;

- жоғарғы мектептегі инновациялардың ерекшеліктері анықталды, жоғары мектепте детерминатын тапқан тізбектілігінде инновациялық міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін, инновация көрсеткіштері классификациясының ғылыми негіздері жасалды;

-Республикадағы қалыптасып жатқан оқу-ғылыми инновациялық өндірістік кешендердің жүйелік қасиеттер мен белгілеріне (эмердженттілік, декомпозиция, құрылымдылық және т.б) сай келмеуіне байланысты инновациялық білім беру қызметі нарығының детерминирленген жүйе ретінде қалыптасуының ертелігінің негізделуі;

- оқытушы еңбегінің маңыздылығын арттыру бойынша, мемлекеттік мықты білім беру жүйесін қалыптастырудың алғы шарты болып табылатын жоғары білім беру мекемелері кадрларын мақсатты түрде даярлауда, республиканың бәсекеге қабілеттілігін күшейту бойынша кеңестер беріледі;

- ҚР жоғары мектебіндегі оқу процесінде инновациямен қамтамасыз етудің шет елдік, атап айтқанда шведтік – Жоғары мектепті  қолдану бойынша ғылыми-тәжірибелік орталықтандырылмаған басқару мен қаржыландыру саласындағы, канадтық – ойлап табудағы еңбекті ынталандыру саласындағы тәжірибелерін қолдану бойынша ғылыми-тәжірибелік кеңестер құрастырылды.

Қорғауға шығарылатын жағдайлар. Қорғауға инновация, инновациялық жүйенің макро-, мезо-, микродеңгейлердегі қызмет атқаруының тиімділігінің жиынтығы болып табылатын қолданбалы ғылыми зерттеулер және оның стратегиясын қалыптастырудағы теориялық жағдайлардың кеңестері шығарылады.

Қорғайтын негізгі жағдайлар:

- «инноватика» категориясы мен оның жоғарғы мектептегі көрсеткіштеріне авторлық түсінік беру;

-«инновациялық қызмет» және «инновациялық процесс» категорияларының өзарабайланысы, сонымен қатар, «инновация» және «бәсекеге қабілеттілік» категорияларының жұптылығы;

- оқу процесінде инновациялық технологияларды таңдау мен қолдану принциптері, оқудың белсенді және интербелсенді әдістері мен тәсілдерін қолдану арқылы сабақ өткізу формаларын негіздеу;

- ҚР білім беру жүйесінің реформа кезіндегі дамуын бағалау;

- білім, ғылым, өндіріс интеграциясын күшейту, шетелдік тәжірибені қолданып жоғарғы оқу орындарының инновациялық университетке трансформациялануының ғылыми-тәжірибелік ұсыныстары;

- шаруашылық жүргізуші субъектілердің инновациялық іс-әрекетіне мемлекеттік мониторинг жүргізудің рөлін арттыруға бағытталған шаралар кешені.

Диссертациялық жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңызы зерттеу барысында жасалған негізгі қорытындылар мен ұсыныстар жоғары білім беру жүйесін әрі қарай жетілдіруде қолданылуына, ҚР жоғары білім беру мекемелеріндегі ғылыми-оқу процесіне енгізіле алады, сондай-ақ, ел экономикасындағы инновациялық процестер саласындағы, атап айтқанда, жоғары мектептегі мемлекеттік саясатты жетілдіру мақсатында қолданыла алады. Жұмыстың материалдарын экономикалық теория,  басқару теориясы мен инновациялық менеджмент курстарын оқытқанда пайдалануға болады.

Жұмысты сынақтан өткізу. Нәтижелері мен негізгі кеңестер мыналарда баяндалды: халықаралық: «Инновациялық экономика үшін мамандар даярлаудағы жоғары білім беру мекемелерінің алар орны. Білім беру, ғылым мен өндірісті интеграциялау» ғылыми-тәжірибелік конференциясында (Өскемен қ. Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ, 19-20 мамыр 2006ж.);

«Қазіргі заманғы ғылымның өзекті мәселелері» ( г. Przemysl, Польша, 13-31маусым 2008 ж) халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында; Д.Серікбаев ат. Жоғары білім беру мекемесінің 50 жылдығына арналған, 2008ж қазан айында  Өскемен қ. ШҚМТУ өткен, «Инновациялық экономика қалыптастырудағы университеттердің рөлі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында.

Зерттеу нәтиежелері  Т.Рысқұлов атындағы КазЭУ Жаршысында ғылыми баяндамалар түрінде жарияланды (№ 5. 2007., № 6. 2008 ж.,№1. 2009 ж), Н. А.Макаренко басшылығымен «Қазақстандағы нарықтық қатынастардың теориясы мен тәжірибесі»  ұжымдық монография (тіркеу нөмірі- 0101 РК 00665), 2007ж. Өскемен қ. 8 Тарау. .§§1-3 көлемі 1,4 б.т.

Диссертациялық зерттеу нәтижелері Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің «Экономикалық теория», «Экономиканы мемлекеттік реттеу» курстарының оқу процесіне енгізу арқылы және «Алтай» ЖШС АҒТП-нің тәжірибелік қызметіне енгізу арқылы апробацияланды.

Басылымдар. Диссертация тақырыбы бойынша жалпы көлемі 3,5 б.т. 7 жұмыс жарық көрді.

Диссертацияның құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертацияда 7 кесте мен 10 сурет келтірілген.

Информация о работе Қазақстан Республикасының жоғарғы мектебіндегі инновациялық процестері: теориясы мен практикасы