Қазақстан Республикасының жоғарғы мектебіндегі инновациялық процестері: теориясы мен практикасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 08:13, диссертация

Описание работы

Елдегі экономикалық қайта құрулар белгілі бір баламасыз, сызықты дами алмайды. Қазіргі жағдайда Қазақстанның инновациялық даму жолына түсуі міндетті түрде инновацияларға, адам капиталына инвестицияларға және өндірістің тиімділігіне сүйенуі қажет, онсыз динамикалық даму болмайды.
Қазір өткен жылдардағы дамудың шикізатты – экспорттық нұсқасына бағытталуы күннен – күнге тиімсіз болып барады. Қазіргі жағдайда тек нарықта сұранысқа ие болатын жоғарғы қосымша құнды өнімдер шығаратын, технологиялары жетік инновацияға бағытталған корпорациялар ғана әлемдік экономиканың интернационализациясы беретін мүмкіндіктерден артықшылықтарға ие болады.

Работа содержит 1 файл

Баян2.doc

— 271.00 Кб (Скачать)

 

Экономикалық әдебиеттерде талқыланатын дискуссиялық сұрақтардың біріне – жоғарғы мектепті инновациялық жүйе ретінде түсіндірілуі жатады. Бұл тұрғыда келесі сұрақтарды қою орынды болады: материалдық және материалдық емес өндіріс сфераларында не өзгерді? Оның фундаменталды құрауыштары, бірінші кезекте білім беру (бастауыш, орта, жоғары) жалпы интеграцияланған сипат, таралған құрылым мен түрлі ішкі және сыртқы байланыстары бар күрделі жүйе формасын алды ма? Ассоциациялық негізде оқу, ғылыми, конструкторлық, өндірістік, қаржылық және басқа құрылымдар қалыптасты ма?

Қазақстанда инновациялық білім және инновациялық инфрақұрылым сәтті дамуда, жоғары оқу орындарында корпоративті мәдениет және бәсекелестік орта қалыптасуда, бизнес инкубаторлар мен студенттік инженерлік зертханалар құрылып жұмыс жасауда деп бекіту- уақыттан озғандық. Бір жағынан, абайлап оптимизммен бұл процестің қалыптасуына алғышарттар бар екендігін айтуға болады.

Қазақстан Республикасындағы жоғары білім беруді реформалау мен дамытуды келесі кезеңдерге бөлуге болады:

Бірінші – 1991-1994 жылдар – отандық жоғары білім берудің заңнамалық және нормативтік базасын әзірлеу және қалыптастыру;

Екінші – 1995-1998 жылдар – мазмұнды жетілдіру және жаңалау;

Үшінші – 1999-2000 жылдар – Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңын, «Білім беру» мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу және қабылдау және олардың негізінде ұлттық білім беру моделін жасау;

Төртінші – 2001-2003 жылдар – нормативтік базаны жетілдіру, Болон процесіне қосылу бойынша мақсатты жұмыстар жүргізу;

Бесінші – 2004 жылдан бастап – стратегиялық даму кезеңі – 2005-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу, қабылдау және жүзеге асыру.

Жоғары мектептің бірінші, екінші, үшінші даму кезеңдері ең бірінші мемлекеттік жоғары оқу орындарының өсуімен сипатталды, бірақ кейіннен отандық жеке меншік және шетелдік жоғары оқу орындары да қарқынмен дами бастады. Оларда 140 мамандық бойынша білім берілді, негізінен гуманитарлық сала бойынша. 2000 жылға дейін мемлекеттік емес жоғары оқу орындары санының өсу бағыты орын алды, әрі қарай оларды дамыту олардың сапалы өсуіне бағытталды (2 кестені қараңыз)

 

2-кесте - Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындары торабы  (1996-2007 жылдар)

 

ЖОО

Жылдар

19

96

19

97

19

98

19

99

20

00

20

01

20

02

20

03

20

04

20

05

20

06

20

07

Жиыны

125

153

165

166

170

182

173

175

176

176

176

167

Олардың ішінен: мемлекеттік, оның ішінен:

54

54

51

52

47

60

62

63

68

68

69

57

Азаматтық

54

54

51

52

47

49

50

50

55

55

55

43

Азаматтық емес

 

 

 

 

 

11

12

13

13

13

14

14

Жеке меншік

71

99

111

114

123

122

111

112

108

108

107

110

Ескерту: ҚР Статистикалық агенттігінің БҒМ жоғары және одан кейінгі білім жүйесі бойынша мәліметтерінен жасалынған

 

Жоғары оқу орыны жүйесінің дамуындағы ерекше орынды төртінші кезең алады. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен (Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылдың 5 шілдесіндегі №648 «Жекелеген жоғары оқу орындарына айырықша мәртебе беру туралы» Жарлығы) жекелеген жоғары оқу орындарына айырқша мәртебе берілді, олар білім беру жүйесінің флагмандары болуы тиіс болды.

Аймақтық білім беруді дамыту мақсатында елімізде 18 аймақтық жоғары оқу орны анықталған. 2001 жылы екі халықаралық жоғары оқу орны ашылды: Қазақ-Британ техникалық университеті мен М.В. Ломоносов атындағы ММУ-нің Қазақстан филиалы.

Әлемдік қауымдастық қабылдаған жоғары білім беруді дамытудың интегралдық көрсеткіштерінің бірі 10 мың халыққа келетін студенттер саны болып табылады. Бұл көрсеткіш бойынша 1995 жылдан бастап студенттер санының артуы байқалады, бірақ бұнымен қатар бюджет есебінен оқитын студенттер санының ара салмағы кеміген. Мемлекеттік жоғары оқу орындарында оқитын студенттер контингенті туралы деректер 3 кестеде келтірілген.

 

3-кесте - 1995-2008 жылдарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоғары оқу орындарында оқыған студенттер контингенті

 

Жылдар

Студенттердің жалпы саны (адам)

Күндізгі оқу формасы бойынша жиыны

Бюджет бойынша жиыны

Ақылы оқу бойынша жиыны

1995-1996

253672

163564

225060

28612

1996-1997

248980

168002

207198

41782

1997-1998

246390

168384

185877

60513

1998-1999

250943

171373

164226

86717

1999-2000

265870

177789

135828

130042

2000-2001

293625

189599

115751

177874

2001-2002

330839

207865

65525

222500

2002-2003

333798

185899

71709

244938

2003-2004

358656

195322

81285

264814

2004-2005

400019

222492

88008

301500

2005-2006

396807

234355

91946

294392

2006-2007

390588

243499

101135

289453

2007-2008

350640

245940

107455

243185

Ескерту: ҚР Статистикалық агенттігінің БҒМ жоғары және одан кейінгі білім жүйесі бойынша мәліметтерінен жасалынған

 

Мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының айтарықтай өсуі жалпы студенттер санының өсуінен туындады. Соңғы бес жылда (2002/03 -2007/08 оқу жылдары) студенттер контингенті 21%-ға өсті және 717053 адамды құрады, оның ішінде мемлекеттік оқу орындарында 15% шегінде артты, ал жеке меншік жоғары оқу орындарында студенттер саны шамамен 2,5 есе өсті, Бұл жеке меншік білім берудің ролінің артқанын көрсетеді. Соңғы жылдары жалпы студенттер санындағы меншік оқу орындарының үлесі біршама өсті – 1999-2000 оқу жылы 25,8%-дан 2007-2008 оқу жылы 51,1 %-ға дейін.

Қазіргі уақытта жоғары білім беру жүйесінің барлық оқу формаларында  717 мыңнан астам студенттер оқиды. Білім алуға қол жеткізудің теңқұқылық мемлекеттік саясаты ҚР барлық ұлттары мен ұлыстары өкілдерінің білім алуына жағдай жасайды.

Осы уақытта еліміздің жоғары оқу орындарында 80-нен астам ұлт өкілдері оқуда. 10 мың халық санындағы студенттер 2000 жылы екі есеге артып, 2008 жылы 490 адамды құрады.

Бірінші-төртінші кезеңдерде жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамында түбегейлі өзгерістер болды (4 кестені қараңыз).

 

4-кесте - 2001- 2008 жылдардағы Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарыныңдағы профессорлық-оқытушылық құрам

 

 

Көрсеткіштер атауы

Оқу жылы

2001-2002

2002- 2003

2003- 2004

2004- 2005

2005- 2006

2006- 2007

2007- 2008

Жиыны: мың адам

34,3

37,5

40,9

42,3

43,3

42,8

41,3

Мемлекеттік оқу орындары:

23,6

22,4

24,8

26,0

27,3

27,4

27,6

О.і: ғылым докторлары

1,58

1,40

1,40

1,56

1,7

1,8

1,9

Ғылым кандидаттары

7,46

6,74

6,70

7,4

7,8

8,4

8,8

Мемлекттік емес оқу орындары :

10,7

15,1

16,1

16,2

16,0

15,0

13,3

О.і: ғылым докторлары

0,73

1,09

1,11

1,14

1,15

1,2

1,0

Ғылым кандидаттары

3,26

4,82

4,88

4,82

4,87

4,6

4,2

Ескерту: ҚР Статистикалық агенттігінің БҒМ жоғары және одан кейінгі білім жүйесі бойынша мәліметтерінен жасалынған

 

Егер 1995 жылы мемлекеттік азаматтық жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы 28129 адамды құраса, оның ішінде 931 доктор және 8159 ғылым кандидаттары болды, 2004 жылы профессорлық-оқытушылық құрам 42223 адамнан тұрды, оның ішінде 2703  доктор және 12271  ғылым кандидаттары болды. Бұл өсуге профессорлық-оқытушылық құрамға бизнестің әр түрлі салалардан мамандарды қайтару, сонымен қатар, ғылым кандидаттары мен докторлары дәрежелерін беру санының артуы әсерін тигізді.

Бесінші кезеңде жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамына  қойылатын талап заң жүзінде қатаңдатылды. Оқытушылық лауазымға үміткерлер жеке еңбек келсімі шартын жасау үшін конкурстық іріктеуден өтуге міндетті болды.

Конкурста терең кәсіби даярлығы және ғылымның тиісті саласында ғылыми жетістіктері бар, жоғары интеллектуалдық және моральдік қасиеттерге ие, жаңа заман талабының деңгейінде мамандар даярлауға қабілетті барынша білікті тұлғалар іріктелді.

Жоғары мектеп дамуының бесінші кезеңінде әр нақты оқу орнының профессорлық-оқытушылық  сапалық және сандық құрамы туралы айқын көріністі қалыптастыратын Қазақстан жоғары оқу орындарының штаттық оқытушылары жөніндегі мәліметтер базасы жасалды. Жоғары оқу орындарының педагогикалық қызметкерлеріне жүргізілген аттестация кәсіби құзіреттілік деңгейінің артуына, шығармашылық бастамашылықтың және шеберліктің дамуына, педагогикалық қызметкерлердің беделі мен абыройының өсуіне, моральдік және материалдық көтермелеу мүмкіндігінің кеңейіуіне, еңбекті төлеу деңгейінің көтерілуіне жол ашты.

2007-2008 оқу жылында жоғары кәсіби білім беру жүйесіндегі профессорлық-оқытушылық құрам қызметкерлерінің саны 41,3 адамды құрады, оның ішінде мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі қызметкерлер саны 27,6 мың адам болды. Республика бойынша жоғары білім беруде ғылым кандидаттары мен докторларының үлесінің арту бағыты байқалды.

2007 жылы ғылым кандидаттарының үлесі жалпы профессорлық-оқытушылық құрам қызметкерлерінің 31,8% құраса (2005 жылы 29,4%), ғылым докторлары 7,3% (2006 жылы 7%) құрады.

Орта есеппен елімізде 2007 жылы профессорлар үлесі біршама төмендеп, 6,3%-ды құрады. Төмендеу тенденциясы бүкіл республика бойынша, сонымен бірге еліміздің көптеген аймақтарында орын алды. Республика бойынша жоғары білім беруде ғылым кандидаттары мен докторларының доценттердің өсу қарқыны байқалды.

Оқу процесін кадрлық қамсыздандыру Қазақстан жоғары оқу орындары менеджменті қызметінің ең басты салаларының бірі болып табылады. Ғылыми-педагогикалық кадарлардың ескірді, ғылыми-зерттеу әрекеттеріне деген әлсіз мотивация жоғары білім беру саласынан ақыл-ойдың ел экономикасының басқа да қызығушылық тудара білген салаларына ауып кетуіне себеп болды.

Диссертациялық жұмыста Қазақстанның жоғарғы мектебіндегі инновациялық процестердің мезоталдауы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті мысалында жасалынды.

Қазақстандағы жоғары білімді дамытуға қорытынды баға тек сандық-сапалық көрсеткіштермен ғана емес, сонымен қатар, тәуелсіз бөгде мамандармен келісім шарттар жасасумен де сипатталады. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің тарих факультеті жанындағы кеңестен кейінгі кеңістіктегі қоғамдық-саяси үрдістерді зерделеу жөніндегі Ақпараттық-талдау орталығы өзінің қорытынды бағасын былайша берді:

Дәл жаңа мыңжылдық басында Қазақстан білім берудің жаңа принциптерін қалыптастыруда шешуші қадам жасады. Біреулер үшін бұл процесс «жетілдіру, дамыту, жаңғырту» болса, біреулер үшін «вестернизация», яғни толық немесе ішінара қайта бағдарлау болды. Ресейде жоғары оқу орнына түсуге Бірыңғай тестілеуге көшу қажеттігі немесе көшудің мүмкін еместігі туралы дау жалғасу үстінде болғанда Қазақстан толығымен Біртұтас Ұлттық Тестілеу моделіне көшіп кетті, жоғары оқу орындарын акциялау мен білім беру гранттары мен кредиттерін беру жүйесін ендіруге кірісті.

Қазақстандағы жоғары мектепті реформалардың маңызды шарттарының бірі еліміздің Болон процесіне жедел кіруі және үш деңгейлі моделге енуі болды. Бұл деңгейлер: базалық 4 жылдық бакалавриат, 2 жылдық магистратура, докторлық бағдарлама PhD. Доктарантура аспирантура, ізденіс, докторлық диссертацияны даярлаудың әр түрлі формалары сияқты білім беру бағдарламаларының жиынтығын біріктіреді деп қарастырылған. Білім беру реформасының идеологтары PhD бағдарламалары диссертациялық зерттеулерге әзірлік кезеңін барынша қысқартады және ғылыми дәреже беруде көптеген формальді сәттерді жояды деп сендіреді. Бұдан өзге, кеңестен кейінгі кеңістікте халықаралық білім беру стандарттарының рецепциясы жолындағы кедергілердің бірі - нострификация проблемасы – жоғары білім туралы құжатты мойындау проблемасы шешіледі.

Жоғары мектепті ұйымдастырудың үш деңгейлі моделіне көшу – бұл бұрынғы Одақтың барлық елдері бетпе-бет келген проблема. РАЕН академигі Л.И. Бородкиннің пікірінше кеңестік жоғары білім беру жүйесі ұзақ уақыт өзін өзі ақтап келді және білім беруді жоғары деңгейін қамтамасыз ете білді. Алайда, ТМД елдері жаңа нарық жағдайында бұл моделді өзгеріссіз сақтап қала алмады, мамандарды даярлаудың бес жылдық жүйесі еңбек нарығының сұраныстары өтей алмады, еңбек нарығында белгілі бір «ойық» қалыптасты, бұған бейімделуге дәл осы екі деңгейлі «магистр-бакалавр» жүйесі көмектесті. Басқаша айтқанда, шет елде бес жыл оқыған маманның дипломы магистр дипломының терезесі тең әріптесі бола алмады. РФ жоғары оқу орындарына қарағанда қазақстандық жоғары оқу орындары үшін бұл мәселе өзектірек мәселе болды, себебі Ресейде халықаралық білім беру стандарттарына қарамастан дипломы Батыста сұранысқа ие бірқатар «бренддік» университеттер болды. Қазақстанның жоғары оқу орындарының мұндай артықшылығы болмады және Болон процесіне ену – қазақстандық дипломдардың шет елдерде жарамдылығын қамтамасыз етудің бірден-бір жолы болып табылды.

Информация о работе Қазақстан Республикасының жоғарғы мектебіндегі инновациялық процестері: теориясы мен практикасы