Бұл курстық жұмыс мазмұннан, кіріспеден тұрады. 34 бет 3 бөлім

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 08:41, курсовая работа

Описание работы

Мемлекеттің фискалдық саясаты атты курсттық жұмыста мынадай мәселелерге тоқталып кетеміз: экономиканы мемлекеттік реттеу тарауында экономиканы мемлекеттік реттеудің не екенін біліп, оның толықтай мән – мағынасын ашамыз. Экономиканы реттеудің негізгі бағыттары мен бастапқы қалпын, әдістерін қарастырамыз. Несие ақша саясаты, бағаны және табысты реттеу саясаты, мемлекеттің фискалдық саясатын оның ішінде дискрециялық және дискрециялық емес саясатты, қазыналық экспансия мен қазыналық шектеуді толықтай қарастырып өтеміз. Фискалдық саясаттың шетелдік тәжірибесін яғни нақтырақ айтқанда АҚШ – та соңғы уақытта фискалдық саясаттың жүргізілуін талдаймыз.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................... 3
1 ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ............................................. 4
1.1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі мен ұйымдық методологиялық негіздері.................................................................................... 4
1.2 Өтпелі экономика кезеңіндегі макроэканомикалық процестерді мемлекеттік реттеу.................................................................................................7
2 МЕМЛЕКЕТТІҢ ФИСКАЛДЫ САЯСАТЫ................................................ 10
2.1 Фискалды саясаттың міндеттері сен мақсаттары........................................ 10
2.2 Мемлекеттің қаржы саясатының әлеуметтік жағдайға әсері.................... 19
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ САЛЫҚ САЯСАТЫ........................................................................................................... 21
3.1 Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы.................................................... 21
3.2 Мемлекеттік бюджет кірістерінің көлемі мен құрылымы........................ 27
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................... 33
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................34

Работа содержит 1 файл

Фискалды саясат.docx

— 86.96 Кб (Скачать)

Ал, Қазақстан республикасы нарыққа өту кезеңінде (1990 ж.) бастапқы шарттарда басқаша түрде болды. Республика экономикасы осы кезде КСРО халық шаруашылығы кешенімен тығыз интегацияда болды. Ақшалай табыстың өсуі өндіріс құлдырауына қарағанда тауар массаымен (мөлшерімен) қамтамасыз етілмеді. Тұрғындардың 1990 жылғы салым қалдықтары шамамен 13 млрд рубьлден асып кетті немесе жылдық тауар айналымы мен ақылы қызмет көрсетудің 76 %  астамын құрады. Жасырын инфляция ашыққа ұласып, қаржы жүйесі бақылаудан шығып кетті.

Қазақстан реформаны өз бетінше 1993 жылы қараша айында ұлттық валютаны ендіргеннен  бастап жүргізе бастады, шын мәнінде  1994 жылдан  бастады.

Мерзімді басылымның көрсеткеніндей, реформаны жүзеге асырған жылдары  инфляция деңгейі 13250 ретке өскен, өнддірістің құлдырауы 1991 – ші жылғы деңгейге қарағанда 50 % жеткен. Қазақстан үкіметі қабылдаған дағдарысқа қарсы шаралар бағдарламасы (1993 – 1995 жж.) және  (1994 – 1995 жж.) өндіріс құлдырауы мен инфляциялық процестіңі дамуын тоқтата алмады. Макроэкономикалық тұрақтандыру мен өндірістің құлдырауын тоқтату үшін Қазақстан Республикасы үкімет қаржы – бюджеттік және ақша – несие саясатын қатаңдау ұстап, сыртқы  экономикалық қызметі либерализациялауда салық жайлы жаңа заңдар шараларын қабылдайды. Меншікті жекешелендірудің батыл түріне  көшіп,  экспорттық сектордағы кәсіпорынды шетел фирмаларының басқаруына  берді және келесі кезеңде кәсіпорынның  бақылау пакет акциясын оларға сатады.  Мемлекеттік  кәсіпорынның 16 мыңы жекешелендірілді, оның  ішінде экономиканың экспорттық секторын құрайтын ең ірі өнеркәсіп кәсіпорындары бар. Жапония, Оңтүстік  Кореядағы өтпелі экономика тәжірибесі көрсеткендей, жақсы бағдарламаның болуы жеткіліксіз. Бұл жерде  осы бағдарламаны қатаң түрде жүзеге асыру үшін мемлекеттің араласуы қажет. Әңгіме жоспарлы  қайту туралы емес, мемлекеттік реттеудің жаңа түрлері мен механизмін ендіруде  болып отыр. Ұлттық экономикалық мәселелерді  шешуде жеке сектор мен мемлекет арасында өзара іс - әрекет пен құқықтық әріптестікті қалыптастыру.

Экономиканы тұрақтандыру мен экономикалық өсуге жету үшін мемлекеттің де, жеке сектордың да күш – жігері қажет. Жалпы белгіленгендей, мемлекет ыңғайлы – қалыпты жағдай жасауы  керек, себебі жеке инвесторлар (отандық және шетелдік) Қазақстанда қолдау саласын тапқаны дұрыс.

Осы мақсатта 1991 жылдың басында Қазақстан  Республикасында «Тікелей инвистицияны мемлекеттік қолдау туралы» Заң  қабылданып, «Салық және бюджетке міндетті төлемдер туралы» Заңына  өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. «Шетел инвистициясы жайлы» заң отандық және  шетелдік инвесторлар үшін өте ыңғайлы – қалыпты жағдай жасауға көмектесті.

Біріншіден, инвесторлар үшін жеңілдіктер анықтаған. Жеңілдіктер мөлшері тікелей инвистиция көлемі мен экономика секторының басымдылығына байланысты.

Екіншіден, жобаны жүзеге асыру үшін импорттық жабдықтарды, шикізат  пен материалдарды кеден баж  салығын салудан толық немесе жекелей  босатылуын заң құпт

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 МЕМЛЕКЕТТІҢ ФИСКАЛДЫ САЯСАТЫ

2.1 Фискалды саясаттың міндеттері сен мақсаттары

     Мемлекеттік бюджетпен реттеу құралдарын қамтиды. Бұған ең алдымен мемлекеттік сатып алуды көбейту немесе азайту, ірі қаржылар жұмсау бағдарламасы, әлеуметтік төлемдер, кейбір өндіріс салаларына, кәсіпорындарға бюджеттің есебінен берілетін жәрдем қаржылар (субсидия), салық шаралары жатады.

Салықтық реттеу фискалды саясаттың  маңызды бөлігі болып табылады. Оның көп тараған түрлеріне мыналар жатады

а) кейбір экономикалық процестерді көтермелеу немесе шектеу мақсатында салық мөлшерін өзгерту.

ә) салық нарқын өзгеріссіз қалдыра  отырып, оны төлеудің тәртібін өзгерту. Бұған, мысалы, негізгі қорларды амортизациялаудың мерзімін өзгерту жатады;

б) салық жеңілдіктерін ендіру немесе алып тастау. Салалық жеңілдіктерді  ендіру капиталдың салааралық құйылымын  реттейді. Салық салуға тиісті пайдадан жаңа техника түрлеріне жұмсалған шығынды шегеруге  рұқсат беру негізгі қорларды жаңғыртуды тездетеді.

Қазыналық экспансия– бұл саясат қысқа мерзімді кезеңде экономикадғы  циклдік құлдырауды жою мақсатын қояды. Мұны жүзеге асыру мемлекет шығындарды (G) өсіріп, салық мөлшерін төмендету арқылы немесе біріктірген, құрастырма шаралар арқылы жүзеге асырылады.

Ұзақ мерзімдік кезеңде салықты  төмендету саясаты, өндіріс факторларының ұсынысын кеңейтуге және экономикалық әлеуеттің өсуіне алып келуі мүмкін. Мұндай мақсаттардың жүзеге асуы кещенді салық реформасының жүргізілуіне байланысты болалды. Бұл шаралардың орындалуы Орталық банк жүргізетін тежеуші ақша – несие саясатымен және мемлекеттік шығындардың құрылымын оңтайландырумен байланысты.

Қазыналық шектеу – экономикадағы циклдік өсуді тежеу мақсатын көздейді. Бұл саясатты жүзеге асыру ұшін, мемлекеттік шығындар төмендеп (G), салық мөлшері (T) жоғарылайды немесе біріктірген, құрастырма шаралар арқылы жүзеге асырылады. Қысқа мерзімдік кезеңде бұл шаралардың нәтижесінде, өндірістің құлдырауы және жұмыссыздық деңгейінің өсуі салдарынан болған сұраныс инфляциясын төмендетуге мүмкіндік береді.

Ұзақ мерзімдік кезеңде өспелі салық “сынасы” жиынтық ұсыныстың  төмендеуіне және құлдыраушылық  механизмін ашуға негіз болуы мүмкін. Бұл құбылыс әсіресе төмендегі жағдайларда кездеседі: мемлекеттік шығындардың азаюы бюджеттің барлық баптарында пропорцияналды қысқарып, жүзеге асырылып отырса және еңбек нарығының инфрақұрылымына мемлекеттік инвестиция берілуінде басымдылық болмаса.

Мемлекеттік шығындарды тиімсіз басқарумен қатар ұзақ уақытқа  созылған құлдыраушылық экономикалық әлеуеттің бұзылуына әсерін тигізеді. Мұндай жағдай экономиканың өтпелі кезеңінде жиі кездеседі.

Қысқа мерзімдік кезеңде салық – бюджет саясаты баланстық бюджеттің, салықтың және мемлекеттік шығындардың мультипликаторы  әсерімен байланысты болады.

Дискрециялық қазыналық саясат –ұкіметтің арнайы шешімі бойынша салықты, мемлекеттік бюджеттің сальдосын және мемлекеттік шығындардың көлемін мақсатты бағытта өзгерту. Бұл шаралар төлем балансының жағдайын, инфляция қарқынын, өнім көлемін, жұмыс бастылық деңгейін өзгертуге бағытталған.

Дискрециялық емес қазыналық саясат – Жиынтық табыстың циклдік тербелістерінің нәтижесінде жоғарыда аталған шамалардың дағдылы өзгеруі. ЖҰӨ  - нің өсуі (төмендеуі) кезеңдерінде мемлекет бюджетіне түсетін таза салық салымдарының дағдылы түрде өсуін (төмендеуі) дискрециялық емес саясат қарастырады.

Бұл саясат экономикадағы тұрақтылыққа әсерін тигізеді. Таза салық тұсімі – бюджетке түсетін жалпы салық мөлшері мен үкімет тарапынан берілетін трансферттің арасындағы айырма. Дискрециялық қазналық саясат экономикадағы  құлдырау  кезеңінде жиынтық сұранысты ынталандыру мақсатында мақсатты  түрде мемлекеттік шығындарды өсіре отырып, немесе салық мөлшерін төмендетіп мемлекеттік бюджетте тапшылық құрылады. Экономиканың өрлеу кезеңінде сәйкес түрде мақсатты түрде бюджет артықшылығы құрылады.

Үкіметтің дискрециялық саясаты ішкі уақытша ешеуілдеумен байланысты болады, өйткені мемлекеттік шығындар құрылымының  және салық салымы пайыз мөлшерлемесінің  өзгерістері парламентте ұзақ уақыт  талқылауға түседі.

Дискрециялық емес қазыналық саясатта бюджет артықшылығы және тапшылығы  дағдылы түрде пайда болады, ол экономиканың кіріктірме тұрақтандырғышы арқылы мүмкін болады.

Кіріктірме тұрақтандырғыш -  үкіметтің экономикалық саясатын жиі өзгертпей – ақ, өнім көлемі мен жұмыс – бастылық деңгейінің циклдік амплитудасын төмендетуге мүмкіндік беретін экоеомикалық тетік. Өркениетті, дамыған мемлекеттерде мұндай тұрақтандырғыш ретінде үдемелі салық салу, мемлекеттік трансферттер жүйесі, жұмыссыздықтан сақтандыру және пайданы бөлуге өатысты жүйесі алынады.

Экономиканың “кіріктірме тұрақтандырғышы” дискрециялық қазыналық саясаттың  уақытша кешеуілдеу мерзімі  ұзақтығының проблемасын салыстырмалы түрде қарағанда әлсіретеді, жұмсартады, өйткені бұл механизмдер парламенттің қатысуынсыз да жұмыс істейді.

 

Мына – кестеде, соңғы жылдардағы пайыздық мөлшерлемеде потенциялдық немесе фактілі ЖІӨ - нің федералдық үкіметтің  бюджеттік тапшылықтары мен артықшылықтары (2 бағана)  және толық жұмысбастылықтағы тапшылықтар мен артықшылықтар (3 бағана) көрсетіледі.   Мынаған назар аударыңыз  толық жұмысбастылықта тапшылықтар мен артықшылықтар негізінде фактілі  тапшылықтан кем болып келеді. Дискрециялық саясат үшін керекті  мәліметтерді  толық жұмысбастылықтағы тапшылықтар жинайды.

3 - ші бағана 1990 жылы қазыналық саясат экспансиялық болғанын көрсетеді. Мысал үшін 1992 ж қарастырып көрейік. Кестеден көріп тұрғанымыздай  сол жылы  фактілі бюджеттік тапшылық ЖІӨ - нің 4,7% құраған,  толық жұмысбастылықта бюджеттік тапшылық потенциялдық ЖІӨ - нің 2,9% құрайды.  1990 – 1991 жж экономика тығырықтан шығуда болатын, сондықтан салықтық түсімдер  әлдеқайда төмен болды.  Бірақ егерде 1992 жлы экономика толық жұмысбастылықта жұмыс істесе осының арқасында  салықтық түсімдер біршама жоғары болса, федереалдық бюджет  2,9 % құраған тапшылықта болар еді.  Және де  бұл пайыз мөлшері соңғы екі жылдың тапшылық мәнінен  жоғары болар еді. Сондықтан 1992 ж толық жұмысбастылықта бюджеттік тапшылық  экспансиялық қазыналық саясатты көрсеттетіні анық.

Алайда, экномика 1990 – 1991 жж тығырықтан шыққаннан кейін толық қалпына  келугеннен кейін де  жүргізілген есептер бойынша толық жұмысбастылықта  үлкен бюджеттік тапшылықтар әлі де сақталу керек еді. Биліктегілер - толық жұмысбастылықта  үлкен бюджеттік тапшылықтар үлкен пайыздық салымдарға,  аз көлемдегі инвистицияға  және де әлсіз экономикалық өсуге алып келе ме деп қорықты. Мұндай мәселенің өрши түсуін болдырмау үшін, 1993 жылы Клинтон администрациясы мен Конгресс жеке табыстың  және корпорация табысынның  салық салымдарын өсірді.   3 Кестедегі 3 бағанаға назар салыңыз, бұл кестеде көрсетілгендей толық жұмысбастылықта  бюджеттік тапшылықтар біртіндеп азая берген және 1999, 2000 және 2001 жылдары артықшылықтар пайда болды.

Жүргізілген есептер бойынша  фактілі бюджеттік артықшылықтар  2000 жыл мен 2010 жыл аралығында 5 трлн долларға  жеткен, 2001 жылы Буш администрациясы мен  Конгресс салық салымдарын біршама қысқартын  бірнеше заң жобаларын қабылдады. Салық түсімдерінің қысқартылуы жоспар бойынша бірнеше жылға созылып жасалмақшы болды. Мысалы, бұл төмендетулер  2001 жылдың 44 млрд доллорына және 2002 жылдың  52 млрд доллорына салық міндеттемелерін азайтты. Экономикалық  дағдарыстан шығу және одан әрі серпінді даму мемлекеттің сындарлы және негізгі  саясаты арқылы болуы мүмкін. Жүргізіліп отырған қаржы саясатының басты  субъектісі мемлекет болып табылады. Ол қоғамның ұзақ перспективаға арналған қаржысын дамытудың басты бағыттарының стратегиясын жасайды және алдағы кезеңге арналған міндеттерді, қаражаттарды және оған жетудің жолдарын анықтайды.    

Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны экономикалық заңдардың іс-әрекетін ескере отырып және қоғамның даму міндеттеріне сәйкес қаржыны жоспарлы ұйымдастыру болып табылады. Қоғамдық дамудың әрбір кезеңінде қаржы саясатының өзіне тән белгілері болады, ол экономиканың жай-күйін, қоғамның материалдық және мәдени өмірінің толғағы жеткен қажеттіліктерін және басқа факторларды ескере отырып, түрлі міндеттерді шешеді.    

Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны айтарлықтай  күрделі, өйткені ол шаралардың ауқымды  кешенін, оны дәйекті жүзеге асыру  стадияларын қамтиды, олар:

  1. экономикалық заңдардың әрекеті, экономиканың жай-күйі, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының перспективалары негізінде елдегі қаржының ғылыми негізделген тұжырымдамасын әзірлеу;
  2. экономикалық саясаттың тиісті мақсаттары мен міндеттерін негіздей отырып, қаржы саясатының стратегиялық және тактикалық шараларын тұжырымдау;
  3. белгіленген іс-әрекеттерді қаржы механизмі арқылы экономикалық қайта құрудың түбегейлігіне қарай оны жаңғырта және түзете отырып іс жүзінде жүзеге асыру.

 

    Осы негізгі үш буынның бірлігі қаржы  саясатының мазмұнын анықтайды. Демек, экономикалық іс-әрекетін есепке ала отырып, қоғамды дамытудың міндеттеріне байланысты қаржыны ұйымдастыру мен пайдалану мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны болып табылады.     

Қазіргі кезеңде  қаржы   саясатының  көмегімен   шешілетін   басты   міндеттердің   қатарына   мыналарды жатқызуға   болады:    

А.   Елдің дамуының әрбір  нақты  кезеңінің  ерекшеліктері  негізінде  қаржы  ресурстарының  неғұрлым мүмкін болатын  көлемін  жасаудың жағдайларын  қамтамасыз ету;    

В. Қаржы ресурстарын қоғамдық өндірістің сфералары арасында, ұлттық шаруашылық секторлары арасында ұтымды бөлу және пайдалану, ресурстарды белгілі бір мақсаттарға бағыттау;    

Б. экономикалық дамудың белгіленген  бағыттарын орындау үшін тиісті қаржы  механизмін жасап, оны үнемі жетілдіріп отыру.    

Сондықтан Қазақстан жағдайында қаржы саясатының міндеті экономиканы  экономикалық өсудің траекториясына көшіру, ұлттық шаруашылықтың құрылымын  одан әрі жетілдіру негізінде  шаруашылық өмірді тұрақтандыру, кәсіпкерлік қызметті дамыту, мемлекеттік бөліктің үлесін оңтайландыра отырып, меншікті реформалау, сыртқы экономикалық қызметті ұлғайтып, жандандыру, әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру жөнінде шаралар жасап, оларды қаржы механизмі арқылы іске асыру болып табылады.    

Елдегі  жүргізіліп жатқан реформаларға сәйкес мемлекеттің қаржы саясаты мен қаржы жүйесінің қызметі нарық жағдайында қажетті қаржы ресурстарын жұмылдыруға, оларды бюджетке толық және дер кезінде түсіріп отыруға, әлеуметтік-экономикалық дамудың мемлекеттік бағдарламаларында қаралған шараларды үздіксіз қаржыландыруға және материал, еңбек және ақша ресурстарын мақсатты әрі ұтымды пайдалануға бақылауды күшейтуге бағытталған. Бұл мақсаттар Қазақстан Республикасының әлеуметтік және экономикалық дамуының, қоғамдық өмірдің барлық салаларын қайта құрудың стратегиясын қаржымен қамтамасыз ету қажеттігінен туындайды.    

Информация о работе Бұл курстық жұмыс мазмұннан, кіріспеден тұрады. 34 бет 3 бөлім