Бұл курстық жұмыс мазмұннан, кіріспеден тұрады. 34 бет 3 бөлім

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 08:41, курсовая работа

Описание работы

Мемлекеттің фискалдық саясаты атты курсттық жұмыста мынадай мәселелерге тоқталып кетеміз: экономиканы мемлекеттік реттеу тарауында экономиканы мемлекеттік реттеудің не екенін біліп, оның толықтай мән – мағынасын ашамыз. Экономиканы реттеудің негізгі бағыттары мен бастапқы қалпын, әдістерін қарастырамыз. Несие ақша саясаты, бағаны және табысты реттеу саясаты, мемлекеттің фискалдық саясатын оның ішінде дискрециялық және дискрециялық емес саясатты, қазыналық экспансия мен қазыналық шектеуді толықтай қарастырып өтеміз. Фискалдық саясаттың шетелдік тәжірибесін яғни нақтырақ айтқанда АҚШ – та соңғы уақытта фискалдық саясаттың жүргізілуін талдаймыз.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................... 3
1 ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ............................................. 4
1.1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі мен ұйымдық методологиялық негіздері.................................................................................... 4
1.2 Өтпелі экономика кезеңіндегі макроэканомикалық процестерді мемлекеттік реттеу.................................................................................................7
2 МЕМЛЕКЕТТІҢ ФИСКАЛДЫ САЯСАТЫ................................................ 10
2.1 Фискалды саясаттың міндеттері сен мақсаттары........................................ 10
2.2 Мемлекеттің қаржы саясатының әлеуметтік жағдайға әсері.................... 19
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ САЛЫҚ САЯСАТЫ........................................................................................................... 21
3.1 Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы.................................................... 21
3.2 Мемлекеттік бюджет кірістерінің көлемі мен құрылымы........................ 27
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................... 33
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................34

Работа содержит 1 файл

Фискалды саясат.docx

— 86.96 Кб (Скачать)

 Қаржы саясатының мақсаты – қоғам  дамуының аса маңызды  қажеттіліктерін  қанағаттандыруға қажет қаржы ресурстарын толық жұмылдыру. Осыған байланысты қаржы саясаты кәсіпкерлік қызметті жандандыра түсуге қолайлы жағдайлар жасауға шақырады. Мемлекет пайдасына кәсіпорындардың табысын алудың ұтымды нысандарын, сондай-ақ қаржы ресурстарын қалыптастыруға халықтың қатысу үлесін анықтауға көп көңіл бөлінеді. Қоғамдық өндіріс салалары арасында қаржы ресурстарын бөлу жолымен оларды пайдаланудың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ оларды экономикалық және әлеуметтік дамудың басты бағыттарына шоғырландыруға үлкен маңыз беріледі.    

Таяудағы  мақсат ретінде – мемлекеттік  бюджет теңгерімділігіне жету және экономиканы  тұрақтандырудың негізінде ұлттық шаруашылықтың қаржы жағдайын сауықтыру проблемасын шешу.    

Қаржы саясатын жүзеге асырудың негізіне жалпы  және жеке өзгеше қағидаттардың толып  жатқан қатары қойылуы тиіс.    

Қаржы саяатын жүргізгенде оның мына қағидаттарын жүзеге асырудың зор маңызы бар:    

- қолда бар нақты қаржы ресурстарын негіздей отырып, бюджеттерді жасау, бекіту және атқару кезінде қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларының, әлуметтік, ұлттық және кәсіби топтардың мүдделерін сақтау;

  • қаржы қатынастарының жоспарлы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;
  • қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындарында кірістер мен шығыстардың теңгерімділігі;
  • қаржы резервтерін жасау бюджет жүйесінде кірістердің шығыстардан және алалық қаржыларда қаржы резервтерінің асып түсуі;
  • мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасында қаржы ресурстарын оңтайлы бөлу.

 

    Қаржы саясатының тиімділігін  қамтамасыз ететін жалпы қағидаттарға мыналар жатады:

  • объективті әкономикалық заңдардың іс-әрекетін есепке алу;

 

    нақты тарихи жағдайларды есепке алу;

  • өткен жалдардың өзіндік тәжірибесін және дүниежүзілік тәжірибені есепке алу.

 

    Жеке  өзгеше қағидаттарға мыналарды жатқызуға  болады:

  • қоғамда қаржы жүйесінің ұтымды құрлымын, қаржы қатынастарын жоспарлы ұйымдастыруды және қаржы механизмінің дұрыс құрылуын қамтамасыз ету;
  • қаржы жүйесінің барлық салалары мен буындарындағы кірістер мен шығыстардың тепе-теңдігі;
  • бюджеттегі  кірістердің шығыстардан асып үсетін қаржы резервтерін жасау;
  • салық жүйесін ұтымды құру арқылы экономикалық және әлеуметтік дамудың маңызды  бағыттарына қаржы ресурстарын  шоғырландыру;
  • негізгі қаржы ресурстарын мемлекет қарамағына жұмылдыру, оларды мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында тиімді бөлу;
  • қаржы және кредит-ақша саясатының тепе-теңдігі.

 

     Қаржы теориясында Кейнстің қағидалары үлкен  рөл атқарады. Оның қаржы қағидалары келесі жағдайлардан тұрады.

  1. Реттеу – мемлекет экономиканы бар күшімен реттеу керек. Негізгі құралы  бюджеттік саясатты ұстады.
  2. Ұдайы - өндіріс ресурстарының ұсыныс тарапынан емес, сұраныс жағынан қарастыру керек.
  3. Қаржы саясатын экономикалық саясаттың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру керек
  4. Мемлекеттік шығындардың өсуі жұмыссыздықтың жоюлуына әкеледі. Соның нәтижесінде мемлекеттік бюджеттің түсімдері де жоғарылайды.

 

      1940-1970 жылдар аралығында барлық дамыған  мемлекеттер Кейнстің тұжырымын енгізді. Бірақ сол жылдарының . Сондықтан Кейнстің заңдары жоққа шығарылды. А. Смиттің, М. Фридманның тұжырымдары енгізілді.    

Кейнстің  мектебі 2 бағытта дамыды.

  1. Бағытты ұстаушылар. Жаңа классикалық теорияны қалыптастырды.
  2. Кейнст теориясындағы кемшіліктер және қайшылықтар консерваторлық теорияны қалады.

 

     Консерваторлық  теорияда салықтарға ерекше көңіл бөлінді. Мектеп өкілдерінің пікірінше салық  саясаты ұзақ мерзімді жоспарда экономикалық өсуді ынталандыруға бағыттауы тиіс. Сөйтіп Лаффердің салық қағидасы пайда болды.     

 Салықтар  саласындағы фискалыдқ саясат олардың  ықпал етунің екі бағытын қарастыраы: сұранымға (кейнстік үлгі), ұсынымға (ұсыным теориясы). Бірінші жағдайда салықтар төмендеген кезде жиынтық сұранымы артады. Бұл ұлттық өнімнің көлемін  және бағалардың деңгейін көбейтеді, яғни инфляцияның қарқыны тездейді.     

  Екінші, жағдайда салықтардың төмендеуі жиынтық ұсынымды көбейтеді, өйткені халықтары табыстары мен жинақ ақшалары, ал кәсіпкерлердің өндірісті инвестициялауы өседі. Қызмткерлердің аз табыс салығы жалақыны көбейтіп, еңбекке деген ынталандырмаларды күшейтеді, мұның өзі өндірітің ұлғаюына жеткізеді, бұл ұлттық өнімнің өсуін, бағалардың төмендеуін білдіреді.    

Салықтардың инвестициялық қызметке ықпал етуінің  теориялық  дәлелдемесі ретінде  американ оқымыстылары – “ұсыным экономикасының” өкілдері А.Лаффер және басқалары әзірлеген салық салудың үдемелілігімен бюджет кірістері арасындағы тәуелділік қызмет атқарады.    

Лаффердің ойы  бойынша, бюджетке салық   түрінде  кәсіпкерлер   мен   халықтың табыстарының бүкіл  сомасының 30%-ынан артық алуға болмайды. Егер табыстың 40-50% алынатын болса, онда бұл жинақ ақшаны, сонымен бірге экономиканың жеке секторындағы инвестицияны да қысқартады.    

 Американ  ғалымдарының пікірлері бойынша, егер салықтардың  мөлшерлемесі бойынша  белгілі бір, айтарлықтай жоғары деңгейге жететін болса, онда өндірісті ұлғайтуға, кәсіпкерлік бастамаға арналған ынталандырмалар қысқарады, пайда азаяды және тиісінше, бюджетке түсетін салық түсімдері төмендейді.     

  Сөйтіп, қисық сызық салықтар мөлшерлемелерінің шамасы мен олардың есебінен мемлекеттік бюджетке қаражаттардың түсуі арасындағы өзара байланысты қамтып көрсетеді.     

 Салықтың  мөлшерлемесі артқан кезде мемлекеттің  кірістері салықтар есебінен алғашқыда көбейеді. Егер салық мөлшерлемесі бір шекарадан – Т’ нүктесінен асып кетсе, онда салық түсімдерінен түсетін кірістер азая бастайды. Жоғары салықтар өндірістің ынталандырмаларын төмендетеді және олардың есебінен мемлекеттің кірістерін азайтады және керісінше. Салықтардың төмендеуі мұндай жағдайда мемлекет қаржысының жай-күйін жақсартады    

 Лаффердің қисық сызығына сәйкес салықтық түсімдер тым жоғары мөлшерлеме кезінде Т  нүктесінде, және тым төмен мөлшерлеме кезінде Т’ нүктесінде бірдей болады. (Сурет 2)     

Бірақ, егер Т нүктесінде салықтардың мөлшерлемесі сұранымды ынталандырмайтын болса, онда Т’ нүктесінде салықтардың мөлшерлемесі өндірісті ұлғайтуды және ұлттық табысты көбейтуді ынталандыра отырып, жұмысқа, жинақ ақшаға және инвестицияға ынталандырмалар жасайды.  
  
   
              

                Сурет 2.   Лаффердің қисық сызығы    

Жеке  табыс салығын салу, фискалдық  мағынасынан басқа, маңызды  әлеуметтік функция орындайды – халықтың түрлі әлеуметтік топтарының табыстарын теңестіруді қамтамасыз етеді.     

Нақ осы функцияны әлеуметтік бағдарламалыр  бойынша бюджеттік  шығыстар да орындайды, соның нәтижесінде табыстары  төмен адамдар  табыстары жоғарырақ  топқа ауысады, сөйтіп әлеуметтік теңсіздік  біршама қысқарады.    

 Бұл жағдаятты Лоренцтің қисық сызығы сипаттайды. Деңгейлес білікте отбасыларының пайызы, ал сатылыста табыс пайызы салынған.     

 Биссектриса сызбада табыстардағы абсолюттік теңдікті, Лоренцтің сызығы теңсіздікті, бірақ  қисық сызық 1 салықты төленгенге дейінгі, қисық сызық 2 оларды төленгеннен кейінгі, ал қисық сызық 3 мемлекеттік бюджеттен төленетін трансферттік төлеуден кейнгіні қамтып көрсетеді. f нүктесі абсолюттік теңсіздіктің жағдаятын білдіреді.Сызбаның штрихталынған бөлігі салықтарды төленгеннен кейінгі табыстардың және мемлекеттік бюджеттен төленетін трансферттік төлемдердің теңсіздік дәрежесін қамтып көрсетеді.     

  Мөлшерлемелердің  шамасымен және тиісінше салықтық алымдардың шамасымен байланысты болатын салықтық реттеудің маңызды аспектісі  ішкі қорланымдарды ұстаудың және шетелдік инвестицияларды тартудың мүмкіндігі болып табылады.     

 Жоғары  салықтар капиталдарды қолданудан алынатын табыстарға салықтардың аз мөлшерлемелерімен  салық салынуы мүмкін, неғұрлым жайлы  салық климаты бар елдерге  капиталдардың безінуін тудырады.    

Бұл факторға сондай-ақ салық  салу деңгейі төмен немесе тіпті  ол болмайтын “оффшорлық аймақтардың” бар болуы жағдай жасайды. Басқа  жағынан, жоғары салық мөлшерлемелері елге шетелдік капиталдың деңдеп енуіне кедергі жасайды, мұның өзі ішкі қорланымдардың жетіспеуі кезінде  экономиканың дамуын тежейді.     

 Қаржы саясатының формалары:     

1.Салық бюджет саясаты  (фискалды);    

2.Мониторлық  саясат  (ақша-несие)     

Бұл формалары бойынша  әр түрлі экономистердің пікірлері сәйкес келмейді. Кейбір экономистер қаржы теориясын тек фискалды саясаты деп, ал ақша теориясын монитарлы саясаттың нәтижелері тек мемлекеттегі ақша заңдылықтарына әсер етіп қана қоймай сонымен қатар басқа да экономиканың әлеуметтік жағдайының мақсаттарына әкеледі.    

Фискалды  саясат бұл – мемлекеттік түсімдер, шығындар арқылы экономиканы реттеу мақсатындағы шаралар жиынтығы.    

Фискалды  саясаттың 2 бағыты бар:

  1. Ынталандырушы фискалды саясат
  2. Шектеуші фискалды саясат.

     Құралдары:

1. Салықтың кедендік  ставкалары                                  

2. Мемлекеттік жәрдем ақылар   

3. Субсидиялар                    

4. Салықтық жеңілдіктер      

 Тікелей қаржылық реттеудің процесін жүргізе  отырып, ұлттық табыстарға кәсіпорындардың, аймақтардың үлесін көбейту немесе азайту арқылы мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады. Бюджттік қаржыға аса зерек өндірістік емес сфераның жай-күйі де осындай тәртіппен реттеледі. Құлдырау кезінде ынталандырушы фискалдық саясат жүргізіледі, ол мыналарды қарастырады:

  1. мемлекет шығыстарының көбеюі;
  2. салықтардың төмендеуі;
  3. мемлекеттің шығыстары артуының үлкен нәтижесін ескере отырып фискалдық саясаттың бұл бағыттарының үйлесуі.

 

     Тежеушілік  фискалдық саясат бюджет артығына жетуге бағдарлану тиіс.     

Артық сұраныммен және инфляция бойынша тежеушілік фискалдық саясат кері бағыттарды қамтиды:

  1. мемлекет шығыстарының азаюы;
  2. салықтардың көбеюі;
  3. бұл бағыттардың үйлесуі.

 

     Дискредициялық  емес фискалдық саясат акценті нарықтық өзін-өзі реттеуге қоя отырып, мемлекеттің  қаржы процестеріне аз араласуын қажет етеді.    

 Дискредициялық  емес фискалдық саясат автоматты, яғни кіріктірме тұрақтандырғыштардың механизмі негізінде іс-әрекет етеді.     

Бұл жағдайда экономикалық циклдің түрлі  фазаларында  салық алынымдарының  сомасы ұлттық өнімнің мөлшеріне тепе-тең түрінде түрленеді: өрлеу кезінде сұранымды шектей отырып, салық түсімдері өседі және автоматты түрде экономикалық өсуді тежейді, құлдырау кезінде керісінше, ұлттық өндірістің азаюын жеңілдете отырып, салық түсімдері төмендейді.    

Минималды көлемде табыс  алатын жұмысшылар, мемлекет шығынын  қаржыландыруға және өзінің зейнеткерлік ресурсын жинақтауға қатыса алмайды  және қатыспауы да керек. Мұндай тұжырымдамадан ақшаны өндіріп алу мағынасыз да, себебі олар бәрі-бір сол мемлекеттің есебінен жәрдем ақымен қамтамасыз етілетіндер жүйесіне кіреді. 

 

 

                     

 Сурет 3. Бюджет тапшылығының өрлеу фазасы      

 

Автоматты тұрақтандырғыштардың іс-әрекетінің маңызды  ерекшелігі бюджет тапшылықтары мен  артығын реттеу болып табылады: бюджет тапшылығы өрлеу фазасында қысқарады, онан кейін жоғалады және бюджет артығы пайда болады, бұл инфляцияны тежеуге жәрдемдеседі, өйткені ұлттық өнімнің жоғары деңгейі инфляциямен жалғасады; құлдырау фазасында құлдырауды жоюға ынталандыратын бюджет тапшылығы біртіндеп өсе бастайды.

     Мониторлы саясат бұл – ақша айналысының, қарыз капиталының, қолма қолсыз есеп айырысудың көрсеткіштері арқылы шаруашылық канииктураны реттеу мақсатындағы шаралар жиынтығы.

 

2.2 Мемлекеттің қаржы саясатының әлеуметтік жағдайға әсері 

 

Елдің әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында қолданылған экономикалық саясаты макроэкономикалық зерттеудің негізгі бөлігі болып табылады. Экономикалық саясат ретінде қарастырылатын қаржы инструменттері: салық салу немесе ақша эмиссиясы, басқаша айтқанда ақша басып шығару тәсілі. Яғни, аталмыш қаржы инструменттерінің мемлекеттің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштеріне әсерін анықтау маңызды. Атап айтқанда капитал ағымының, жұмыс орындарының, сондай-ақ өндірістің артуына монетарлық (ақша шығару) және фискалды саясаттың (салық салу) қаншалықты әсер етеді? Қазақстанның қазіргі экономикалық жағдайында осы екі саясаттың қайсысы қоғамға зиян-зардаптары анағұрлым аз болады? Зерттеуді бастамас бұрын бұл мәселе жөнінде жасалған еңбектерді қысқаша шолу жасаған жөн.

Информация о работе Бұл курстық жұмыс мазмұннан, кіріспеден тұрады. 34 бет 3 бөлім