Халықаралық валюта жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 17:27, курсовая работа

Описание работы

Жалпы валюта жүйесі дегеніміз халықаралық валюта қатынастарының ұйымдастыру формасы, яғни ол - халықаралық несие-қаржы институттарымен халықаралық шарт және мемелекеттік құқық нормасы кешендерін біріктіретін жүйе. Бұл ереже-шарттардың негізгі міндеті - халықаралық сауда-саттық процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекеттерінің тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет. Басқа жағынан, оның мақсаты - кейбір мемлекет пен үкіметтер жағынан болып тұратын әр түрлі валюталық шектеуді және тамыр-таныстық (протекционизм) әрекеттерді түп-тамырымен құртуға мүмкіндік жасау.
Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес роль атқарады. Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты мен жалақыға әсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-есептесу қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің әрқайсысының ішкі ақша айналымын қамтиды. "Дүние-жүзілік валюта жүйесі" деген ұғымға кіретін ішкі және сыртқы жүйелер органикалық өзара байланысты, себебі екеуін біріктіретін түйін әлемдік ақша белгілері.

Содержание

Кіріспе
I- бөлім. Жалпы валюта жүйесі
Ұлттық валюта жүйесі
1 Еуропалық валюталық жүйесі, негізгі кезеңдері мен оның дамуы 3
II-бөлім.
Қатар жүретін валюта жүйесі 12
Биметаллизм жүйесі 12
Монометаллизм жүйесі 13
Несие ақшалары және олардың түрлері. 15

Қорытынды 17
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 18

Работа содержит 1 файл

Халықаралық валюта.docx

— 40.88 Кб (Скачать)
 

Экономикалық теория

Курстық жұмыс

Халықаралық валюта жүйесі

Мазмұны

Кіріспе

I- бөлім. Жалпы  валюта жүйесі

Ұлттық валюта жүйесі                                                                                                   

1     Еуропалық валюталық жүйесі, негізгі кезеңдері мен оның дамуы                                3 

II-бөлім. 

    1. Қатар жүретін валюта жүйесі                                                       12
    2. Биметаллизм жүйесі                                                                    12
    3. Монометаллизм жүйесі                                                                13
    4. Несие ақшалары және олардың түрлері.                                      15                                                        

          

Қорытынды                                                                                                                                                17 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі                                                                                                             18 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

I-бөлім

Жалпы валюта жүйесі дегеніміз халықаралық валюта қатынастарының ұйымдастыру формасы, яғни ол - халықаралық  несие-қаржы институттарымен халықаралық  шарт және мемелекеттік құқық нормасы  кешендерін біріктіретін жүйе. Бұл  ереже-шарттардың негізгі міндеті - халықаралық сауда-саттық процестерін  жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың  іс-әрекеттерінің тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық  экономикалық және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік  туғызуы қажет. Басқа жағынан, оның мақсаты - кейбір мемлекет пен үкіметтер  жағынан болып тұратын әр түрлі  валюталық шектеуді және тамыр-таныстық (протекционизм) әрекеттерді түп-тамырымен  құртуға мүмкіндік жасау. 
Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес роль атқарады. Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты мен жалақыға әсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-есептесу қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің әрқайсысының ішкі ақша айналымын қамтиды. "Дүние-жүзілік валюта жүйесі" деген ұғымға кіретін ішкі және сыртқы жүйелер органикалық өзара байланысты, себебі екеуін біріктіретін түйін әлемдік ақша белгілері. 
Алғашқыда әлемдік ақшаның бірден-бір түрі болып алтын, кейін құйма формасындағы алтын есептелді. Алтын монетаны халықаралық есептесуде қолдану үшін алдымен құйма жасау, содан соң басқа елдің монетасын соғу қажет болды. Біртіндеп айналыс шығындарын азайту мақсатында халықаралық есеп айырысуда ұлттық алтын монета және несие айналым құралдары қолданыла бастады. Валюта қатынастары - әлемдік шаруашылықта валюта айналымынан қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы, олар ұлттық шаруашылықтардың нәтижесінің (тауарының, қызметінің) өзара айырбасталуына қызмет етеді. Валюта қатынастарының кейбір элементтері көне дәуірде (ежелгі Египетте, Римде) вексель және айырбастау істері ретінде пайда болған. Валюта қатынастарының туындауы ұдайы өндіріске байланысты болғанымен оған, өз кезегінде, өндірістің тұрақтылығы дәрежесіне қарай керісінше де әсер (жағынды немесе жағымсыз) етеді. Валюта қатынастары құқықтың нормалармен және ережелермен реттеледі. 
Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына қарай валюта жүйесі пайда болды. Валюта жүйесі - эномикалық көзқарас тұрғысынан - шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи қалыптасатын валюта экономикалық қатынастар жиынтығы; ал ұйымдық-заңдылық тұрғысынан - ол белгілі бір қоғамдық-экономикалык формация шегінде мемлекеттік-құқықтық түрде ұйымдасқан валюта-экономикалық қатынастар. 
Тарихи үш түрлі: ұлттық, дүниежүзілік және мемлекетаралық немесе аймақтық валюта жүйесі қалыптасқан. Алғашқыда елдің ақша жүйесінің құрамдас бір бөлігі ретінде ұлттық валюта жүйесі пайда болды. 
Ұлттық валюта жүйесі деген қоғамдық ұдайы өндірісті қалыптастыруға және халықаралық төлем айналымын қамтамасыз етуге қажетті валюта ресурстарын пайдаланатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ұлттық валюта жүйесі ұлттық валютаға негізделіп құрылады. Ұлттық валюта - елдің ақша бірлігі. Ол қолма-қол формада (банкнота, монета) және қолма-қол емес формада (банктік шоттардағы ақша қалдығы) болады. 
Валюталық шектеудің болуы немесе болмауы. Мысалы, Ресейде ел экономикасының тұрақсыздығына байланысты шектеу, лимит белгілеу, белгілі бір валюталық құндылықтармен жүргізілетін операцияларға тиым салу енгізілген; 50-жылдардың аяқ кезінен бастап дамыған мемлекеттер бірте-бірте валюталық шектеуді алып тастаған. 1996 жылы Ресей ХВҚ Жарғысының VIII бабына қосылып, саудалық және саудалық емес операцияларға валюталық шектеулерді жойды. Төрт қосындыдан тұратын (елдің ресми алтын және валюта резервтері, СДР есепшоттары, еуро (1995 жылдан ЭКЮ-дың орнына), ХВҚ резервтік позициясы 
(бағыты) және елдің сыртқы қарызын өтеу мүмкіншілігін білдіретін мемлекеттің халықаралық валюта өтімділігін реттеу. Дүниежүзілік валюта жүйесі деген халықаралық валюта қатынастарының ұйымдастыру формасы, яғни ол - халықаралық несие-қаржы институттарымен халықаралық шарт және мемелекеттік құқық нормасы кешендерін біріктіретін жүйе. Бұл ереже-шарттардың негізгі міндеті - халықаралық сауда-саттық процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекеттерінің тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет. Басқа жағынан, оның мақсаты - кейбір мемлекет пен үкіметтер жағынан болып тұратын әр түрлі валюталық шектеуді және тамыр-таныстық (протекционизм) әрекеттерді түп-тамырымен құртуға мүмкіндік жасады қарастырады. 
 
1.Валюта түсінігі, Еуропалық валюталық жүйе, негізгі кезеңдері мен оның дамуы 
Валюта (итальян сөзі, сөзбе-сөз - құн) - елдің ақша бірлігі, оның шартты түрі, халықаралық төлем-есеп айырысу айналымының каналдары арқылы ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше формасы. 
Шаруашылық жағдайларын интернационалдандыру және әлемдік еңбек бөлінісін интенсивтендіру (күшейту) харықаралық нарықтың құрылуына себепші болды. Өндіріс сүштерінің дамуы мен ішкі нарықтағы өркендеген салаларының өнімін сатуда туындайтын қиындықтар, тауарлар тасылымы жағдайларын жетілдіру - міне осылардың бәрі әлемдік сауда-саттық байланыстарының кеңеюіне әсер етті. Әлемдік тауар айналымының дамуы мұнай, машина жасау, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі салаларының өнімдерін сатуының ұлғаюына байланысты болды. 
Халықаралық экономикалық қатынастарда өндіріс пен капиталды интернационалдандыру ішкі сауда айналымындағы шектеуді азайтуды, оның жолындағы кедергілерді жоюды, ішкі сауда-саттықты босаңдатуды талап етті. Өз тауарларының сыртқы нарықта кедергісіз қозғалыста жүруіне транскорпорациялардың қызығушылығы күшті болды. Олар-дың дамушы мемлекеттердің тауарларын нарыққа түсуін жеңілдетуі, сондай-ақ интернационалдық өнеркәсіп кешені аумағындағы ішкі корпорациялық тауар айналымының ұлғаюы - ресурстарды толық және тұрақты қолдануға қол жеткізгендіктің айғағы. Әлемдік шаруашылық байланыстағы өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарының тереңдеуі және кеңуі осы елдердің экономикалық жағдайын анықтайтын барлық факторлардың - өндіріс пен әлемдік айырбастың, жалақы мен бағаның өсу карқынына зор әсер етті. Әлемдегі елдердің шаруашылық қарым-қатынастарына тауарлар қызмет, капитал және несие легі жылдан-жылға ұлғая түсуде. Ұлттық қоғамдық ұдайы өндіріс процесінде қалыптасқан тауар айналымы тұрақты түрде әлемдік нарыққа ұласады және де әрбір егемен мемлекеттің заңды төлем құралы болып оның ұлттық ақшасы саналады. Халықаралық тауар айналымында, әдетте, шетел валютасы қолданылады. Бұл әлемдік шаруашылықта жалпы бүкіл мемлекеттерге міндетті деп танылған халықаралық несие ақшасының әзірше жоқтығынан. 
Елдердің әлемдік шаруашылыққа интеграциялануы (экономикалық одаққа кіруі) ақша капиталының бір бөлігінің ұлттық ақшадан шетел валютасына және керісінше айналуын туындатады. Ол халықаралық валюта, есеп айырысу жэне несие-қаржы қатынастарында жүзеге асады. 
Валюта қатынастары - әлемдік шаруашылықта валюта айналымынан қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы, олар ұлттық шаруашылықтардың нәтижесінің (тауарының, қызметінің) өзара айырбасталуына қызмет етеді. Валюта қатынастарының кейбір элементтері көне дәуірде (ежелгі Египетте, Римде) вексель және айырбастау істері ретінде пайда болған. Валюта қатынастарының туындауы ұдайы өндіріске байланысты болғанымен оған, өз кезегінде, өндірістің тұрақтылығы дәрежесіне қарай керісінше де әсер (жағынды немесе жағымсыз) етеді. Валюта қатынастары құқықтың нормалармен және ережелермен реттеледі. 
Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына қарай валюта жүйесі пайда болды. Валюта жүйесі эномикалық көзқарас тұрғысынан - шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи қалыптасатын валюта экономикалық қатынастар жиынтығы; ал ұйымдық-заңдылық тұрғысынан - ол белгілі бір қоғамдық-экономикалык формация шегінде мемлекеттік-құқықтық түрде ұйымдасқан валюта-экономикалық қатынастар. 
Тарихи үш түрлі: ұлттық, дүниежүзілік және мемлекетаралық немесе аймақтық валюта жүйесі қалыптасқан. Алғашқыда елдің ақша жүйесінің құрамдас бір бөлігі ретінде ұлттық валюта жүйесі пайда болды. 
Ұлттық валюта жүйесі деген қоғамдық ұдайы өндірісті қалыптастыруға және халықаралық төлем айналымын қамтамасыз етуге қажетті валюта ресурстарын пайдаланатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ұлттық валюта жүйесі ұлттық валютаға негізделіп құрылады. Ұлттық валюта - елдің ақша бірлігі. Ол қолма-қол формада (банкнота, монета) және қолма-қол емес формада (банктік шоттардағы ақша қалдығы) болады. Оның эмитенттері ұлттық орталық банк және коммерциялық банктер. Ұлттық валюта жүйесінің негізгі элементтері төмендегілер: 
-ұлттық валюта; 
-ұлттық валютаның шетел валютасына айырбасталу жағдайлары, яғни айырбасталудың екі түрлі болуы:  
а) шетел валютасына шектеусіз еркін айырбасталатын валюта. 1978 жылдан Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) Жарғысында "еркін қолданылатын валюта" деген ұғым енгізілген. Оған американдық доллар, немістің маркасы, жапон иені, француздық франк, ағылшындық фунт стерлинг; 
ә) жарым-жартылай айырбасталатын валюта, мысалы, ресейлік рубль;  
б) айырбасталмайтын (тұйық) валюта; 
валюталық паритеттің бірдейлік ережесі - валюталардың алтын құрамына байланысты өзара қатысы. Ақша өлшемінің алтын мазмұнына негізделген ондағы алтын паритеті алынып тасталды (Батыста 70-жылдарда, ал КСРО-да 1991 жылдан). ХВҚ-ның Жарғысы бойынша валюта паритеті тек СДР - арнаулы ақша өлшемімен немесе басқа халықаралық валютамен, бірақ алтынмен емес, анықталуы мүмкін. 70-жылдардың орта шенінен бастап паритеттер валюта қоржыны (корзина) негізінде анықталады. Валюта қоржыны деп бірнеше валюталардың белгілі бір бөліктерінің сомасын сол валюталардың нарықтық бағамына көбейтіп, оларды АҚШ долларына бөлумен анықталатын бір валютаның орташа өлшенген бағамын айтады. Мысалы, СДР валюта қоржыны жоғарыда көрсетілген бұрын еркін қолданылатын валюталардан құралады, қазір ондағы американдық доллардың үлесі шамамен 39%, неміс маркасы - 21, жа-пон иені - 18, француздық франк және фунт стерлингтің әрқайсысының үлесі 11%-тен болады. Еуропа қауымдастығының еуропалық валюта өлшемі (ЭКЮ) он екі елдің валютасынан тұратын валюта қоржынынан құрылған, ЭКЮ 1999 жылдың 1 қаңтарынан ұжымдық валюта - еуромен біртіндеп алмастырылмақшы; 
-валюта бағамының тәртібі (белгіленген, белгілі бір аралықта өзгермелі). Мысалы, Еуропа валюта жүйесіндегі орталық бағамында он екі валюта бағамының өзара ауытқу шегі ± 15% шамасында бекітілген; 1995 жылдың екінші жартысында Ресейде АҚШ-тың 1 долларына шаққанда 4300-4900 руб. аралығында, ал 1997 ж. 5750-6350 руб. болды. 1998 ж. валюта коридорының жоғары шегі 9500 рубльге дейін көтерілді. Валюта-қаржы дағдарысы кезінде, 1998 жылдың тамызынан, рубльдің долларға шаққандағы бағамы бұл шектен шығып, деноминацияланған 15-25 рубльге дейін көтерілді [22; 254.]. Көптеген елдерде валюта бағамының өзгеретін шегі заңмен бекітілмеген; 
-валюталық шектеудің болуы немесе болмауы. Мысалы, Ресейде ел экономикасының тұрақсыздығына байланысты шектеу, лимит белгілеу, белгілі бір валюталық құндылықтармен жүргізілетін операцияларға тиым салу енгізілген; 50-жылдардың аяқ кезінен бастап дамыған мемлекеттер бірте-бірте валюталық шектеуді алып тастаған. 1996 жылы Ресей ХВҚ Жарғысының VIII бабына қосылып, саудалық және саудалық емес операцияларға валюталық шектеулерді жойды. Төрт қосындыдан тұратын (елдің ресми алтын және валюта резервтері, СДР есепшоттары, еуро (1995 жылдан ЭКЮ-дың орнына), ХВҚ резервтік позициясы 
(бағыты) және елдің сыртқы қарызын өтеу мүмкіншілігін білдіретін мемлекеттің халықаралық валюта өтімділігін реттеу; 
-халықаралық несиелік айналым құралдары мен халықаралық есеп айырысу формаларын қолдану тәртібін белгілеу; 
-валюта нарығы мен алтын нарығы ережесі; 
-валюта қатынастарын реттейтін ұлттық органдардың статусы (орталық банк, Қаржы министрлігі, арнаулы органдар, мысалы, Қазақстанда Ұлттық банк, Ресейде валюталық және экспорттық бақылаудың федералдық қызметі). 
Әлемдік шаруашылық қатынастарының дамуына байланысты әр елдің ұлттық валюта жүйелерінің негізінде дүниежүзілік және аймақтық валюта жүйелері қалыптаса бастады. Олардың негізгі принциптері мемлекетаралық келісіммен заңды түрде бекітіледі. 
Еуропалық валюта жүйесі деген халықаралық валюта қатынастарының ұйымдастыру формасы, яғни ол - халықаралық несие-қаржы институттарымен халықаралық шарт және мемелекеттік құқық нормасы кешендерін біріктіретін жүйе. Бұл ереже-шарттардың негізгі міндеті - халықаралық сауда-саттық процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекеттерінің тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет. Басқа жағынан, оның мақсаты - кейбір мемлекет пен үкіметтер жағынан болып тұратын әр түрлі валюталық шектеуді және тамыр-таныстық (протекционизм) әрекеттерді түп-тамырымен құртуға мүмкіндік жасау. 
Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес роль атқарады. Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты мен жалақыға эсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-есептесу қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің эрқайсысының ішкі ақша айналымын қамтиды. "Дүние-жүзілік валюта жүйесі" деген ұғымға кіретін ішкі және сыртқы жүйелер органикалық өзара байланысты, себебі екеуін біріктіретін түйін әлемдік ақша белгілері. 
Алғашқыда әлемдік ақшаның бірден-бір түрі болып алтын, кейін құйма формасындағы алтын есептелді. Алтын монетаны халықаралық есептесуде қолдану үшін алдымен құйма жасау, содан соң басқа елдің монетасын соғу қажет болды. Біртіндеп айналыс шығындарын азайту мақсатында халықаралық есеп айырысуда ұлттық алтын монета және несие айналым құралдары қолданыла бастады. 
Ұзақ тарихи дамудың нәтижесінде дүниежүзілік валюта жүйесінің негізгі элементтері қалыптасты. Олар: 
-әлемдік ақшаның міндетті формасы (алтын, резервтік валюта, халықаралық валюталық өлшем); 
-валюталардың айырбасталу шарттарын белгілеу; 
-валюталық паритет пен валюта бағамы тәртібін үйлестіру; 
-валюталық шектеу көлемін тәртіптеу; 
-халықаралық валюта өтімділігінің құрамдас бөліктерін белгілеу (мысалы, ХВҚ 1970 жылдан айналымға жаңа халықаралық валюта өлшемі СДР-ды, ЕВҚҚ - 1979 жылдан еуропалық валюта өлшемі ЭКЮ-ді, ал 1999 ж. қаңтардан еуроны енгізді); 
-халықаралық несиелік айналым құралдарын қолдану тәртібін 
үйлестіру; 
-әлемдік валюта нарығы мен алтын нарығының ережесі; 
-мемлекетаралық реттеу институтының статусы - 1944 жылдан 
Халықаралық валюта қоры бекітілді. 
Аймақтың валюта жүйесі (ЕВЖ) - дүниежүзілік валю- 
та жүйесінің шеңберінде батыс Еуропаның өнеркәсібі да- 
мыған мемлекеттерін біріктіретін ұйым. Ол 1957 жылы Рим шарты бойынша құрылған "Жалпы нарық" одағындағы мемлекеттердің экономикалық және валюталық ынтымағынын дамуынан бастау алып, 1979 жылы құрылды.  
Оның мақсаты - ынтымақтастық процесін ынталандыру, еуропалық саяси, экономикалық және валюта одағын - Еуропалық одақ (ЕО) құру, Батыс Еуропаның позициясын күшейту. Еуропа валюта жүйесінің элементтері дүниежүзілік валюта жүйесінін элементтеріне дәл келеді. 
Дүниежүзілік валюта жүйесінің ерекшеліктері мен тұрақтылығы оның құрылымдық принциптерінің әлемдік шаруашылықтың құрылымы принциптеріне, әлемдік тұрғыда күштердің орналасуына және басшы елдердің мүддесіне сәйкестік деңгейіне байланысты өзгереді. Бұл принциптер сәйкес келмесе дүниежүзшік валюта жүйесі әлем-әлі дағдарысқа ұшырап, оның ыдырауымен және жаңа валюта жүйесінің құрылуымен ұштасады. 
 
 
2.Еуропалық валюта жүйесінің (ЕВЖ) даму кезеңдері. 
Бастапқы валюталық жүйе алтын монеталы стандарт негізінде құрылып, 1867 жылы басшы елдердің өкілдері қатынасқан Париж конференциясында мемлекетаралық келісіммен заңды түрде рәсімделді. 
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде және одан кейін де кең тараған валюта дағдарысы екінші дүниежүзілік валюта жүйесінің пайда болуына әкеп соқтырды. Ол 1922 ж. Генуя халықаралық экономикалық конференциясында қатысушы мемлекеттердің келісімімен рәсімделді. Бұл Генуя валюта жүйесі конференцияда келісімге келуші 30 елдің ақша жүйесі тәрізді алтын девизді стандартқа негізделіп құрылды. Ол девиздің принципі бойынша банкноталар алтынға емес вексельге және чекке, яғни девиздерге айырбасталды. Девиз деген кез келген формадағы шетел валютасы (фунт стерлинг, доллар және т.б.). Екі дүниежүзілік соғыстар аралығында (I және II) Бреттон-Вудс конференциясына дейін резервтік валюта статусы (айырбасталатын валюта ерекше атағы) ресми ешбір валютаға бекітілген жоқ. Ал ағылшын фунт стерлингі мен американдық доллар осы статусты (атақты) бірінші болып алуға өзара шиеленіскен бәсекелесте таласып жатты. 
Үшінші дүниежүзілік валюта жүйесі. 1944 жылы 22 маусымда АҚШ БҰҰ-ның Бреттон-Вудс конференциясында заңды түрде резервтік валюта статусы бекітілді. Онда алтын Девиз стандартына негізделіп, девиздік валюта ретінде американдық доллар мен фунт стерлинг қабылданды. Сонымен бірге алғашқы рет резервтік валюта статусы заңды түрде осы валюталарға бекітілді. Бұл АҚШ пен Ұлыбританияның халықаралық қарызын өз ұлттық валютасымен өтеулеріне мүмкіндік туғызды. 1949 жылы өзіне капиталистік өнеркәсіп өндірісінің 54,6%-ін, тауар экспортының 33%-ін, ресми алтын резервінің 75%-ін шоғырландырған АҚШ-тың экономикалық басымдығы және оның бәсекелестері екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде әлсіреуі доллардың үстемдігің қамтамасыз етті. Батыс Еуропаның және Жапонияның аса ауыр валюта-экономикалық жағдайы, сондай-ақ бұл мемлекеттердің АҚШ-қа тәуелділігі, долларлық гегемония (басымдық) олардағы доллардың өткір жетіспеушілігінде, яғни "долларлық аштықта" көрініс тапты. 
Бреттон-Вудс жүйесінің құрылымдық принциптері төмендегідей: 
доллар мен фунт стерлингтің резервтік валюта ре-тіндегі статусы бекітілді; 
 
ХВҚ-ға мүше елдердің барлығы өз валютасын басқа валюталарға алтын арқылы айырбастайды, онда валю-таның алтын паритеті және валюта бағамы бекітілді. Валюталардың нарықтық бағамы доллар паритетінен ± 1%-ке, Еуропа елдерінде ± 0,75% ауытқуы мүмкін; 
шетел орталық банктерінің долларлық резервтері (қорлары) алтынға американдық қазынашылық мекемесі (казначейство) арқылы ресми бағамен айырбасталады; 
алтынның төмендетілген ресми бағасы бекітілді (35 АҚШ доллары құрамында 31,1 гр таза алтыны бар 1 тройск унциясына теңгерілді); 
мемлекетаралық валюта қатынастарын реттейтін орган - Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) құрылды. 
ХВҚ-ның негізгі қызметі - осы мемлекетаралық қорға мүше елдердің валюта паритетін, бағамдарын және басқа валюталарға еркін айырбасталуын бақылауды қамтамасыз ету. Бреттон-Вудс жүйесі ширек ғасырдан астам уақыт аралығында халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуіне және әлемдік нарықтың қарқындап өсуіне ықпал етті. 
Дегенмен бұл жүйе оған мүше елдердің барлығына бірдей тең құқық бере алмады. Долларлық стандартты бекіткен принциптерді АҚШ басқа елдер есебінен әлемде өз үстемдік позициясын күшейтуге пайдаланды. Бреттон-Вудс валюта жүйесінің қайшылығы, ең алдымен доллар мен фунт стерлингтің ұлттық сипаты және оларды халықаралық төлем құралдары ретінде қолдануы, біртіндеп жүйені әлсірете бастады. Осы кезде Батыс Еуропа мен Жапонияның позициясы күшейді. 1971-1973 жж. валюта дағдарысы Бреттон-Вудс жүйесінің іс жүзінде күйреуін жеделдетті. 
Төртінші (казіргі) дүниежүзілік валюта жүйесі 1976 жылдың қаңтарында ХВҚ-ға мүше мемлекеттердің Кингстонда (Ямайка) қол қойған келісімімен дүниеге келіп, Ямайка валюта жүйесі деп аталды. Бұл жүйе енді ешбір ұлттық валюта жүйесіне негізделмей, тек заң жүзінде бекітілген мемлекетаралық принциптерге сүйенеді. Онда доллар ерекше орында болғанмен, ол бұрынғыдай роль атқармайды. Жаңа жүйе көпвалюталы стандарт болып табылады. 
Ямайка валюта жүйесінің бұрынғы жүйеден айырмашылығы: 
алтын өзінің монетарлық қызмет атқаруын тоқтатты, яғни енді бірде-бір валютаның құрамында алтын жоқ: ХВҚ-ның өзгерген Жарғысына сәйкес алтын құн өлшемі ретінде және валюта бағамын есептеуге де қолданбауы тиіс. Сөйтіп алтын паритетінің, алтынның ресми бағасының, шетел орталық банктері мен үкімет орындары үшін американдық қазынашылықтың долларлық резервтерді алтынға айырбастауы жойыл-ғандығы заңмен бекітілді. Дегенмен, Ямайка валюта жүйесінен алтынды валюта соғылатын металл ретінде заң жүзінде ығыстырғанға қарамастан, іс-жүзінде оның ақша ретінде қолдану мүмкіндіктері таусыла қойған жоқ. Алтынның нақты бағасы болғандықтан ол бұрынғыдай төтенше халықаралық ақша және аса сенімді резервтік актив ретінде саналады. Қазіргі кезде мемлекеттердің орталық банктері және жеке тезав-раторлар шамамен 60 мың тонна алтын сақтауда (әрқайсысында 34 мың және 25 мың тонна алтын бар) . 
алтын девизді стандарттың орнына жаңа халықаралық есепайырысу құралы - СДР енгізілді. Ол валюталық паритет пен валюта бағамының негізі деп жарияланды. Дегенмен СДР эмиссияланған (1970 ж.) 30 жыл ішінде ол құн эталонына (үлгі өлшем), не басты халықаралық төлем және резерв құралына айналған жоқ. Ол әлемдік ақша ролін орындаудан тым алыс болды. Бағамы СДР-мен анықталатын валюталар саны жылдан-жылға азайды. Егер олардың саны 1980 ж. 15 болса, 1998 ж. ол көрсеткіш 2-ге дейін азайды. СДр стандартының болашағы жоқ, оның қолдану аясы негізінен ХФҚ-ның операцияларымен шектелеуде. Дол- лардың Бреттон-Вудс жүйесіндегі ресми резервтік валюта статусы алынып тасталса да, іс-жүзінде долларлық стандарт сақталуда. Валютаның шартты құнының анықтайтын СДР-дың валюталық қоржынының 39%-і доллардың үлесіне тиеді. Әлемде 21 валюта долларға бекітілген, бірақ қазір олардың саны азаюда. Әйтседе доллар бұрынғыдай халықаралық төлем және резерв құралы ретінде алда келеді. Себебі доллардың озат позициясы АҚШ-тың экономикалық, ғылыми-техникалық және әскери потенциалының басымдылығына негізделген, бірақ бәсекелестерінің (Батыс Еуропа, Жапония) тегеуірінінің әсерінен олардың әлемдік экономикадағы монополды жағдайы жойылуда. СДР стандарты шын мәнінде көп валюталы стандартқа ауысты. Ол - үш әлемдік валюталық орталықтың ва-люталарына, яғни американдық долларға, неміс маркасына (1999 жылдан еуромен алмастырылған), жапондық иенге негізделген. 
ХВҚ-ның мүшелері валюталық паритетті қолданбай кез келген валюта бағамының тәртібін пайдалануға құқық алды. Сөйтіп өзгермелі валюта бағамының ережесі бекітіліп, оған көптеген елдер 1973 жылдың наурызынан бастап ауысты. Бұрынғы бекітілген валюта бағамына қарағанда бұл тәртіп икемді болғанымен валюта курстарының арақатынасының тұрақтылығын қамтамасыз етеді деген сенімді ақтамады. Керісінше, орталық банктің валюта нарығындағы операцияларға араласуы формасындағы жүргізетін валюталық интер-венциясына (оның ішінде ұжымдық) шығындары көбейді. 
Бреттон-Вудс жүйесінен ауысқан ХВҚ-ның міндеті мемлекетаралық валюталық реттеуді күшейту, мүше елдердің өзара тығыз қарым-қатынастығын қамтамасыз ету, әлемде валютаның тұрақтылығына қол жеткізу үшін әр түрлі валюталық шектеулерді жою. Қорыта айтқанда, Ямайка валюта жүйесі бұрынғы 4 жүйемен салыстырғанда өзінің икемділігімен төлем баланстары мен валюта бағамдарының тұрақсыздығына және әлемдегі күштердің жаңадан орналасуына тез лайықтанды. Сонымен қатар ол біраз қиындықтарды: мысалы, СДР стан- 
дартының тиімсіздігіне байланысты; алтынды занды түрде демонетизациялаумен оның іс-жүзінде әлемдік төтенше ақша статусын сақтауы арасындағы қарама-қайшылық; өзгермелі валюталық бағам ережесінің жетіспестігі және с.с. мәселелерді туғызды. Қазіргі кезде осы мәселелерді шешу үшін, әлемдік үш орталықтың валюта-экономикалық саясатын үйлестіруді күшейту үшін және әлемдік валюта механизмін тұрақтандыру үшін Ямайка валюта жүйесін жетілдіретін жолдар іздестірілуде. 
1979 ж. Еуропалық экономикалық одақтың (ЕО) шеңберінде Батыс Еуропа елдерінің интеграциялық процестерін дамытуға көмектесу мақсатында Еуропа валюта жүйесі (ЕВЖ) деп аталатын аймақгық валюта жүйесі құрылды. Бұл жүйеге кіретін мемлекеттер ХВҚ-ның мүшелері болғандықтан ЕВЖ-сін әлемдік валюта жүйесінің құрылымдық бір бөлігі ретінде қарастыруға болады. Солай болғанмен оны Ямайка жүйесінен ажырататын бірсыпыра ерекшеліктері бар. 
ЕВЖ-нің құрылымдық ерекшеліктеріне төмендегілер жатады: 
СДР-дың орнына еуропалық валюта өлшемі - ЭКЮ стандарты енгізілді. ЭКЮ-дің валюталық қоржыны батыс еуропалық 12 валюталардан құрылады. Онда неміс маркасы (30%-тен астамы) үстем болды. ЭКЮ-ді қолдану аясы СДР-ды қолдану аясына қарағанда әлдеқайда кең, оны тек қана мемлекеттік сектор емес, сонымен қатар жеке секторлар, оның ішінде банктердің депозиттік ссудалық операцияларында, халықаралық есеп айырысу жеке фирмалары қолданады. ЭКЮ бірітіндеп әлемдік валюта нышандарын ала бас-тағанымен, әзірше әлемдік деңгейге шыққан жоқ. Оны 1999 жылдан ұжымдық еуропалық валюта - еуро ауыс-тырды.
 
 
 

II-бөлім

1. Қатар жүретін  валюта жүйесі - онда алтын мен  күміс монеталардың арақатынасы  стихиялы түрде металдың нарықтық  бағасына байланысты бекітілген.  
2. Қос валюталы жүйе – онда металдардың санының арақатынасын мемлекет бекітіп, алтын мен күміс монеталар сол қатынаспен соғылды.  
3. “Қосалқы валюта жүйесі”- онда алтын мен күміс монеталар заңды төлем құралы деп саналғанмен іс жүзінде күміс монета алтынның белгісі ретінде жүреді.  
Биметаллизм жүйесі Батыс Еуропа мемлекеттерінде XVI – XVII ғғ. Пайда болып, тіпті ХІХ ғ. аяғына дейін қолданылып. Ақша ретінде екі металды қолдану ақшаның жалпыға ортақ эквивалент қасиетіне қайшы келді. Алтын мен күмістің арақатынасын айқындағанда да қиындықтар кездесті. Дегенмен 1865 ж. Франция, Бельгия, Швеция және Италия биметализмді сақтап қалу мақсатында келісім жүргізе бастады. Нәтижесінде (1865 – 1878 жж.) Латын монеталық одағы конвенциясы бекітіліп, ол бойынша металдан да құны 5 франк және одан да жоғары болатын монеталар соғылып, күміс пен алтынның арақатынасына тең болды. Бірақ екі валютаның арақатынасы алтын мен күмістің нарықтық құнына сәйкес келмеді.  
Биметаллизм жүйесі өскелең капиталистік шаруашылықтың талабын қанағаттандыра алмады, себебі құн өлшемі ретінде екі металды қатар қолдану ақшаның бұл қызметіне қайшы келді. Жалпыға бірдей құн өлшемі ретінде тек тауар жүреді. Ондай тауар не алтын, не күміс. Оған қоса ХІХ ғ. аяқ шегінде күміс шығарудың арзандауына байланысты күмістін құны кеми бастады. Бұл кезде алтын мен күмістің нарықтық арақатынасы 1:20, 1:22 тең болды. Ал заң жүзінде алтын мен күмістің арақатынасы бұдан әлдеқайда төмен болғандықтан алтын монеталар айналысқа шығып, қазына қорына айналды. Алтын ақша айналыстан шығуы Коперник – Грешем заңына айтылған “жаңа жақсы ақшаны айналыстан ығыстырды” деген ақшаның өмірдегі көрінісі.

 

Монометаллизм жүйесі. Капиталистік тауарлы өндірістің қарқынды дамуы тұрақты ақшаны, яғни жалпыға  бірдей бір эквивалентті қажет етті. Сондықтан биметаллизмнің орнына монометаллизм  ақша жүйесі өмірге келді.  
Монометаллизм – ол жалпы эквивалент ретінде тек бір ғана металл(не алтын, не күміс) қолданылатын ақша жүйесі. Айналыстағы құн белгілері мен монеталар алтынға немесе күміске айырбасталды. Күміс монометаллизм Қазақстанда 1852 – 1893 жж., Голландияда 1847 – 1875 жж., Ресейде 1843 -1852 жж., қолданылды.  
Патшалық Ресейде күміс монометаллизм 1839 – 1843 жж. Жүргізілген ақша реформасының нәтижесінде енгізіліп, ақша өлшемі болып құрамында таза күмістің 4 мысқалы 21 бөлігі бар күміс рубль есептелді. Сонымен қатар айналысқакүміске еркін айырбасталатын несие ақшалары да шығарылды. Дегенмен күміс ақша елдің күйзеліске шығарған ақша айналысын түбегейлі ретке келтіре алмады. Себебі бұл кезде басыбайлы шаруашылық (крепостничество) құлдырап, мемлекет бюджетті мен сыртқы сауда балансының шаруашылығы елде жүргізілген ақша реформасын нәтижелі ете алмады. Оған қоса, 1853 – 1856 жж. болған Қырым соғысының шығындарын өтеу мақсатында айналысқа қосымша несие ақшалары шығарылды, іс – жүзінде олар қарыз ақшаға айналды. Сөйтіп Ресейде күміс монометаллизм орнына алтын монометаллизмі келді.  
Алғашқыда алтын монометаллизм ақша жүйесі ретінде ХYІІІ ғ. аяғында Ұлыбританияда қалыптасып, ол 1816ж. Алтын жүзінде бекітілді. Ал басқа мемлекеттердің көпшілігінде ХІХ ғ. үштігінде: яғни Германияда 1871 – 1873 жж., Скандинавия мемлекеттерінде (Швеция, Норвегия, Дания) 1873ж., Австрияда – 1892 және Жапонияда – 1897 ж., АҚШ – та 1900ж. енгізілді.  
Құн белгілерінің алтынға айырбасталу ерекшеліктеріне байланысты алтын монометаллизмнің үш түрі болады.  
 
 
Алтын монеталы стандарт оған негізгі төмендегі белгілер тән:  
1. Елдің ішкі айналымында алтын монеталар жүреді не ол ақшаның барлық қызметтерін тақарады;  
2.Алтын монеталарды еркін соғу рұқсат етілген;  
3. Айналымдағы несие ақшалары ( банкнота, майда металл монеталар) көрсетілген құнымен еркін және шектеусіз алтын монеталар айырбасталады;  
4. Алтынды, шетел валютасы елден еркін алып шығып және елге әкелуге, сондай ақ алтын нарығының екін жұмыс істеуіне рұқсат берілген.  
5.Алтын монеталы стандарт капитализмнің алғашқы сатысы – еркін бәсеке кезінде пайда болып, өндірістің, несие жүйесінің, әлемдік сауданың өркендеуіне және капитализм шетелге шығаруға жол ашты. Алтын елдің ішінде сыртқы саудада да еркін жүруі үшін мемлекеттің эмиссиялық банкінде алтынның сақтаудағы қоры болуы шарт.  
Бірінші дүниежүзілік соғыс бюджеттің тапшылығын арттырды. Оны жабу мақсатында айналысқа шығарған ақша массасы эмиссиялық банктің сақтаудағы қорынан асып кетті. Сондықтан кембағалы ақшаларды алтын монетаға еркін айырбастау мүмкіндігі жойылды. Осы кезде алтын монеталы ақша стандарт соғысқа қатынасқан елдердің барлығында және басқа да көптеген мемлекеттерде жойылды.Банкнотаны алтынға айырбастау тоқталып, алтынды шетелге шығаруға тиым салынды. Алтын монета айналыстан шығару қор жинау және байлық құру құралына айналды. Алтын монеталы стандарттың орнына алтын құймалы стандарт айналымға түсті.  
Алтын құймалы стандарт – оның алтын монеталы стандарттан айырмашылығы бұнда алтын монета айналымы құймайды және оны еркін соғу жойылды. Алтын құймалы стандартта банкнотаның белгілі бір сомасы алтын массасының белгілі бір салмағына айырбасталды.

 
Алтын девизді стандарт - ол девиздерге (яғни, белгілі бір шетел валютасына) айырбасталатын ақша жүйесі. Бұл жүйе Австрияда, Германияда, Данияда, Норвегияда және басқа да елдерде жүрді. Осы кезде алтын монетаның еркін соғылуы жойылып, ол айналыстан да алынып тасталды. Міне тек осындай қосалқы алтын девизді ақша жүретін елдердең алтынмен айналысы сақталды. Ұлттық валютаның тұрақтылығын сақтау девиздік саясат әдісімен, яғни нарықта валютаның курсының төмендеуіне немесе сату арқылы жүзеге асырылды. Сөйтіп, алтын девизді стандарт кезінде бір елдің валютасы басқа елдердің валютасына байланысты болды.  
1929 – 1933 жж. әлемдік экономикалық дағдарыс нәтижесінде барлық мемлекеттерде әр кездегі алтын монометаллизмнің барлық формасы жойылды. 1944ж. Бреттон – Вудсте құрылған Халықаралық валюта несиесі еркін айырбасталатын валютасы бар мемлекеттердің қолдануы үшін мемлекетаралық алтын девизді стандартты, мәнінде алтын долларлы стандартты бекітті. Оның келешегі, яғни алтын долларлы стандарт – тек АҚШ доллары алтанмен байланысын үзген жоқ, себебі бұл стандарт орталық банктер мен үкімет мекемелері үшін ғана берілді. АҚШ үкіметі өзінің алтын қорының азаюына байланысты 1971 ж. Бастап алтын құймаларын долларға сатуды тапты, сондықтан алтын доллары стандарт та айналыстан шықты.

 
Несие ақшалары және олардың түрлері.

    Несие  – бұл ақша не тауар түрінде  қайтарылатын және пайыздық төлемі  төленетін несие.

 

 
 
 

    Несие ақшалары – сатып алушының қарызды қайтаруда пайдаланатын (толық құнды ақшаның орнына жүретін) құнның қағаз белгісі немесе қарызды өтеудегі ақшаның төлем құралы қызметін атқаруы.  
Несие ақшалары да қағаздан жасалады, бірақ оларды, әдетте, банктер әр түрлі шаруашылық процестеріне байланысты жүргізілетін несиелік операцияларды орындағанда шығарады. Сөйтіп, қарыз бергенде банк қарыз алушыға өзінің несие ақшасын беруі мүмкін, яғни қарызды пайдалану мерзімі өткеннен кейін берілген қаржы қарызды өтеу үшін банкке қайтарылуы керек. Қарыздың бір бөлігі банкке түскен қолма-қол ақшамен де өтеледі. Сонда несие ақшаларын айналымға шығару және оларды кейін қайтарып алу шаруашылық процестерге байланысты орындалатын несие операцияларының негізінде жүргізіледі. 
Банктің кассасынан қолма – қол ақша беру мен қарыз берудің арасындағы байланыс және банкке қолма – қол ақшаның түсуі мен қарыз берешегін өтеудің арасындағы байланыс әрбір жеке қарыз операциялардың: қарызды беру мен оны өтеу және банктің кассасына қолма – қол ақшаны беру мен кассаға ақша түсіру операциялардың жиынтық көлемінде көрінеді.  
Несие ақшалары өте ерте заманнан пайдаланып келеді. Мысалы, төлем міндеттемесінің ең жай – түрі қолхат сауда келісімдерінде жаңа дәуірге дейінгі бір мың жылдықта Васионда пайда болған.  
Қазіргі несие ақшаларының эволциясы: вексель, банкнота, чек, несие карточкалары болып есептеледі.  
Вексель ХІІ ғ. Италияда алғашқыда халықаралық сауда, кейін ішкі сауда айналысында қолданылған. Вексель - төлем міндеттемесі, ол несиеге алған тауардың құнын төлем уақыты келгенде келісілген жерде өтеу қарыздардың сатушыға жазбаша түрде берген құжаты. Тауарлы төлем міндеттемесі коммерциялық вексель деп аталады.

 

 

 
Сатып алушы кәсіпорының жабдықтаушы  кәсіпорынға сатып алған тауар  үшін ақшаны бірден төлемей оның орнына вексель жазып береді. Вексельдегі сома көрсетілген мерзімде, әдетте, 3 айдан аспай төленуі тиіс. Егер сатушыға көрсетілген мерзімнен бұрын ақша қажет болса, онда ол банкке төлем міндеттемесін қабылдауын және өзіне вексельде көрсетілген сомадан есептеу проценті шегерілгеннен қалған соманы төлеуін өтінеді. Банк вексельді қабылдаған жағдайда орнына қолма қол ақша төлейді. Сонда сатып алушы несие берушімен емес, банкпен есептеседі.  
Аударым векселін көптеген субъектілер пайдалануы мүмкін: вексель беруші, вексель иемденуші және төлеуші. Вексель беруші ол вексельді толтырушы және ұсынушы жақ. Вексель иемденуші ол векселде көрсетілген соманы алуға құқы бар вексель ұстаушы. Жай вексель бойынша төлеуші вексель берушінің өзі болса, ал аударым вексельі бойынша төлеуші үшінші жақ.

Қорытынды

    Валюталық  жүйенің басты элементі – валюталық  бағам. Валюталық бағамның қалыптасуына  ықпал ететін факторлар қатары  анықталады. Шетел валютасының бағамдарының  әр түрлі түрлері мен баға белгіленімдері берілген.

    Валюталық  нарықтарды валюталық операцияларды  жүргізудің негізіне халықаралық  сауда, сонымен байланысты көрсетілген  қызыметтер және капиталдар мен  несиелердіңхалықаралық қозғалысы  жатады. Валюталық нарықтар валютаға  деген сұраныс пен ұсыныс негізінде  валюталарды сатып алу – сату  операциялары жүретін ресми орталықты  білдіреді. Валюталық операциялардың  көлеміне байланысты валюталық  нарықтар халықаралық, аймақтық  және ұлттық болып бөлінеді.

    Валюталық  нарықтардың қатысушыларын екі  басты топқа бөледі: пассивті, валюталық  операцияларды жүргізу қажет болғанда басқа банктерден және брокерлік фирмалардан баға белгіленімін сұрағандар үшін банктерге бағаны қоюшылар.

    Шетел  валютасы халықаралық төлем айналымында  ең басты банктік және несиелік  айналыс құралдары – телеграфтық  және пошталық аударымдар, чектер, тратталыр түрінде болады. Әр  түрлі елдердің валюталарының  салыстырылуы олардың өндіріс және айырбас процесінде қалыптасатын объективті құндық қатынастарына негізделеді.

    Валюталық  бағам – басқа елдің ақша  бірлігіне қатысты сол елдің  ақша бірлігінің бағасы. Ол заңды  түрде бекітілген валюталық паритет  щеңберінде ауытқып отырады.

     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. Шиденов , Ө.Қ. Сағындықова, Е.Н. Жүнісов   «Жалпы экономикалық теория»    Ақтөбе, 2004ж
  2. Жүнісов, Б.Мәмбетов, Ұ.Байжомартов   «Нарықтық экономика негіздері»   1994ж
  3. www.Stat.kz
  4. В.Крымова    «Экономикалық теория»   Алматы,2003

Информация о работе Халықаралық валюта жүйесі