Экономикалық ғылымның замандас мектептері
Творческая работа, 18 Сентября 2011, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Меркантилизм» (итальян сөзі «мерканте» - саудагер, көпес деген ұғымды білдіреді) бірінші экономикалық ілім болып табылады.
Содержание
# Меркантилизм
# Физиократизм
# Классикалық саяси экономия
# а) Марксизм
# б) Маржинализм
# Неоклассикалық теория
# Кейнсиандық мектеп
# Институционализм
Работа содержит 1 файл
Экономикалық ғылымның замандас мектептері.ppt
— 582.00 Кб (Скачать)ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМНЫҢ ЗАМАНДАС
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ ДАМУ КЕ
- Меркантилизм
- Физиократизм
- Классикалық саяси экономия
- а) Марксизм
- б) Маржинализм
- Неоклассикалық теория
- Кейнсиандық мектеп
- Институционализм
МЕРКАНТИЛИЗМ
- «Меркантилизм»
(итальян сөзі
«мерканте»
- саудагер, көпес деген ұғымды білдіреді) бірінші экономикалық ілім болы
п табылады. Осы ілімінің негізгі мазмұны мында : меркантилистер байлықтың қайнар көзі мен қоғамның әл-ауқаттылығы , материалдык игіліктер өндірісіңде емес, ол тауар мен ақша айналымы саласында болады деп есептеді. Олардың ойынша, қоғамының әл-ауқаттылығына, сыртқы сауданы реттеу, тауарды сыртқа шығару басқа елден әкелуінен артып тұруы менелдегі ақша капиталының (алтын, күміс) жинақталуы арқасында қол жеткізіледі . Меркантилистік саясат елге барынша көп мөлшерде алтын мен күмісті жинауды көздеді. Меркантилизмнің нағыз өкілдері - Вильям Стаффорд (1554-1612 жж.) және Томас Мен (1571-1641 жж.) болып табылады.
- 16 ғасырда пайда болып,
18 ғасырдың аяғына дейін дамыд
ы. Меркантилизмді А.Смит (1723 – 90) өзінің “Халықтар байлығының табиғаты мен себептері” (1776) атты басты еңбегінде негіздеді. Меркантилизм Батыс Еуропа елдері – Англия, Франция, Испания,Португалия , - Италияда дамыды.
- Меркантилизмнің көрнекті өкілдері:
- Англияда – У.Стаффорд, Т.Мен, Дж. Стюарт;
- Италияда – А.Серра;
- Францияда – А. де Монкретьен, Ж.Б. Кольер.
- Меркантилизм теориясының кейбір нышандарын орыс экономисі, І Петрдің замандасы И.Т. Посошковтың “Сараңдық пен байлық туралы” деген еңбегінен де кездестіруге болады.
- Меркантелистердің талабы тауар
ды шет елдерге мүмкіндігінше көп сату, олардан мейлінше аз сатып алу, сөйтіп ақша қорын молайту жолдарын іздеуі. Демек, меркантелистер сауда капиталының мүддесін қорғаған. Меркантелистер рынок экономикасы теориясы мен практикасының негізін қалаушылар қатарына жатады . Олар ақша неғұрлым көп болса, қоғамнын байлығы да мол болады деген ұғымды басшылыққа алды. Әрине, сауда капиталы тұрғысынан бұлұғым дұрыс та шығар. Себебі саудагерлер, көпестер ақшасы көбейген сайын, мал-мүлкі көп байлардын қатарына қосылып, қоғамға қажет тауарларды тасымалдау , сату ісі жанданады. Сауда капиталының қызметі айырбас , айналыс процесін үздіксіз жүргізу арқылы экономиканы ілгерібастыруға көмектеседі. Бірақ сауда капиталы қоғам байлығын , адамдардың әл-ауқатын көтеретін күш емес. Бұның себебі айналыс, айырбас саласында тек қана құн формасы ауысып тұрады, екінші сөзбен айтқанда, тауар, онын құны бір қолдан екінші колға өткенде ешбір жаңа тауар, жаңа құн жасалмайды.
ФИЗИОКРАТИЗМ
- Физиократизм – (XVIII) қоғамның байлығы саудада емес өндірісте деген қағида ең бірінші «физократтар» мектебінің өкілі Франсуа Кэненің еңбегінде пайда болды, бірақ ол ұлттық байлықтың қайнар көзі ауыл шаруашылығының еңбегінде деп есептеді.
- «Физио» - табиғат, «кратос» - үстемдік. физиократтар Ф. Кенэ, А. Тюрго т. б. өндіріс қатарына тек ауыл шаруашылығын жатқызды. Олардың пікірінше, қоғам байлығының бірден бір кезі ауыл шаруашылығы өнімдері, сондықтан өсімтал тап қатарына тек қана шаруалар жатады деген ұғымды дәріптеп, Ф. Кенэ тұнғыш рет ұдайы өндіріс теориясына қатысты "Экономикалық кесте" жасады. Бұл кестеде бір жыл ішінде өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің ұдайы өндіріс процесі зерттелінді.
- Ф. Кенэнін
"Экономикалық кестесі" қоғамдық өндірістің ұдайы даму
процесін зерттеуге арналған, өз заманындағы даналықпен болжалған ғылыми тұжырымдамалар қатарына жатады. Физиократтардың өндіріске көңіл аударуы экономикалық ой-пікірдегі күрделі жаңалық, алга басу. Бірақ олардың өндірісті тек қана ауыл шаруашылығымен шектеуі халық шаруашылығының басқа салаларын өнімсіз деп есептеуі дұрыс болмады .Оны буржауазиялық саяси экономиканың көрнекті өкілдері У. Петти, А. Смит, Д. Рикардо, С. Сисмонди еңбектері айқын көрсетті . Қоғам байлығы жалпы өндіріс салаларында пайда болатындығы дәлелденді . Ауыл шаруашылығымен қатар өнеркәсіптің материалдық игіліктерді өндіру, өңдеу процестерін жалғастыратын байланыс, халыққа қызмет көрсету салаларында да жаңа құн өндіріліп, қоғамдық байлық молаяды дегенкағида берік қалыптасты.